Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58 құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж. № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 65-баптың екінші бөлімінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындарды өткеру кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстары туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады.
Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Заңда тізбесі белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған және (немесе) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;»;
2) 285-бапта:
бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың екінші, үшінші, бесінші, 5-1, алтыншы, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөлімдерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1, 8-3 және 8-4 бөлімдермен толықтырылсын:
«5-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары анықтауды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ олар бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған өзге де барлық қылмыстар бойынша жүргізеді.
8-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (бірінші бөлігінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 257 (бірінші бөлігінде), 288 (бірінші бөлігінде), 296, 298 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 333 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органдары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.
8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.»;
3) 288-баптың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 285-бабының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оны жасаған күдікті адам белгісіз болса немесе оны кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат, № 8; 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж.; № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
14-бапта:
бесінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өлім жазасы түріндегі жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері атқарады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөліммен толықтырылсын:
«5-1. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қалдырылған немесе кезекпен әкелінген сотталғандар жөнiнде тергеушiлiк оқшаулау орындары атқарады.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат-130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 35-баптың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 512-1 – 512-5-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы, арнаулы мемлекеттік органдар мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
2) 575-бапта:
тақырыбы, бірінші бөлім және екінші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:»;
3) 619-баптың 1-бөлімінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құрамалар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда – әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;»;
4) 620-бапта:
3), 4) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;
4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда – күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының қызметкерi, арнаулы мемлекеттік органдардың, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
10) Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континентальдық қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемелердi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;»;
5) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери жол полициясының (арнаулы мемлекеттік органдардың әскери көлік құралдарын жүргізуші адамдар жасаған осы Кодекстің 461 (бірінші-үшінші, 3-1, төртінші-жетінші бөліктері), 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 464-1, 465, 466, 467 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші бөліктері), 468-2, 469, 470, 474 (бірінші бөлігі), 475, 476, 477 (екінші, үшінші, төртінші бөліктері)-баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы);»;
қырық сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393-баптар;»;
7) 730-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстiң 391-бабының екiншi бөлiгiнде және 391-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасалған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметi;»;
8) 731-баптың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекет өкiлiне беру Қазақстан Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмеген болса, шығарып жiберу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі айқындайтын орында жүзеге асырылады.».
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 13, 114-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер;»;
2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер телімдерiн беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;»;
3) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттерiне пайдаланылатын, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер телімдерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.»;
4) 33-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін берілген;»;
5) 84-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру және арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы мен олардың жұмыс істеуі;»;
6) 105-баптың 2-тармағының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жерін және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жерді қоспағанда, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мұқтаждықтар үшін жердің барлық санаттағының құрамынан ауылшаруашылығы алқаптары берілетін адамдар, сондай-ақ күзет, санитарлық және қорғау аймақтары белгіленетін адамдар ауылшаруашылығы өндірісіндегі ысырапты өтейді.»;
7) 107-баптың 3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін берілген, сондай-ақ өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.»;
8) 12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жері және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жер»;
9) 120-бапта тақырыбы, 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер
1. Әскери бөлімдерді, әскери полигондарды, әскери оқу орындарын, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындары мен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлердің, әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын өзге де ұйымдарының объектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі берген жер телімі қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер деп танылады.
2. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар жүргiзу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда, жер телімдерінiң меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер телімдерi алып қойылмайды.»;
10) 121-баптың 2-тармағында:
7) тармақшадағы «аумағы жатады.» деген сөздер «аумағы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақ жатады.».
5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 156-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін телімдері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге теміржол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, байланыстың магистральді желілер мен олардағы құрылыс, радиорелелік желі және олардағы құрылыс, электр жеткізудің әуелік желілері және олардағы құрылыс, байланыс объектілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара телімдеріне қызмет көрсететін қызметкерлер жатады.»;
2) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕ ТҰРҒАН АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
3) 256 және 257-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«256-бап. Әскери қызметте тұрған адамдар, арнаулы мемлекеттік
және құқық қорғау органдарының қызметкерлері
1. Әскери қызметте тұрған адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, әскери қарсы барлау органдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Республикалық ұланда, ішкі әскерлерде, әскери-тергеу органдарында және әскери полицияда, басқару органдарында және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының азаматтық қорғаныс бөлімдерінде және әскери прокуратура органдарында қызмет атқаратын адамдар жатады.
2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында, қылмыстық-атқару жүйесінде, қаржы полициясында, мемлекеттік өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызмет атқаратын адамдар жатады.
3. Арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызмет өткеретін адамдар жатады.
257-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін реттеу
Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі.»;
4) 303-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;»;
5) 322-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеруге қатысы жоқ жұмыстарды орындауға тартылған арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілерін, қызметкерлерін;».
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
156-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерiне төленетін, олар қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алатын төлемдердiң барлық түрi;».
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама
1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, iшкi iстер органдарындағы, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясы, кеден органдарындағы, прокуратура органдарындағы қызметке (бұдан әрi – әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет) жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi – мертiгу) және қайтыс болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:
1) мыналарды:
шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;
әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;
әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери қызметшiлердi;
арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін;
әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;
радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы күштер қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерін (жұмыскерлерін);
мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;
әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi байланыстарын айқындау кезiнде;
4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санатын айқындау кезiнде;
5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет (әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтен (жиындардан) босатылғаннан кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде алынған мертiгу, ауру салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.
3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары жүргiзедi.
4. Денсаулық жағдайының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік, iшкi iстер және мемлекеттiк авиация органдарындағы қызметке сәйкестігіне қойылатын талаптарды қорғаныс, iшкi iстер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттiк орган уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бекiтедi.»;
2) 135-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«135-бап. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелері мен осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдастырылады.
2. Қызметін өткеріп жатқан жерде немесе тұрғылықты жерінде олар болмаған жағдайда немесе ведомстволық медициналық ұйымдарда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдықтар болмаған жағдайда, медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық ұйымдарда көрсетіледі.».
9. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
10-бап алып тасталсын.
10. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; № 22, 334-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттік
органдардың қызметкерлеріне берiлетiн жеңiлдiктер туралы
Ластанған аумақтарда әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарған әскери қызметшілер және осы органдардың қызметкерлері осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.».
11. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Шекара қызметiнiң қағидаттары
Шекара қызметiнiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жариялылық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құпиялылықты сақтауға, дара басшылыққа, ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгi қағидаттарымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, ұйымдармен және халықпен өзара iс-қимыл жасауға негiзделiп құрылады. Шекара қызметiнде саяси партиялардың қызметiне тыйым салынады.»
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шекара қызметiнiң құрылымы: Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген тәртiпте құрылатын Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнаулы бiрлестiктер, құрылымдар, әуе, теңiз, арнаулы және басқа да бөлімдерден тұрады.»;
3) 5-1-бап алып тасталсын;
4) 6, 7, 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Шекара қызметiнiң іс-қимылына басшылық және бақылау жасау
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң жұмысына жетекшілік етеді және бақылау жасауды жүзеге асырады.
7-бап. Шекара қызметiнiң мiндеттерi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзете отырып, Шекара қызметi:
1) Қазақстан Республикасының жер арқылы өтетiн мемлекеттiк шекарасын заңсыз өзгертуге тырысқан әрекеттерге тыйым салуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағына қару қолданып басып кiруге тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында қару қолданып және өзге де арандатушылық жасауды тыюға, халықты, мемлекеттiк және жеке меншiктi аталған қылмысты қол сұғушылықтардан қорғауға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өткiзу пункттерiнен тыс немесе заңсыз әдiстермен адамдардың және көлiк құралдарының өтуiнен, сондай-ақ жүктер мен тауарларды өткізуден сақтандыруға және оған жол бермеуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын бұзушыларды тауып алуға және ұстауға;
4) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және тауарларды өткiзудi жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе одан әкетуге тыйым салынған жарылғыш, уландырғыш, радиоактивтi, есiрткi заттарын, қаруларды, оқ-дәрiлердi, басқа да заттарды, сондай-ақ контрабанда заттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізуге белгiленген тәртiппен дербес немесе кеден органдарымен бiрлесiп тыйым салуға;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара тәртiбi мәселелерi бойынша халықаралық шарттарынан туындайтын мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
7) дербес немесе iшкi iстер органдарымен бiрлесе отырып, шекара тәртiбiнiң сақталуын бақылауға;
8) дербес немесе iшкi iстер органдарымен халықаралық ұшу сапарлары үшiн ашық әуежайлардың (аэродромдардың), шекаралық темiржол станцияларының, теңiз және өзен порттарының, халықаралық автомобиль тасымалдары қызметiнiң әкiмшiлiктерiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiнде белгiленген тәртiптiң орындалуын бақылауға;
9) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiндегi iшкi суларда қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң жүзуi мен болуының белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
10) шекаралық қызмет атқару аудандарында Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлдiк берiлген органдарының қоршаған ортаны қорғауға бақылау жасау, кәсiпшiлiк қызмет ережелерiн сақтау жөнiндегi қызметiне қажеттi көмек көрсетуге міндетті.
8-бап. Шекара қызметiнiң құқықтары
Шекара қызметiнiң:
1) шекара кеңiстiгi шегiнде шекаралық нарядтар қоюға, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жолдармен, соқпақтармен және маршруттармен жүрiп-тұруға, құжаттарды тексеруге, көлiк құралдарын және оларға тиелген жүктер мен тауарларды тексерiп қарауға, көлiк құралдарына ерiп жүруге және оларға шекаралық нарядтар қоюға;
2) белгіленген тәртіппен қажеттi инженерлiк-техникалық ғимараттар салуға, байланыс және коммуникация желiлерi құрылысын салуды жүзеге асыруға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес заң бойынша өз қарауына жатқызылған iстер бойынша тергеу жүргiзуге;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, хаттамалар жасауға және өздерiнiң қарауына жататын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге;
5) әкiмшiлiк ұстауға алынған адамдарды осы мақсатта арнайы жабдықталған орындарда ұстауға;
6) өздерiнiң қарауына жататын құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне адамдарды шақыруға және заңмен белгiленген жағдайларда оларды сонда әкелуге. Қажетті жағдайларда аталған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау өзге жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкiн;
7) Шекара қызметiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылықпен күресуде алдын алуды жүзеге асыруға;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету мүдделерi үшiн жедел iздестiру қызметін жүргiзуге, шекара маңындағы аудандардың құқық қорғау органдарының, ұйымдарының деректер базасын пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе Қазақстан Республикасынан кетуіне құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға және қажет болған жағдайда оларды алып қоюға, шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдарды олардың кiм екенi анықталғанға дейiн өткiзбей, режим аймағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қалдыруға;
10) мемлекеттiк шекара арқылы өтiп бара жатқан адамдардың көлiк құралдарын, жүктерi мен тауарларын дербес немесе кеден органдарымен бiрлесе отырып қарап тексеруді жүзеге асыруға;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн, Қазақстан Республикасынан әкетуге немесе әкелуге тыйым салынған заттарды, сондай-ақ контрабанда бұйымдарын белгiленген тәртiп бойынша алып қоюға;
12) көлiк құралдарының мемлекеттiк шекара арқылы өту пункттерiнде тоқтау (аялдау) орны мен аялдау ұзақтығын мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып анықтауға;
13) Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында жүзу кезiнде немесе кемелер қазақстандық кемежайларда тұрған кезде құқық бұзушылықтарға жол берген шетелдiк әскери емес кемелер экипаждары мүшелерiнiң және онда болған басқа да адамдардың жағаға шығуына және жағада болуына тыйым салуға;
14) Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатер төнген жағдайда, шекаралық белдеуде азаматтардың болуын, көлiктiң жүрiсiн және жұмыстар жүргiзудi уақытша шектеуге, бұған қорғаныстық маңызы бар жұмыстар, халықаралық мiндеттемелердi орындауға және табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған зардаптарды жоюға байланысты жұмыстар қосылмайды;
15) мемлекеттiк шекараны бұзушылардың ізіне түскен кезде кез келген жер және су айдыны телімдерiнде жүруге, ұйымдардың үй-жайларына және азаматтардың тұрғын (адам тұрмайтын) үй-жайларына кiруге;
16) байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға, ал Қазақстан Республикасының аумағына басып кiруге тойтарыс берген кезде, мемлекеттiк шекарадағы арандату әрекеттерiне тыйым салған ретте ұйымдардың, ал қажет болған жағдайда шығындарды кейiн өтейтiн болып азаматтардың көлiк құралдарын пайдалануға;
17) заңдарда көзделген тәртiп пен жағдайларда қаруды, ұрыс техникасын, арнаулы құралдар мен қызметтік жануарларды пайдалануға;
18) шекара аудандарының елдi мекендерiнде және мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк шекараны күзетуге қатысу үшiн жергiлiктi тұрғындар арасынан ерiктi құралымдар құруға;
19) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен, Шекара қызметiнiң құрамалары мен бөлiмдерiнiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы техника сатып алуға;
20) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен Мемлекеттiк шекара тәртiбiн сақтау, шекарадағы жанжалдарды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша Қазақстан Республикасының аумағына шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн шақыруға және шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге;
22) мемлекеттiк органдарға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
23) ақпараттық деректер базасын құруға;
24) өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделген тәртіп бойынша басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету бойынша басқа да iс-қимылдарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бұдан басқа, аумақтық сулар (теңiз) мен iшкi суларда, шекаралық өзендер мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде әскери емес кемелерге қатысты Шекара қызметiнiң:
1) егер кеме сұрау салу дабылына жауап бермесе, жүзуге Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн жағдайлар мен тәртiп бойынша тыйым салынған ауданда жүрсе, Қазақстан Республикасының суларына кiру, оларда жүзу және болу тәртiбiн бұзса, осы кеменi тоқтатуға және оны қарап тексеруге құқығы бар. Кеменi қарап тексеру кеме және жүзу құжаттарын, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың құжаттарын, жүк құжаттарын, ал қажет болған жағдайда кеменiң iшiн тексерудi қамтиды. Кеменi қарап тексеру нәтижелерi бойынша оған белгiленген қағидаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының суларында жүзудi (тұруды) жалғастыруға рұқсат берiлуi немесе Қазақстан Республикасының суларынан кету ұсынылуы мүмкiн немесе ол қылмыстық iс жүргiзу және әкiмшiлiк заңнамасына сәйкес ұсталуы мүмкiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылуға тиiстi адамдарды ұстауға, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, ол адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға беруге;
3) егер iзге түсу кемедегілердің дабылды көруiне немесе естуiне мүмкiндiк беретiн қашықтықтан көру немесе дыбыс дабылы берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының шекаралық суларында басталып, үздiксiз жүргiзiлген болса, Қазақстан Республикасының шекаралық суларында заңдарды немесе жүзу (тұру) қағидаларын бұзған кеменi, ол кеме өз елiнiң немесе үшiншi бiр мемлекеттiң аумақтық суларына кiргенге дейiн ізіне түсуге және ұстауға;
4) егер ту көтерiлмесе, кемеге өз туын көрсету жөнiнде ұсыныс жасауға;
5) егер кеме жүзуге тыйым салынған ауданға жүзiп бара жатса немесе басқа да жүзу режимiн бұзушылықтарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса, кемеге бағытын өзгерту жөнiнде ұсыныс жасауға құқығы бар.»;
5) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»;
6) 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Шекара қызметінің кадрлары және Шекара қызметінде
әскери қызмет өткеру ерекшеліктері
Шекара қызметiнiң кадрлары әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден тұрады.
Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне арналған бiрыңғай әскери атақтары мен айырым белгiлерi болады. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Шекара қызметiнiң офицерлерi – белгiленген үлгiдегi куәлiктермен, солдаттар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) әскери билеттермен қамтамасыз етiледi.
Шекара қызметi шақыру бойынша әскери мiндеттiлiк негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әскери қызметке ерiктi түрде келу жолымен (келiсiмшарт бойынша) әскери қызметшiлермен жасақталады.
Шекара қызметi үшiн кадрлар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының жоғары, орта кәсiптiк, әскери және арнайы оқу орындарында, оқу отрядтарында, орталықтарында (мектептерiнде), сондай-ақ келiсiмдер (шарттар) бойынша шет мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Шекара нарядтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету және қорғау жөнiндегi қызметтi атқару жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет) болып табылады.
Шекара қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызметтiк мiндеттерiн атқарған кезде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Заң бойынша уәкiлеттi лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң де Шекара қызметiне араласуға құқығы жоқ.
10-бап. Шекара қызметінің қызметкерлері
Шекара қызметiндегi қызметкерлердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледi.»;
7) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ»;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң жауапкершiлiгi
Шекара қызметiнің әскери қызметшiлерi құқыққа қарсы әрекетi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.».
12. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 11, 59-құжат):
1) 1-баптың үшінші бөлімі алып тасталсын;
2) 4-1-баптың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен босататын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады.»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-3) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде анықтау жүргізуге;
5-1) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілерді күзету және қорғауды қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және кезекшілік ету;»;
4) 10, 11, 12 және 13-баптар алып тасталсын;
5) 14, 15, 16, 17, 18 және 19 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет
қызметiнің кадрлар құрамы
Президенттің Күзет қызметінің кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктiлiк негiзiнде қабылданады.
Президенттің Күзет қызметінің штаттық санының лимитін Президенттің Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің санын осы мақсаттар үшін бөлінген қаражаттар шегінде Президенттің Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
15-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің
қызметкерлері
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде қызметтегі адамдар Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері болып табылады.
Президенттің Күзет қызметінің қызметкерлері Президенттің Күзет қызметінің кадрларында немесе әрекет етуші резервте тұрады.
Қызметкерлерді әрекет етуші резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртібін Президент Күзет қызметінің бастығы белгілейді.
Күзетілетін адамдардың, Президенттің Күзет қызметі күзететін объектілер мен көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін олардың меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарға және ұйымдарға олардың келісімімен белгіленген тәртіпте штаттық лауазымдарды ауыстыру үшін Президент Күзет қызметінің қызметкерлері оларды арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қалдырыла отырып, іссапарға жіберілуі мүмкін.
16-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің
қызметкерлері
Президенттің Күзет қызметі қызметкерлерінің еңбек қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
қызметкерлерінің құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлеріне оның жеке басы мен өкiлеттiгiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің қызмет бабындағы жұмысына төте және тiкелей бастықтарынан өзге ешкiмнiң де араласуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерінің заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
Олардың қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, абыройы мен қадiр-қасиетiн қорлау, оларға қарсылық көрсету, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлеріне қатысты қоқан-лоққы жасау немесе күш көрсету, қызмет бабындағы жұмысын жүзеге асыруына байланысты олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған ретте Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкері заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi қызметкерлерінің, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып саналатын жағдайларды қоспағанда, ақылы жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi
қызметкерлерінің қызметтік мiндеттерi мен құқықтары
1. Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнiң қызметкерлері:
1) алдарында қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күші дайындығының, арнайы және әскери даярлықтың қажеттi деңгейiн ұстауға мiндеттi.
2. Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлері өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқарған кезде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
1) күзет шараларын жүргiзу орындарында азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) қылмысты, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзған немесе қылмыстар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдардың, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстарды болғызбау, қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiкті адамдарды қуғындап, ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесілі көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге айқын қатер төндiруі мүмкін болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыс жасаудағы күдiктілерді қудалау кезінде азаматтарға тиесілі тұрғын үйлер мен өзге де жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында Қазақстан Республикасының «Жедел iздестiру қызметi туралы» заңына сәйкес жедел iздестiру жөнiнде iс-қимыл жасауға;
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген телімдері мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты телімдерiнде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл телімдер мен объектiлерден кетуiн талап етуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметiнiң қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерін олардың қызметтік мiндеттерiне қатысты емес функцияларды орындауға тартуға тыйым салынады.
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерінің жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық қорғалу
кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi қызметтік мiндеттерiн атқару кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ оны жеке жете қарауға, оның өзiндегі заттарды, пайдаланатын көлiк құралдарын жете қарауға жол берiлмейдi.»;
6) 20 және 21-баптар алып тасталсын.
13. 1995 жылғы 5 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы
Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi – Республикалық ұлан) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi күштерге жататын және өз құзыретi шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.».
14. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы»
1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 13-бап бірінші бөлімінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. «Даңқ» орденімен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің басшы құрамдағы адамдары:»
2) 14-бап бірінші бөлімінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері:»;
3) 20-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. «Жауынгерлiк ерлiгi үшiн» медалiмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, прокуратура, ішкі істер органдарының және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi:».
15. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) құпиялылық – құпия ақпарат көздеріне енуді жабу жолымен жедел шифрлау және қарсы барлаудың күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру және қадағалаудың айрықша тәртібін белгілеу;
2) қарсы барлау қызметі – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, экономикалық және қорғаныс әлеуетін шет мемлекеттердің арнайы қызметтерінің және өзге де шетел ұйымдарының барлау және бүлдіру әрекеттерінен қорғау жөніндегі жедел және ұйымдастырушылық іс-шаралар жүйесі.»;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі қағидаттары
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, құпиялылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау қағидаттарында құрылады, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктер қызметiне тәуелсіз.»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi – Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.»;
4) 8-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарына, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдарына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарына басшылықты жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«2-1) ұлттық қауіпсіздік органдарын мүлікпен қамтамасыз етуді, жоспарлауды, оны пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастырады;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлға болып табылады, іс жүзіндегі және шартты атауы, өзiнiң рәмiзi және айырым белгiлерi болады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының рәмiздерiн, айырым белгiлерi мен ведомстволық наградаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.»;
5) 8-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғалар болып табылады, іс жүзіндегі және шартты атаулары болады.»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) әскери құралым болып табылады;»;
7) 10-1-бап алып тасталсын;
8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:
«10-2-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға арналған.»;
9) 12-бапта 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерiнiң және ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу, жолын кесу жөнiнде қарсы барлау қызметін жүзеге асыруға;
7) мемлекеттiк органдарда, әскери құралымдарда, бөлiмдер мен ұйымдарда мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау жөнiнде шаралар әзiрлеп, жүзеге асыруға, сондай-ақ аталған салада олардың қызметiн бақылауға; мемлекеттiк және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсат алуды ресiмдейтiн (қайта ресiмдейтiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексерiс жүргiзуге;»;
мынадай редакциядағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) барлау, қарсы барлау және өзге де жедел іздестіру қызметін жүргізу кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілген материалдарды іске асыру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының немесе жедел-қызметтік қызмет материалдарына оларға жария сипат берілгенге дейін қол жеткізуді шектеуді қамтамасыз ететін уәкілетті лауазымды тұлғаның өкімдік қызметі арқылы ақпарат көздерінің құпиясын ашуға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдануға;»;
10) 13-баптың 10) және 19) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған немесе қылмыс жасады деген күдікпен ұлттық қауіпсіздік органдары ұстаған адамдарға қатысты оларды ұстау үшін уақытша ұстау қапалары және тергеу қапалары бар болу. Жекелеген жағдайларда, ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімімен, - құқық қорғау органдарымен, соттармен ұсталған және қамауға алынған, сондай-ақ сотталғандар;
19) арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса, арнайы байланыс, қару-жарақ және жарақтау құралдарын әзiрлеу, жасау, алу және пайдалану. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;
11) 14-бап алып тасталсын;
12) 16, 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлар құрамы
1. Ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларын қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлер құрайды.
2. Жасы он сегiзге толған, бірақ заңдармен белгіленген атақтар бойынша шекті жастан аспаған, қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттері, білім деңгейі, денсаулық жағдайы және дене күші дамыған Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде Ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданады.
3. Ұлттық қауіпсіздік органдарының штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен ұлттық қауiпсiздiк органдары штат санының лимитi шегінде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары, сондай-ақ Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлерінің штат санын белгiлейдi.
17-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері
1. «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері қызмет өткереді.
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 14-18, 21, 23, 28-36-баптарында, 5-7, 9 және 10-тарауларының көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, әскери қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері әскери қызмет өткереді.
2. Әскери қарсы барлау органдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан ауыстырылған әскери қызметшілерден жасақталуы мүмкін.
3. Мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері белгiленген тәртiппен арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте және мерзімді әскери қызметте қалдырыла отырып, басшыларының келiсiмiмен мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
4. Қызметкерлер ұлттық қауiпсiздiк органдарында арнайы есепте тұрады.
Офицерлік құрам мен ұлттық қауіпсіздік органдарының солдаттары, матростары, сержанттары мен старшиналарының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрларында, әрекет етуші резервте немесе запаста тұрады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының әрекет етуші резервіне қызметкерлерді және әскери қызметшілерді қабылдау және олардың қызметті өткеру тәртібін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейді.
18-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерінің және
әскери қызметшілерінің құқықтық жағдайы
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi және әскери қызметшілері мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің заңды талаптары азаматтардың, лауазымды адамдардың және ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің заңды талаптарына бағынбау, қарсылық көрсету, қорлау, қорқыту, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне жүктелген мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкелiп соғады.
3. Шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындап жүрген (орындаған) ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жария етiлуi мүмкiн.
4. Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшiсi немесе қызметкері қызмет мiндеттерiн атқаруы кезінде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ оны жете қарауға, оның өзiндегі заттарын, пайдаланатын көлiк құралдарын жете қарауға жол берiлмейдi.
5. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да болсын саяси партияны жақтауға тиiс емес.
6. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қылмыстар және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшілерін әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi әскери жарғылармен белгiленедi.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерін әскери тәртiптi бұзғаны үшiн жауапқа тарту тәртiбi «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленедi.
7. Мемлекет ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк бередi.»;
13) 19-бап алып тасталсын;
14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын
«20-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін және
әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау шаралары
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілерінің шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерi мен ұйымдарында, қылмыстық топтарда тапсырмалар орындаған уақыты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы тағайындау, әскери атақ беру және лауазымдық жалақы есептеу үшiн жеңiлдiкпен есептеле отырып, еңбек сіңірген жылдарына саналуға жатады.
2. Комитет Төрағасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгiлеген тәртiппен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлері және әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке және әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметiнiң өтілін еңбек сiңiрген жылдарына есептеуi мүмкiн.
3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi және қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.
4. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкері немесе әскери қызметшiсi қызметтiк мiндеттерiн немесе кәсiби парызын орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасының ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген шарттар мен тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.»;
15) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң еңбек шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.»;
16) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi сол сияқты бұларды қамту мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықтармен, соның iшiнде байланыс құралдарымен, қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тыныс-тiршiлiк үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаттары есебінен қамтамасыз етiледi.»;
17) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық қадағалау
Заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң дәл және бiркелкі қолданылуына, ұлттық қауiпсiздiк органдарының алдын ала анықтау, тергеу және жедел iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.»;
18) 28-баптың 2 және 3-тармақтары алып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесі
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi – iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алдын ала анықтау, алдын ала тергеу және жедел iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адам және азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де құқықтық қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiнде атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.».
17. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2,3-құжат; № 11, 102-құжат):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесi
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттiң алдын алуды, өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылауды және өрт сөндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.».
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағында:
5) тармақшадағы «бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi.» деген сөздер «бақылауына;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне байланысты қатынастарды реттейді.»;
2) 2-бапта:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) қызметтікке теңестірілген тұрғын үй – мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы адамдарға коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне берілетін тұрғын жай;»;
мынадай редакциядағы 51), 52) және 53) тармақшалармен толықтырылсын:
«51) тұрғын үй төлемдері – бұл тұрғын үй берудің орнына бюджет қаржаттарының есебінен арнаулы мемлекеттік органдардың мұқтаж қызметкерлеріне берілетін мемлекеттік арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражат мөлшері;
52) жеке арнаулы есеп шот – арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін аудару және белгіленген мақсатқа төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік есеп шоттары;
53) тұрғын үй төлемдерін алушылар – осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаждар деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.»;
3) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
«3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры
«2-1. Арнаулы мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен құрылған және бөлінетін қызметтік тұрғын үйлері болады. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үйінен қорынан қызметкерлерге 2013 жылғы 1 қаңтардан берілген тұрғын үйлері жекешелендіруге жатпайтын болады.»;
4) 13-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлімінде:
8) тармақшасындағы «тұрғын үйлерді жекешелендіруге болмайды.» деген сөздер «тұрғын үйлерді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармағымен толықтырылсын:
«9) «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделмеген жағдайды қоспағанда 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын-үй қорынан арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне берілген тұрғын жайларды жекешелендіруге болмайды.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері құқылы.»;
5) 67-баптың 1-тармағында:
екінші бөлімінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы адамдарға;»;
үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын жайлардан басқа, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы адамдарға берілген тұрғын жайлар қызметтікке теңестіріледі.»;
6) 74-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік қызметшілер, өзге де бюджеттік ұйым қызметкерлері мен әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен сайланбалы лауазымдарды атқарушы адамдар;»;
7) 101-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметтікке теңестірілген тұрғын жай, осы елді мекенде қызмет өткерген кезеңіне берілген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметте он жыл қызмет өтілінен кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штат қысқаруы бойынша жұмыстан босатылған кезде – қызмет мерзіміне қарамастан оны жекешелендіруге (әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда және өзге де жабық объектілердегі тұрғын жайларды қоспағанда) құқылы.
Мұндай тұрғын жайларды оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда орналасуының салдарынан жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайларда, жекешелендіру құқығы басқа жерлерден сатып алу (құрылыс) үшін тиісті тұрғын жайдың құнымен өтеледі.
Күнтізбелік есептеуде жиырма және одан да көп еңбек сіңірген жылдары бар әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Қызметтікке теңестірілген тұрғын жай берілген әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
Осы тармақпен көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
Аталған жеңілдіктер, сондай-ақ кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақ алу және нысанды киім кию құқығы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға қатысты қолданылады.»;
8) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:
«13-1-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
қатысуымен тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктері
101-1-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын
жайға құқықтарын іске асыру
1. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тұрғын жайға құқықтарын іске асыру осы Заңмен белгіленген тәртіппен олар тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап тиісті арнаулы мемлекеттік органға бөлінген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен олардың жеке арнаулы есеп шоттарына тұрғын үй төлемдерін ай сайын аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тұрғын жай төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңірінде тұрғын жай алаңына тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалға алу құнының мөлшерін көбейту жолымен айқындалады. Тұрғын үй алаңы отбасы мүшелерінің әрқайсысына он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады.
Тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Тұрғын жай төлемдері арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейлі банктердің бірінде ашылған жеке арнаулы шотына оларды аудару жолымен ай сайынғы негізде жүргізіледі.
Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттік органның әрбір қызметкері өзі тұрғын үй төлемдері үшін жеке арнаулы есеп шотты ашады және қызмет етеді.
3. Тұрғын үй төлемдерін арнаулы мемлекеттік орган олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қызметтік тұрғын жаймен не қызметікке теңестірілген тұрғын жаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы тұрғын үйде тұру құқығын және оны осы Заңда белгіленген тәртіпте жекешелендіру құқығын сақтайды.
5. Тұрғын үйге мұқтаж, бірақ 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде қамтамасыз етілмеген, арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызмет өтілі он жылдан кем қызметкерлерден басқа қызметкерлері өздері тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
6. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үйге мұқтаж деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметтен босатылған кезде тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап, егер тұрғын үй төлемдері жүргізілсе, қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылығы шегеріліп, қызмет етудің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алады.
7. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқартылуы бойынша қызметтен босатылған кезде қызметтен босатылған күнге төленген айырмашылығы шегеріліп, қызметтің барлық кезеңіне тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды.
Егер қызмет өткеру кезеңінде пайда болған науқас қызметкерлердің қызметтен босауына себеп болып табылса, қызметтен босатылу сәтінде іс жүзінде аударылған сома шегеріле отырып, еңбек сіңірудің жиырма күнтізбелік жылына тең мерзім ішінде оларға тұрғын үй төлемдері аударылады.
8. Тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен айқындалған жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және өзге де қашық объектілерде қызмет өткеретін арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері осы өңірде оны жекешелендіру құқығынсыз қызмет өткеру кезеңінде осы Заңмен белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Қызметкерлердің осы санаттарына тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес жүргізіледі.
101-2-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар
1. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға мынадай арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлері жатады:
1) жоғары оқу орындарын бітірген және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап осыған байланысты алғашқы арнаулы атақ алған;
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан қызметкерлер;
3) қызметке запастан шақырылғандар немесе қызметке ерікті түрде келгендер және арнаулы қызмет өткеру туралы бірінші келісімшартты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқандар;
4) арнаулы қызметтің жалпы ұзақтығы келісімшарт бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылды құрайтын прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар);
5) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы қызмет өткеру туралы алғашқы келісімшарт жасасқан прапорщиктер (сержанттар) және мичмандар (матростар);
2. Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылса, онда заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған олардың тек біреуіне тұрғын үй төлемдері жүргізіледі.
101-3-бап. Тұрғын үй төлемдерін тоқтату негіздері.
Тұрғын үй төлемдері:
1) қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтен босатылған;
2) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесінен айырылған;
3) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңмен белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайларда тоқтатылады.
101-4-бап. Арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің
тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары
Тұрғын үй төлемдерін алушы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнаулы есеп шоттағы қаражатты:
1) ипотекалық кредитті (несие) пайдалана отырып, тұрғын үй-жайды немесе тұрғын үй-жайларды жеке меншікке алу;
2) қаражаттарды тұрғын үй жалдау ақысын төлеу немесе тұрғын үй жалдау ақысын кейіннен сатып ала отырып төлеу үшін пайдалану;
3) қаражатты бұрын алынған ипотекалық кредитті (несиені) өтеу үшін пайдалану;
4) қаражаттарды тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін;
5) қаражаттарды тұрғын үй меншік иелерінің кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу үшін пайдалану;
6) қаражаттарды тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары түріндегі жинақтарды толтыру үшін пайдалану;
7) қаражаттарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану мақсаттарында пайдаланады.
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын
арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
құқықтары
Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері:
1) жыл сайын қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органда өзінің жеке арнаулы есеп шотына аударылған қаражат туралы мәліметті талап етуге;
2) жеке арнаулы есеп шотқа пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерін жинақтауға;
3) қызмет өткеретін жерлеріне қарамастан Қазақстанның кез келген өңірінде тұрғын үй төлемдерін мақсаты бойынша пайдалануға;
4) арнаулы мемлекеттік органның және жеке арнаулы есеп шот ашылған Банктің келісімімен тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылмаған сомаларын екінші деңгейдегі бір банктен басқасына ауыстыруға құқылы.
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылатын
арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
міндеттері
Тұрғын үй төлемдерін алушы:
1) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы азаматтық хал актілерінде тіркелген және әділет органдарында тиісті куәлік алған күннен 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі жойылған кезде бұл туралы тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі жойылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды хабардар етуге;
3) оларды арнаулы мемлекеттік орган, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жеке арнаулы есеп шоты ашылған екінші деңгейдегі банк арасында жасалған шартқа сәйкес осы Заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға бағыттауға міндетті.
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қол сұғылмаушылық кепілдері
Төлем алушылардың тұрғын үйге жеке мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері бюджетке алып қоюға жатпайды, кепілге қою немесе иесінің немесе басқа да адамдардың міндеттемелері бойынша өзге де ауыртпалық мәнісі болып табыла алмайды.
101-8-бап. Қызмет өткеру кезінде қаза табуына немесе қайтыс
болуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе
өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам
тізімдерінен шығарылған арнаулы мемлекеттік орган
қызметкерлері отбасы мүшелерінің құқықтары
1. Арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қаза табуына немесе қайтыс болуына, заңмен белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына немесе өлді деп жариялануына байланысты жеке құрам тізімдерінен шығарылған жағдайда, олардың отбасы мүшелері осы заңның 101-4-бабында көзделген мақсаттарға жеке арнаулы есеп шоттағы тұрғын үй төлемдерін пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мұндай қызметкерлердің жеке арнаулы есеп шоттары жабылады.
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй төлемдері қаза тапқан адамның қызмет кезеңінде бұрын жүзеге асырылған барлық тұрғын үй төлемдерін шегере отырып, 1 шаршы метрге тиісті қаржы жылына заңмен белгіленген баға бойынша тұрғын үйдің пайдалы аумағының нормасымен ол қайтыс болған сәттегі отбасы құрамына тиісті сатып алу құнына тең мөлшерде бір жолғы ақшалай өтемақы түрінде жүргізіледі.
101-9-бап. Арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасы
мүшелері
Осы Заңның мақсаттарында арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне:
1) зайыбы немесе жұбайы;
2) кәмелетке толмаған балалары;
3) он сегіз жасқа жеткенше мүгедек болған он сегізден асқан балалары жатады.».
19. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
16-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi органдағы, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелерiндегі лауазымдардың бiр бөлiгi әскери қызметшiлерден және қызметкерлерден, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (iссапарға жiберiлген) әскери қызметшiлерден жасақталады.».
20. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж. № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың үшінші және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру дайындығы – бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттiң тұрақты басқаруға, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және халқының қажеттiлiктерiн ұйымдасқан түрде көшуге, қамтамасыз етуге, елдi қарулы қорғауға және қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi;
Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытындағы қызмет режімiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары;»;
2) 4-баптың 3), 4), 8), 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының халқын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруға, соғыс жағдайына және соғыс уақытына дайындау;
4) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жасақтау үшiн азаматтарды әскери-есеп мамандықтары бойынша жұмылдыруға дайындау;
8) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техникаларды дайындау;
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылуын өрiстетудi жүргiзу;
16) күш пен қаражатты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берудi қоса алғанда, экономиканы, ұйымдарды соғыс жағдайына көшiру;»;
3) 7-баптың 13) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыруды өрiстету жөнiндегi іс-шаралардың жүргізілуіне және Қазақстан Республикасының экономикасын соғыс жағдайы режимiне көшiру туралы шешiмдердiң орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
16) Қазақстан Республикасының ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмылдыруды өрiстету және жұмылдыру іс-шараларын орындау жөнiнде әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткiзудi ұйымдастырады;»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.»;
5) 16-баптың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында пайдаланылады.».
21. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 11-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет мiндеттерiн) атқарумен байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызмет борышын орындаумен байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған кезде әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары ішінен мүгедектер;
4) әскери қызмет өткеру, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi ішінен мүгедектер;»;
2) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезiнде жаралану, контузия, мертiгу, ауыруы салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төменгі күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне 1,96 ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен көп емес мөлшерде көбейтiледi.».
22. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлімінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленеді.»;
2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға төленеді.»;
3) 11-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайымен мамандығы бойынша 10 жылдан аспай еңбекке орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде тұрған кезеңi;»;
4) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-БӨЛІМ. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшелiктерi»;
5) 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«60-бап. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдардың:
1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметте, құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жеткен;
2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, өз қалауы бойынша және денсаулық жағдайына байланысты босатылған;
3) құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген офицерлерi, прапорщиктерi (мичмандары), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, құқық қорғау органдарындағы қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына жетуiне, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты босатылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екi жыл алты айын әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында үздiксiз қызмет атқарған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.
2. Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.
3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.
4. Әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде тұрудың тиiстi шектi жасына жетуiне байланысты еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;
6) 61-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сiңiрген жылдарының әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың екi пайызына, еңбек өтілінің әр жылы үшiн бiр пайызына көбейтiледi. Жиырма бес жылдан астам жалпы еңбек өтiлiнiң әр жылы үшiн осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың бiр пайызына көбейтiледi.
5. Осы баптың 1-4-тармақтарына сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерiн осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленетiн ақшалай қаражаттың алпыс бес пайызынан асыруға болмайды. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жүз төрт еселенген мөлшерiнен асыруға болмайды.»;
7) 62-баптың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.»;
8) 63 және 64-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай
қаражаттың мөлшерi
1. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаттың мөлшерi қызметтен босатылған (жеке құрам тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.
2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаттың мөлшерiне лауазымдық жалақысы, әскери, арнаулы атағы немесе арнаулы атағы, сыныптық шенi бойынша қосымша ақы кiредi.
3. Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаттың мөлшерi соңғы қызмет атқарған жерiнiң тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.
64-бап. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру
мерзiмдерi
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға тағайындалған зейнетақы төлемдерiн бюджет қаражаты есебiнен төлеу қызметтен босатылған (жеке құрам тiзiмiнен шығарылған) күннен бастап, бiрақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейiн жүзеге асырылады.
2. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тиiстi қызметтердi қамтуға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асыру алушылардың еңбекақысының немесе басқа да табысының болуына қарамастан толық жүргiзiледi.
3. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтарының қаражаты есебiнен зейнетақы шартына сәйкес жүргiзiледi.
4. Әскери қызметшiлер, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi, прокуратура органдарының, Кеден комитетiнiң, Төтенше жағдайлар комитетiнiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, iшкi iстер органдарының және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдерi жаңартылған кезде немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгiленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiлген индекстеу ескерiле отырып төленедi.
5. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері жаңартылған кезде немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыға Орталықтан зейнетақы қайта тағайындалған жағдайда зейнетақы еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезде белгіленген мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу ескеріле отырып төленеді.»;
9) 65-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметтегi, құқық қорғау органдарындағы қызметтегi өтілі он жылға жетпейтiн әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдар үшiн бюджет қаражаты есебiнен осы Заңның 63-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қаражаттың жиырма пайызы мөлшерiнде жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.
Әскери қызметшiлерге және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнетақы төлеу жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып жинақтаушы зейнетақы қорларынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдар үшiн осы баптың 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алынып, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленедi.»;
10) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«66-бап. Әскери қызметшiлердi және арнаулы мемлекеттік және
құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен
қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар
1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырады.
2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары жойылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.».
23. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат, № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
7-баптың 2-тармағының екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелген немесе алынған; қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақтамайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған; терiс себептер бойынша мемлекеттiк, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әдiлет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айрылған; осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам – осындай оқиғалар басталғаннан кейiн үш жыл бойы адвокат бола алмайды.».
24. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 7, 54-құжат):
9-бап мынадай мазмұндағы 3-2 тармағымен толықтырылсын:
«3-2. Арнаулы мемлекеттік органға қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша салық органына декларация мен осы баптың 3-тармағында аталған мәліметтерді табыс етеді.
Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттік органға қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары және оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бірге тұратын адамдар танылады.».
25. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2001 ж., № 1,2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат):
35-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Ондай емдеу туралы мәлiмет ол адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.».
26. «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағат туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) арнайы мемлекеттік мұрағат – мұрағат мекеме немесе осы Заңның 22-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының бөлімшесі;»;
2) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.».
27. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат, № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):
1) 4-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-дағы апаттың және басқа да радиациялық апаттардың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi және басқа да апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-дағы апаттың және басқа да радиациялық апаттардың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары;»;
2) 7-баптың үшiншi бөлiмнiң 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль AЭC-дағы апаттың және басқа да радиациялық апаттардың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-дағы апаттың және басқа да радиациялық апаттар және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептiк көрсеткiш;».
28. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1-1-баптың 1-тармағының екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.».
