Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 6 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 6; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылын:

      "Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы" 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) бүкіл мәтін бойынша "процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Нормативтік қаулының ережелері бұрын шығарылған айыптау үкімінің күші жойылған және ақтау үкімі шығарылған не қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда жеке айыптау істеріне де қолданылады.";

      4) 2-тармақта:

      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөздерге ауыстырылсын;

      бесінші абзацта:

      "процессуалдық әрекеттердi оған қатысатын адамдардың өмiрiне және денсаулығына қауiп тудыратын жағдайларда өткізу," деген сөздер "процестік әрекеттердi оған қатысатын адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндіретін жағдайларда жүргізу, жасырын тергеу әрекеттерін заңсыз жүргізу," деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 4-тармақта:

      бірінші абзацта:

      "ақтау үкiмi" деген сөздер ", сол сияқты ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі тоқтату" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамды ішінара оңалту оны айыптаудың жекелеген эпизодтары бойынша кінәсіз деп тануға не ҚПК-нің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуына, оның әрекеттерін қылмыстық заңның онша ауыр емес қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін бабына қайта саралауға, заңсыз қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының немесе тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға негізделеді.";

      6) 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде анықтау, алдын ала тергеу органының, прокурордың бұл талапты орындамауына ҚПК-нің 105, 106-баптарының тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.";

      екінші абзац үшінші абзац болып саналсын;

      7) мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Өндіріп алынуға тиіс өзге де қаражат пен кірістерге ақталған адам алуға тиіс болған сыйлықақылар, бонустар және басқа да төлемдер жатады.

      9-2. Ақталған адамның арызы бойынша адам айрылған жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, өзге де қаражат және кірістер сомалары бойынша тұрақсыздық айыбы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сот шешімі шығарылған күнгі базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып өндіріп алынуға тиіс.

      Өзге де жіберіп алынған пайданы өндіріп алу туралы талаптар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.";

      8) мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Соттар заң көмегін көрсеткені үшін төленген сомаларды өтеу туралы талаптарды қараған кезде ҚПК-нің 68-бабының қорғалуға құқығы бар күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы екендігі туралы ережелерін ескеруі қажет.

      Ақталған адамға ақталғанға дейін ғана емес, оның құқықтарының қалпына келуіне байланысты адвокатқа жұмсаған шығыстары өтеледі.";

      9) 15-тармақтың екінші абзацындағы "қаулыға шағымданудың наразылық келтiрудiң" деген сөздер "шағымданудың, прокурордың өтінішхат келтіруінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Ақталған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы талабын қарауға судья оның қатысуымен қабылданған айыптау үкімінің күші жойылғаннан және адамды ақтағаннан кейін қатыса алмайды.";

      11) 16-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын;

      "Қажет болған жағдайларда қаулыда баспасөзде жариялануға немесе бір ай ішінде радио, телевизия және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуға тиіс хабарламаның мәтіні жазылуы мүмкін.";

      12) 17-тармақтағы "наразылық келтірілуі" деген сөздер "прокурордың өтінішхат келтіруі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. "Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 8; 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылын:

      "Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидатын сақтау туралы" 2002 жылғы 6 желтоқсан № 25 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттар барлық сот сатыларында істерді ашық сот талқылауы туралы қылмыстық-процестік заңның талаптарын қатаң сақтауға және сот ісін жүргізудің жариялылығы қағидатын бұзу, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот залында немесе сот отырысы трансляцияланатын жеке залда болудан негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеуге міндетті. Адамдардың сот залына қатысу құқығын іске асыру сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуге тиіс.";

      3) 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жариялылық қағидатын сақтау соттардың қызметіне араласумен сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1-тармағына сәйкес судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болып табылмайды және Конституцияға мен заңға ғана бағынады.";

      4) мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Судья ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарын сақтауға қоюды жабық сот отырысында жүргізеді.";

      5) 8-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәлімделген өтінішхат бойынша шешімді сот жеке процестік құжат түрінде қаулы шығара отырып, кеңесу бөлмесінде қабылдайды.";

      6) 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Төрағалық етуші процеске қатысушылардың келісімімен бүкіл басты сот талқылауының барысында, сондай-ақ басты сот талқылауының белгілі бір бөлігінде не процеске кейбір қатысушыларға қатысты суретке түсіруге, аудио-,бейнежазбаны, киноға түсіруді қолдануға, сондай-ақ сот отырысын трансляциялауға рұқсат бере алады. Бұл әрекеттер сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.";

      7) 11-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бұл ереже сот отырысына онлайн форматта қатысатын адамдарға да қолданылады.";

      8) 12-тармақтағы "және 448-бабының екінші бөлігіне" деген сөздер алып тасталсын;

      3. "Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18; 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 1; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 10 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылын: "Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау практикасы туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы"

      2) 8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қарауға негіздер болған кезде сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, тиісті қаулы шығарады.";

      үшінші, төртінші, бесінші абзацтар тиісінше төртінші, бесінші, алтыншы абзацтар болып саналсын;

      3) 9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Басты сот талқылауы барысында шығарылған сотталушының бұлтартпау шарасы туралы қаулыға шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады. Бұл ретте ҚПК-нің 87-бабының талаптарына сәйкес шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қараған судья істі қарауға қатыса алмайды.";

      4) 15-тармақта:

      екінші абзацтағы "8), 9)," деген цифрлар алып тасталсын;

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы абзацтар тиісінше алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтар болып саналсын;

      4. "Соттардың кейбір экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 22; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 10-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде оларға қарау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларды, киіктерді заңсыз аулау (аулау немесе ату) жағдайында жасалған әрекеттер ҚК-нің 339-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс.";

      5. "Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау туралы" 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 28-тармақтың бірінші абзацындағы "107" деген цифрлардан кейін ", 108-1, 109-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 29-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚК-нің 105-бабы бойынша саралау кезінде құқық бұзушылық жасау тәсілін – қорқыту, адами қадір-қасиетін үнемі қорлау, оған қатыгездікпен қарау фактілерін белгілеу қажет. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болуы үшін келтірілген тәсілдердің ең болмағанда біреуін белгілеу жеткілікті. Кінәлі адамның әрекеттері мен өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу түріндегі салдарлар арасындағы себепті байланыстың болуы да осы бап бойынша жауаптылықтың міндетті шарты болып табылады. Бұл ретте, егер жәбірленуші кінәлі адамға материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған болса, іс-әрекет ҚК-нің 105-бабының екінші бөлігі бойынша саралануға жатады. Егер жоғарыда көрсетілген әрекеттердің кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалғаны анықталса, әрекет ҚК-нің 105-бабының үшінші бөлігі бойынша саралануға жатады.";

      4) мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2 және 29-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "29-1. Жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуға дейін жеткізген қатерлер әртүрлі болуы мүмкін, мысалы: өмірін қию немесе денсаулығына зиян келтіру; жәбірленушінің жеке өмірі туралы мәліметті жариялау; баланы заңсыз алып қою және (немесе) жұмыстан шығару; күнкөрістен айыру және т. б.

      Қатыгез қарым-қатынасқа тамақтан айыру; бас бостандығынан айыру немесе балалармен және жәбірленуші үшін өзге де жақын адамдармен байланысын шектеу арқылы сыртқы әлемнен оқшаулау; сексуалдық зорлық-зомбылық; ауыр дене жұмысын орындауға мәжбүрлеу; медициналық көмектен айыру; психиатриялық ауруханаға заңсыз орналастыру және т.б. жатқызылуы мүмкін.

      Адами қадір-қасиетін үнемі қорлау деп жәбірленушіні қорлаудың бірнеше рет қайталанатын актілері, оның атына ұятсыз сөздер айту, келемеждеу, жала жабу және т. б. танылуы керек. Әрекеттер, егер санамаланған қылмыстық әрекеттер үш және одан да көп жасалса жүйелі болып танылады.

      29-2. Өзiн-өзi өлтіруге көндіру немесе ондайға ықпал ету деп жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлаумен ұштаспайтын әрекеттер танылады, сонымен қатар, әдетте, кеңес беруде, азғыруда немесе басқа да осындай әрекеттерде көрінеді. Бұл іс-әрекет ҚК-нің 105-бабының тиісті бөлігі бойынша ҚК-нің 28-бабына сілтеме жасамастан сараланады.

      29-3. ҚК-нің 105-бабында көзделген іс-әрекетке қарағанда өзін-өзі өлтіруді насихаттау (ҚК-нің 313-1-бабы) адамдардың белгісіз тобында өзін-өзі өлтірудің қажеттілігі, пайдасы, артықшылығы туралы дәйектерді, ақпаратты, көрінеу жалған мәліметтерді, фактілерді тарату арқылы өзін-өзі өлтіруге баруды қалыптастыруға бағытталған.";

      5) мынадай мазмұндағы 31-1, 31-2 және 31-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "31-1. Ұрып-соғу – бұл жәбірленушіні тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға алып келмеген соққыларды қасақана жасау.

      Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға алып келген ұрып-соғу ҚК-нің 108-1-бабы бойынша, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылыққа алып келеді.

      Ұрып-соғудан басқа, тән ауруына ұшыратқан қасақана әрекеттерді (соққы жасау, шымшу, байлау, қолды бұрау және т. б.) өзге де күш көрсету әрекеттері деп түсіну керек.

      31-2. Жәбірленушіге тән зардабын және психикалық зардап шектіру және жәбірленушіні азаптау мақсатында аса қатыгездікпен, қорлаумен жасалған қасақана күш көрсету әрекеттері ҚК-нің 110-бабында көзделген қылмыстың міндетті белгілері болып табылады.

      Азаптау - сол бір жәбірленушіні ұрып-соғу, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіру, оның ішінде қамшымен, шыбықпен ұрып-соғу және т.б., сонымен қатар шаншу, тістеп алу, шашты жұлу, ит қосу, тамақтан, судан, жылудан айыру түріндегі және т.б. өзге де күш көрсету әрекеттері сияқты жалғасатын және (немесе) қайталанатын әрекеттер болуы мүмкін.

      Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру ҚК-нің 108-1 немесе 109-1-бабы бойынша азаптау құрамымен және қосымша саралаумен қамтылады.

      31-3. ҚК-нің 99 (үшінші бөлігі), 105, 106, 107, 108-1, 109-1, 110-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде соттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 72-VIII Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетінін ескеруі тиіс.

      Осыған байланысты ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес іс-әрекет жасаған адамның жағдайын нашарлататын жаңа қылмыстық заң 2024 жылғы 16 маусымнан кейін жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға ғана қолданылатынын негізге алу қажет.";

      6. "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылын:

      "Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуға байланысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы" істер бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 6-тармақтың бірінші абзацындағы "346" деген цифрлар "345-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      7. "Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) және шешімдеріне шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы)" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабы)" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағымды жеке-дара не тиісті адамдар мен прокурордың қатысуымен қарау және материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша судья ҚПК-нің 106-бабының сегізінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды, ол туралы уәжді қаулы шығарады.";

      3) 23-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру барысында тергеушінің немесе анықтаушының істі тоқтату туралы қаулыларының және басқаларының күші жойылған прокурордың қаулысы, сондай-ақ істің барлық мән-жайларының толық анықталмауына байланысты не заңның өзге де талаптарын сақтамауына орай прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының жазбаша нұсқаулары заңсыз деп таныла алмайды, өйткені олар алдын ала тергеудің және анықтаудың заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.";

      8. "Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3; 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді):

      1) тақырып және тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адам саудасы үшін жауаптылықты белгілейтін заңнаманы қолдану практикасы туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "жезөкшелікпен айналысуға", "Жезөкшелікпен айналысуға", "Жезөкшелікпен айналысу", "жезөкшелікке жәрдемдесу" деген сөздер тиісінше "жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге", "Жезөкшелікпен айналысуға, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетуге", "Жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету", "жезөкшелікке жәрдемдесу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Адамды саудаға салуға байланысты", "Адамды саудаға салғаны үшін", "Адамды саудаға салумен байланысты", "Адамды саудаға салған кезде", "Адамды саудаға салу", "адамды саудаға салғаны үшін", "адамды саудаға салу" деген сөздер тиісінше "Адам саудасына байланысты", "Адам саудасы үшін", "Адам саудасымен байланысты", "Адам саудасы кезінде", "Адам саудасы", "адам саудасы үшін", "адам саудасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 134, 308 және 309-баптарында көзделген сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету жөніндегі әрекеттерді айқындау кезінде ҚК-нің 122-бабына ескертпені басшылыққа алу қажет. Мүліктік сипаттағы кіріс немесе пайда алу мақсатының болуы сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсетудің міндетті белгісі болып табылады. Аталған әрекеттерді телекоммуникация желісі, оның ішінде Интернет арқылы нақты уақыт режимінде (мысалы, тікелей эфирде) қашықтан жасауға болады.";

      4) 9-тармақтағы "ҚК-нің 3-бабының 1-тармағын" деген сөздерден кейін "және оған ескертпелерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 9-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасауға тарту үшін, сол сияқты жеңгетайлық мақсатта насихаттау және (немесе) жарнамалау ҚК-нің 134, 308 және 309-баптарында көзделген қылмыстар жасау тәсілдерінің бірі болып табылады. Жезөкшелікті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді насихаттау және (немесе) жарнамалау ұғымын айқындау кезінде ҚК-нің 134-бабына ескертпені басшылыққа алған жөн.";

      6) мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Адам саудасына байланысты қылмыстар туралы істерді қарау кезінде соттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 5 шілдедегі № 111-VIII Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң (2024 жылғы 6 шілдедегі "Казахстанская правда" газеті), яғни 2024 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетінін ескеруі тиіс.

      Осыған байланысты ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес іс-әрекет жасаған адамның жағдайын нашарлататын жаңа қылмыстық заң 2024 жылғы 5 қыркүйектен кейін қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылатынын негізге алу қажет.";

      9. "Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 20-тармақтың бірінші абзацындағы "иемдену мақсатында" деген сөздерден кейін "пара беруден бас тартқан жағдайда ықтимал қолайсыз салдарлармен азғыру, бопсалау немесе қорқыту арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      10. "Әкімшілік қадағалау жөніндегі заңнаманы қолданудың сот практикасы туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2019 жылғы 31 мамырдағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 9-тармақта бірінші абзацтағы "бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге" деген сөздер "ҚК-нің 79-бабына сәйкес соттылық мерзімі өтелгенге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11. "Бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6; 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 7-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұлтартпау шарасын таңдау және санкциялау кезінде электрондық бақылау құралдарының болуы ескеріле отырып, онша қатаң емес бұлтартпау шарасын қолдану мүмкіндігін қарау қажет.";

      3) 10-тармақтың бірінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот күдіктің негізділігін тексеру кезінде дәлелдерді және қорғау тарапы ұсынған материалдарды ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы ұсынған дәлелдемелердің дұрыстығын және адамға қатысты күдік келтіру үшін олардың жеткілікті екендігін анықтайды.";

      4) 18-тармақта:

      бірінші абзацтағы "күдікті немесе айыпталушы болуы тиіс тұрғынжайдың орналасқан жерін," деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Үйқамақта ұстау орны өзгерген жағдайда күдікті (айыпталушы) бұл туралы белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын органға хабарлауға міндетті.";

      5) 19-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үйқамаққа санкция беру туралы қаулыда ҚПК-нің 146-бабының екінші бөлігінде санамаланған шектеулердің жалпы тұжырымдары көрсетілмеуге тиіс. Әрбір жағдайда ҚПК-нің 146-бабының екінші бөлігінде көзделген шектеулер мен тыйымдарды үйқамақтағы адамдардың конституциялық құқықтарын сақтай отырып ақылға қонымды шектерде белгілеу қажет.";

      екінші абзацтағы "адамның" деген сөзден кейін "тергеу әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуына, " деген сөздермен толықтырылсын;

      12. "Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2020 жылғы 24 қаңтардағы № 3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ірі залал, ірі мөлшердегі немесе аса ірі мөлшердегі кіріс, едәуір мөлшердегі тауар ҚК-нің 3-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыстағы редакцияда айқындалады және сарапшының, маманның қорытындысымен және басқа да дәлелдемелермен расталуға тиіс.";

      3) 19-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Мұндай мақсат, мысалы:

      бағалы мүлікті (жылжымайтын мүлік, өнер туындылары, сән-салтанат заттары және т.б.) сатып алу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңды айналымға тартуда;

      осы мүлік сатып алынған ақша қаражатының заңды түрде шығарылғанын көрсету мақсатында жалған азаматтық-құқықтық шарттарды (қарыз, сыйға тарту және т.б.), бухгалтерлік құжаттарды (еңбек шарты бойынша төлемдерді, есеп беруге ақша қаражатын алу туралы және т.б.) пайдалана отырып, қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатына мүлік сатып алуда көрінуі мүмкін.";

      4) 21, 24, 25-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
А. Мерғалиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады