"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қордың меншігінде тұрған акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативтерін;

      әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын;

      қызметтік іссапарларға жіберілетін тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметкерлеріне шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттарын;

      қызметкерлерге ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезінде тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаражаты есебінен өтелетін шығыстардың лимиттерін;

      тиісті акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдік іссапарларын Қормен келісу міндеттілігін;

      өкілдік шығыстардың лимиттерін белгілеу ұсынылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 1048 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 108, 123-69 және 123-92-жолдар алынып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. (4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1251 Қаулысымен).

      5. (5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен).

      6. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат):

      1-тармақтың бірінші абзацында:

      "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және "Қазына" орнықты даму қоры" деген сөздер алынып тасталсын.

      7. "Мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат):

      1-тармақтың 1) тармақшасы "Даму институттарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен толықтырылсын;

      Даму институттарын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу ережесінде:

      тақырыбы "Даму институттарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта "даму институттарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 362 қаулысында :

      1-тармақ алынып тасталсын.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысында :

      1-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы ережесінде:

      2-тармақта "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі", "Қазына" орнықты даму қоры," және "және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамдары алынып тасталсын.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      11. "Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 348 қаулысында :

      3-тармақта "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі", "Қазына" орнықты даму қоры" деген сөздер "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1183 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 651 қаулысында :

      Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілері бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акциялар пакетінің 100%".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 1048 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік акционерлік, соның ішінде холдинг компанияларының қызметін орталық мемлекеттік басқару органдарының реттеуі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 ақпандағы N 197 қаулысы .

      2. "Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қазандағы N 1064 қаулысы .

      3. "Акционерлік қоғамдардың (даму институттарының) директорлар кеңесіне мүше тәуелсіз директорларды сайлаудың кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 591 қаулысы .

      4. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 257 қаулысы .

      5. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысы .

      6. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы N 386 қаулысы .

      7. "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 873 қаулысы .

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 257 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 603 қаулысы .

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 қыркүйектегі N 865 қаулысы .

      10. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 885 қаулысы .

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы N 1013 қаулысы .

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 257 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1178 қаулысы .

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 ақпандағы N 80 қаулысы .

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 наурыздағы N 229 қаулысы .

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 109-құжат).

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 432 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 3 және 4-тармақтары.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі N 873 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 717 қаулысы .

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 797 қаулысы .

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 829 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 4-тармақтары.

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 298 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2-тармақтары және 4-тармағының 1), 2) және 5) тармақшалары.

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 576 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 8-тармағының 2) тармақшасы.

      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 635 қаулысының 1-тармағының 1) және 3) тармақшалары.

      23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 692 қаулысы .

      24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 347 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 826 қаулысы .

О некоторых вопросах акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2008 года № 1048.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Рекомендовать акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (далее - Фонд) в отношении акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) пакеты акций (доли участия) которых находятся в собственности Фонда, в установленном законодательством порядке определить:

      нормативы положенности служебных легковых автомобилей;

      нормы площадей для размещения административных аппаратов;

      порядок и условия возмещения расходов работникам соответствующих акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью), направляемым в служебные командировки;

      лимиты возмещаемых расходов за счет средств соответствующих акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) при предоставлении работникам права пользования мобильной связью;

      обязательность согласования с Фондом зарубежных командировок первых руководителей соответствующих акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью) и их заместителей;

      лимиты представительских расходов.

      2. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению к настоящему постановлению.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 12 ноября 2008 года № 1048

Изменения и дополнения, которые вносятся в
некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности:

      в разделе "г. Алматы":

      строки, порядковые номера 108, 123-69 и 123-92, исключить.

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 17.07.2023 № 602.
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 11.08.2018 № 502 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.08.2009 N 1251 .

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.04.2009 N 598.

      6. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 7, ст. 73):

      в абзаце первом пункта 1:

      слова "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук" заменить словами "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына";

      слова "и "Фонд устойчивого развития "Қазына," исключить.

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2004 года № 1201 "О некоторых вопросах повышения эффективности управления государственным имуществом" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 45, ст. 568):

      подпункт 1) пункта 1 дополнить словами ", а также национального управляющего холдинга;";

      в Правилах разработки инвестиционных программ государственных предприятий, акционерных обществ (товариществ с ограниченной ответственностью), контрольные пакеты акций (доли участия) которых принадлежат государству, за исключением институтов развития:

      заголовок дополнить словами ", а также национального управляющего холдинга";

      в пункте 1 после слов "за исключением институтов развития" дополнить словами ", а также национального управляющего холдинга".

      8. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2006 года № 362 "О некоторых вопросах акционерных обществ "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук" и "Фонд устойчивого развития "Қазына":

      пункт 1 исключить.

      9. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2007 года № 363 "О создании специализированных советов по вопросам государственного корпоративного управления при Правительстве Республики Казахстан":

      подпункты 1), 2) и 5) пункта 1, исключить;

      в Положении о специализированных советах по вопросам государственного корпоративного управления при Правительстве Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 2 слова "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук", "Фонд устойчивого развития "Қазына," и "и социально-предпринимательскими корпорациями", исключить;

      составы Специализированного совета по вопросам развития акционерного общества "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук" при Правительстве Республики Казахстан, Специализированного совета по вопросам развития акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына" при Правительстве Республики Казахстан и Специализированного совета по вопросам развития социально-предпринимательских корпораций при Правительстве Республики Казахстан, утвержденные указанным постановлением, исключить.

      10. Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.03.2020 № 142.

      11. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2008 года № 348 "О некоторых мерах по стабилизации ситуации на рынке жилья":

      в пункте 3 слова "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук", "Фонд устойчивого развития "Қазына" заменить словами "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына";

      12. Утратил силу постановлением Правительства РК от 31.12.2015 № 1183 (вводится в действие с 01.01.2016).

      13. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц":

      в Перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства:

      "в разделе Пакеты акций (доли участия, паи) физических и юридических лиц, которые имеют возможность прямо или косвенно определять решения или оказывать влияние на принимаемые решения юридических лиц, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. 100 % пакета акций АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына".

  Приложение к
постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 12 ноября 2008 года № 1048

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 февраля 1994 года № 197 "О регулировании деятельности государственных акционерных, в том числе холдинговых, компаний центральными органами государственного управления".

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2003 года № 1064 "О некоторых вопросах акционерного общества "Центр инжиниринга и трансферта технологий".

      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2005 года № 591 "Некоторые вопросы избрания независимых директоров - членов советов директоров акционерных обществ (институтов развития)".

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2006 года № 257 "О составе Совета директоров акционерного общества "Казахстанский холдинг по управлению государственными активами "Самрук".

      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2006 года № 347 "О составе Совета директоров акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына".

      6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 мая 2006 года № 386 "О некоторых вопросах акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына".

      7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2006 года № 873 "О некоторых вопросах деятельности акционерного общества "Фонд устойчивого развития "Қазына".

      8. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2006 года № 603 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2006 года № 257".

      9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2006 года № 865 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2006 года № 347".

      10. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2006 года № 885 "Некоторые вопросы состава Совета директоров акционерного общества "Банк Развития Казахстана".

      11. Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2006 года № 1013 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2006 года № 257".

      12. Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 декабря 2006 года № 1178 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2006 года № 257".

      13. Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2007 года № 80 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2006 года № 347".

      14. Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2007 года № 229 "О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      15. Пункт 4 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2007 года № 233 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2007 г., № 9, ст. 109).

      16. Пункты 2 , 3 и 4 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2007 года № 432 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      17. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2007 года № 717 "О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2006 года № 873".

      18. Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 сентября 2007 года № 797 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2006 года № 347".

      19. Пункты 2 и 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2007 года № 829 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      20. Пункты 1, 2 и подпункты 1, 2 и 5 пункта 4 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2008 года № 298 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      21. Подпункт 2) пункта 8 дополнений и изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 576 "О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".

      22. Подпункты 1) и 3) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2008 года № 635 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2007 года № 363".

      23. Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 692 "О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2007 года № 363".

      24. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2008 года № 826 "О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2006 года № 347".