29. «Мемлекеттiк қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 15-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 17, 78-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
3-баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудағы қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрiлердiң тәжiрибелiк үлгiлерiн әзiрлеу, жаңғырту жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлердi және әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды жарақтандырудан алып тасталған қару-жарақты, әскери техниканы және оқ-дәрiлердi кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою;
5) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшiлерi мен қызметкерлері үшiн әскери киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғану құралдарын тігу кiредi.».
30. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«30-1) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылғылар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны. Күзетілетін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;»;
2) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Елді мекендердің шегінде және олардан тыс жерлерде қорғалатын объектілерді орналастыруға арналған аумақтар режімдік аумақтар аймақтары болып табылады.».
31. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжат; № 11, 102-құжат):
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңмен белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзу арқылы экономика мен қаржы қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.».
32. «Соғыс жағдайы туралы» 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4, 22-құжат, 2005 ж., № 14, 56-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары және арнаулы мемлекеттік органдары соғыс жағдайы күшiнде болған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агрессияға тойтарыс беру үшiн қолданылады.»;
2) 6-бап 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдырылып көрсетiлуiн жүргiзу;».
33. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып жүргiзiледi.».
34. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат, 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 5-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полициясы органдары, Республикалық ұлан, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi мен әскери-тергеу органдары, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерi, әскери прокуратура органдары;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
«3-1. Әскери қарсы барлау органдарына арналған қорғау объектілерін күзету мен ұстау осы мақсаттар үшін Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
35. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот экстремистік ұйымдарға қатысушылар немесе экстремистік әрекеттер жасады деп таныған адамдар мемлекеттік қызметке, әскери қызметке және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кіруде шектелуі мүмкін.».
36. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж. № 15-16, 73-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы екінші бөліммен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция органдарының міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған қылмыстар бойынша анықтау ісін жүргізу;
2) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери көлік құралдарын жүргізетін адамдар жасаған жол жүру қағидаларын бұзу бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу.»;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы
органдарының өкілеттігі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының анықтау ісін жүргізу бөлігіндегі өкілеттігі арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қолданылады.».
37. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы
8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтардың iшкi iстер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты мерзiмдi әскери қызметті өткеруге теңестiріледi.
1) 7-бап мынадай мынадай мазмұндағы 5-тармағымен толықтырылсын:
«5. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азамат әскери қызметке кірген кезде қайта аттестаттаусыз және бар арнайы атағынан төмен емес әскери атақ беріледі.».
38. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көші-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мемлекеттiк басқару органының ұсынысы бойынша бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, егер өзгелері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;»;
2) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жоғары әскери және арнаулы оқу орындары бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша тиісті мемлекеттiк органның басшысы бекiтетін әскери және өзге де мамандықтар бойынша кәсiптiк бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асырады.»;
3) 36-баптың 2-тармағының екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери және өзге де мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыру жоғары әскери және арнаулы оқу орындарының адъюнктурасында жүзеге асырылады»;
4) 43-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әскери мамандықтар және арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының мамандықтары бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бекітуден басқа, жұмыстық оқу жоспарлары мен жұмыстық оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;»;
5) 65-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«арнаулы оқу орындарының халықаралық шарттар мен келiсiмшарттарға сәйкес шетелдiк азаматтардың қатарынан мамандар даярлауды жүзеге асыруға құқығы бар.».
39. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат;):
1) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы барлау органы арнаулы мемлекеттік орган болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiне жатады, нышаны, туы, ведомстволық наградалары мен төс белгiлерi, нақты және шартты атаулары бар.»;
2) 7-баптың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) арнаулы атақтар берілетін сыртқы барлау органының лауазымдар тізбесін бекітеді;»;
3) 8-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сыртқы барлау субъектiлерiнiң әскери қызметшілерін, қызметкерлері мен жұмыскерлерін шифрлау, оның iшiнде осы мақсаттар үшiн өзге де ведомстволық тиесiлiлiктi пайдалана отырып, олардың қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды iске асыру;»;
4) 9-баптың 16), 20) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) сыртқы барлау органындағы қызметке немесе жұмысқа қабылдау туралы шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарын iрiктеу, арнайы тексеруден өткiзу, кадрға есепке алынған қызметкерлер мен жұмыскерлер мемлекеттiк құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткiзуiн ресiмдеу (қайта ресiмдеу), Қазақстан Республикасының оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, оның iшiнде арнаулы оқу орындарында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
20) бөлiмшелердiң, объектiлердiң, үй-жайлардың, көлiк құралдарының, қызметкерлер мен жұмыскерлердің, жасырын көмек көрсететiн адамдардың ведомстволық тиесiлiгiн шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдiстер мен құралдарды пайдалану;
21) қызметкерлер мен жұмыскерлерді iссапарға, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жiберу;»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң кадрлары
1. Сыртқы барлау органының кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
2. Сыртқы барлау органының қызметкерлері мемлекеттiк билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
3. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мiндеттерiн атқару кезiнде қамауға немесе кепiлге алынған, сондай-ақ бейтарап елдерге тұруға ерiксiз жiберiлген қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi қызметкерлер мен әскери қызметшiлер мәртебесiн сақтайды. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың басшылары халықаралық құқық нормаларына сәйкес аталған қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
4. Сыртқы барлау субъектiлерiнiң қызметкерлері мен әскери қызметшiлерi барлау қызметiнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн лауазымдық қызметке тұруы және олардың ведомстволық тиесiлiлiгiн ашпай әрi әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте қалдырыла отырып, олардың басшыларының келісімімен мемлекеттiк органдарға және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарға iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларды қызметкерлер мен әскери қызметшiлердiң сыртқы барлау субъектiлерiне тиесiлiлiгi туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
5. Сыртқы барлау органының қызметкерлерi кадр есебiнде, әрекет етушi резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.
Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органына қызметке алынғанға дейiнгi еңбек өтiлiн олардың еңбек сiңiрген жылдарына есептейдi.»;
6) 14, 15 және 16-баптар алып тасталсын;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Сыртқы барлау органы қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
Сыртқы барлау органының қызметкерлерi өз қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн және құқыққа қайшы iс-әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.».
40. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мемлекеттік мүлік тізілімі – арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;»;
2) 161-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік органдардың жылжымайтын мүлігін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ мүліктік жалға беру (жалдау) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
2-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 18-тармағын қоспағанда, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті