"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 68-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 68-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 69-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с№ Құқықтық актінің атауы Акт нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуіне және қабылдануына жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ҰЭМ

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

2.

Мемлекеттік кірістер органдары тағайындайтын кедендік сараптаманы қоспағанда, сараптамаларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

3.

Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

4.

"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

5.

Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

6.

"Камералдық кедендік тексеру жүргiзудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 621 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

7.

Кешенді көшпелі кедендік тексерулерді тағайындау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тексерілетін тұлғаларды таңдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

8.

Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

9.

Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ кеден органының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

10.

Құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

11.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын тәуекелдердің құндық индикаторларын қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

12.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

13.

Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

14.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

15.

"Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2021 жылғы наурыз

Қ.Е. Баеділов

16.

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің қаулылары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖАО

2021 жылғы наурыз

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

17.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар түзбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 және "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2021 жылғы қараша

Ж.Ғ. Қарағаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады