"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 126-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, жинақтап, жиынтық ақпаратты айдың 5-і күнінен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 23 тамыздағы
№ 126-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/c№

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МСМ

2022 жылғы тамыз

Н.М. Дәуешов

2.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2022 жылғы тамыз

Н.М. Дәуешов

3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

4.

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ

2022 жылғы қараша

Д.Р. Қадыров

5.

Қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

6.

Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2023 жылғы қараша

Д.Р. Қадыров

7.

Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, олардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

8.

"Волонтерлік қызметті қолдау және волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге тарту тәртібі жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

9.

"Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

10.

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

11.

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

12.

"Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

13.

"Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

Д.Р. Қадыров

14.

Стратегиялық маңызды дәрілік бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы тамыз

Ж.К. Бүркітбаев

15.

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы тамыз

Ж.К. Бүркітбаев

16.

Стратегиялық маңызды дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

ДСМ

2022 жылғы тамыз

Ж.К. Бүркітбаев

17.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет саласындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2022 жылғы тамыз

Н.М. Дәуешов

18.

"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2022 жылғы тамыз

І.Е. Өсеров

19.

"Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

Еңбекмині

2022 жылғы тамыз

Е.Д. Оспанов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады