Кейбiр мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компанияларды қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 20 маусым N 758

      1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасына сәйкес және экономиканың бәсекелес саласындағы монополиясыздандыру және жекешелендiру процестерiн аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1-қосымшада санамаланған мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компаниялардың, бұрын оларға Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қаулыларымен берiлген акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқығы тоқтатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде 1-қосымшада санамаланған мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компаниялардың құқықтары мен мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын;
      1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компанияларды қайта ұйымдастыру мәселелерiнде мемлекет мүддесiн бiлдiрсiн;
      1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компаниялардың құрылымына кiретiн акционерлiк қоғамдардың, олардың құқықтық мұрагерлерге жүктелген мiндеттемелерi қайта ресiмделгеннен кейiн, акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн заңдарда белгiлеген

тәртiппен сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне берсiн.

     3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 20 маусымдағы
                                          N 758 қаулысына
                                             1-қосымша

        Өз құрылымына кiрген акционерлiк қоғамдар акцияларының
         мемлекеттiк пакеттерi мен кәсiпорындардың мемлекеттiк
            мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқықтары
         тоқтатылған мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк
                            компаниялардың
                               ТIЗБЕСI 
     1. "Қамқор-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     2. "Жиhаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы
     3. "Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     4. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     5. "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     6. "Иассауи" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
     7. "Казинтермед-оптика" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы


                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 20 маусымдағы
                                          N 758 қаулысына
                                             2-қосымша

          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
                        кейбiр шешiмдерiнiң
                             ТIЗБЕСI



      1. "Қамқор-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 наурыздағы N 233 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 11, 189-бап/;
      2. "Жиhаз және орман өнеркәсiбiнде мемлекет қатысатын "Жиhаз" холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 737 P930737_ қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 385-бап/;
      3. "Мемлекет қатысатын "Жиhаз" холдинг компаниясының президентi және бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйегiндегi N 827 қаулысы;
      4. "Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қыркүйектегi қаулысы N 830 P930830_ /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 402-бап/;
      5. "Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 қыркүйектегi N 897 қаулысы;
      6. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы N 1181 P931181_ қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 46, 551-бап/;
      7. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 33 қаулысы;
      8. "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 25 наурыздағы N 282 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 15, 143-бап/;
      9. "Әртүрлiимпорт" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 481 қаулысы;
      10. "Иассауи" мемлекеттiк акционерлiк туризм компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 12 мамырдағы N 503 P940503_ қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22, 222-бап/;
      11. "Иассауи" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 мамырдағы N 511 қаулысы;
      12. "Казинтермедоптика" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 маусымдағы N 652 P940652_ қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 26, 276-бап/;
      13. "Казинтермедоптика" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi мен бақылаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 тамыздағы N 897 қаулысы;
      14. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 наурыздағы N 282 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1149 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 343-бап/.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады