1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін 2016 жылғы 10 тамызға дейін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы 20 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 34-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
2. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2016 жылғы маусым | М.Ә. Құсайынов |
3. | "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу және төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 қазандағы № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | А.Ә. Әріпханов |
4. | "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
5. | "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1351 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
6. | Қоғамдық келісім және бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың мемлекеттік қорын құру туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | Ж.М. Қасымбек |
7. | Қаржы ұйымы бекітілуі туралы Қазақстан Ұлттық Банкін хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы мамыр | Ғ.О. Пірматов |
8. | Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекітуі туралы Қазақстан Ұлттық Банкін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы мамыр | Ғ.О. Пірматов |
9. | Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы | ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы мамыр | О.А. Смоляков |
10. | Электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін және оларды айқындау тәртібін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы мамыр | Б.М. Жақсалиев |
11. | Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптамалық ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы мамыр | Б.М. Жақсалиев |
12. | Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы маусым | Ж.М. Қасымбек |
13. | Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | А.П. Рау |
14. | "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Ж.Б. Ешмағамбетов |
15. | "Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Ж.Б. Ешмағамбетов |
16 | "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | А.П. Рау |
17 | "Кірме жолдармен жүру кауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі кызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 721 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | Ж.М. Қасымбек |
18. | "Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, технологиялық жабдықты іске косу-баптау, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 126 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2016 жылғы мамыр | Ә.М. Мағауов |
19. | "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | А.Ә. Әріпханов |
20 | "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және кайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы қараша | А.Ә. Әріпханов |
21. | "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі кызметке койылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
22. | "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі кызметке койылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
23. | "Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Е.Н. Нысанбаев |
24. | "Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Е.Н. Нысанбаев |
25. | "Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы қараша | А.П. Рау |
26. | "Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру үшін қажетті рұқсат талаптары мен құжаттар тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 98 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
27. | "Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Ж.Б. Ешмағамбетов |
28. | "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қараша | Е.А. Біртанов |
29. | "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | Ж.М. Қасымбек |
30. | "Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізудің кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | Ж.М. Қасымбек |
31. | "Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қараша | Е.А. Біртанов |
32. | "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-03/288 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Е. Н. Нысанбаев |
33. | "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
34 | "Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 350 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
35 | "Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы | ДСӘДМ | 2016 жылғы қараша | Е.А. Біртанов |
36. | "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Ж.Б. Ешмағамбетов |
37. | "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Ж.Б. Ешмағамбетов |
38. | "Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2016 жылғы мамыр | Т.М. Жақсылықов |
39. | "Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2016 жылғы мамыр | Е.З. Тұрғымбаев |
40. | "Сот сарапшысы оз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Э.Ә. Әзімова |
41. | "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Э.Ә. Әзімова |
42. | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Э.Ә. Әзімова |
43. | "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 90 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | А.П. Рау |
44 | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссияларының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Э.Ә. Әзімова |
45. | "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2016 жылғы мамыр | Э.Ә. Әзімова |
46. | "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | А.П. Рау |
47. | "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 847 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | А.П. Рау |
48. | "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2016 жылғы мамыр | Е.Н. Нысанбаев |
49. | "Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2016 жылғы мамыр | Ғ.А. Ахмедияров |
50. | "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | ИДМ | 2016 жылғы мамыр | А.П. Рау |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.