"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 787 Қаулысы

       Ескерту. ҚР Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2007.04.13. N  300  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; 2006 жылғы 27 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 8 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 18 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне табиғи монополия субъектiлерiнiң және тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ; 2006 жылғы 12 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңы ): 
      55-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "ерекше жағдайларда" деген сөздерден кейiн "қоғамдық қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығына қол сұғатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      373-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер
                мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзудің
                тәртiбi туралы заңнаманы бұзу

      1. Жиналыс, митингi, шеру, пикеттер, демонстрация не қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерiн бiлдiруге байланысты өзге де көпшiлiк iс-шара ұйымдастыруға немесе өткiзуге кедергi жасау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Санкцияланбаған жиналысқа, митингiге, пикетке, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараға қатысушыларға ұйымдар басшыларының және басқа да лауазымды адамдардың үй-жай не өзге мүлiк (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдық, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн өзге де жағдайлар жасауы,-
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының жиналыс, митингi, шеру, пикеттер, демонстрация не қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерiн бiлдiруге байланысты өзге де ашық iс-шара ұйымдастыру немесе өткiзу тәртiбi туралы заңдарын бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,-
      жиналысты, митингiнi, шерудi, пикеттердi, демонстрацияны не өзге де ашық iс-шараны ұйымдастырушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға, өзге қатысушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жазалау шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанып жасалған әрекеттер,- 
      жиналысты, митингiнi, шерудi, пикеттердi, демонстрацияны не өзге де ашық iс-шараны ұйымдастырушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiктен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға, өзге қатысушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулiктен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Ұйымдастырушылар және жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткiзуге белгiленген тәртiппен рұқсат алған, оларды өткiзу тәртiбiн сақтауға жауапты өзге де адамдар Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларда көрсетiлген iс-шараларды тоқтату жөнiндегi шараларды уақтылы қолданса, олар әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылады.
      Жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, пикеттерге және демонстрацияларға өзге де қатысушылар билiк өкiлдерiнiң, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен оларды өткiзуге жауапты басқа да адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда көрсетiлген iс-шараны тоқтату жөнiндегi талаптарын орындаса, олар әкiмшiлiк жауапкершiлiктен босатылады.".

      2. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, N 2-құжат; N 24, 155-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      13-баптың 1-тармағы 4) тармақшадағы "қатысты" деген сөзден кейiн ";" қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген көрсетiлген iс-шараларды өткiзу тәртiбiн бұзған және жергiлiктi атқарушы органдар өкiлдерiнiң заңды талаптарына бағынбаған жағдайда оларды тоқтату үшiн".
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Призиденті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады