"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 32-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 17 ақпандағы
№ 32-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 28.02.2022 № 38-ө өкімімен.

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орында луына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына резервті бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы ақпан

Б.Ш. Шолпанқұлов

2.

"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2021 жылғы ақпан

М.Б. Юсупов

1

2

3

4

5

6

3.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы ақпан

Б.Ш. Шолпанқұлов

4.

"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы ақпан

Б.Ш. Шолпанқұлов

5.

"Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қаидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы ақпан

Б.Ш. Шолпанқұлов

6.

"Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы ақпан

Т.М. Савельева

7.

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 28.02.2022 № 38-ө өкімімен.

8.

Ведомстволық бюджеттік комиссиясы туралы

бұйрық

ОМО

2021 жылғы наурыз

орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары ның жетекшілік ететін орынбасар лары

9.

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМО Қаржымині

2021 жылғы наурыз

орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары ның жетекшілік ететін орынбасар лары

10.

Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМО Қаржымині

2021 жылғы наурыз

орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары ның жетекшілік ететін орынбасар лары

11.

"Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов А.К. Әмрин

12.

"Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадғы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

13.

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов А.К. Әмрин

14.

"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ Қаржымині

2021 жылғы наурыз

М.Б. Юсупов, Т.М. Савельева

15.

"Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ Қаржымині

2021 жылғы наурыз

А.К. Әмрин, Б.Ш. Шолпанқұлов

16.

"Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

А.К. Әмрин

17.

"Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов Е.А. Алпысов

18.

"Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

19.

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

20.

"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

21.

"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Б.Ш. Шолпанқұлов

22.

"Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

М.Б. Юсупов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;     

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады