"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 тамыздағы № 707 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 15 маусымдағы Заңы 2015 ж. 17 маусымында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен рәсімдейді.»;
      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 35-1), 35-2) тармақшалармен толықтырылсын;
      «35-1) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
      35-2) Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – жер учаскелерінің, жер учаскелерінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың сапалық және сандық сипаттамаларын қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;»
      3) 43-бапта:
      7-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорация беретін мынадай құжаттар:»;
      4) 44-1-бапта:
      2-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация интернет-ресурста қалалар мен аудандардың жер-кадастрлық схемаларын деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен апта сайын жариялауға міндетті.»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер учаскелерiне жер пайдалану құқығының өздеріне берілуіне мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы белгіленген үлгідегі өтiнiшті бередi. Бұл ретте өтінішке міндетті түрде өтініштің қабылданған күні бойынша тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш берушіге өтініштің берілгенін растайтын хабарлама беріледі, онда келісу үшін жер учаскесін таңдау актісі алынған күн көрсетіледі.»;
      4-тармақтың бірінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жібереді.
      Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұралып отырған учаске жөніндегі мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстарға смета қоса беріледі.
      Сұралып отырған жер учаскесі бос емес болған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу жолымен келіседі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға келіп түседі.»;
      8-тармақта:
      төртінші, бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейдi, жер-кадастр кітабына және жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер енгізіледі.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы қол қойған уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушіге қол қою үшін жіберіледі.»;
      сегізінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі жер-кадастрлық жоспармен қоса және уақытша жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жіберіледі.»;
      5) 49-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз түрінде не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.»;
      6) 152-баптың 3-тармағында:
      екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
      Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.»;
      7) 153-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын
      «2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызметке:»;
      8) 158-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк органдар, Мемлекеттік корпорация және лауазымды адамдар жер-кадастр құжаттамасына енгiзiлетiн мәлiметтердiң дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттi.»;
      9) 162-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.».
      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексіне» (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 21 шілдедегі, 2015 ж. 22 шілдедегі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 тамыздағы, 2015 ж. 5 тамыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
      1) 68-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеуші (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы табыс етуге құқылы;»;
      2) 71-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мониторингке жататын ірі салық төлеуші мониторинг бойынша есептілікті табыс ету мерзімі өткенге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеу орны бойынша салық органын хабардар етуге міндетті. Хабарлама уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, оның ішінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы табыс етіледі.»;
      3) 72-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бапқа сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту үшін салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаны тіркелу есебінің орны бойынша салық органына, оның ішінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы жібереді.»;
      4) 76-бапта:
      2-тармақтың екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеушілер (салық агенттері) салықтық өтінішті «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы табыс етуге құқылы.
      «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.»;
      5) 156-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) Жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi (және) немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері;»;
      6) 406-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:»;
      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады: ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:»;
      3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мұндай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық базасы ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.»;
      7) 557-баптың 3-тармағы 11) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдарға береді.»;
      8) 584-баптың 2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші, екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе «Үкімет–азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы:
      салық есептілігі үшін – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияның қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;»;
      8) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.».
      3. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжаттар; 2015 ж., № 8, 142-құжат; 08.06.2015 ж., № 317.; 02.08.2015 ж., № 342):
      1) 11-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кеден органдары кеден терминалдарының, әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының аумағында және (немесе) үй-жайларында, халықаралық почта алмасу орындарында, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясында, сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.».
      4. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 48-құжат):
      1) 188-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасының тұрғылықты жерi олардың заңды мекенжайына сәйкес айқындалады.»;
      2) 190-баптың 2 тармағының мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес беріледі.».
      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжат, № 9, 46-құжат; № 10, 48-құжат; 08.06.2015 ж. № 317 Заңы, 21.07.2015 ж., № 336; 02.08.2015 ж., № 342; 02.08.2015 ж., № 343):
      1) 91-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияға мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған салымшылар туралы мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты аталған салымшылар туралы анық емес мәлiметтердi ұсынуы – »;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген, зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттердi «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдарының орындамауы – »;
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен өсiмпұлдар сомаларын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияға аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;»;
      2) 92-бапта:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының және «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияның Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердi төлемеуi –»;
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуметтiк аударымдар мен өсiмпұлдар сомаларын «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияға аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнан аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кеш) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;»;
      3) мынадай мазмұндағы 342-2-баппен толықтырылсын:
      «342-2-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы құқық
                  бұзушылық
      Мынадай:
      1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру;
      2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуға;
      3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуға;
      4) жер учаскелерінің кадастрлық құнын анықтау, елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, оларды бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды, жер учаскелері үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауға;
      5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да кадастрлық ақпаратты жинақтауға, өндеуге және жүргізуге;
      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуге;
      7) жер-кадастрлық карталарды, цифрлық карталарды дайындауға және жүргізуге;
      8) жер кадастры кітаптары және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуге;
      9) жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын дайындауға және беруге;
      9-1) жер-кадастрлық жоспар әзірлеуге;
      10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге;
      11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға;
      12) Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жер учаскелерін салуға;
      13) жер учаскелерi туралы немесе мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде төлем деректерін кеш енгізуге байланысты бұзушылықтар –
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 647-бап мынадай редакцияда жазылсын
      «647-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді
                орындамауы
      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияға жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.».
      6. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; 02.08.2015 ж. № 342 Заң):
      1) 1-1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
      2) 3-бапта:
      2-тармақтың бірінші, үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Егер өтініш жасаған кезде адамға мүгедектік белгіленген болса, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
      Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса жәрдемақыға құқығы бар адамның тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса, Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш жасаушыға құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтаруға міндетті.»;
      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.»;
      4) 5-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жасына байланысты жәрдемақы сондай жәрдемақы тағайындауға өтiнiш берiлген күннен бастап тағайындалады.
      1-1. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
      5) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Уәкілетті мемлекеттік органның, Мемлекеттік корпорациясының кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақылардың сомалары мерзімдері шектелмей, өткен уақыт үшін бір мезгілде төленеді.»;
      6) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мүгедек адамға зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде, мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып, қайта қаралады.»;
      7) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.»;
      8) 16-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Егер жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектердің тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектердің осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.»;
      9) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. Жәрдемақыларды тағайындау шарттары
      Жасына байланысты жәрдемақылар азаматтарға жасына байланысты, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін жасына байланысты зейнетақы төлемдерiне құқығы болмаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жасқа толғанда тағайындалады.».
      7. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар):
      3-баптың 3-тармағының 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;».
      8. «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат):
      8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін өздеріне арнайы жер қорының жері мен босалқы жер құрамынан жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығы берілуіне мүдделі азаматтар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясына, олар болмаған жағдайда, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына өтініш береді.».
      9. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8. 45-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) кепіл туралы шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) «Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорацияның және олардың филиалдарының осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн тiркеушi органның және (немесе) «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияның және жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;»;
      4), 5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияның өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
      5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
      6) өтiнiш берушi – тiркеушi органға және (немесе) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
      2) 3-бапта:
      1-тармақтың 2-1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1) Мемлекеттік корпорация;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тiркеушi органдардың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен басқа да мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен жасалған кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне заңнамалық актiлермен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.»;
      3) 5-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік
              кепілін тіркеу»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркелген тізілімді жүргізуге міндетті.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және орталық атқарушы органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.»;
      5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және орталық атқарушы органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.»;
      4) 9-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi.»;
      2-тармақта:
      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өтінішпен бірге кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге шарт ұсынылады, ол өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;
      5) 9-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-2-бап. Ақпараттық қызметтер көрсету және өтiнiш берушiнiң
                кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi
                түзету үшiн төлемақы
      Ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.»;
      6) 10-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік
               корпорацияның мiндеттерi»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және Мемлекеттік корпорация:»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкес тек нысанды белгiлерi бойынша тексередi.»;
      7) 11-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация құжаттардың қабылданған сәтiнен бастап екі жұмыс күнi iшiнде заң талаптарының бұзылғандығына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш жасаушыға жазбаша дәлелдi тiркеуден бас тартуды жолдайды.»;
      8) 13-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген тiркеу нөмiрi;»;
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тiркеу туралы куәлiкке уәкiлдiк берiлген лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылады.
      3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын бередi.»;
      9) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын жазбаша өтiнiш пен қажеттi құжаттар беруге мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақытында орындамаған жағдайда кепiл берушi өзiне келтiрiлген зиянның өтелуiн талап етуге құқылы.»;
      10) 16-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру арқылы өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын беру және т.б.) және тiркелген кепiлдiң күшiн тоқтатуды тiркейдi.»;
      11) 17-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;»;
      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өтінішпен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде, тапсыру актісі немесе одан үзінді көшірме (төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі) қоса беріле отырып, меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі туралы не құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылуға тиіс, бұл тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін, тіркелгені туралы белгі қойылып өтініш берушіге қайтарылады.»;
      12) 18-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Кез келген адамның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен көшiрме түрiнде ақпарат беруге мiндеттi, ол:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) тiркеушi органның немесе Мемлекеттік корпорацияның лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тiркеушi органның мөрiмен куәландырылуға тиiс.»;
      13) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мүдделi тұлға кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.»;
      14) 21-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпарат мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген зиянды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.».
      10. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      16-2-баптың 10-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация арқылы берілген жағдайда құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
      11. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
      «18) мұрағаттық құжаттарын электрондық нысанға аудару – мұрағаттық құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және уәкілетті органның келісімі бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді көшіру;
      19) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкiметтiң» сәулетін және «электрондық әкімдіктiң» типтік сәулетін дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;»;
      2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Мұрағаттық құжаттарды электрондық нысанға аудару
      1. Мемлекеттік органдар Ұлттық мұрағат қорының құрамына кіретін және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мұрағаттық құжаттарды электронды нысанға аударуды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мұрағаттық құжаттарды электрондық нысанға аударуды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады.
      3. Ұлттық мұрағат қорының құрамына кіретін және электрондық нысанға аударылған мұрағаттық құжаттарға қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үшін ашық болып табылады.
      4. Мұрағаттық құжаттың электрондық көшірмесі мұрағаттық құжаттың алғашқы түпнұсқасына тең болып табылады.».
      12. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 96-құжат, 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 1-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;»;
      2) мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3-баптармен толықтырылсын:
      «3-1-бап. Орталық атқарушы органның құзыреті
      Орталық атқарушы орган:
      1) жәрдемақыны белгілеу, төлеу тәртібін және оны белгілеу үшін қажетті құжаттар тізбесін айқындайды;
      2) өздерінің қадағалау және бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорацияның қаржы және басқа да есептіліктің тізбесін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін айқындайды;
      3) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметін тексереді;
      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алу құқылы;
      5) жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуге талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      6) жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен деректер базасына қол жеткізу ережелерін әзірлейді және бекітеді;
      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3-2-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
      1) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді енгізу және өзектендіру;
      2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ақпараттық жүйелерден ақпарат беру;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
      3-3-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
      Мемлекеттік корпорация:
      1) уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асырады;
      2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыны тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, жаңарту және қайта есептеу істерінің макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
      3) жәрдемақыны алушыларға уақытылы төленуін қамтамасыз етеді;
      4) жәрдемақы төлеуге сұранысты есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастырады;
      5) айлық қажеттілікті, жәрдемақы төлеу кестелерін жасайды және жәрдемақы төлеуге қаражат сұранысы туралы өтінімді орталық атқарушы органға жібереді;
      6) жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қауіпсіздік саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпаратты мемлекеттік органға және орталық атқарушы органға жібереді.»;
      5) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның 4-бабында көрсетілген адамдар жәрдемақы тағайындау үшін тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.»;
      6) 2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-2. Жәрдемақыларды тағайындау мерзімі өтінішті барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.».
      13. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
      2) 5-бапта:
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жәрдемақыны алуға құқығы бар адам оны тағайындау туралы өтінішті тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияға береді.
      3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жәрдемақылар тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.»;
      3) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.»;
      4) 7-баптың бірінші, үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жәрдемақы төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы алушылардың банк шоттарына ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
      Жәрдемақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      14. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат № 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 5, 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Мемлекеттік органдар ақпараттық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жүргізуге міндетті.
      6. Мемлекеттік органдар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттарды пайдалануды және оларды ұсыну бойынша талаптарды қысқарту (жою) жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті.
      Әкімшілік рәсімдерді орындау барысында қағаз жеткізгіштегі құжаттар қолданылған жағдайда мемлекеттік органдар қағаз жеткізгіштегі құжаттарды электрондық нысандағы құжаттарға аудару жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті.».
      15. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
      «18) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.»;
      2) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы
                Мемлекеттік корпорацияның қызметі
      1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.».
      16. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 48-құжат):
      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Адам (бұдан әрі – өтініш беруші) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін өз атынан немесе отбасы атынан белгіленген үлгідегі өтінішпен және тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияға, ал ауылдық жерлерде – сол сияқты кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтініш жасайды.»;
      2) 4-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Уәкілетті орган, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді.»;
      3) 7-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу орталық атқарушы орган белгілейтін тәртіппен осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ақпараттық жүйелер мен деректер базасын пайдалану, ақпараттық жүйелер мен қол ережелерін қамтамасыз ету үшін атаулы әлеуметтік көмек талаптарын қамтамасыз ету орталық атқарушы органмен бекітіледі.».
      17. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):
      1) 3-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлғаларды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;»;
      2) 18-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу.».
      18. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат):
      3-бапта:
      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерінен басқасы.
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы субсидиарлық жауаптылықта болады.
      19.«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-II, 94-құжат; № 19- II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; № 23, 143 құжат):
      13-1-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құжаттар «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорация арқылы берілген кезде құжаттар электрондық нысанда ұсынылады.».
      20. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1-баптың 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорацияның уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;».
      21. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат):
      1) 1-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
      2) 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Мемлекеттік корпорация; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;»;
      3) мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
      «24) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;»;
      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар
      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.»;
      3) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде Мемлекеттік корпорация арқылы жазбаша нысанда өтініш берушіге хабарлауға;»;
      4) 10-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. Мемлекеттік корпорацияның құқықтары мен міндеттері»;
      1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттік корпорацияның:»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қорға Мемлекеттік корпорацияның шотына ақша аудару туралы сұрау салуға;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік корпорация:
      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебiн жүзеге асыруға мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстыруды жүргiзеді;»;
      2-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) артық төленген сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) артық төленген әлеуметтiк аударым сомаларын осы қаражат Қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;»;
      5) 10-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
      1. Мемлекеттік корпорация қызметтің мынадай түрлерін:
      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды;
      2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында ақпараттық жүйелерді жүргізу және жандандыру;
      3) Қордан әлеуметтік төлемдерге арналған қажеттілікті есептеу бойынша болжам деректерді қалыптастыру;
      4) ай сайынғы қажеттіліктерді, әлеуметтік төлемдер кестелерін қалыптастыру және Қорға әлеуметтік төлемдерге арналған қажеттілік құралдары туралы өтінім жолдауды;
      5) міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры саласындағы ақпараттық жүйелерден уәкілетті органға және Қорға ақпарат ұсыну;
      6) құжаттар қабылдау, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыру, Қордан әлеуметтік төлемдерді тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау және қайта есептеу мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасауды;
      7) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсынуды;
      8) төлеушiлерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, әлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;
      9) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;
      10) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.
      3. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      6) 11-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Қордың және Мемлекеттік корпорацияның қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қордың және Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алуға құқылы;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4), 12-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) Мемлекеттік корпорация қызметіне өз құзыреті шегінде тексеруді жүзеге асырады;
      12-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу талаптарын әзірлейді және бекітеді;
      12-3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен деректер қорына қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      12-4) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алу және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      12-5) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты Мемлекеттік корпорацияға ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді»;
      7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      «11-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның
                 құзыреті
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
      1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында ақпараттық жүйелерді жүргізеді және жандандырады;
      2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ақпараттық жүйелерден ақпараттар ұсынады;
      3) Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      4) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      8) 12-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда (егер адам жұмыссыз ретінде тіркелсе), жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияларға әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;»;
      1-1) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) төлеушiден, Мемлекеттік корпорациядан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;»;
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Мемлекеттік корпорацияға хабардар етуге міндетті.»;
      9) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Мемлекеттік корпорациядан сұратуға және тегiн алуға;»;
      10) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейдi.»;
      11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және
               (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе)
               толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару
      Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары төлеушінің банктік шотына банктік үш күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударылуға жатады.»;
      12) 20-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органға береді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде оларды қарайды және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ол өтініш берушіні бас тарту себептері туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушіге қайтарады.»;
      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кейiнгi өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш қайталап берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде төлем тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және төлем тағайындаудан бас тарту себептерi мен шағымдану тәртiбiн көрсете отырып, ол туралы Мемлекеттік корпорация арқылы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарлайды.»;
      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік төлемдер тағайындау мерзімі өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорациясында тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақтылы алынбаған не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомасы өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей төленедi және уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 2 еселенген ресми мөлшерлемесінен аспайтындай мөлшерде индекстелуге жатады.»;
      13) 21-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте, әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік корпорацияға үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алушыға төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен бастап;»;
      14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер
      Әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін Мемлекеттік корпорация арқылы алушының банктік шоттарына аудару жолымен жүргізіледі. Төлемнің кешіктірілгені үшін осы Заңның 20-бабының 8-тармағына сәйкес өсімақы есептеледі.»;
      15) 29-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қаржы қозғалысы туралы Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;»;
      16) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «33-бап. Дауларды шешу
      Қордың, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғалардың арасында осы Заңды орындау жөнiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.».
      22. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14,. 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 1-баптың 10), 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
      11) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.»;
      2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
      «3-1-бап. Уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті
      Орталық атқарушы орган:
      1) балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын және балаларға арналған жәрдемақыны алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      2) өзінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорацияның қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдерін айқындайды;
      3) өз құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорация қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алуға құқылы;»;
      5) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қамтамасыз ету үшін талаптарды әзірлейді және бекітеді;
      6) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен деректер базасына қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 3-2, 3-3-баптар толықтырылсын:
      «3-2-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның
                құзыреті
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
      1) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді жүргізу және жандандыру;
      2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға ақпарттандыру жүйелерінен ақпарат ұсыну;
      3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3-3-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
      Мемлекеттік корпорация:
      1) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі тиісті уәкілетті мемлекеттік органға беру үшін құжаттарды қабылдайды және олардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады;
      2) құжаттарды қабылдау, жәрдемақыларды тағайындау, тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау және қайта есептеуге арналған істер макеттерін қалыптастыру үшін мемлекеттік органмен өзара іс-қимыл жасайды;
      3) балалы отбасыларға жәрдеамақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз етеді;
      4) бала туғанда, бала күтімі бойынша және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алуға мұқтаж есептеу бойынша болжам деректерді қалыптастырады;
      5) ай сайынғы қажеттілікті, жәрдемақы төлеу кестелерін қалыптастыру және бала туғанда, бала күтімі бойынша және мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы төлеу үшін қажетті қаражат туралы өтінімді уәкілетті мемлекеттік органға жібереді;
      6) балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерден уәкілетті мемлекеттік органға ақпарат ұсыну.»;
      5) 5-бапта:
      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Мемлекеттік корпорацияға – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы;
      2) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі Мемлекеттік корпорацияға – балаларға арналған жәрдемақы алуға құқығы бар отбасының тұрғылықты жерi бойынша беріледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға сұрау салуды жүзеге асырғандар өтініш берушіні ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде ақпараттық жүйелердегі өтініш беруші туралы мәліметтерді сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
      Ақпараттық жүйелер белгіленген тәртіппен өтініш беруші туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екендігін растаған кезде бала туғанда берілетін жәрдемақының, бала күтіміне байланысты жәрдемақының, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының, балаларға арналған жәрдемақының тағайындалған күні болып өтініш берушінің тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкiлеттi органға өтініш жасаған күні есептеледі.»;
      7) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тиісті уәкілетті орган өтінішті қажетті құжаттарымен, оның ішінде электрондық құжаттарымен қоса, олардың Мемлекеттік корпорацияда немесе балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген күнінен бастап, ал осы Заңның 5-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайда – мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің өтініш беруші туралы мәліметтерді растаған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
      Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау өтініш беруші ұсынған құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алған электрондық құжаттар мен мәліметтер және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      Тиісті уәкілетті орган өтініш берушіні бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындау немесе бас тарту (себептерін көрсетіп) туралы қабылданған шешім жөнінде жазбаша не халыққа қызмет көрсету орталығы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық құжат жіберу жолымен, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш жасаған кезде бір жұмыс күні ішінде электрондық нысанда хабардар етеді.».
      23. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18- құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57,58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81- құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат, 08.06.2015 ж., № 317 Заң):
      27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға немесе «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы:».
      24. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118- құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 6-бапта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға аудит жүргізу тәртібі бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;»;
      2) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1) тұрақты негізде олардың ақпараттық жүйелеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарын жандандыруды жүргізу, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған эталонды ақпарат көзі ретінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану.».
      25. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43- құжат; № 6, 50- құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64- құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3- құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «30-1) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
      2) 18-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың
               құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру қызметін жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      3) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бастапқы және кейінгі объектілерге бұрын туындаған құқықтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру кезінде тіркеуші орган құқық иесінен жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа техникалық паспортты табыс етуді талап етуге құқылы емес. Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық тексеруді Мемлекеттік корпорация өтеусіз жүзеге асырады.».
      26. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      32-баптың 6-тармағының мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметтеріне қолданылмайды.».
      27. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат):
      1) 10-бапта:
      3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу стандарттарын сақтау бойынша бақылау жүзеге асырылған;».
      2) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
      «27) мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізуді бақылау»
      3) Заңның 1-қосымшасындағы 1-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «27-1) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге;».
      28. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж. № 8, 42-құжат; 15.06.2015 ж., № 322 21.07.2015 ж. № 337):
      1) 134-бапта:
      2-тармақтың 22), 26) тармақшалары алып тасталсын;
      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту, мәдениет және спорт;».
      29. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-І 19-II, 96-құжат, № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
      1) 8-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      Арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы осы баптың 4-тармағына сәйкес орналастырылуы және жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етіледі.»;
      2) 18-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;».
      30. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж. № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):
      1) 1-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Үкімет - азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингілеуге арналған ақпараттық жүйе;»;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
      2) 4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
      3) 5-баптың 2-тармағының 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорациясына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
      «5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;»;
      4) 9-бапта:
      2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорация қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      3) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      5) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      6) Мемлекеттік корпорацияның қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; »;
      11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
      12) электрондық нысанда және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды;
      12-2) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның құрамын және ережесін бекітеді.»;
      5) 10-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;»;
      6) 11-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады; »;
      7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
      «11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру
      1. Мемлекеттік корпорация жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру және зейнетақымен камсыздандыратын мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызмет атқаратын бірыңғай провайдері.
      Өзге тұлғаларға бірыңғай провайдердің қызметін атқаруға тиым салынады.
      2. Мемлекеттік корпорация коммерциялық емес мекеме, акционерлік қоғам нысанында құрылады.
      3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
      4. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және қызметтер көрсетуді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
      5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      7) «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді беруді жүзеге асырады;
      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      8) 14-баптың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.»;
      9) 17-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттауды көздейді.»;
      10) 18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Мемлекеттік корпорация арқылы;»;
      12) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы
               арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету
      1. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      3. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүзеге асырады.
      4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.
      5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың түпнұсқасынан жасалған құжаттың электрондық көшірмесін куәландырады.
      6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.»;
      12) 21-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.»;
      5-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      «5. Электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік органдар тұрақты түрде олардың ақпараттық жүйелерінде орналасқан электрондық ақпараттық ресурстарын өзекті жағдайда ұстауға міндетті.»;
      13) 23-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, көрсетілетін қызметті берушілер және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде оларға қажетті түсініктемелермен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты дереу ұсынуға міндетті.»;
      14) 25-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша қабылдаған шешіміне оның қанағаттанбауы себептерін кешенді түрде зерделеуді қамтамасыз етуге;»;
      15) 29-бапта:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жүргізу кезінде жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын қажетті ақпаратты орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінен, Мемлекеттік корпорациядан осы ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған жағдайда, сұратуға құқылы.»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпаратты;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, Мемлекеттік корпорация, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолданады.».
      31. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, № 7, 35-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Субъект дербес деректердi жинауға, өңдеуге «электрондық үкімет» веб-порталында пайдаланушы кабинеті арқылы, сондай-ақ субъектінің «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік номері арқылы бір реттік парольді жіберу жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келісім беруге құқылы.»;
      2) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі дербес деректерді үшінші тұлғалар «электронды үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен жіберілген хабарламамен субъекті келіскен жағдайда «электронды үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік номері арқылы бір реттік парольді жіберу жолымен алуы мүмкін.».
      32. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122; № 22-құжат, 131-құжат; 2015 г., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) «Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
      мынадай мазмұндағы 42-тармақшамен толықтырылсын:
      «42) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;»;
      2) 4-бапта:
      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.»;
      3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Орталық атқарушы органның құзыретi
      Орталық атқарушы орган:
      1) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;
      2) Мемлекеттік корпорациядан төленетiн жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерiн жыл сайын арттыру тәртiбiн әзiрлейдi;
      3) Мемлекеттік корпорациядан төленетiн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлейдi;
      4) толық маусым iшiндегi жұмысы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлейдi;
      5) салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн әзiрлейдi және бекітеді;
      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмдерiн әзiрлейдi;
      7) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлейдi;
      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Мемлекеттік корпорацияға салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн әзiрлейдi;
      10) міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
      11) баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      12) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;
      13) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді;
      14) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      15) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасы бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
      16) өз құзыреті шегінде мемлекеттік корпорацияның қызметіне тексеруді жүзеге асырады;
      17) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу, тәртібін әзірлейді және бекітеді;
      18) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен деректер базасына қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      19) өз құзыреті шегінде БЖЗҚ өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      20) Мемлекеттік корпорацияға міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы статистикалық және басқа да есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
      «7-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның
                құзыреті
      Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
      1) тиiстi қаржы жылына арналған инфляция деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төленген сомаларына мониторингті жүзеге асырады;
      2) орталық атқарушы органның ақпараттық жүйелерді енгізу және жандандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      3) Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын монополияға қарсы органмен және орталық органмен келісім бойынша белгілейді;
      4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
      4) 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-тарау Жасына байланысты зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыру тәртібі»;
      5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн алу құқығы
      Азаматтарға осы Заңда белгіленген жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік берілген.
      Зейнеткерлік жасқа толған зейнеткерлерге өздеріне еңбек сiңiрген жылдары үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн қайта тағайындату құқығы берiледi.
      6) 10-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-бап. «Үкімет – азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясынан
               төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар
               азаматтар санаттары»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Зейнетақы төлемдерi азаматтардың мынадай санаттарына:»;
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы, оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
      3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болып табылатын, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 36,6 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
      7) 11-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау»;
      1-тармақта:
      бірінші абзацтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:»;
      бірінші абзацтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте жасына байланысты зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау:»;
      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1-3-тармақтарында аталған азаматтар санаттарына олардың жасы бойынша зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай және осы Заңның 64-бабының 2-тармағында аталған адамдарға қызметтен босатылған кезден бастап тағайындалады.»;
      8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн төлеу кезеңi
      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған айына қоса жүзеге асырылады.»;
      9) 13-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн
               еңбек өтілін есептеу »;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:»;
      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу кезiнде мыналар да есепке алынады:»;
      10) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Мемлекеттік корпорациядан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.»;
      11) 14-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-1-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау
                 тәртібі мен мерзімі
      1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
      Адамдар мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасауға құқылы.
      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган өтініш берілген күннен бастап жүргізеді.
      4. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.»;
      12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн
               есептеу
      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық табыстың 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi.
      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
      «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген кезеңде алынған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгiленедi.
      3. «Байқоңыр» кешенiнiң ресейлiк ұйымдарында жұмыс iстеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi жұмыс берушi беретiн табыс туралы анықтамамен расталатын табысқа сәйкес белгiленедi.
      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін өтініш жасалған күнге уәкілетті орган белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген табыс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.
      4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін талап етілетін еңбек өтілінен артық жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасы бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ ол зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспайды.
      5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, прокуратура, Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлеріне және зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдарға төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан асыруға болмайды.»;
      13) 16-бапта:
      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн
               табысты айқындау
      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн өзге де табыстар енгiзiледi.»
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 41 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс».
      14) 17, 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-бап. «Үкімет - азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясынан
               жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға
               өтiнiш беру тәртiбi
      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Мемлекеттік корпорацияға берiледi.
      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауды Мемлекеттік корпорациядан мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.
      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган зейнетақылар тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтарға тиісті құжаттарды ресімдеуде көмек көрсетуге міндетті.»;
      18-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау
              үшін құжаттарды қарау мерзімдері
      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау мерзімі өтініштің қоса берілген құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорациядан жасына байланысты зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.
      3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган бас тартудың себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге ұсынылған құжаттарын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтаруға міндетті.
      4. Жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін»;
      16) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттiк
               монополия
      Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының құзыреті:
      1. Мемлекеттік корпорация мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, бiржолғы және өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;
      3) салымшы зейнетақы төлемдерiне құқық алу кезінде нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындау;
      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алу;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      6) жеке сәйкестендiру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтару;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтару;
      8) агенттердiң Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) солардың өсімпұлдары бойынша төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыру және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсыну;
      9) жасына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемді тағайындауы үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макетін қалыптастыру;
      10) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын толтыру және өзекті ету және оларды дербестендiрiлген есепке алу;
      11) зейнетақы жарналарын және (немесе) солар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен өзара iс-қимыл жасау;
      12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қолжетімділігін ұйымдастыру;
      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлерi бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;
      14-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      14-2) баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;»;
      мынадай редакциядағы 14-3), 14-4) және 14-5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «14-3) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыру үшін қажеттілікті есептеу бойынша болжамдық деректерді қалыптастыру;
      14-4) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы қажеттіліктерін, кестелерін қалыптастыру және бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді орталық атқарушы органға жіберу;
      14-5) орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарына зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ақпараттық жүйелерден ақпараттар ұсыну;»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық атқарушы органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
      17) 21, 22-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық
               зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін жүзеге
               асыру тәртібі
      1. Жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемдері ағымдағы айға төленеді.
      2. Жұмыс істейтін зейнеткерлердің осы Заңның 15-бабының 5-тармағында және 64-бабында көзделген шектеулер мен жағдайлар ескеріле отырып, жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерін толық мөлшерде алуға құқығы бар.
      3. Жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша тағайындалуы және төленуі мүмкін.
      4. Жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
      22-бап. Өткен уақыт үшін «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік
              корпорациясынан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы
              төлемін және зейнетақы төлемдерін алу
      1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасау алдындағы үш жылдан аспайтын уақыт үшін төленеді.
      2. Жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінен уақытында алынбаған, жасына байланысты төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін мерзімдері шектелмей төленеді.»;
      19) 24-бапта:
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 65-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерi тағайындалған.»;
      6-тармақ:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Ұстап қалынған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:»;
      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей аударады.»;
      20) 28-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Нақты төлем жасалған және жұмыскер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға мiндеттi.»;
      21) 30-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың өзінің таңдауы бойынша зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiнде және (немесе) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетiнiң шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебiнен сақтандыру төлемдерi түрiнде aлуға құқығы бap.»;
      3-тармақ алып тасталсын;
      22) 34-баптың 9-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға;»;
      23) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініші негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға электронды хабарлама жібереді.
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Мемлекеттік корпорацияның міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізілгені туралы электронды хабарламасын алған күннен бастап салымшы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.»;
      24) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан қызметкердің жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алуға құқығы бар»;
      25) 50-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе олардан өндіріп алуға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.»;
      26) 57-бапта:
      1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының құпиялылығына кепiлдiк бередi.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген өзге де адамдар зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшiн осы баптың 3 – 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
      4-тармақта:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Мемлекеттік корпорацияға – салымшылардың (алушылардың) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты алу кезіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшiн, сондай-ақ салымшының (алушының) өтініші негізінде не оның өкілінің нотариат куәландырған сенімхаты бойынша немесе соттың шешімі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін;»;
      12) тармақша алып тасталсын.
      27) 64-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу
               құқығы»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қызметтен шығарылған және 1998 жылғы 1 қаңтарға он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген, біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде жасына байланысты төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.»;
      28) 65-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы
               төлемдерінің мөлшерлері»;
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері:»;
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Еңбек сіңірген жылдары үшін толық көлемде зейнетақы төлемдері осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 50 пайызы есебімен белгіленеді.
      3. Еңбек сіңірген жылдары үшін толық емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек өтілінің әрбір жылы үшін осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебімен белгіленеді.»;
      29) 68-баптың 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныптары белгіленген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы органдарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақыны төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.
      5. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе зейнетақы төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.»;
      30) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Заңның 11-бабында белгiленген жағдайлар болған кезде мүгедектiгi бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерiмен ауыстырылуы мүмкiн.»;
      31) 73-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, жинақтаушы зейнетақы қорының, бұрынғы кастодиан-банктің, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, Мемлекеттік корпорацияның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiлерiмен ресiмделедi.».
      33. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; 15.06.2015 ж., № 322):
      1-бап мынадай мазмұндағы 29-1-тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
      2) 20-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;»;
      3) 21-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге;»;
      4) 25-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін тиісті рұқсат беру органына немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табысталады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.»;
      5) 26-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бес жұмыс күні өткеннен кейін бермеген жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша алынды деп есептеледі. Бұл жағдайда рұқсат алынғанға дейін рұқсат беру органы немесе Мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдау кезінде берген рұқсат алуға арналған тиісті өтініштің қабылданғанын растайтын құжат осы Заңда рұқсат беру тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру заңдылығын растау болып табылады.»;
      6) 34-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін тиісті лицензиарға немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды.»;
      7) 48-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметке берілетін рұқсаттарды қоспағанда, Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның орналасқан жеріне қарамастан оған өтініш жасауға құқылы;
      3. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы рұқсат беру рәсімінен өту үшін өтініш жасаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері электрондық өтінішті немесе өзге де осыған ұқсас құжатты өзінің қызмет бабында пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Мұндай куәландыру өтініш берушінің жазбаша келісімі негізінде жүзеге асырылады.».
      34. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2015 ж., № 6, 27-құжат):
      1) 3-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттармен Мемлекеттік корпорацияға беріледі.».
      35. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 тамыздағы Заңы, «Егемен Қазақстан» 05.08.2015 ж., № 147 (28625); «Казахстанская правда» от 05.08.2015 г., № 147 (28023) газеттерінде жарияланған):
      1-бапта:
      1) 10-тармақта:
      7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Мүгедек «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес жасына байланысты алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.
      2) 19-тармақта:
      2) тармақшада:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2017 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған;»;
      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуға қарамастан беріледі.»;
      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.»;
      5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік корпорация арасындағы жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
      7) тармақшада:
      екінші және үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерiн
               тағайындау:»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау:»;
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:»;
      он тоғызыншы, жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
      4. Жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда, азаматтардың мына санаттарына:»;
      жиырма төртінші және жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жасына байланысты төленетін толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 – 3-тармақтарында көрсетілген азаматтар санаттарына олардың жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
      7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына
               байланысты төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру
               кезеңi
      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.»;
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы Мемлекеттік
               корпорация құзыреті
      1. Мемлекеттік корпорация мынадай қызмет түрлерiн:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерiн, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бiржолғы және төленетін өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
      2) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
      3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды;
      4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      6) жеке сәйкестендіру нөмiрi және (немесе) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ және (немесе) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтаруды;
      7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Орталыққа оның өтініші бойынша қайтаруды;
      8) агенттердiң Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;
      9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның төлемдерді тағайындау үшін жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыруды;
      10) автоматтандырылған орталықтандырылған деректер қорын толықтыру және өзектендіру және зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бір жолғы және өзге де төлемдерді алушыларды дербестендірілген есепке алуды;
      11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
      12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы органның және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды;
      14) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік корпорацияның қызмет түрлерi бойынша көрсетілетін ақпараттық қызметтер ұсынуды;
      15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      16) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      17) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
      18) зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыруға қажеттілікті есептеу бойынша болжамдық деректерді қалыптастыруды;
      19) ай сайынғы қажеттілікті, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді жүзеге асыру кестесін қалыптастыруды және орталық атқарушы органға бюджет қаражатына қажеттілігі туралы өтініш жіберуді;
      20) орталық атқарушы орган мен оның ведомстволарына зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ақпарттық жүйелерден ақпарат беруді;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.»;
      13) тармақшада:
      жиырма бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға:»;
      13) тармақшаның жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей»;
      15) тармақшаның он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы төлейді.»;
      17) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын
      «1. Нақты төлем жасалған және жұмыскер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе олар үшін мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына агенттер аударуға тиіс.»;
      он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын агенттердiң банк шоттарынан осы сомаларды есептен шығаратын күнi Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға мiндеттi.»;
      23) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) Мемлекеттік корпорация мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалған шарттың негізінде жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы Мемлекеттік корпорациямен ақпарат алмасуды жүзеге асыруға.»;
      26-тармақшада:
      жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазсылсын:
      «6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында аттарына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар тізіміне қосу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке тұлғаның атына шартты зейнетақы шотын ашу туралы электрондық хабарлама жібереді.»;
      отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеке зейнетақы шотының, шартты зейнетақы шотының болуы туралы растауды алуға құқығы бар.».
      27) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      12) 50-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның, Мемлекеттік корпорацияның, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша тыйым салуға немесе оларға өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде тізбеленген субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.»;
      32) тармақшада:
      төртінші, бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация шартты зейнетақы шоттарының құпиясына кепiлдiк бередi.
      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруына орай шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділікке ие болған өзге де тұлғалар оларды жария етуге құқылы емес.»;
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Мемлекеттік корпорацияға – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру үшін;»;
      33) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.»;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сақтандыру ұйымдары жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға ай сайын ұсынады.»;
      33) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Егер осы Заңның 11-бабы 1-тармағында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.»;
      39) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, қызметтен босатылған күнге еңбек сіңірген жылдары үшін өздеріне зейнетақы төлемдерінің тағайындауына құқығы болмаған адамдарға мемлекеттік корпорациядан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес тағайындалады.»;
      2-бапта:
      1) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан беріледі.»;
      2) тармақшаның жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтару;
      8) агенттердiң Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсыну;»;
      2) тармақшаның отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:»;
      2) тармақшаның қырық екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растаманы алуға құқығы бар.».
     2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады