Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1555 және "Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 3 маусымдағы № 372 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 697 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналарды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1555 қаулысы;

      2) "Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 372 қаулысы.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады