1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 25-ө өкімімен бекітілген |
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2018 жылғы наурыз | Р.Б. Бекетаев |
2. | "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы | ЕК келісім бойынша), Қаржымині | 2018 жылғы наурыз | Н.А. Нұржанов |
3. | Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржыми ні, ЕК (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз | Р.Б. Бекетаев |
4. | "Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2018 жылғы наурыз | Р.Б. Бекетаев |
5. | Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2018 жылғы наурыз | Р.Б. Бекетаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.