1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттiк органдар:
1) тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
2) тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсiн.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 159-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау
жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін
жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы
Заңын іске асыру мақсатына қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с |
Іс-шаралар |
Актінің нысаны |
Жауапты орындаушы |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Жарлық жобасы туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
2. |
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлық жобасы туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
3. |
«Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
4. |
«Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
5. |
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині, ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
6. |
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
7. |
«Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
8. |
«Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
9. |
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
10. |
«Yкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
11. |
«Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ, Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
12. |
«Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк инвестициялар есебiнен салынып жатқан жобаларды бекiту ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыз № 918 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚТҮКШІА |
2012 жылғы қаңтар |
13. |
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды әзірлеу, қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы * |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
14. |
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
15. |
Заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
16. |
Спорт саласында мамандандырылған Қарулы Күштер саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызметтің ақылы түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қорғанысмині, Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
17. |
«Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
18. |
«Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
19. |
«Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің Талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
20. |
«Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялық жобаның, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын Талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
21. |
«Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
22. |
«Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 102 және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 276 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ, ҚТҮКШІА, Қаржымині |
2012 жылғы қаңтар |
23. |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларын бекіту туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
24. |
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
ЭДСМ |
2012 жылғы қаңтар |
Ескертпе:
*- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық акт 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ҚТҮКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі