Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 58 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      11-тармақта:

      жиырмасыншы абзацта "қатысады." деген сөз "қатысады;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.";

      12-тармақта:

      жиырма үшінші абзацта "қамтамасыз ету." деген сөз "қамтамасыз ету;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "мемлекеттік авиация қызметі саласындағы бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асыру.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады