"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 571 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат, № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 3-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №  15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; 2013 жылғы 14 наурыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      317-2-баптың 2, 3, 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тауардың шығарылуы туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тарту немесе Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту -
      сертификат беруге уәкілетті ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тауар туралы деректері бұрмаланған және (немесе) дәйексіз, уәкілетті ұйымның тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілетті органдардың (ұйымдардың) ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруі -
      сертификат беруге уәкілетті ұйымға ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Уәкілетті ұйымның, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілетті органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылуы туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді шешімді беру мерзімін бұзуы -
      сертификат беруге уәкілетті ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сертификат беруге уәкілетті ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылуы туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілетті органдарға (ұйымдарға), - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сараптама ұйымдарына - қызметін алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 17 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      43-баптың 2-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комиссияны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органның депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (олар бар болса) өкілдері қатарынан құрады.».
      3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 22 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 138-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің және қызметкерлердің салалық бірлестіктерінің пікірін ескере отырып жүргізеді.»;
      2) 138-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді тиісті қызмет салаларының  уәкілетті мемлекеттік органдары Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
      2. Кәсіптік стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен келісім бойынша айқындайды.
      3. Кәсіптік стандарттарды бекітуді тиісті қызмет салаларының  уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша олар белгілеген тәртіппен жүргізеді.
      4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіптік стандарттар тізілімін жүргізуді өзі белгілеген нысан бойынша жүзеге асырады.»;
      3) 140-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кадрлар даярлауда, қайта даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда жәрдемдеседі.»;
      4) 263-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің республикалық одағының (қауымдастығының), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктерінің өкілдері жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.»;
      5) 264-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  және салалық ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.»;
      6) 265-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өңірлік деңгейдегі жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері:
      1) облыстық деңгейде - Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасының өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
      2) қалалық, аудандық деңгейлерде - Қазақстан Республикасының
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі
қалалық, аудандық бірлестіктер болып табылады.».
      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; 2012 жылғы 26 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 41-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға,  Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйымдарына, дербес білім беру ұйымдарына және олардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйымдарына жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетілуіне, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруына және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауына арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.»;
      2) 57-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдіктері облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссияларының жұмысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерін тартады».
      5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат, № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 14 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «6-1) Жиынтық жылдық табысы «Қазақстан Республикасының  Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы, кәсіпкерлік субъектілерінің сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді өз құзыреті шегінде жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беруге;»;
      2) 100-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Салық төлеуші мыналарға:
      «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне қызметкерлердің жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш шегінде;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген міндетті мүшелік жарналардың ең жоғарғы мәні шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жылғы 2 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2010 жылғы 2 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағында:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) кедендік инфрақұрылым - өткізу пунктінің кедендік инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы, сондай-ақ өткізу пунктін материалдық-техникалық жарақтану»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) өткізу пунктінің инфрақұрылым объектілері - бақылау органдарының жұмыс істеуіне, кеден органдарының лауазымды тұлғаларына әлеуметтік қызмет көрсетуге, жеке тұлғаларды, тауарларды, көлік құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдау үшін жағдайлар жасауға арналған ғимараттар, құрылғылар, құрылыстар, өткізу пунктінің аумақтары»;
      2) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «243-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары
      1. Өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де орындар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары болып табылады.
      2. Жолаушыларды, көлік құралдарын және тауарларды Кеден одағының кеден шекарасы арқылы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кедендік инфрақұрылым объектілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқаруына беруге құқылы.
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кедендік инфрақұрылым объектілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беру тәртібі мен оларды басқару қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды».
      7. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық мониторингтің қорытындылары бойынша дайындаған ұсыныстары ескеріледі.»;
      2) 14-баптың 1, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуші уәкілетті орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын атқаратын өз бөлімшелерінің біріне тапсырады. Нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
      6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлінген бюджет қаражаты мен гранттарды осы мақсаттарға пайдалана отырып, шарттық негізде мамандарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның ішінде шетелдіктерге де оны дайындауға тапсырыс бере алады.
      7. Уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілердің балама жобаларын дайындауды бірнеше мемлекеттік органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзірлеуді шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша бірнеше ғылыми мекемелерге немесе ғалымдарға тапсыруға құқылы.»;
      3) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде, түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) көбеюін растайтын есептеу нәтижелерін қамтуға тиіс.
      3. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы мүшелерінің біртұтас пікірін білдіреді, ұсыным
сипатында болады және оларды қабылдағанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.
      Сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
      4. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
      Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеу себептері негізделген жауап жібереді. Мұндай негізделген жауаптар нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертулері бар бір сараптамалық қорытындыны ұсынған және сарапшылық кеңестің мүшесі сарапшылық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
      Бұл ретте сарапшылық кеңестің отырыстары сарапшылық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
      5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
      Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
      6. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарты болып табылады.
      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды тиісті органда немесе сарапшылық кеңестің отырысында қарағанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.»;
      4) 43-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мәртебесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізеді.».
      8. «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары
туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 24,
446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат):
      1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мүдделі тұлғалар (тараптар) - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы; іс қарау объектісі болып табылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды отандық өндіруші не қатысушылардың көпшілігі сондай тауар өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі; іс қарау объектісі болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушы мен тауарды шетелдік өндіруші; тауарды отандық импорттаушы немесе қатысушыларының көпшілігі сондай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бірлестігі; шет мемлекеттің үкіметі, тауарды шығарған немесе сондай тауарды экспорттаған елдің уәкілетті органы не сондай тауар шығарылатын немесе оны экспорттайтын елдер кіретін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы; тауарды тұтынушы немесе тұтынушылардың бірлестігі; Қазақстан Республикасының атқарушы өкімет органдары; осы іс қарау құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкілетті органның пікірі бойынша осы іс қарауды жүргізуге жәрдем көрсете алатын өзге де тұлғалар;».
      9. «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы;
      істі қарау объектісі болып табылатын ұқсас тауарды отандық өндіруші не қатысушыларының көпшілігі сондай тауар өндіретін отандық өндірушілер бірлестігі;
      істі қарау объектісі болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушы мен тауарды шетелдік өндіруші;
      отандық тауар импорттаушы немесе қатысушыларының көпшілігі сондай тауарды импорттаушы болып табылатын отандық импорттаушылар бірлестігі;
      шет мемлекеттің үкіметі, тауар шығарылған немесе сондай тауарды экспорттайтын елдің уәкілетті органы не осындай тауарды шығаратын немесе оны экспорттайтын елдер кіретін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы;
      тауарды тұтынушы немесе тұтынушылар бірлестігі;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
      құқықтары мен мүдделері белгілі бір істі қарағанда қозғалатын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкілетті органның пікірінше, сол істі қарауды өткізуге жәрдемдесуге қабілетті өзге де тұлғалар;».
      10. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы
16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
      істі қарау объектісі болып табылатын осындай тауардың отандық өндірушісі не қатысушыларының көпшілігі осындай тауар өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі;
      тауардың шетелдік экспорттаушысы және істі қарау объектісі болып табылатын тауардың шетелдік өндірушісі;
      тауардың отандық импорттаушысы немесе қатысушыларының көпшілігі осындай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бірлестігі;
      шет мемлекеттің үкіметі, тауар шыққан немесе осындай тауар экспорттаған елдің уәкілетті органы не осындай тауар шыққан немесе оны экспорттаған елдер енетін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы;
      тауар тұтынушы немесе тауар тұтынушылар бірлестігі;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының уәкілетті органы;
      осы істі қарау кұқықтары мен мүдделерін қозғайтын және, осы Заңның 6-бабында көрсетілген уәкілетті органның пікірінше, осы істі қарауды жүргізуге ықпал ете алатын өзге де тұлғалар;».
      11. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дербес білім беру ұйымдары, нотариаттық палаталар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіби аудиторлық ұйымдар, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.»;
      2) 23-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен
толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың кәсіпкерлер палаталары құрылған кезде құрылтай шарты жасалмайды.»;
      3) 39-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқару органдарының құқықтық жағдайының ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.».
      12. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 30 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 27-баптың 1-7) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
      жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда бюджет комиссияларының жұмысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;
      21) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;»;
      2) 31-баптың 1-6) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;
      жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қарастырылған жағдайда бюджет комиссияларының жұмысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;
      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесші органдар құрады;».
      13. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж, № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196 құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; 2003 жылғы 16 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      54-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы директорлары кеңесінің құрамына тәуелсіз директорды сайлау ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.».
      14. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 7-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйымының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және уәкілетті органның (ұйымның) қызметін ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.»;
      2) 16-1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан құралуға тиіс. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның төрағасы оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.»;
      3) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті ережелер мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкілетті органға ұсынады.».
      15. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы «қатысуы болып
табылады;» деген сөздер «қатысуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай
мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.»;
      2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің және қабылдаудың ерекшеліктері
      1. Орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде тіркей отырып, жеке кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жоба келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аз болмауға тиіс.
      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) көбеюін растайтын есептеу нәтижелерін міндетті түрде қамтуға тиіс.
      3. Сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік органдар белгілеген мерзімде мыналар:
      республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
      облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық бірлестіктердің филиалдары;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктердің филиалдары табыс етеді.
      4. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің біртұтас пікірін білдіреді, ұсыным сипатында болады және оларды қабылдағанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.
      5. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
      Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептері негізделген жауап жібереді. Мұндай негізделген жауаптар нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімі жеке кәсіпкерлік субъектісіне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдер негізге алына отырып белгіленуге тиіс.
      Нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілу тәртібі мен мерзімдері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне залал келтірмеуге тиіс.
      7. Осы бапта көзделген рәсімдер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың міндетті шарты болып табылады.
      8. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары оларды тиісті органда немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен сарапшылық кеңестің отырысында қарағанға дейін, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.»;
      3) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      «5-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуы
      1. Орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес норма шығармашылық процесінің барлық сатыларында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тартуға міндетті.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы уәкілетті органның тапсырысы бойынша шарттық негізде нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауды жүзеге асыра алады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізеді.»;
      4) 8-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда
жазылсын:
      «8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;»;
      5) 14-бапта:
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен өзара әрекет етеді;»;
      6) 17-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;»;
      7) 26-баптың 1-тармағында «сарапшылық кеңестерге» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының,» деген сөздермен толықтырылсын.
      16. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат, № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2007 жылғы 15 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен
толықтырылсын:
      «8-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  өкілдерін тарта отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;»;
      2) 44-бап мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «9-1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына, дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері келісім бойынша кіреді.»;
      3) 45-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
      1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерінің барабарлығын арттыруға, кадрларды даярлау деңгейін экономика салаларының және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындатуға, оқытудың өндіріспен байланысын нығайтуға, қаржыландырудың қосымша көздерін тартуға бағытталған.
      2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-
қимылдарының негізгі бағыттары:
      1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге
қатысу;
      2) кәсіпорындардың технологиялық базасын пайдалана отырып, білім алушылардың Кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
      3) мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
      4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
      5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және
түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысу;
      6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын
дамытуға тарту болып табылады.
      3. Әлеуметтік әріптестік комиссияларды:
      1) республикалық деңгейде;
      2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде құру арқылы
тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
      4. Кәсіптік пен техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік
әріптестік комиссияларының қызмет тәртібі мен Үлгі ережесі өкілетті
органымен бекітеді.».
      17. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы
24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11,
14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
      «8-1-бап. Шешім қабылдау кезінде жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін ескеру
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  уәкілетті өкілдері жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша консультациялық-кеңесші органдарының жұмысына тұрақты негізде (дауыс беру құқығымен) қатысуға құқылы.
      2) 17-баптың 23) және 24) тармақшалары мынадай редакцияда
жазылсын:
      «23) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, жүргізілген, жүргізілетін және есепті кезеңнен кейінгі жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинақтау және талдау;
      24) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкілеттік берген тұлғалар беретін, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты жинақтау және талдау;»;
      3) мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын;
      23-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп көмірсутек шикізатты, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық балансты қоса алғанда өндіру, өткізу және тұтынудың ұлттық балансын әзірлеу;
      18. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар  туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 20 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      17-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесі құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері ретінде директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылған адамдар арасынан Директор кеңесінің басқарушы компанияны стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін лауазымы бойынша басқаратын тәуелсіз директорды сайлайды.».
      19. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 10-құжат; 2012 жылғы  24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда»  газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау көрсетуді және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарта отырып жүзеге асырады.».
      20. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы»
2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (2013 жылғы
22 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      16-1) сервистік инфрақұрылым - адамдар мен көлік құралдарының жүріп-тұру, жүктердің (тауарлардың) өткізілу жағдайларын жақсартуға және өткізу пункттеріндегі бақылау органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған аумақ, ғимараттар мен құрылыстар;»;
      2) 55-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылымы жөніндегі талаптарды айқындайды;».
      21. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; 2004 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-баптың 9), 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды үйымдастырады;
      12) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;».
      2-бап.
      Осы Заң қолданысқа енгізілген күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 14-тармақтарын және 11-тармағының 1) тармақшасын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады