"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 1156 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат):
      1) 38-баптың 7-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының жұмыс iстемеген уақыты; алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңданудан болған немесе соларға байланысты iс-әрекеттерден болған ауру уақыты; жазаны өтеу кезеңiнде басқа қылмыстық iс бойынша бұлтартпау шарасы тәртiбiнде қамау уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептелмейдi.»;
      2) 178-1-баптың 5-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде бiрнеше мәрте әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса немесе мiндеттердi орындаудан қасақана жалтарса, уәкiлеттi орган сотқа шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазасының өтелмеген қалған бөлiгiн атқару туралы ұсыным енгiзедi.».
      2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24,  338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14,  109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; 29.12.2012 ж., «Казахстанская правда», № 453-455; 12.29.2012 ж., «Егемен Қазақстан», № 861-868):
      1) 2-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнама азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарау тәртібін белгілейді.»;
      2) 2-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
      3) 24-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды.»;
      4) 30-баптың 1-1-бөлігі алып тасталсын;
      5) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны өндіріп алу туралы қуынымдар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, бұлтартпау шарасын заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген залалды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы қуынымдар қуынушының тұрғылықты жері бойынша берілуі мүмкін.»;
      6) 121-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 636-бабында көзделген іс-әрекеттерді (әрекетсіздік) жасағаны үшін бұған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 806-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.»;
      7) 26-тарау алып тасталсын;
      8) 278-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы тараудың қағидалары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізетін органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы істер бойынша арыздар сотта қаралуға жатпайды.».
      3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат):
      1) 54-баптың 1-бөлігі 2-тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уақытша ұстау изоляторларының, қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;»;
      2) 55-баптың 1-бөлігі 2-тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «уақытша ұстау изоляторларының, қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуi;».
      4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      130-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қылмыс жасаған, алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қатысты сот шешімі бойынша қолданылады.».
      5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 25 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 34-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кеден органына өтініш берілген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 - 514, 516 - 518, 522, 523, 533 - 535, 539, 542-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;»;
      2) 40-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505, 512, 516 - 518, 522, 523, 524, 536, 539, 542-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
      3) 47-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505, 512, 516 - 518, 522, 523, 524, 528, 536, 539, 542-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаларды кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады.»;
      4) 54-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) кеден органына өтініш берген күнге дейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505, 512, 516 - 523, 528, 535, 539, 542-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы заңды тұлғаларды бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу шарттары болып табылады;»;
      5) 62-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өтініш берушінің кеден органына өтініш берген күні бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 512, 516, 524, 527, 528, 529, 532 - 539, 542-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;»;
      6) 63-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түбегейлі шешім шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 512, 516, 524, 527, 528, 529, 532 - 539, 542-баптары бойынша әкімшілік іс жүргізудің қозғалу фактілері болған;»;
      7) 63-баптың 5-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 512, 516, 524, 527, 528, 530, 542 - 539, 542, 550-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде жойылады.».
      6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      29-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті органның филиалы әділет органдарында есептік тіркелген күннің немесе филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғандығы туралы әділет органының белгісі соғылған күннің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б) - з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының үшінші, алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 214-баптың үшінші және төртінші бөліктерінде, 226-баптың үшінші және төртінші бөліктерінде, 450-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза түріндегі санкцияларды қолданбауы міндетті шарттар болып табылады;».
      7. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде және қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтау;»;
      2) 5-1-баптың 2-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) уақытша ұстау изоляторларының, қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-бөлу орындарының, қызметтiк жануарларға арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылауды қамтамасыз етедi;»;
      3) 10-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) қылмыстық жазалар мен әкiмшiлiк жазалауды орындауға, сотталғандардың, сондай-ақ қамауға алынған адамдардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;»;
      4) 10-баптың 1-тармағының 30-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-4) кез келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан, соның iшiнде өздерiнiң қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қол сұғулар туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген күдiк бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдап алынған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн олардың уақытша ұстау изоляторларының болуы;»;
      5) 11-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 11-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген күдiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасады деп күдiктелген не жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда оларды жасаған адамдарды тiркеуге, фотосуретке түсiруге, олардың дыбыс жазбасын, кино- және бейнетүсірілімін, оларды дактилоскопиялауды жасауға;».
      8. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат):
      41-баптың абзацындағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әкiмшiлiк ұстаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін ықпал етудiң өзге де шараларының негiздiлiгiн тексеруге;».
      9. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      8-баптың абзацындағы 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 47-бабында көзделген жағдайларда сотқа жеті тәулік ішінде қуыным арызын міндетті түрде ұсына отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады.».
      10. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат):
      15-3-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар хабарлама берген субъектілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметін жүзеге асыру құқығынан айырады.».
      11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      33-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 215-бабының бірінші, екінші, он бірінші бөліктерінде, 216, 217-баптарында, 226-баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.».
      12. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 47-бабында көзделген жағдайларда сотқа жеті тәулік ішінде қуыным арызын міндетті түрде ұсына отырып, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;».
      13. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      18-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 47-бабында көзделген жағдайларда сотқа жеті тәулік ішінде қуыным арызын міндетті түрде ұсына отырып, сот шешімінсіз шаруашылық қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы нұсқама шығарады. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданыста болады;».
      14. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат):
      1) 5-баптың бірінші абзацындағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) заңнамада көзделген жағдайларда әскери қызметшiлердi гауптвахтаға жаба отырып, ұстауды орындау болып табылады.»;
      2) 8-баптың абзацындағы 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) әскери полиция органдары ұстаған не тергеуде және сотта жүрген әскери қызметшiлердi ұстауға арналған, сондай-ақ гарнизондар қолбасшылығының қамауға алу түрiндегі қылмыстық жазаны орындауға арналған арнайы үй-жайы - гауптвахтасы болуға құқылы.»;
      3) 11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қылмыс жасау кезінде қолға түскен және қарсылық көрсеткен, қамаудан қашқан адамдарды ұстау, сондай-ақ қарулы адамды ұстау;».
      15. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат):
      43-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 47-бабында көзделген жағдайларда сотқа жеті тәулік ішінде қуыным арызын міндетті түрде ұсына отырып, сот шешімінсіз қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға жол берiледi.».
      16. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат):
      1) 16-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. әкімшілік деректерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
      2) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.».
      17. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
      11-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған сот қаулылары, - егер заңда өзге мерзiмдер белгiленбесе, бір жыл iшiнде;».
      18. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 60-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер құқық бұзушылар (сотталғандар, күдіктілер, айыпталушылар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар) қызметкерлерге, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген өзге де адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу үшін ұстау, ұсталған, қамауға алынған адамдарды, сондай-ақ сотталғандарды, күдіктілерді және айыпталушыларды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға жеткілікті негiздер болса, сондай-ақ қызметкерлердiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты күзетпен апару және күзету;»;
      2) 61-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қарсылық көрсеткен не қылмыс жасау кезінде қолға түскен, қамаудан қашып жатқан адамдарды ұстау үшін, қарулы адамдарды ұстау;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады