"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 41-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және қабылданған шаралар туралы келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 41-ө өкімімен
бекітілген

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 04.11.2021 № 180-ө өкімімен.


Р/с№

Құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамға осындай факт расталған жағдайда сыйақы беру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2021 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

2.

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2021 жылғы ақпан

А.К. Әмрин

3.

"Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2021 жылғы ақпан

А.А. Сарбасов

4.

"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2021 жылғы қазан

А.А. Сарбасов

5.

"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы

ҚНР ДА (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

Н.А. Әбдірахманов

6.

"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2021 жылғы қазан

А.К. Әмрин

7.

Салық төлеушінің шоколад, қантты кондитерлік бұйымдар, печенье және ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар өндіру туралы келісім жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2021 жылғы наурыз

А.С. Сапаров

8.

Өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін және оның нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2021 жылғы наурыз

А.Қ. Ержанов

9.

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның жеке тұлғалардың биржалық тауарлармен мәмілелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

10.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

11.

Еңбек жөніндегі уәкілетті органның жұмыссыз болып табылатын жеке тұлғалар, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

12.

Мәдениет саласындағы уәкілетті органның елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

13.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық есепке алу кітабында ескерілген әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

14.

Қосарланған салық салуды болдырмау және пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын салықты төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы желтоқсан

М.Е. Сұлтанғазиев

15.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

16.

Жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және талаптар орындалған тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

17.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке сот орындаушыларының жеке шоттарында есептелген немесе 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген (есепке жазылған) аукциондардан алым бойынша бересі сомасын, сондай-ақ осындай бересі сомасына есептелген өсімпұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

18.

Салық төлеушінің контрагенттерді дербес тексеруі үшін ақпараттық жүйені жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын, сондай-ақ салық төлеушінің контрагенттерді дербес тексеруіне арналған индекстерді есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов А.Б. Қысықов

19.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, Еңбекмині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов А.А. Сарбасов

20.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасынан (ақпараттық жүйеден) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, МҚІА (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов
М.Е. Дәуешов

21.

Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы келісім жасасу және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, СІМ

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов М.З. Сыздықов

22.

Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ, Қаржымині, ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

Қ.Қ. Төребаев Қ.Е. Баеділов А.К. Әмрин

23.

Инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы

СІМ, Қаржымині, ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

М.З. Сыздықов Қ.Е. Баеділов А.К. Әмрин

24.

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1804/675 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2021 жылғы наурыз

С.А. Бірекешов

25.

"Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2021 жылғы наурыз

А.Е. Оразбек

26.

"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

2021 жылғы қазан

М.Ш. Қожаев

27.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

28.

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

29.

"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

30.

"Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 23 бірлескен бұйрығына және қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының бірлескен бұйрығы және қаулысы

Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша)

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов М.Ж. Хаджиева

31.

"Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

32.

Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін растау және осындай растаудан уәжді бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

33.

"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

34.

"Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

35.

"Мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

*

М.Е.Сұлтанғазиев

36.

"Тақырыптық және қарсы тексерулер тағайындау мен хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 197 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

37.

"Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 204 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

38.

"Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

39.

"Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

2021 жылғы наурыз

А.Қ. Ержанов А.К. Әмрин Қ.Е. Баеділов

40.

"Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

41.

"Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2024 жылғы қараша

М.Е.Сұлтангазиев

42.

"Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ. Е. Баеділов

43.

"Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Р.Ж. Құрманов Қ.Е. Баеділов

44.

"Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

45.

"Екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиандардың, орталық депозитарийлердің, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

46.

"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

47.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИ АӨМ, МҚІА (келісу бойынша), ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

Ә.Н. Тұрысов Д.М. Жазықбаев А.К. Әмрин

48.

"Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, Әділетмині

2021 жылғы наурыз

Қ. Е. Баеділов А.Х.Әмірғалиев

49.

"Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

50.

"Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізілген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 161 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылым дық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2021 жылғы наурыз

А.Қ. Ержанов

51.

"Бағалы қағаздарды ұстаушы-жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді, сондай-ақ жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

52.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ЦДИ АӨМ

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов Ә.Н. Тұрысов

53.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰКП – Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


      * Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісім ратификацияланғаннан кейін 2 ай.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады