"Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі N 935 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 935 қаулысымен
бекітілген

"Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы

      1. Осы "Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және " Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына (бұдан әpi - Заң) сәйкес әзірленген.

      2. Осы Техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, оларды өндіру және айналымы үдерістеріне қойылатын талаптарды белгілейді және Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әpi - КО СЭК, ТН) 0402, 0406, 1103, 1602, 1604, 1704, 1806, 1901, 2005, 2007, 2008, 2009, 2104, 2201 тауар позициясына кіретін тамақ өнімдеріне қолданылады.

      3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:

      жас балаларға арналған балалар тағамдарына;

      диеталық және емдік-профилактикалық тағамдарға қолданылмайды.

      4. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азайтылуы қажет балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклі үдерісінде туындайтын факторларға (тәуекелдерге) мыналар жатады: тамақ өнімдерінің жекелеген түрі үшін техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелер талаптарымен белгіленген, құрамындағы уытты элементтердің, микоуыттардың, пестицидтердің, антибиотиктердің, радионуклидтердің, тағамдық қоспалардың, витаминдердің, микроэлементтердің және басқа да нормаланбайтын контаминанттардың артуы, өнімнің механикалық және микробиологиялық ластануы.

      5. Мүмкін болатын тәуекелдер балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тіршілік циклдерінің мынадай сатылары (үдерістері) кезінде туындайды:

      балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау);

      қоймаларды, өндірістік үй-жайларды, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, қосалқы материалдарды дайындау;

      өндіріске негізгі және қосымша шикі заттарды, оның ішінде тағамдық қоспаларды және ингредиенттерді қабылдау және дайындау;

      балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру (дайындау);

      сақтау, тасымалдау, өткізу.

      6. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тәуекелін бағалау кезінде қазіргі заманғы өңдеу әдістері, инспекциялаудың, ішінара бақылаудың, зертханалық зерттеулердің әдістері пайдаланылады.

      7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау:

      өндіру кезінде қолданылатын шикізаттар мен материалдардың қауіпсіздігімен;

      құрамының артуы организмге зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық ксенобиотиктер (уытты элементтер, пестицидтер, микоуыттар, антибиотиктер, радионуклидтер, тағамдық, қоспалар) бойынша өнімнің сипатын анықтау жолымен;

      анықталған тәуекелдің әрқайсысының балалар мен жасөспірімдердің организміне әсерін және оның салдарларын талдау жолымен;

      анықталған тәуекелдерді шектеу бойынша ic-шараларды белгілеумен айқындалады.

      8. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сәйкестендіру оны осы Техникалық регламента пайдалану саласына жатқызу және олардың атаулар мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің, осы Техникалық регламентін, талаптарына сәйкестігін белгілеу және (немесе) ықтимал бұрмалауды анықтау мақсатында жүргізіледі.

      Сәйкестендіру үшін мына әдістердің бірі немесе олардың үйлесімі пайдаланылуы мүмкін:

      құжаттама;

      аспаптық;

      органолептикалық;

      көзбен қару;

      өнімді сынау.

      9. Егер, ілеспе құжаттардағы және зат таңбалардағы балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері туралы ақпарат осы Техникалық регламентте белгіленген атауларға және (немесе) сәйкестендіру көрсеткіштерге сәйкес келмесе немесе дұрыс болмаса, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері бұрмаланған деп танылады және мәжбүрлеп кepi қайтаруға жатады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      10. Осы Техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамамен белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) тамақ өнімдерінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімдерінің құнарлығы, құрамында белоктар, майлар, көмipcyлap, витаминдер, макро- және микроэлементтер қамтылатын сипаттамасы;

      2) тамақ өнімі - 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған және олардың тиісті сіңімділігін қамтамасыз ететін және баланың денсаулығына зиян келтірмейтін, балалар организмінің тиімді физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін тамақ өнімі;

      3) тағамдық құндылығы — бала организмін энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын қоректік заттармен қанағаттандыру дәрежесі.

3. Қазақстан Республикасының нарығындағы айналым шарттары

      11. Қазақстан Республикасы аумағында айналымдағы, оның ішінде әкелінетін (импортталатын) балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері мақсаты бойынша пайдаланылуы кезінде бip жыл ішінде адамның өмipi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен ( сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация) қоса жүруі тиіс.

      12. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімін өткізуге жол берілмейді және "Адамның өмipi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 285 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.

4. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      13. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері балалар мен жасөспірімдердің қажетті заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыруы мен органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштер бөлігінде тамақ өніміне әдетте қойылатын талаптарға жауап бepyi және химиялық, биологиялық активті заттардың және олардың қоспаларының, микроорганизмдердің және басқа да қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін биологиялық организмдердің рұқсат етілген құрамына тамақ өнімінің жекелеген түpi үшін белгіленген техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер жасқа байланысты мынадай балалар үшін бөлінеді:

      1) мектепке дейін жастағы - 3 жастан 6 жасқа дейін;

      2) мектеп жасындағы - 6 жастан 18 жасқа дейін.

      14. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық көрсеткіштері (органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, уытты, паразитологиялық, радиологиялық, энергетикалық және тамақ құндылығы) тамақ өнімінің жекелеген түрі үшін белгіленген техникалық регламенттер мен санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      15. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру үшін мыналарды:

      жасанды және табиғи бірдей хош иістендіргіштерді, бояғыштарды, тұрақтандырғыштарды;

      қант диабетімен ауыратын балалар үшін арнайы тағайындалатын тамақ өнімдерінен басқа жасанды тәттілендіру заттарын (қанталмастырғыштар);

      гендік түрлендірілген өсімдіктер мен жануарлардан алынған тағамдық қоспалар мен ингредиенттерді;

      балаларға арналған тамақ өнімдері және (немесе) оларды өндіруге арналған шикізат (ингредиенттер) ретінде генетикалық түрлендірілген объектілерді;

      қайта мұздатылуға жатқызылған сойылған жануарлар мен құстардың етін;

      балаларға арналған тамақ өнімдерін өндіруге арналған (барлық жастағы топ үшін, оның ішінде ұйымдастырылған балалар ұжымдары үшін) салқындатылғаннан басқа құс етін, механикалық жолмен жаншылған құс етін және құрамында коллаген бар шикізатты;

      сіңірлі сиыр етін, шошқа етінен мұздатылған блоктарды, сондай-ақ жарамдылық мерзімі 6 айдан астам субөнімдерді;

      үшінші және төртінші санаттағы сиыр етін;

      майлы тіндерінің массалық үлесі 20 %-дан жоғары болатын бірінші және екінші санаттағы сиыр етін;

      дәнекер және майлы тіндерінің массалық үлесі 12 %-дан жоғары болатын ciңірлі шұжық сиыр етін;

      дәнекер және майлы тіндерінің массалық үлесі 12 %-дан жоғары болатын сиыр етінен жасалған котлет етін;

      майлы тіндерінің массалық үлесі 60 %-дан жоғары болатын шошқа етін;

      майлы тіндерінің массалық үлесі 50 %-дан жоғары болатын бірінші және екінші санаттағы сіңірлі шошқа етін;

      дәнекер және майлы тіндердің массалық үлесі 60 %-дан жоғары болатын сіңірлі шұжық шошқа етін;

      майлы тіндердің массалық үлесі 9 %-дан жоғары болатын қой етін;

      бауырды, жүректі, тілді қоспағанда, субөнімдерді пайдалануға жол берілмейді.

      16. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің құрамында:

      миқуыт, оның өнімде диоксин;

      бенз(а)пирен;

      0,8 %-дан жоғары тағамдық ас тұзы;

      натрий нитраты;

      ащы қоспалар;

      алкоголь, табиғи кофе, өрік сүйегінің дәні, аспаздық және кондитерлік майлар, натрий пиросульфаты - кондитерлік өнімдер болмауы тиіс.

      17. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдеріне бензой қышқылын, сорбин қышқылын, калий немесе натрий сорбатын енгізуге жол берілмейді.

      18. Тамақ өнімдерінің бөгде иістері, дәмдері, өнімнің, бұзылғандығы туралы куәландыратын түсінің, иісінің және консистенциясының езгерістері болмауы тиіс. Тамақ өнімдерінің органолептикалық қасиеттері сақтау, тасымалдау (көлікпен тасымалдау) кезінде және өткізу үдерісінде өзгермеуі тиіс.

      19. Әр түрлі жастағы және жынысы бөлек балалар мен жасөспірімдерге арналған майларды, белоктарды және көмірсуларды тұтыну нормалары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген.

      20. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде қолданылатын витаминдер мен микроэлементтердің тізбесі осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсеткіштен нормаларға сәйкес болуы тиіс.

      21. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру үшін осы Техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетілген дәрілік өсімдік шикізатының, түрлері пайдаланылады. Балалар мен жасөспірімдерде қарсы айғақтар мен аллергиялар болған жағдайда дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалған тамақ өнімін қолдану тек дәрігердің консультациясынан кейін ғана жүргізіледі.

      22. Шикізатпен және дайын өніммен жанасатын жабдық, аппаратура және ыдыстар өнімнің осы түрімен жанасуға рұқсат етілген материалдардан дайындалады және "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдеден Заңының талаптарына сай келуі тиіс.

      23. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің нақты түрлерінің қамтамасыз ету үшін технологиялық үдерістердің кезеңділігін және тиімділігін бақылау әдістерін өндірістік бақылау бағдарламасында өнім өндіруші белгілейді.

      24. Ыдыстарға құйылған ауыз судың макро- және микроэлемент құрамы бойынша физиологиялық толымдылық нормативтері осы Техникалық регламентке 4-қосымшада көрсетілген және "Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 551 қаулысымен бекітілген Техникалық регламенттің талаптарына сай келуі тию.

      25. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ыдыстарға құйылған ауыз судың физиологиялық толымдылығы, атап айтқанда судың адам организміне әcepi, оның диуретикалық және ас қорыту функциялары, биологиялық активті элементтер жеткіліксіздігін қалпына келтіру денсаулық сақтау саласында медициналық сараптама жүргізу жолымен белгілену және заңнамада белгіленген тәртіппен берілген медициналық қорытындымен расталуы тиіс.

      26. Үй-жайлардың көлемдік-жоспарлау және конструкторлық шешімдері шикізаттардың, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің, лас және таза ыдыстардың жалпы, қарама-қарсы және қиылысатын ағындарын болдырмайтын өндірістік үдерістердің ағымдылығы ескеріле отырып, персонал мен шикізаттың кіру үшін жеке кіретін есіктерді көздейді.

      27. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің өндіру кeзiндe пайдаланылатын технологиялық жабдыққа және мукәммалға мынадай талаптар қойылады:

      тамақ өніммен жанасатын жабдық және мукәммал жасалған материалдар ластау (контаминация) көздері болмауы тиіс;

      жабдық және мукәммал жарамды күйде ұсталуы тиіс;

      жабдық, аппаратура және құбырлар іштерін өнімнен, жуу және дезинфекциялау ерітінділерін толығымен босатуға қол жеткізілетіндей етіп құрастырылуы тиіс;

      балалар мен жасөспірімдерге арналған шикізатты, компоненттерді және дайын өнімді дайындауға және сақтауға арналған резервуарлар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады;

      қорғаныш ілдірігі жоқ шыны термометрлерді пайдалануға жол берілмейді. Қолданылатын өлшеу құралдары жөнделген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      28. Өнім дайындаушы балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға, мақсатына сәйкес келетіндей және осы Техникалық регламентте айқындалған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей етіп өндіреді.

      29. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тиісті қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дайындаушы адал өндірістік практиканың мынадай қағидаттары мен ережелерін басшылыққа алады:

      балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін дайындау технологиясы мен рецептурасын әзірлеу кезеңде тәуекелдерді талдау жүзеге асырылады, өндірістік үдерістердің қиын-қыстау кезеңдері (тәуекелдер) және өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына жағымсыз әсер етуі мүмкін технологиялардың өзгерістерін анықтау үшін бақылау нүктелері айқындалады;

      кәсіпорындағы қауіпсіздік пен сапаны бақылау бақылаудың қажетті нақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен және ic-шаралармен жүзеге асырылады;

      өндіру және бақылау бойынша барлық технологиялық операциялар өнім дайындаушы бекітетін өндірістік бақылау бағдарламаларында мұқият құжатталады, және өзге де ұйымдардың міндетті сараптаманы және келісімін қажет етпейді, өндірістік үдерістер регламенттеледі және жинақталған тәжірибе ескеріле отырып мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырады;

      шикізатқа, технологиялық құралдарға және қосалқы материалдарға, сондай-ақ технологиялық үдерістің аралық сатыларындағы өнімдерге және өнімге қажет кіріс бақылауы жүргізіледі;

      бақылау нәтижелері қолмен жазу тәсілмен және (немесе) техникалық құралдарды пайдалану арқылы жасалатын хаттамалар, журналдар, актілер түрінде құжатталады, олар техникалық құжаттамада көзделген барлық операциялардың өткізілгенін, сондай-ақ дайындалған өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының белгіленген талаптарға сәйкес келетінін құжаттамамен растайды;

      техникалық құжаттамада белгіленген нормалардан ауытқулар құжатталады және толық көлемде тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша түзету ic-шаралары әзірленеді және жүзеге асырылады;

      өнім партиясын қадағалау қамтамасыз етіледі;

      лауазымдық нұсқаулық шеңберінде өндіріске және оны басқаруға қатысатын персоналдың жауапкершілігі мен өкілеттілігі айқындалады;

      персонал оқытылған және аттестаттаудан өткен;

      дайындаушының шарттарына сәйкес оның таралуы және айналысы кезіндегі барлық жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін кешенді ic-шаралар жүзеге асырылады;

      өзін-өзі инспекциялау және (немесе) аудит жүйесі пайдаланылады;

      өнімді, ыдысты, өнеркәсіптік қаптаманы тиісті кәдеге жарату жүргізіледі;

      тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың рекламацияларын, ұйғарымдары мен хабарламаларын, сапасыз не қауіпті өнім партиясының айналысын қайтаруды немесе шектеуді қабылдауды және тексеруді қамтамасыз ететін рәсім айқындалады.

      30. Кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың, қосалқы және ыдыс-қаптама материалдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы, ветеринариялық куәлігі, олардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаттары және (немесе) сәйкестік туралы декларациясы болуы тиіс.

      31. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік мақсатында осы өнімді өндіру саласындағы шаруашылық қызметіне қатысушылар мынадай қағидаттарға негізделген өндірістік бақылау жүйесі ұйымдастырады, қолданады және қолдайды:

      балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін айналысқа шығаруға әкелуі мүмкін, осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өндіріс үдерісіндегі кез келген қауіптерді айқындау;

      өндіріс үдерісінде осы Техникалық регламентке сәйкес айқындалған қауіп болдырмау немесе жою үшін бақылау қажет қиын-қыстау бақылау нүктелерін айқындау (НАССР жүйесін қоса алғанда);

      қиын-қыстау бақылау нүктелерінде айқындалатын және бақыланатын көрсеткіштердің шекті мәндерін белгілеу;

      қиын-қыстау бақылау нүктелерінде бақыланатын көрсеткіштердің мониторингін жүргізу;

      белгіленген қауіпсіздік ауытқыған жағдайда ic-қимылдар тәртібін белгілеу;

      тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануды белгілейтін құжаттаманы жүргізу.

5. Сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар

      32. Тамақ өнімдерін тасымалдау және сақтау кезінде тамақ өнімдерін ластаудың кез келген түрлеріне кедергі болатын және олардың бұзылуының алдын алатын шаралар сақталуы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сақтау шарттары олардың қауіпсіздігін қамтамасыз eтуi тиіс.

      33. Сақтауда тұрған балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері қадағалауды қамтамасыз ететін құжаттармен, сондай-ақ сақтау шарттары, дайындалу күні, жарамдылық мерзімі туралы ақпаратпен қоса жүреді.

      34. Балалар мен жасөсіпірімдерге арналған тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүк бөлімдерінің, сондай-ақ контейнерлердің ішін әрлеу жуылатын және уытты емес материалдардан жасалады.

      35. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін азық-түлік емес өнімдермен бірге тасымалдауға жол берілмейді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінің басқа да түрлерімен бірге көлік құралдарының бір жүк бөлімінде "тауар көршілестігі" қағидаты сақталған жағдайда тасымалдауға жол беріледі.

      36. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар, оның ішінде тоңазыту камералары, көлік құралдарының жүк бөлімдері және тасымалдауға арналған контейнерлер үй-жайлар мен көлік құралдары тамақ өнімдерін ластау көзі болмауы үшін қажетті кезеңділікпен, жүйелі түрде санитариялық өңделуге, жуылуға және дезинфекциялануға, дезинсекциялануға және дератизациялануға жатқызылады.

      37. Өндірістік үй-жайларды санитариялық өңдеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау, технологиялық жабдықты және мукаммалды санитариялық өңдеу және дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген жуу және тазалау құралдарын, балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдеріне олардың қалдық мөлшері болмаған жағдайда дезинфекциялаудың химиялық құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

6. Қаптамаға және таңбалауға қойылатын талаптар

      38. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін қаптау және таңбалау Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына, сондай-ақ, өнімнің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарға сай келуі тиіс.

      39. Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімді қаптау зақымдануды болдырмау мақсатында контаминацияны (ластауды) азайту және таңбалауды орналастыру өнімін барлық жарамдылық мерзімі ішінде барабар қорғанышты қамтамасыз етуі тиіс.

      40. Қаптама материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады.

      41. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тұтынушы қаптамасының бүтіндігі бұзылған кезде осы өнімнің меншік иесі айналымнан жедел алып тастайды. Оны одан әpi пайдалану Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      42. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері, мынадай көлемдерден аспайтын қымталған қаптамада шығарылуы тиіс:

      сұйық сүт және сүт қышқылы өнімдері - 1 литр;

      паста тәрізді сүт өнімдері - 0,2 кг;

      консервіленген ет және ет-өсімдік өнімдері - 0,35 кг;

      жеміс, көкөніс және жеміс-жидек-көкөніс шырындары мен нектарлары - 2 литр.

      43. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тұтынушы ыдысында мынадай таңбалау орналастырылуы тиіс:

      дайындаушының және Қазақстан Республикасындағы аумағындағы тұтынушылардың талаптарын қабылдауға дайындаушы өкілеттік берген (бар болған кезде), (елді қоса алғанда заңды мекенжайы, ал заңды мекенжаймен сәйкес келмегенде кәсіпорынның мекенжайы) ұйымның атауы мен орналасқан жері;

      өнімнің атауы;

      өнімнің құрамы (тағамдық қоспаларды, витаминдерді, микронутриенттерді, хош истендіргіштерді міндетті түрде көрсете отырып, ингредиенттердің массалық үлесі азайту тәртібімен);

      нетто массасы немесе көлемі;

      құрамындағы витаминдерді, минералдық заттарды және энергетикалық құндылығын қоса алғанда, тағамдық құндылығы;

      тұтыну қаптамасын ашқанға дейінгі және одан кейінгі сақтау шарттары;

      тұтыну қаптамасын ашқанға дейінгі және одан кейінгі жарамдылық мерзімі;

      дайындау тәсілі (қажеттілігіне қарай);

      пайдалану жөніндегі ұсынымдар;

      өнім соған сәйкес дайындалған және сәйкестендірілуі мүмкін нормативтік құжат.

      44. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің тасымалдау қаптамасына оны тасымалдау үдерісі кезіндегі өнімнің қауіпсіздігі үшін қажетті белгілер мен жазбалар жазылады.

7. Сәйкестікті растау

      45. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау осы Техникалық регламенттің талаптарына, өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкестігін міндетті растау нысанында жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентімен белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен куәландырылады.

      46. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері сәйкестігін растау схемаларын өнімнің көлемін, оның жарамдылық мерзімдерін есепке ала отырып, сәйкестікті растау жөніндегі органмен бірлесе отырып, өтініш беруші таңдайды.

8. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары

      47. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Техникалық регламентке
1-қосымша

Әртүрлі жастағы және жынысы бөлек балалар мен жасөспірімдердің энергияны қажет етуіне байланысты белоктарды, майларды және көмірсуларды (күніне/г) тұтыну нормалары

Жасы, жылы

Энергияның қажеттілігіне байланысты күніне/г белоктарды, майларды және көмірсуларды тұтыну нормалары

Ер балалар мен бозбалалар

Қыз балалар мен бойжеткендер

белоктар

майлар

көмірсулар

белоктар

майлар

көмірсулар

3-4

39

42

180

36

39

166

4-5

43

45

196

39

41

178

5-6

46

49

211

42

44

191

6-7

49

52

226

45

48

205

7-8

53

56

243

49

52

223

8-9

57

61

263

53

57

244

9-10

62

66

284

58

62

267

10-11

67

72

309

63

67

288

11-12

73

78

337

67

72

309

12-13

80

85

366

71

76

327

13-14

87

92

398

74

79

342

14-15

93

100

430

77

82

352

15-16

99

106

457

78

83

358

16-17

104

111

478

78

83

360

17-18

107

114

490

78

83

360

  Техникалық регламентке
2-қосымша

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын витаминдер мен минералды тұздар

Атауы

Нысан

1

2

1. Витаминдер

А витамині

Ретинолацетат; ретинолпальмитат; бета-каротин

Д витамині

Д2 эргокальциферол; Д3 холекальциферол

Е витамині

Д-токоферол; ДL-альфа-токоферол; Д-альфа-токоферол

В1 витамині

Тиамина гидрохлорид; тиамина бромид; тиамина мононитрат; тиамина хлорид

В2 витамині

Рибофлавин; рибофлавин-5-фосфат, натрий

РР витамині (ниацин)

Никотинамил; никотин қышқылы

В6 витамині

Пиридоксин гидрохлорид; пиридоксин-5-фосфат; пиридоксин дипальмитат

Пантотен қышқылы

Кальций D-пантотенаты; натрий D-пантотенаты; дексантенол

В12 витамині

Цианкобаламин; гидроксокобаламин

Фоле қышқылы

Фоле қышқылы

С витамині

L-аскорбин қышқылы; натрий Lаскорбаты; кальций L-аскорбаты; 6-пальмитил- L-аскорбин қышқылы (аскорбилпальмитат); калий аскорбаты;

К витамині

Филлохинон (фитоменадион)

Биотин

Д-биотин

Холин

Холина хлорид, холина цитрат, холина битартрат

Инозит

Инозит

Карнитин

L-карнитин, L-карнитин хлоргидрат

2. Минералды тұздар

Кальций

Кальций көмір қышқылы (Е 170); үш алмастырылған кальций лимон қышқылы (Е 333); кальций глюконаты (Е 578); кальций


глицерофосфаты (Е 383); кальций лактаты (Е 327); ортофосфор қышқылының кальций тұзы (Е 341)

Натрий

Натрий цитраты; натрий хлоридд (Е 331)

Магний

Магний карбонаты (Е 504); лимон қышқылды қосалмастырылған магний (Е 345); магний хлориді (Е 511); магний глюконаты (Е 580); ортофосфор қышқылының магний тұзы (Е 343); магний сульфаты (Е 518); магний лактаты (Е 329)

Калий

Калий цитраты (Е 332); калий лактаты (Е 326); ГОСТ 2493 бойынша фосфор қышқылды қосалмастырылған калий

Teмip

Темір глюконаты (II) (Е 579); ГОСТ 4148 бойынша (II) күкірт қышқылы 7-сулы темір; темір лактат (II) (Е 585); темір фумараты (II); темір қосфосфаты (пирофосфаты) (II); қарапайым темір

Мыс

Мыс карбонаты; мыс цитраты; мыс глюконаты; мыс сульфаты (Е 519)

Қорғасын

Қорғасын ацетаты; қорғасын сульфаты; қорғасын хлориді

Марганец

Марганец карбонаты; марганец хлориді, марганец цитраты; марганец глюконаты; марганец сульфаты

Йод

Калий йодиды; калий йодаты

  Техникалық регламентке
3-қосымша

Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын дәрілік өсімдік шикізатының түрлері

Дәрілік өсімдіктің атауы

Дәрілік өсімдіктің латынша атауы

Шикізаттың түрі

1

2

3

Кәдімгі анис

Anisum vulgare Gftrth сем. Umbelliferae

Анис жемістері (Anisi fructus)

Дәрілік жалбызтікен

Althaea oficinalis ceM.Malvacae

Жалбызтікеннің тамырлары (Althaeae radix)

Сүйел қайың

Betula verrucosa Ehrh. ceM.Betulaceae

Қайың жапырағы (Betulae folium)

Қотыр қайың

Betula pendula

Қайың жапырақтары (Betulae folium)

Гибискус

Hibiscus sadariffa L. сем.Malvaceae

Гибискус гүлдері (Hibisci flos)

Қызыл құлұқайыр

Hibiscus sadariffa L. ceм.Malvaceae

Гибискус гүлдері (Hibisci flos)

Кәдімгі жұпаргүл

Origanuv vulgare сем. Lamiaceae

Жұпаргүл шөбі (Origani herba)

Бүлдірген

Fragaria ceM.Rosaceae

Бүлдірген жапырақтары (Fragariae folium)

Дәрілік тырнақгүл

Calendula officinalis L. сем. Composite

Календула гүлдері (Calendulae flos)

Қосүйлі қалақай

Urtica diocia L. сем. Urtica L. сем. Urticaceae

Қалақай жапырағы (Urticae folium)

Қушықты лаванда

Lavandula angustifolia Mill. ceM.Lamiactat

Лаванда гулдері (Lavandulae flos)

Өзекті жөкеағаш

Tilia cordata Mill сем. Tiliaceae

Жөкеағаш гүлдері (Tiliae flous)

Кәдамгі таңқурай

Rubus ideaus L. сем. Rosaceae

Таңқурайдың жапырақтары (Rubi idaei folium)

Орман просвирнигі

Malva sylvestris L (syn.Malva Mauritiana ) сем. Malvaceae

Құлқайырдың гүлдері (Malvae flous)

Орман құлұқайыры

Malva sylvestris L ( syn.Malva Mauritiana) сем. Malvaceae

Құлұқайырдың гүлдері (Malvae flous)

Мелисса

Melissa officinalis ceM.Lamiaceae

Мелиссаның жапырақтары (Melissa folium)

Лимон жалбызы

Melissa officinalis ceм.Lamiaceae

Жалбызды жапырақтары

Бұрыш жалбыз

Melissa piperita ceM.Lamiaceae

Бұрыш жалбыздың жапырақтары (Menthae piperitae folium)

Шырғанақ

Hippophae rhamnides L. ceM.Elaeagnaceae

Шырғанақтың жапырақтары (Hyppophaes folium)

Үлкен бақа жапырақ

Plantago major L. сем. Plantaginaeae

Бақа жапырақтың жапырақтары (Plantaginis herba)

Орташа бақа жапырақ

Plantago madia L. сем. Plantaginaeae

Бақа жапырақтың жапырақтары (Plantaginis herba)

Ланцент тәріздес бақа жапырақ

Plantago lanceolate L. сем. Plantaginaeae

Бақа жапырақтың жапырақтары (Plantaginis herba)

Ащы померанец

Citrys aurantium сем. Rutaceae

Померанц қабығы

Дәрілік түймедақ

Matricaria recutita L. сем. (sen.Chamomilla L.)

Түймедақ гүлдері (Chamomillae flos)

Қара қарақат

Ribts nigrum L. сем. Saxifragaceae

Қарақат жапырақтары (Ribi nigri flos)

Хош иісті жебір шөп

Thymus vulgaris L. (Thymus marschallianus) ceM.Lamiaceae

Жeбip шөбі (Trymi herba)

Чабрец

Thymus serpyllum сем. Lamiaceae

Чабрец шөбі (Trymi herba)

Тасшөп жебір

Thymus serpyllum сем. Lamiaceae

Жeбip шөбі (Trymi herba)

Кәдімгі тмин

Carom carvi, сем. Umbellifere

Тмин жемістері (Can carvi fructus

Кәдімгі фенхель

Foeniculum vulgare Mill сем. Umbelliferae

Фенхель жемістері (Foeniculi fructus)

Дәрілік көкшөп

Foeniculum vulgare Mill сем. Umbelliferae

Көкшөп жeмicтepi

Үштармақ итошаған

Bidens tripartiye L. сем. Composite

Итошаған шөбі (Bidentis herba)

Қаражидек

Vaccinium myrtillus L. сем. Vacciniaceae

Қаражидек жемістері (Myrtilli fructus)

Ит бүлдірген

Vaccinium myrtillus L. сем. Vacciniaceae

Ит бүлдірген жемістері (Vaccini fructus)

  Техникалық регламентке
4-қосымша

Ыдысқа құйылған ауыз судың макро- және микроэлемент құрамы бойынша физиологиялық толықтығының нормативтepi

Көрсеткіштер (негізгі биологиялық активті элементтер)

Судың физиологиялық толықтығы нормативтері, бастап-дейін

Су сапасының нормативтepi

Балалар тағамынан басқа, барлық сулар үшін, аспайтын

Балалар тағамы үшін, бастап-дейін

Минералдау, мг/л

100 - 1000

1000

200 - 500

Кермектігі, мг-экв/л

1,5-7,0

7,0

1,5-7,0

Гидрокарбонаттар, мг/л

30 - 400

400

30 - 400

Кальций*, мг/л

25 - 130

130

25-80

Магний*, мг/л

5-65

65

5-50

Калий, мг/л

-

20

2-20

Фтор, мг/л

0,5-1,5

1,5

0,6-1,2

Йод, мг/л

0,01-0,125

0,125**

0,04 - 0,06***

Оттегі, мг/л

5 кем емес

5 кем емес

9 кем емес


      Ескертпе.

      * барышна рұқсат етілген кермектің 7 мг-экв/л қарай және кальцийдің барынша рұқсат етілген құрамын есептеу кезінде магнийдің құрамының барынша аз қажетті деңгейін есепке ала отырып және есептелген керісінше.

      ** ШРШ деңгейінде суды йодтау қоршаған ортаның барлық объектілерінен организмге жиынтық келіп түсетін йодид-ионның рұқсат етілген дозасын сақтау шарттары кезінде йодталған тұз есебінен йод жеткіліксіздіктің алдын алу болмаған кезде жол беріледі.

      *** 0,04 - 0,06 мг/л деңгейінде суды йодтау профилактикалаудың өзге де шараларын пайдалану кезінде йод жеткіліксіздігінің жаппай профилактикалық тәсілі ретінде рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады