"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қарашадағы № 1261 қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      182-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Осы баптың ережелері сурдоаударма машықтарын меңгерген және процеске қатысуға сот тартқан адамға қолданылады.».
      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 91-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «91-1) санаторийлік-курорттық емдеу – адам санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болған жағдайларда жүргізілетін сауықтырып емдеу және/немесе мединциналық оңалту түрі;»;
      2) 33-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың профилактикасы, олардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін;»;
      3) 91-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы көрсетілетін қызметтердің құны, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы, оның ішінде көру және есту қабілеті бұзылған адамдардың қолжетімділігін ескере отырып, ұсынылу тәртібі туралы ақпаратты алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылуға тиіс.»;
      4) мынадай мазмұндағы 136-1-баппен толықтырылсын:
      «136-1-бап. Мүгедектерге медициналық көмек көрсету
      Денсаулық сақтау ұйымдары денсаулық сақтау объектілерін бейімдеуге мүгедектер мен халықтың қауқары аз басқа да топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып жағдайлар жасайды.».
      3. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.»;
      2) 222-баптың 3-тармағында:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Егер тіркеуші органға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берген кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның екеуі бірдей қатысуы мүмкін болмаса немесе қатысуы өте қиын болса (бір-бірінен алыста тұруы, ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, әскери қызмет өткеруі және басқалары), белгіленген нысан бойынша толтырылған және некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның екеуі бірдей қол қойған неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтінішті олардың біреуі бере алады.»;
      екінші бөліктің 5) тармақшасындағы «бастықтары куәландыруы мүмкін.» деген сөздер «бастықтары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) жүріп-тұруы қиын мүгедектерді – дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.».
      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 90-құжат):
      1) 16-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «ережені бекітеді.» деген сөздер «ережені;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша – мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамаудағы сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекітеді.»;
      көрсетілген Кодекске қосымшаның 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) мүгедектердiң жүрiп-тұруына арнап жасалған көлiк құралдары, мүгедектердің техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнайы жүріп-тұру құралдары;».
      5. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
      «жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру кезінде мүгедектер үшін ыңғайлы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оралымдылықты жеңілдететін құралдарды, құрылғылар мен технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды пайдалану;
      жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын көлік қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына және оларға қызмет көрсетуге үйрету, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;»;
      2) 11-баптың бірінші бөлігінің он бірінші абзацындағы «сақтандыруға міндетті.» деген сөздер «сақтандыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
      «- мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасауға міндетті.»;
      3) 18-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кідірген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға, оның ішінде мүгедектердің мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен мейманханадан орын алып беруге және оларды тамақтандыруға міндетті.»;
      4) 25-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпаратқа қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін және оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасалуын бақылауды;».
      6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ортақ бірлескен меншіктегі тұрғын үйдің иеліктен шығарылуына барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жол беріледі. Егер мәміле тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын болса, қорғаншы және қамқоршы органның келісімі; әрекет қабілеті шектеулі, әрекетке қабілетсіз деп танылған мүгедектің мүдделерін қозғайтын болса, қамқоршының, қорғаншының келісімі талап етіледі.»;
      2) 76-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мүгедектерге, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа ауыр науқастармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй олардың тілегі ескеріліп, төменгі қабаттардан немесе лифтісі бар тұрғын үйлерден беріледі, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін тұрғын үй пәтері екінші қабаттан жоғары болмауға тиіс.»;
      3) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) уақытша тұрған кезде – тұрған уақытында;»;
      4) 120-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мүгедектерді (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);».
      7. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды қоспағанда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық жағдайларда тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға:
      осы Заңның 12-бабында көзделген мөлшердің 30 пайызы көлемінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
      осы Заңның 16-бабында көзделген мөлшердің 30 пайызы көлемінде асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төленеді.
      Тағайындалған мөлшердің 70 пайызын төлеу медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) шотына жүргізіледі.
      Көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
      Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационарлық жағдайларда тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде тағайындалады.».
      8. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 60-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Арыз беруші жүгінгеннен кейін бірден құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде, ол жүгінген кезінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау уақыты және орны туралы қолжетімді нысанда хабардар етілуге тиіс. Егер өтініш беруші асқынған ауруларға, жүріп-тұру қиындығына байланысты мүгедектік салдарынан адвокат белгілеген қабылдау орнына келе алмайтын болса, құқықтық консультация беру ол болатын жерде өткізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегін көрсетудің ұзақтығы бір сағаттан аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың алқа төралқасының төрағасы ұзартуы мүмкін. Адамның бір мәселе бойынша құқықтық көмекті бір рет қана алуына болады.».
      9. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 61-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «61-1) халықтың қауқары аз топтары – өз бетімен жүріп-тұруда, қызмет, ақпарат алуда немесе кеңістікте бағдарлануда қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер.»;
      2) 27-2-баптың 8-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) авариялық шығу жолдары арқылы адамдарды, оның ішінде халықтың қауқары аз топтарын дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей;».
      10. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршыcы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:
      «17-2-бап. Теміржол көлігі саласында көрсетілетін
                 қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
      1. Теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында теміржол көлігі саласында көрсетілетін қызметтерге мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін:
      1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
      2) халықтың қауқары аз топтарының қозғалуы үшін ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын ыңғайластыру;
      3) заңнама талаптарына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың қауқары аз басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
      5) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
      6) мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін арнайы бейімделген таксофондар орнату қамтамасыз етілуге тиіс.
      2. Поездың құрамында мүгедектерге арналған арбалармен жүріп-тұратын адамдарды отырғызу үшін көтергіш құрылғылары бар вагонның болуы, оның ішінде вогонда мүгедектерге арналған арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы орындардың болуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
      2) 67-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Мүгедектер және халықтың қауқары аз топтары қатарындағы жолаушылардың жеке пайдалануға арналған таяқты, балдақтарды, зембілдерді және (немесе) кресло-арбаны өздерімен тегін тасымалдауға қосымша құқығы бар;».
      11. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат):
      1) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететiн ұйымдар – білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары.»;
      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Арнаулы білім беретін ұйымдар есту, көру немесе сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ымдау тілін, Брайль әліпбиін, балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды.
      Арнаулы білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерді, оның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайль әліпбиін меңгерген мүгедектерді жұмысқа тартады.».
      12. «Пошта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 11, 60-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      7-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі талаптар, оның ішінде пошта байланысы қызметтеріне мүгедектердің кедергісіз қол жеткізу жағдайларын көздейтін талаптар;».
      13. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) халықтың қауқары аз топтарының қозғалуы үшін ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттерін ыңғайластыру;».
      14. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мынадай мазмұндағы 51-2-баппен толықтырылсын:
      «51-2-бап. Ішкі су көлігі саласында көрсетілетін қызметтердің
                 мүгедектер үшін қолжетімділігі
      1. Ішкі су көлігі саласында көрсетілетін қызметтерге мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін портта:
      1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
      2) халықтың қауқары аз топтарының қозғалуы үшін ғимараттарды, баспалдақтарды, ғимаратқа кірер жолдарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын ыңғайластыру;
      3) заңнама талаптарына сәйкес есту және көру қабілеті бойынша мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
      4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың қауқары аз басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
      5) күту залдарында халықтың қауқары аз топтарының қажеттілігі ескеріліп жабдықталуға тиіс арнайы орындардың бөлінуі;
      6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
      7) мүгедектерге арналған кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдар үшін арнайы бейімделген таксофондар орнату;
      8) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау қамтамасыз етілуге тиіс.»;
      2) 52-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) өзiмен бiрге жалпы салмағы отыз алты килограмнан аспайтын, ал жүрдек кемелерде – жиырма килограмнан аспайтын қолжүгiн (алып жүруге жеңiл, басқа жолаушылардың орнын тарылтпайтын ұзындығы 1,8 метрден аспайтын немесе периметрi бойынша жалпы ұзындығы 2,6 метрден аспайтын заттарды) ақысыз алып жүруге құқылы. Қолжүгiн сақтау жауапкершiлiгi оның иесiне жүктеледi.
      Мүгедектер және халықтың қауқары аз топтары қатарындағы жолаушылардың жеке пайдалануына арналған таяқты, балдақтарды, зембілдерді және (немесе) кресло-арбаны өздерімен бірге тегін тасымалдауға құқығы бар;».
      15. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      2), 5-1), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – мүгедектерге және мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;»;
      «5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда, жартылай стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;»;
      «7) мүгедек – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
      8) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;»;
      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «19-1) сурдоаударма – дактильді әліпби көмегімен және/немесе қандай да бір тілден ымдау тіліне және/немесе керісінше аудару;»;
      2) 7-бапта:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6-1) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
      «9-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:
      жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін – жеке көмекші беру;
      есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын – жылына алпыс сағат беру тәртібін бекітеді;»;
      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мүгедектiк тобын және/немесе еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн, организм функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуi дәрежесiне қарай себебiн, мерзiмiн айқындай отырып белгілеу;
      3) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде мертігуіне немесе өзге де денсаулық зақымын алуына байланысты қызметкердің азаматтық заңнамада көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне сұранысын айқындау;»;
      3) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ауруға диагноз қоюдың, емдеудiң және оңалтудың хаттамаларын айқындайды;»;
      4) 10-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;»;
      4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;»;
      «6) осы Заңға сәйкес тиiстi аумақта медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;»;
      5) 11-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;»;
      6) 13-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес қолдану мерзімі аяқталған құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.
      2-2. Тыныс-тіршілігі санаттарының бірін (өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, еңбек ету қабілетін (еңбек қабілеті) оқып үйренуге, айналасын бағдарлай білуге, қарым-қатынас жасауға, өзінің жүріс-тұрысын бақылауға, ойын және танымдық қызметке, қозғалыс белсенділігіне) шектеуге әкеп соғатын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетін жоғалту дәрежесі белгіленбейді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Адамды мүгедек деп таныған және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеген кезде олардың себептерi, мерзiмдерi, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттiлiктерi айқындалады, сондай-ақ мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы әзiрленедi.»;
      7) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші, меншік нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдар көрсетуге құқылы.»;
      8) 16-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан, сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа мұқтаж деп танылған мүгедектерге (бұдан әрі – қамқорлықтағылар) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен есептеледі.»;
      9) 21-бапта:
      1-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, оның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;
      4) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтiк көрсетілетін қызметтерді:
      жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiні;
      естімейтіндігі бойынша мүгедектерге жылына алпыс сағатқа ымдау тiлi маманын берудi;
      5) медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсынуды;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мүгедектердi әлеуметтiк оңалтуды: медициналық-әлеуметтiк мекемелер (ұйымдар), әлеуметтiк көмекті үйде көрсететiн бөлiмшелер, арнаулы бiлiм беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерi), денсаулық сақтау ұйымдары және меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.»;
      10) 23, 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23-бап. Үйде және аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету
               орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
               қызметтер ұсыну
      1. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттiлiктерiн өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж 1 және 2-топтағы жалғызiлiктi мүгедектерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет ұсынуды әлеуметтiк көмекті үйде көрсету бөлiмшелерi және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететін аумақтық орталықтарында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Өзiнiң негiзгi өмiрлiк қажеттіліктерін өз бетiмен қанағаттандыру мүмкiндiгiн, өзiн-өзi қарап-күту және (немесе) жүрiп-тұру қабiлетiн iшiнара немесе толық жоғалтуына байланысты басқа адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды әлеуметтiк көмекті үйде көрсету бөлiмшелерi және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтар халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Үйде және қарттар мен мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсететiн аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет ұсыну бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      24-бап. Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы
              әлеуметтік көрсетілетін қызмет ұсыну
      1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж 1 және 2-топтағы жалғызiлiктi мүгедектерге, психоневрологиялық aуpулap қатарындағы 1 және 2-топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет ұсыну мүгедектердiң жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейiмделген қарттар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға арналған интернат-үйлерде жүзеге асырылады және тiршiлiк-тынысына жағдайлар жасауды, күтiммен қамтамасыз етудi, медициналық қызмет көрсетудi, оңалтуды, әлеуметтiк-еңбектiк бейiмдеудi, демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруды қамтиды.
      2. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда тұратын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көлемi халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес берiледi.
      3. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызмет ұсыну бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылай түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда арнаулы әлеуметтiк көрсетілетін қызметтер ұсыну құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.»;
      11) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «26-бап. Мүгедектердi тұрғын үймен қамтамасыз ету
      1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) тұрғын үйге мұқтаж мүгедектердi есепке қояды және олардың пайдалануына тұрғын үй бередi;
      2) мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етедi.
      2. Мүгедектерге ғимараттың қабатын, тұрпатын, жайлылық деңгейiн және тұруға қажеттi басқа да жағдайларын ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы берiледi.»;
      12) 28-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаға сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етіледі.»;
      13) 29-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда, медициналық қорытындыға сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың басым құқығы болады.»;
      14) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кәсiптiк бағдар беруді білім беру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары жүзеге асырады.»;
      15) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Медициналық қорытындыға сәйкес оның денсаулық жағдайы кәсiптiк мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн не басқа адамдардың денсаулығына және еңбек қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiктi сылтау етiп еңбек шартын жасасудан не қызметiн жоғарылатудан бас тартуға, мүгедектi жұмыс берушiнiң бастамасымен жұмыстан босатуға, өзiнiң келiсiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.».
      16. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың шығу тегіне, денсаулығына, мүгедектігіне, көзқарастарына, саяси және діни нанымдарына қатысты мәліметтерді қоса алғанда, жеке тұлғалардың жеке және отбасының құпиясын, хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпиясын қамтитын олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.»;
      2) 14-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланушылар үшін көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімді болуын ескере отырып құрылады.»;
      3) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер пайдаланушылар үшін көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімді болуын ескере отырып құрылады.».
      17. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 5-баптың 46-9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «46-9) мектеп-интернаттарды, бейіндік мектептерді қоса алғанда, оқу орындарын, оның ішінде мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолжетімді болуын қамтамасыз ететін техникалық талаптарды әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;»;
      2) 26-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде көрсеткiштер бiрдей болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердiң, жеңiлдiктері мен кепiлдiктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдардың, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың және үздiк бiлiмi туралы құжаттары (куәлiктерi, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.»;
      3) 47-бапта:
      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;»;
      17-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.»;
      4) 56-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары инклюзивті білім беруді ескере отырып әзірленеді.».
      18. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 13-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) мынадай:
      әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау;
      баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам) салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект;»;
      2) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әлеуметтік қызметкер осы Заңның 13-бабында аталған адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды осы Заңның 8-бабының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
      3) 15-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін ұсыну бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда, олар аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      2. Аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдайды.
      Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдағанға дейін осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерде, олар бюджет қаражаты есебінен ұсынылған (көрсетілген) жағдайда тұра алады.
      3. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тартылған жағдайда, аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берушіні бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды жүргізу және оны айқындау үшін ұсынылған құжаттарды қайтарады.».
      19. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      61-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мүгедектердің жүріп-тұруына арналған арнайы көлік құралдары, мүгедектердің техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдары мен арнайы жүріп-тұру құралдары.».
      20. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      мынадай мазмұндағы 65-2-баппен толықтырылсын:
      «65-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін
                 қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
      1. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтерге мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әуежайларда:
      1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындар бөлу;
      2) халықтың қауқары аз тобының кедергісіз жүріп-тұруы;
      3) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың қауқары аз басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
      4) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін кабиналармен жабдықтау қамтамасыз етілуге тиіс.».
      21. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.».
      22. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат, № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      35-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «әскерге шақырылушының отбасы мүшелерінің бірі мүгедек және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала;».
      23. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) көрсетілетін қызметті берушіден қолжетімді нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;»;
      2) 5-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;»;
      3) 10-баптың 3), 5) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетілімділікті қамтамасыз етеді;»;
      «5) қолжетімді нысанда көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;»;
      «8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;»;
      4) 11-баптың 1), 3) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;»;
      «3) қолжетімді нысанда көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;»;
      «6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;».
      24. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 60-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, алушының мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне тоқтатыла тұрады.»;
      2) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын және мемлекеттің толық қарауындағы адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдер:
      1) осы Заңның 15-бабына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдері мөлшерінен 30 пайыз көлемінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс;
      Тағайындалған зейнетақылар мөлшерінің 70 пайызы медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) шотына төленеді. Көрсетілген жәрдемақыларды пайдалану тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
      2) егер осы нормаға сәйкес есептелген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген көлемде тағайындалады.».
      2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 15-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады