Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясын" құру туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 4003 U984003_ Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 21, 177-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) "ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы"
жабық акционерлік қоғамын таратуды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы
Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.