Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 130-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi 2006 жылғы 8 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2005 жылғы есеп пен сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерi туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын және мәлiмет үшiн оның Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2006 жылғы 5 қыркүйектегi
N 173 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2005 жылғы
ЕСЕП
Астана, 2006 жыл Мазмұны
1 -бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмдерi және
оны пайдалану туралы 2005 жылғы есеп
2-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк
басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң қызметi туралы 2006 жылғы есеп
3-бөлiм. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөнiндегi өзге де деректер
1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсiмдерi және оны пайдалану туралы 2005 жылғы есеп
P/c N | Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы | Сомасы (мың теңге) |
---|---|---|
1. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептi кезеңнің басындағы қаражаты |
667 022 245* |
2. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсiмдер: |
413 713 744 262 772 565 - 67 491 450 13 371 400 13 657 725 2 172 136 44 455 468 - |
3. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы: |
724 981 - |
4. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептi кезеңнiң аяғындағы қаражаты: |
1 080 011 008** |
Ескертпе:
* 2005 жылдың басындағы сальдо 480894 мың теңге сома мөлшерiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзiмi ұзартылған шығыстарының сомасын және 50326 теңге айырма мен "Эрнст энд Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептiлiктегi дөңгелектеу сомасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына өтеуiне жататын, сенiмгерлiк басқару бойынша операциялық шығыстар болып табылатын 376 мың теңге соманы есепке алмай көрсетiлген.
** 2005 жылдың аяғындағы сальдо 1088710 мың теңге сома мөлшерiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және кейiнге қалдырылған шығыстарының сомаларын және 50326 теңге айырма мен "Эрнст энд Янг" ЖШС-ның сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептiлiктегi дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетiлген.
2005 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаражаты 667022245 мың теңгенi құрады (666540924 мың теңге - аудитталған қаржылық есептiлiкке сәйкес есептеу әдiсiмен), 2006 жылғы 1 қаңтарға - 1080011008 мың теңгенi (1078922247 мың теңге - аудитталған қаржылық есептiлiкке сәйкес есептеу әдiсiмен) құрады.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн
түсiмдердiң елеулi үлесi республикалық бюджетке шикiзат секторы
ұйымдарынан түсетiн ic жүзiндегi түсiмдердiң олардың жылдық көлемiнен - 343635415 мың теңгеге асып түсуi ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердiң, шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн жоспарланған түсiмдер сомасының он процентi мөлшерiнде есептелетiн - 13657725 мың теңге республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердiң, республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдердiң есебiнен айқындалатын - 9793000 мың теңге республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын - 2172136 мың теңге жергiлiктi бюджеттiң ресми
трансферттерi есебiнен қалыптастырылды.
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік
басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметі туралы 2005 жылғы есеп
"КПМГ Жанат" ЖШС жүргiзген Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының аудитi нәтижелерi бойынша қаржылық есептiлiк шынайы деп
танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық
жағдайының қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес
келетiнiн көрсетедi.
1-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң теңгерiмi (мың теңге)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң теңгерімi |
2005 жыл |
2004 жыл |
Активтер: |
29 180 345 1 052 050 955 2 164 939 336 949 |
24 927 708 654 915 582 1 810 557 111 505 |
Активтер, барлығы |
1 083 733 188 | 681 765 352 |
---|---|---|
Мiндеттемелер: |
1 421 811 3 389 130 |
6 098 200 9 126 228 |
Мiндеттемелер, барлығы |
4 810 941 |
15 224 428 |
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шотына енгiзiлген таза активтер |
1 078 922 247 |
666 540 924 |
Таза активтер |
1 078 922 247 | 666 540 924 |
Жиынтық активтердiң 59% артуы және жиынтық мiндеттемелердiң 68% азаюы жылдың аяғындағы көрсеткiштермен салыстырғанда таза активтердiң 62% артуына әкеп соқтырды.
Активтердiң сақталуын бағалау кiрiстердiң таза активтер бойынша шығыстардан асып түсуiне негiзделген.
2005 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кредиторлық берешегiнiң және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 3389130 мың теңгенi құрады, одан:
сатып алынған инвестициялар бойынша кредиторлық берешек - 2300420 мың теңге;
активтердi басқарғаны үшiн комиссия - 998227 мың теңге, оның iшiнде:
83522 мың теңге - Ұлттық Банктiң комиссиясы;
914705 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтерi;
өзге де есептелген шығыстар 90483 мың теңге, оның iшiнде:
69935 мың теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы
кастодианы "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" қызметтерi үшiн;
13000 мың теңге - аудиторлық қызметтер үшiн;
3782 мың теңге - "Barra International LTD" компаниясының
бағдарламалық өнiмiн пайдалану құқығы үшiн;
3181 мың теңге - "Yield Book" компаниясының қызметтерi үшiн;
585 мың теңге - "Morgan Stanley Capital International" компаниясының ақпараттық қызметтерi үшiн.
2005 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының дебиторлық берешегiнiң жалпы сомасы 336949 мың теңгенi құрады, одан:
iске асырылған инвестициялар бойынша дебиторлық берешек - 336573 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының өтеуiне жататын Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры операциялық шығыстарының сомасы - 376 мың теңге.
2-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң кiрiстерi мен шығыстары туралы
есеп (мың теңге)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөнiндегi кiрiстер мен шығыстар |
2005 жыл |
2004 жыл |
Кiрiстер: |
20 778 979 3 376 704 28 082 011 25 242 816 (51 898 589) |
13 635 040 2 473 724 16 392 410 (12 028 399) 22 055 841 |
Кiрiстер, барлығы |
25 581 921 | 42 528 616 |
---|---|---|
Шығыстар: |
1 206 880 94 292 13 000 18 249 |
556 808 101 418 12 595 18 638 |
Шығыстар, барлығы |
1 332 421 | 689 459 |
Таза кiрiс |
24 249 500 | 41 839 157 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк
басқарудың 2005 жылғы қорытындысы бойынша есептелген кiрiстер мен
шығыстар бойынша негiзгi көрсеткiштер былайша қалыптасты:
1) басқару нәтижелерi бойынша кiрiстер - 25581921 мың теңге;
2) сомамен шығыстар - (1332421) мың теңге;
3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) жөнiндегi айырма теңгемен - 18873547 мың теңге.
Осылайша, шығыстарды шегергенге дейiн таза активтердiң нетто-өсiмi 44455468 мың теңгенi құрады, шығыстарды шегергеннен кейiн таза активтердiң нетто-өсiмi 43123047 мың теңгенi құрады, таза кiрiс 24249500 мың теңгенi құрады.
"ABN AMRO Mellon Global Securities Services" кастодиан-банктiң
деректерi бойынша сол кезеңде функционалдық (базалық) валютамен
193753435 АҚШ доллары мөлшерiнде есептелген инвестициялық кiрiс (iске асырылған және iске асырылмаған) пайда болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есептi кезеңде жалпы сомасы 724981 мың теңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн басқаруға байланысты мынадай шығыстар төлендi:
455344 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк басқарғаны үшiн сыртқы басқарушылардың комиссиялық сыйақысы, оның 204726 мың теңгесi - 2005 жылғы көрсетiлген қызметтер үшiн және 250618 мың теңгесi өткен жылдарда көрсетiлген қызметтер үшiн;
164322 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмгерлiк басқарғаны үшiн Ұлттық Банкке комиссиялық сыйақы, оның 138116 мың теңгесi - 2005 жылғы көрсетiлген қызметтер үшiн және 26206 мың теңгесi - 2004 жылғы көрсетiлген қызметтер үшiн;
82018 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шетелдiк кастодианы "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қызмет көрсеткенi үшiн төлем, оның 33449 мың теңгесi - 2005 жылғы көрсетiлген қызметтер үшiн және 48569 мың теңге - 2004 жылғы көрсетiлген қызметтер үшiн;
12595 мың теңге - "Эрнст энд Янг" ЖШС сыртқы аудиторының 2004
жылғы көрсеткен қызметтерi үшiн төлем;
4703 мың теңге - "Barra International LTD" компаниясының
бағдарламалық өнiмiн пайдаланғаны үшiн төлем;
5998 мың теңге - "Yield Book" компаниясының көрсеткен қызметтерi үшiн.
3-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң ақша қозғалысы туралы
есептер (мың теңге)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақша қозғалысы | 2005 жыл | 2004 жыл |
---|---|---|
Операциялық қызметтен түскен ақша қозғалысы |
24 249 500 7 239 941 |
41 839 157 (34 824 747) |
Операциялық активтер мен мiндеттемелердегi өзгерiстерге дейiнгi операциялық қызметтен болатын ақша қозғалысы |
31 489 441 |
7 014 410 |
Операциялық активтердiң азаюы (ұлғаюы): |
(390 597 288) (1 924 406) 1 989 157 |
(155 911 481) 156 121 (1 760 914) |
Операциялық қызметте ақшаны таза пайдалану |
(365 005 639) | (154 176 922) |
Қаржылық қызметтен болатын ақша қозғалысы |
369 258 276 4 252 637 24 927 708 29 180 345 |
152 839 430 (1 337 492) 26 265 200 24 927 708 |
4-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн
сенiмгерлiк басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегi өзгерiстер туралы
есептер (мың теңге)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерiндегi өзгерiстер | Сомасы |
---|---|
2004 жылғы 1 қаңтардағы сальдо |
527 917 412 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен түскен түсiмдер |
152 839 430 41 839 157 (52 052 320) (4 002 755) |
2004 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо |
666 540 924 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнен түскен түсiмдер |
369 258 276 24 249 500 19 329 687 (456 140) |
2005 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо |
1 078 922 247 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi 2005 жылдың
аяғында 1078922247 мың теңгенi құрады, жылдық өсiм 61,8% құрады.
Активтердiң ұлғаюына, негiзiнен, республикалық бюджеттен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударымдар көлемiнiң 369258276 мың теңге сомасында (2004 жылғы түсiмдер көлемiнен 2,4 есе көп) өсуi есебiнен қол жеткiзiлдi.
3-бөлiм. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөнiндегi өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн басқару
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес жеткiлiктi
өтiмдiлiк деңгейiнiң сақталуын қамтамасыз ету, тәуекел деңгейiнiң бiркелкiлiгi жағдайында ұзақ мерзiмдi перспективада кiрiстiлiктiң жоғары деңгейiн ұстап тұру және инвестициялық кiрiстер алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты шетелдiк қаржы активтерiне және өзге де мүлiкке орналастырылады. Осыған байланысты, әлемдiк экономика конъюнктурасының өзгеруi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметiне елеулi әсер етедi.
Өткен жыл АҚШ экономикасының өсiмiмен, АҚШ Федералдық резервтiк қызметiнiң проценттiк бағамының артуымен, Жапония экономикасының жандануымен, компаниялар қызметiнiң оң нәтижелерiмен танылды. Осыған байланысты 2005 жыл қор нарықтарының ойыншылары үшiн аса қолайлы және консервативтiк инвесторлар үшiн қолайлығы неғұрлым төмен болды. Басқаша айтқанда, 2005 жылы акциядағы инвестициялардың кiрiстiлiгi тiркелген кiрiсi (облигациясы) бар бағалы қағаздардағы инвестициялардың кiрiстiлiгiнен анағұрлым асып түстi. Осы факт 2005 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн басқару кiрiстiлiгiне айтарлықтай деңгейде ықпал еттi,
себебi жинақтау қоржынының активтерiн эталонды бөлу 25% акциялар мен
75% облигацияларды құрайды. Акциялардың қосалқы қоржынының кiрiстiлiгi 8,41% және тiркелген кiрiсi (облигация) бар бағалы қағаздардың қосалқы қоржынының кiрiстiлiгi 1,07% кезiнде жинақтау қоржынының жалпы кiрiстiлiгi 3,16% құрады. Ақша нарығының қысқа мерзiмдi құралдарынан тұратын тұрақтандыру қоржынының кiрiстiлiгi 3,28% құрады.
Қор құрылғаннан бepгi кiрiстiлiгi, АҚШ долларымен
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн бөлу құрылымы
мынадай түрге ие. 2005 жылғы 31 желтоқсанға валюта қоржынының жалпы
нарықтық құны 8073477195 АҚШ долларына, оның iшiнде тұрақтандыру
қоржыны - 2588506220 АҚШ долларына (32,06%) және жинақтау қоржыны - 5484970975 АҚШ долларына (67,94%) тең болды.
Бағалы қағаздар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қоржынының құрамына кiретiн басқа қаржы құралдарының нарықтық құны Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодиан-банкi "ABN AMRO Mellon Global Securities Services" деректерiне негiзделедi.
Қазақстан Республикасы ұлттық қорының активтерiн
бөлу құрылымы, %
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз) Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз) Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау қоржынының
кiрiстiлiгiн қарай отырып, барлық мандат түрлерi бойынша оң нәтижелер байқалғандығын атап өткен жөн. Алайда, 2005 жылы кiрiстiлiктiң барынша үлкен көрсеткiшiне "Ғаламдық акциялар" мандат түрi бойынша және "Активтердi ғаламдық тактикалық бөлу" мандат түрi бойынша активтердi басқару нәтижесiне қол жеткiзiлген. Бiрiншi мандат түрi бойынша кiрiстiлiк 8,41% құрады, ал екiншi мандат түрi бойынша 2005 жылғы кiрiстiлiк 5,62% құрады. "Ғаламдық облигациялар" мандат түрi бойынша басқарылатын жинақтау қоржыны активтерiнiң кiрiстiлiгi 2005 жылы 1,07% кiрiстiлiктi көрсеттi.
Мандат түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз) Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі
(диаграмманы қағаз мәтінінен қараңыз)
Қаржы активтерiнiң түрi бойынша және елдер бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры қаражаттарының орналасуын қарай отырып,
2005 жылғы 31 желтоқсандағы саудалық бағалы қағаздардағы инвестициялар 1053702507 мың теңгенi немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерiнiң 98% құрағанын атап өткен жөн. Осы сома 55% АҚШ, 35% Еуроаймақ елдерiнде, 6% Жапония мен 4% басқа елдерде шығарылған бағалы қағаздарды қамтиды.
Елдер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
нарықтық құнының проценттiк арақатынасы (кесте)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері |
АҚШ |
Еуроаймақ (Ұлыбританияны қоспағанда) |
Ұлыбритания |
Жапония |
Австралия |
Канада |
Өзгелер |
Барлығы |
Ақша қаражаты және олардың баламалары |
84% |
5% |
l0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
100% |
Саудалық бағалы қағаздар |
55% |
29% |
6% |
6% |
1% |
2% |
1% |
100% |
Дебиторлық берешек |
64% |
30% |
5% |
0% |
0% |
0% |
1% |
100% |
Туынды қаржы құралдары |
0% |
43% |
43% |
-23% |
2% |
7% |
27% |
100% |
Кредиторлық берешек |
94% |
4% |
0% |
1% |
0% |
0% |
0% |
100% |
Есептелген шығыстар |
0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
100% |
100% |
Тұрақтандыру қоржыны |
100% |
0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
100% |
Жинақтау қоржыны |
60% |
24% |
6% |
7% |
1% |
1% |
1% |
100% |
Теңгемен таза теңгерімдер |
0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
0% |
100% |
100% |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерi мынадай
санаттар (инвестициялық қоржын түрлерi) бойынша сыныпталған:
тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздар қоржыны;
акциялар қоржыны;
активтердi тактикалық орналастыру қоржыны;
тұрақтандыру қоржыны.
Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық
қоры активтерiнiң әрбiр сыныбы оның негiзiнде активтердiң кiрiстiлiгi бағаланатын эталонды қоржынның индексiне тәуелдi. Эталонды қоржын индекстерi Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асырудың ережесiмен айқындалады.
2005 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тұрақтандыру қоржыны жылдың аяғында кiрiстiлiк деңгейi жылдық 3,28% кезiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерiнiң жалпы сомасының 32,06% құрады. "Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index" эталонды қоржынының кiрiстiлiгi 3,10% құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқаратын тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздар қоржыны активтер мөлшерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қоржыны екiншi болып табылады. Қоржын табыстылығының жылдық деңгейi 1,16% құрады, осы қоржын бойынша эталон көрсеткiшi 1,18% кiрiстiлiгi бар SWGB индексi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының сыртқы басқарушылары
басқаратын тiркелген кiрiсi бар бағалы қағаздар қоржынының кiрiстiлiгi жылдық 1,05% құрайды, осы қоржын бойынша эталон көрсеткiшi сондай-ақ 1,00% кiрiстiлiгi бар SWGB индексi кiредi.
5,62% мөлшерiнде кiрiстiлiгi бар активтердi тактикалық орналасу қоржыны эталон көрсеткiшiнiң кiрiстiлiгiнен 2,85% асып түстi.
МSСI эталондық индексiнiң кiрiстiлiгi 8,41% құрағанда үлестiк бағалы қағаздар қоржынының жылдық кiрiстiлiк деңгейi 8,35% құрады.
2. 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөнiнде өткiзiлген iс-шаралар туралы қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi
N 1641 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлданды, онда теңдестiрiлген бюджет әдiсi ұсынылды.
Осы әдiске сәйкес мұнай секторынан түсетiн барлық тiкелей салық түсiмдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн болады, ал республикалық бюджеттi қаржыландыру (бюджеттiк даму бағдарламаларын қаржыландыру бөлiгiнде) кепiлдiк берiлген трансферт арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражатты аударумен жүзеге асырылатын болады деп көзделген.
Сондай-ақ Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын
пайдаланудың мақсаты мен бағыты айқындалды, қор жинау шегi (немесе оның болмауы) және активтердi таратудың ықтимал нәтижелерi көрсетiлген, айқындылығы аталған, борышқа қызмет көрсету және қарыз алу саясаты айқындалған, бюджеттiк даму бағдарламаларына жұмсалатын шығындардың Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепiлдiк берiлетiн трансферттерiне неғұрлым дәл өзара байланысы және теңдестiрiлген бюджет әдiсiнiң сипаттамасы берiлген.
Бұдан басқа Ұлттық Банк Басқармасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 167 қаулысына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерiн халық арасында түсiндiру жөнiнде жүйелi түрде жұмыс жүргiзу шеңберiнде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылды:
"Эксперт-Казахстан" журналында "Қаражат бойынша өмiр cүpу" атты тақырыпта Қаржы министрiнiң сұхбаты жарияланды, онда Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жинақтау мен оны пайдаланудың
жаңа тұжырымдамасы жария етiлдi;
Л.Гумилев атындағы Еуразия университетiнде "Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры" атты тақырыпта семинар өткiзiлдi;
Парламенттегi үкiмет сағатында Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының жаңа тұжырымдамасына қатысты Қаржы министрiнiң сөйлеген сөзi
туралы ақпарат "Хабар", "КТК", "31-арна", "Қазақстан", "Астана ТВ", "Эpa ТВ" телеарналарында көрсетiлдi, сондай-ақ "Известия-Казахстан",
"Казахстанская правда" және "Экспресс К" газеттерiнде жарияланды;
"Xaбap" телеарнасының "Бетпе-бет" бағдарламасында "Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және
пайдаланудың тұжырымдамасы" атты тақырыпта әңгiме жүргiзiлдi;
Алматы қаласында "Жоғары экономикалық өсу кезеңiнде қаржылық
тұрақтылықты сақтау" атты халықаралық конференцияда "Қазақстан
Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және
пайдаланудың тетiгi үлгiсiнде Қазақстанның мұнайға жоғары баға жағдайында шамадан тыс бюджет кiрiстерiмен жұмыс тәжiрибесi" деген тақырыпта сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қызметi туралы қажеттi ақпарат, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қызметiн реттейтiн есептер, нормативтiк құқықтық актiлер Қаржы министрлiгiнiң web-сайтына (www.minfm.kz) орналастырылды.