Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 26 сәуір N 854

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Z010264_ Заңының қабылдануына байланысты қаулы етемін:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір

 

жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа

сәйкес келтірсін.

     3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

             Президенті


                                                  Қазақстан Республикасы

                                                      Президентінің

                                                  2002 жылғы 26 сәуірдегі

                                                      N 854 Жарлығына

                                                          қосымша


                 Қазақстан Республикасы Президентінің

              күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі



 
       1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық валюта қоры Келісімнің Баптарын қабылдау құжаты туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 818 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 377-құжат) .
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық валюта қорынан қарыз алып пайдаланудың арнаулы Бөлімінің қызметіне Қазақстан Республикасының қатысуы туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 821 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 380-құжат).
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасын Халықаралық қайта жаңарту мен дамыту банкінің Келісімдер Баптарына қабылдау Құжаттары туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 823 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 381-құжат).
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Халықаралық қайта жаңарту мен дамыту банкіне мүше болуына байланысты өкілеттіктер туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 824 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 382-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Халықаралық даму ассоциациясының Келісім Баптарын қабылдау құжаты туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 826 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 383-құжат).
      6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Халықаралық даму ассоциациясына мүшелігіне байланысты өкілеттіктер туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі N 827 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 25, 384-құжат).
      7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Европаның Жаңғырту және Даму Банкіне мүшелігі туралы" 1993 жылғы 25 мамырдағы N 1212 U931212_ Жарлығы.
      8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азия даму Банкіне Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" 1993 жылғы 4 қарашадағы N 1392 U931392_ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 513-құжат).
      9. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Азиялық Даму Банкіне мүшелігі туралы" 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 1496 U941496_ Жарлығы.
      10. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасынан Азиялық Даму банкі Басқарушыларының Кеңесіндегі өкілдер туралы" 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 3302 Жарлығы.
      11. Қазақстан Республикасы Президентінің "Европалық Жаңғырту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы N 3374 U973374_ Жарлығы.
      12. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасынан Ислам Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі өкілдер туралы" 1998 жылғы 6 сәуірдегі N 3896 U983896_ Жарлығы.
      13. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасынан Азия Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі өкілдер туралы" 1998 жылғы 6 сәуірдегі N 3897 U983897_ Жарлығы.
      14. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасынан Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі өкілдер туралы" 1998 жылғы 6 сәуірдегі N 3898 U983898_ Жарлығы.
      15. Қазақстан Республикасы Президентінің "Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 1998 жылғы 24 сәуірдегі N 3925 U983925_ Жарлығы.
      16. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азиялық Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы N 103 U990103_ Жарлығы.
      17. Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 109 U990109_ Жарлығы.
      18. Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 276 U990276_ Жарлығы.
      19. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азия Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 277 U990277_ Жарлығы.
      20. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасынан Ислам Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі өкілдер туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 278 U990278_ Жарлығы.
      21. Қазақстан Республикасы Президентінің "Еуропа Қайта жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 2000 жылғы 8 қаңтардағы N 325 U000325_ Жарлығы.
      22. Қазақстан Республикасы Президентінің "Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 2001 жылғы 2 ақпандағы N 545 U010545_ Жарлығы.
      23. Қазақстан Республикасы Президентінің "Азия Даму Банкінің

 

Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы" 2001

жылғы 2 ақпандағы N 546 


U010546_


  Жарлығы.

     24. Қазақстан Республикасы Президентінің "Халықаралық Қайта Құру және

Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі

туралы" 2001 жылғы 13 сәуірдегі N 583 


U010583_


  Жарлығы.

     25. Қазақстан Республикасы Президентінің "Еуропа Қайта Құру және Даму

Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы"

2001 жылғы 13 сәуірдегі N 584 


U010584_


  Жарлығы.

     26. Қазақстан Республикасы Президентінің "Еуропа Қайта Жаңарту және

Даму Банкінің Басқарушылар Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілдері

туралы" 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 678 


U010678_


  Жарлығы.


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады