1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 87-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Құқықтық актілерді әзірлеу және Кеңсеге енгізу немесе оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеу мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 және "Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы" 2017 жылғы 20 шілдедегі № 442 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | тамыз | С. Жұманғарин |
2. | "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | бұйрық | ҚДМ | тамыз | А. Нүкенов |
3. | "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | бұйрық | ҚДМ | тамыз | А. Нүкенов |
4. | "Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | бұйрық | ҚДМ | тамыз | А. Нүкенов |
5. | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ҚДМ | тамыз | А. Нүкенов |
6. | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын бекіту туралы | бұйрық | ҚДМ | тамыз | А. Нүкенов |
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ҚДМ - Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі