"Өнеркәсіптік саясат туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 37-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Өнеркәсіптік саясат туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етіп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 23 ақпандағы
№ 37-ө өкімімен
бекітілген

"Өнеркәсіптік саясат туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға
1 2 3 4 5 6

1.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

2.

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

3.

Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

Д.Р. Щеглова

4.

Тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

5.

Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

Д.Р. Щеглова

6.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

7.

"Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

8.

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

9.

Қаржы агентінің қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну шарттары мен тетіктерін, сондай-ақ қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсынуды жүзеге асыратын қаржы агентін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

10.

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агентін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

11.

Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау шарттары мен тетіктерін, сондай-ақ қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыратын қаржы агентін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

12.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2022 жылғы ақпан

Т.М. Жақсылықов

13.

Өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауын жүзеге асыратын қаржы агентін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СИМ

2022 жылғы ақпан

Қ.Қ. Төребаев

14.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СИМ

2022 жылғы ақпан

Қ.Қ. Төребаев

15.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині

2022 жылғы ақпан

А.Ә. Сарбасов

16.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы ақпан

А.С. Жамбакин

17.

Инновациялық обсерваторияны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы ақпан

А.С. Жамбакин

18.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы ақпан

А.С. Жамбакин

19.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы ақпан

А.С. Жамбакин

20.

Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2022 жылғы наурыз

А.А. Айдаров

21.

"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2022 жылғы ақпан

А.А. Айдаров

22.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2022 жылғы ақпан

Д.М. Кеңбеил

23.

"Ұлттық әл-ауқат қоры немесе Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйым іске асыратын әлеуметтік маңызы бар және (немесе) индустриялық-инновациялық жобаларды рентабельділігі төмен жобаларға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2022 жылғы ақпан

Т.М. Жақсылықов

24.

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

25.

Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

26.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

27.

Елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

28.

Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

29.

Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобалары мониторингісінің әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

30.

"Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

31.

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

32.

"Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

33.

Аумақтық кластерлер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

34.

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

35.

Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

36.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

37.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

38.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

39.

Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

40.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдер жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

41.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

42.

Басым тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

43.

Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды қайта бөлу деңгейін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

44.

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

45.

Индустриялық дамуды бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

46.

Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

47.

Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

48.

Өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

49.

"Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

50.

"Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операцияларды жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

51.

"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

52.

"Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 385 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

53.

"Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

54.

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда елішілік құндылық бойынша ақпарат беру нысанын және мерзімдерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы наурыз

М.К. Қарабаев

55.

Түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 ақпан

М.К. Қарабаев

56.

Түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

57.

Атаулы таңба уәкілетті ұйымында міндетті түрде тіркелу және уәкілетті ұйым тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

58.

Минералдық шикізатқа аффинажға дейін және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының ауысуына, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

59.

"Ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

60.

"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өндірістік қызметін (технологиялық процесін) жер қойнауын пайдаланумен байланысты қызмет (технологиялық процесс) деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2022 жылғы ақпан

М.К. Қарабаев

61.

Бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

62.

"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

63.

"Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

64.

"Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

65.

Жобалардың инновациялық өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

66.

Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

67.

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

68.

"Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 380/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

69.

"Инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 366/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

А.С. Жамбакин

70.

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2022 жылғы наурыз

Қ.Қ. Төребаев

71.

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындар ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2022 жылғы наурыз

Қ.Қ. Төребаев

72.

"Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2022 жылғы наурыз

Қ.Қ. Төребаев

73.

Қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2022 жылғы наурыз

Қ.Қ. Төребаев

74.

Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор тарапынан сақтандырылуға жататын екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың отандық жоғары технологиялық тауарлар мен өңдеуші өнеркәсіптің көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға берілетін кредиттер және лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеуші өнеркәсіптің отандық жоғары технологиялық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы

СИМ

2022 жылғы наурыз

Қ.Қ. Төребаев

75.

"Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2022 жылғы наурыз

А.Г. Хасенов

76.

"Көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, уран, көмір өндіру және олардың айналымы саласында операцияларды жүзеге асыру, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уранды өндіруді жүргізу кезінде есептердің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 203 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2022 жылғы наурыз

А.Г. Хасенов

77.

"Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2022 жылғы наурыз

А.Г. Хасенов

78.

"Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2022 жылғы наурыз

Д.М. Кеңбеил

79.

"Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері үшін офтейк-келісімшартты жасасу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1254 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2022 жылғы наурыз

Д.М. Кеңбеил

80.

Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2022 жылғы наурыз

А.Ә. Сарбасов

81.

"Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2022 жылғы наурыз

А.Ә. Сарбасов

82.

"Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 430 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2022 жылғы наурыз

Т.М. Жақсылықов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады