1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 11 сәуірдегі
№ 73-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012
жылғы 18 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы |
Акт нысаны |
Жауапты мемлекеттiк органдар |
Орындау мерзiмi |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
«Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің туы және нышаны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы № 240 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы |
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
2 |
Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган туралы үлгі ереженi бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 988 қаулысының күші жойылды деп тану туралы) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
3 |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қадағалаудың, бақылаудың және күзетудің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
4 |
Электрондық бақылау құралдарының түрлерін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ІІМ (жинақтау), ККМ |
2012 жылғы шілде |
5 |
Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы |
БП бұйрығы |
БП (келісім бойынша) (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ЭҚСЖҚА (келісім бойынша), ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
6 |
Сотталған адамды Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 186 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 172 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
7 |
Сотталған адамдардың жазасын одан әрі өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 145 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), ДСМ |
2012 жылғы сәуір |
8 |
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың бас-тауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм және кәсiптiк бiлiм, алуын мен оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БҒМ |
2012 жылғы сәуір |
9 |
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жіберетін және алатын хат-хабарға цензура жүргізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 191 қбпү бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
10 |
Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
11 |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті және тексеру өндірісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
12 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 110 бұйрығыныңкүші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
13 |
Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 244 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
14 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 245 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
15 |
Бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
16 |
Жазаны орындау мекемелеріне, тергеу изоляторларына келу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 194 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша) |
2012 жылғы сәуір |
17 |
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың орын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
18 |
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қадағалаудың, бақылаудың және күзетудің инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы |
ІІМ бұйрығы |
ІІМ |
2012 жылғы сәуір |
19 |
Ішкі істер органдарының түзеу және арнаулы мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың кейбір мәселелері туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 949 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 323 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы) |
Бірлескен бұйрығы |
ІІМ, ДСМ |
2012 жылғы сәуір |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЭҚСЖҚА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі