"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1368 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнде:
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Уәкiлеттi орган:
      1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне   (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар   ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн жалпы тәртiппен бекiту кезiнде кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын;
      2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне  (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде кемiнде күнтiзбелiк жетi күн бұрын жария тыңдауларды өткiзу күнi мен орны туралы ақпаратты өзiнiң интернет-ресурсында орналастырады және мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жария тыңдаулар:
      табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірмей;
      табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк он бес күннен кешіктірмей;
      табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк жетi күннен кешіктірмей;
      шағын қуатты табиғи монополия субъектiсiнiң реттелетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде бекiту туралы шешiм қабылдағанға дейін күнтiзбелiк бiр күннен кешіктірмей өткізіледі.».
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады