Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 862 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 26 ақпандағы
№ 862 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде:

      4, 7 және 19-тармақтар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - Кеңестің жұмыс органы) болып табылады.";

      "7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.";

      "19. Комиссия қазақстандық тараптан алты өкілден және шетелдік тараптан алты өкілден тұрады.

      Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссия мүшелері болып табылады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына енгізілсін:

Есдәулетов Ұлықбек Оразбайұлы


Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" (келісім бойынша);

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.М. Оразалин шығарылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссияның құрамына енгізілсін:

Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі,

Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі,

Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы

-

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры (келісім бойынша);

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Қ.Қ. Әбдірахманов, Қ.Н. Қасымов шығарылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      5. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      6. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 2807-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, хатшы",

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі, хатшы",

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      9. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 191-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің лауазымдық құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 293-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

      11. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі",

"Қалменов Тынысбек Шәріпұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келісім бойынша)",

"Саданов Аманкелді Құрбанұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Микробиология және вирусология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі",

"Қалменов Тынысбек Шәріпұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)",

"Саданов Аманкелді Құрбанұлы

-

биология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)";

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Н.С. Бектұрғанов, К.К. Қадыржанов шығарылсын.

      12. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:

Ақылбай Серік Байсейітұлы

-

"Қазақстанның заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Елемесов Нұрмаханбет Мақсұтұлы

-

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы,

Жанғұттинов Мейрам Құрмашұлы

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы,

Қаудыров Төлеш Ерденұлы

-

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша),

Манапов Ел-Назар Тұрсынбекұлы

-

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы,

Райысова Балгүл Амангелдіқызы

-

адвокат (келісім бойынша);

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: А.Д. Балағұмарова, Е.Қ. Қаржаубаев, Л.С. Кудекова, Ә.Ж. Құрықбаев, Н.Ә. Пазылов, М.А. Хожабергенов шығарылсын.

      13. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:

Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Қ.Н. Қасымов шығарылсын.

      14. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады