Қазақстан Республикасының "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы", "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдарын және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі Конституциялық Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 115-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы Қазақстан Республикасының "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы", "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдармен және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі Конституциялық Заңмен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпарат орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдасын, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісіне орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2023 жылғы 26 шілдедегі
№ 115-ө өкiмiмен
бекітілген

Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы", "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдармен және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі Конституциялық Заңмен негізделген құқықтық актілер тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындау
ға жауапты
мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БП (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

2.

"Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

БП (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

3.

"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҚМА (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ғ.А. Садырбеков

4.

"Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ЖАП (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Р.Н. Рахимов

5.

Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке
қайтару мәселелері бойынша комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

БП
(келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

6.

"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктігін құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Д.О. Темірбеков

7.

Тұлға алған үстеме кірістердің сомасын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

БП
(келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

8.

Активтерді ерікті түрде қайтару туралы келісім жасасудың, оның ішінде қайтарылуға жататын активтерді (көлемді, құрамды), активті дамыту жөніндегі шараларды және өзге де шараларды айқындаудың шарттары мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

БП (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

9.

"Республикалық бюджет комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
15 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

А. Бейсенбекұлы

10.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов

11.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
24 қыркүйектегі
№ 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ҰЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Б.Ә. Құдайбергенов

12.

Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Д.О. Темірбеков

13.

Активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратқа мониторинг және талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығы

БП
(келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

14.

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
4 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Д.О. Темірбеков

15.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Д.О. Темірбеков

16.

Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Б.Ә. Құдайбергенов

17.

Активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну тәртібі қағидаларын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

БП (келісу бойынша), Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов,
Е.Е. Біржанов
 

18.

Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

19.

Активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қабылданған жүйелі шаралар жөніндегі жыл сайынғы ақпаратты дайындау және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығы

БП (келісу бойынша)
 

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов

20.

Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы

ҚМА
(келісу бойынша)

2023 жылғы қыркүйек

Ғ.А. Садырбеков

21.

Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы

ҰБ (келісу бойынша), Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

А.М. Баймағамбетов
Е.Е. Біржанов
 

22.

"Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы
30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бұйрығы

ҰБ (келісу бойынша)

2023 жылғы қыркүйек

А.М. Баймағамбетов
 

23.

"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Д.О. Темірбеков

24.

"Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Д.О. Темірбеков

25.

"Республикалық бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына артық (қате) төленген сомаларын, сондай-ақ бюджеттен, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2023 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов

26.

"Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2023 жылғы қыркүйек

Т.М. Жақсылықов

27.

Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға электрондық нысанда қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаралын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша)

2023 жылғы қыркүйек

Ұ.С. Байжанов,
Ғ.А. Садырбеков


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      ЖАП – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады