2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2012 жылғы есеп бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2012 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат ретінде ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2012 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 13 мамырдағы
№ 566 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қалыптастырылуы мен пайдаланылуы
туралы 2012 жылғы
ЕСЕП Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2012 жылғы есеп
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2012 жылғы есеп
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2012 жылғы өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
түсімдері және оны пайдалану туралы
2012 жылғы есеп
Р/с № |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану |
Сомасы |
1 |
2 |
3 |
1. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы қаражаты |
7 988 355 179* |
2. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер: |
3 843 884 717 |
оның ішінде: |
||
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) |
3 411 930 969 |
|
оның ішінде: |
||
корпоративтік табыс салығы |
1 188 378 384 |
|
үстеме пайдаға салынатын салық |
146 862 511 |
|
бонустар |
30 664 904 |
|
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық |
1019 253 185 |
|
экспортқа салынатын рента салығы |
807 048 422 |
|
жасалған шарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі |
219 723 563 |
|
қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының мұнай секторы ұйымдарынан қосымша төлемі; |
0 |
|
мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) |
47 490 379 |
|
оның ішінде: |
||
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
9 943 706 |
|
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
130 350 |
|
мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат |
35 196 920 |
|
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер |
2 219 403 |
|
республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер |
0 |
|
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер |
803 771 |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер |
383 659 598 |
|
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер |
0 |
|
3 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын пайдалану: |
1 385 701 111 |
оның ішінде: |
||
кепілдік берілген трансферттер |
1 380 000 000 |
|
нысаналы трансферттер |
0 |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу |
5701 111 |
|
4 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты |
10 446 538 785** |
Ескертпе:
* 2012 жылдың басындағы сальдо 2 698 444 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 50 мың теңге айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 602 031 752 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;
** 2012 жылдың аяғындағы сальдо 3 194 235 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 49 мың теңге айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 1 015 616 850 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.
2012 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 7 988 355 179 мың теңгені (7 383 624 933 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен), 2012 жылғы 31 желтоқсанға 10 446 538 785 мың теңгені (9 427 727 651 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 01-7.1 хаттамасының 2-тармағына сәйкес эмитент "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ бірінші, төртінші және алтыншы шығарылым облигациялары эмиссияларының проспектілеріне облигацияларды өтеу мерзімін едәуір ұлғайтуға (2062 жылға дейін), сондай-ақ олар бойынша купондық сыйақыны төмендетуге (0,01%-ға дейін) қатысты өзгерістер енгізді. Осының нәтижесінде олардың баланстық құнын азайту жағына қарай түзету жүргізілді. Таза активтердегі өзгерістер туралы есепте көрсетілген түзету мөлшері 2012 жылғы 31 желтоқсанға 341 679 121 мың теңгені құрады.
39 "Қаржы құралдары: тану және бағалау" халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарын назарға ала отырып, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қоржынына сатып алынған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы облигацияларының баланстық құнын түзету жүргізілді (сатып алу-сату шартына сәйкес 2012 жылы сатып алынған облигациялардың нақтылы құны 73 000 000 мың теңгені құрады). Түзету мөлшері 2012 жылы 71 905 977 мың теңгені құрады, ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ бұрын шығарылған облигацияларының баланстық сомасын жоғарыда көрсетілген түзетумен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есепте "Өзге аударымдар" бабы бойынша 413 585 098 мың теңге жалпы сомамен көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2012 жылы 3 843 884 717 мың теңге түсті, одан мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 3 411 930 969 мың теңге, оның ішінде 1 580 935 751 мың теңге (10 610 921 мың АҚШ долларына барабар) күнбе-күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы Түсімдер; мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда) - 47 490 379 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 803 771 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістердің түсімдері - 383 659 598 мың теңге.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы
Салық төлемдерінің түрі |
Сомасы |
Жалпы көлемдегі үлесі (%) |
1 |
2 |
3 |
Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде: |
1 188 378 384 |
34,35 |
КТС 101105* |
948 938 368 |
27,43 |
КТС 101106* |
35 780 814 |
1,03 |
КТС 101107* |
203 659 202 |
5,89 |
Үстеме пайдаға салынатын салық |
146 862 511 |
4,25 |
Бонустар |
30 664 904 |
0,89 |
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық |
1 019 253 185 |
29,46 |
Экспортқа салынатын рента салығы |
807 048 422 |
23,33 |
Шикізат секторы ұйымдарынан өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі |
219723563 |
6,35 |
Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
9 943 706 |
0,29 |
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар,өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар |
130 350 |
0 |
Мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат |
35 196 920 |
1,02 |
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер |
2 219 403 |
0,06 |
БАРЛЫҒЫ: |
3 459 421 348 |
100 |
Ескертпе:
*КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы ұйымдарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
*КТС 101106 - мұнай секторы ұйымдары резидент заңды тұлғалардан - төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
*КТС 101107 - мұнай секторы ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан - төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (34,35%) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 29,46%-ын құрайтын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық құрады. Түсімдердің жалпы сомасының 23,33%-ын экспортқа салынатын рента салығы, түсімдердің жалпы сомасының 6,35%-ын Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі, 4,25%-ын үстеме пайдаға салынатын салық және 0,89%-ын бонустар құрады.
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2011 жылға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 1 380 000 000 мың теңгеден 1 380 000 000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 100%-ын құрайды.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2012 жылғы есеп
"Делойт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2012 жылғы 31 желтоқсанға кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 5 821 252 мың теңгені құрады, оның ішінде:
1) инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы кредиторлық берешек - 2 627 018 мың теңге:
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешек - 3 194 234 мың теңге, одан:
- активтерді басқару үшін комиссиялар - 2 883 217 мың теңге, оның ішінде:
1 519 093 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтеріне комиссия;
1 364 124 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
- өзге де есептелген шығыстар - 311 017 мың теңге, оның ішінде:
223 672 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNY Mеllоn жаһандық кастодианының қызметтеріне;
79 772 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNР Раribas жаһандық кастодианының қызметтеріне;
7 568 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізу бойынша қызметтерге;
5 мың теңге - "Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші" акционерлік қоғамының қызметтеріне.
1-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің бухгалтерлік балансы (мың теңге)
Баптың атауы |
2012 жылы |
2011 жылы |
1 |
2 |
3 |
Активтер |
||
Ақшалай қаражат және оның баламалары |
669 000 168 |
618 528 791 |
Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша ескерілетін Қаржы құралдары |
||
Қор меншігіндегі |
8 669 409 000 |
6 338 095 630 |
РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар |
0 |
0 |
Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар |
93 982 818 |
428 926 918 |
Туынды қаржы құралдары |
4 222 604 |
4 663 906 |
Дебиторлық берешек |
1 832 811 |
2 245 817 |
Активтер жиыны |
9 438 447 401 |
7 392 461 062 |
Міндеттемелер мен таза активтер |
||
Туынды қаржы құралдары |
4 898 498 |
4 550 594 |
РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек |
0 |
0 |
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар |
5 821 252 |
4 285 535 |
Міндеттемелер жиыны |
10 719 750 |
8 836 129 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер |
9 427 727 651 |
7 383 624 933 |
2012 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 1 832 811 мың теңгені құрады.
2-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің пайдасы мен шығындары
туралы есеп (мың теңге)
Баптың атауы |
2012 жылы |
2011 жылы |
1 |
2 |
3 |
Кірістер |
||
Сыйақы түріндегі кірістер |
101 760 573 |
108 325 210 |
Дивидендтер түріндегі кірістер |
24 769 946 |
22 191 978 |
Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс |
113 288 279 |
(45 135 519) |
Форвардтық валюталық келісімшарттардан түсетін таза пайда/(шығын) |
2 112 289 |
2 637 743 |
Валюталық активтер мен міндеттемелерді қайта бағалаудан түсетін таза пайда/(шығын) |
11 747 452 |
(24 945 987) |
Кірістердің жиыны |
253 678 539 |
63 073 425 |
Шығыстар |
||
Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар |
5 777 896 |
2 547 267 |
Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар |
392 430 |
327 964 |
Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар |
7 568 |
7 568 |
Кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар |
0 |
0 |
Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар |
19 007 |
63 715 |
Шығыстардың жиыны |
6 196 901 |
2 946 514 |
Таза кіріс (шығын) |
247 481 638 |
60 126 911 |
Басқа жиынтық кіріс |
||
Бағамдық айырмалар |
129 981 059 |
49 729 102 |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) |
377 462 697 |
109 856 013 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын 2012 жылы сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер:
1) басқару нәтижелері бойынша кірістер 253 678 539 мың теңгені;
2) басқарудан болатын шығыстар 6 196 901 мың теңгені;
3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма 129 981 059 мың теңгені құрады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан болатын шығыстар шегерілгенге дейін жалпы жиынтық кіріс 383 659 598 мың теңгені, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан болатын шығыстар шегерілгеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 377 462 697 мың теңгені, 2012 жылы таза кіріс 247 481 638 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNҮ Mеllоn кастодиан банкінің деректері бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде базалық валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған және іске асырылмаған) қалыптасты, ол 1 658 633 мың АҚШ долларын құрады. ВNҮ Меllоn кастодиан банкінің деректері бойынша мәмілелер жасауға жұмсалған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс сол кезең ішінде 1 658 633 мың АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан 2012 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға байланысты жалпы сомасы 5 701 111 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
1) 2 781 776 мың теңге - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның ішінде 2 463 189 мың теңге 2012 жылғы қызметтер үшін және 318 587 мың теңге өткен жылдардағы қызметтері үшін;
2) 2 651 470 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару бойынша сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның ішінде 630 339 мың теңге 2012 жылғы қызметтер үшін және 2 021 131 мың теңге өткен жылдардағы қызметтері үшін;
3) 129 538 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNР Раrіbаs жаһандық кастодианының қызметтері үшін, оның ішінде 91 201 мың теңге 2012 жылғы қызметтер үшін және 38 337 мың теңге өткен жылдардағы қызметтері үшін;
4) 108 792 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNҮ Меllоn жаһандық кастодианының өткен жылдардағы қызметтері үшін;
5) 8 662 мың теңге - "Үіеld bооk" компаниясы 2012 жылы көрсеткен қызметтері үшін;
6) 7 568 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына өткен жылдардағы сыртқы аудит жүргізу жөніндегі қызметтері үшін;
7) 4 821 мың теңге - "Fitch Ratings" компаниясының бағдарламалық өнімін 2012 жылы пайдаланғаны үшін;
8) 4 418 мың теңге - "Ваrrа Intеrnаtоnаl LTD" компаниясының бағдарламалық өнімін 2012 жылы пайдаланғаны үшін;
9) 2 965 мың теңге - "Stаndаrd&Рооr's" компаниясының өткен жылдардағы ақпараттық қызметтері үшін;
10) 1 098 мың теңге - "Моrgаn Stanlеу Саріtаl Intеrnаtіоnаl" компаниясы 2012 жылы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін;
11) 3 мың теңге - 2012 жылы "Бағалы қағаздардың тіркеушілік жүйесі" акционерлік қоғамының теңгеге номинацияланған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау жөніндегі қызметі үшін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару бойынша шығыстарды есептеудің жалпы сомасы 2012 жылғы 31 желтоқсанға 6 196 901 мың теңгені құрады, олар мынадай сомалардан тұрады:
1) 3 827 313 мың теңге - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы;
2) 1 950 583 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының қызметі үшін;
3) 223 381 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNҮ Меllоn жаһандық кастодианының қызметтері үшін;
4) 169 049 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ВNР Раrіbаs жаһандық кастодианының қызметтері үшін;
5) 8 662 мың теңге - "Үіеld bооk" компаниясы көрсеткен қызметтер үшін;
6) 7 568 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргізу жөніндегі қызметтер үшін;
7) 4 821 мың теңге - "Fitch Ratings" компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін;
8) 4 418 мың теңге - "Ваrrа Intеrnаtоnаl LTD" компаниясының бағдарламалық өнімін пайдаланғаны үшін,
9) 1 098 мың теңге - "Моrgаn Stanlеу Саріtаl Intеrnаtіоnаl" компаниясы көрсеткен ақпараттық қызметтер үшін:
10) 5 мың теңге - "Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші" акционерлік қоғамының қызметтері үшін;
11) 3 мың теңге - теңгеге номинацияланған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша "Бағалы қағаздардың тіркеушілік жүйесі" акционерлік қоғамының қызметтері үшін.
3-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп (мың теңге)
Баптың атауы |
2012 жылы |
2011 жылы |
1 |
2 |
3 |
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы |
||
Таза пайда (шығын) |
247 481 638 |
60 126 911 |
Түзетулер: |
||
Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша дисконттың/сыйлықтың амортизациясы |
(5 640 998) |
(26 141 236) |
РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар |
0 |
4 889 |
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/шығын |
(94 561 795) |
74 599 675 |
Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы |
147 278 845 |
108 590 239 |
Операциялық активтердің ұлғаюы (азаюы): |
||
Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары |
(2 106 770 516) |
(1 782 198 254) |
Туынды қаржы құралдары |
441 302 |
(433 685) |
Дебиторлық берешек |
413 006 |
3 087 516 |
Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы): |
||
Туынды қаржы құралдары |
347 904 |
1 518 255 |
РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек |
0 |
(60 955 995) |
Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар |
1 535 717 |
(2 764 495) |
Ақша қаражатын операциялық қызметте/ке таза пайдалану/түсуі |
(1 956 753 742) |
(1 733 156 419) |
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы |
||
Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын сатып алу/сату немесе өтеу |
(1 094 023) |
0 |
Инвестициялық қызметте ақша қаражатын таза пайдалану |
(1 094 023) |
0 |
Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы |
||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түсетін түсімдер |
3 460 225 119 |
3 375 241 075 |
Республикалық бюджетке аударымдар |
(1 380 000 000) |
(1 200 000 000) |
Өзге аударымдар |
(71 905 977) |
0 |
Қаржы қызметінен/(қызметінде) ақша қаражатының таза түсімі/(пайдаланылуы) |
2 008 319 142 |
2 175 241 073 |
Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы) |
50 471 377 |
442 084 656 |
Жыл басындағы ақша қаражаты және оның баламалары |
618 528 791 |
176 444 135 |
Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары |
669 000 168 |
618 528 791 |
4-нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
сенімгерлік басқару бойынша Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің таза активтеріндегі өзгерістер
туралы есеп (мың теңге)
Баптың атауы |
Түсімдер |
Алулар |
Таза пайда (шығын) |
Валютаны қайта бағалау бойынша резерв |
Барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2010 жылғы 31 желтоқсанға қалдық |
8 149 370 879 |
(4 244 562 193) |
752 182 239 |
441 536 920 |
5 098 527 845 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және өзге де түсімдер |
3 375 241 075 |
3 375 241 075 |
|||
Республикалық бюджетке аударымдар |
(1 200 000 000) |
(1 200 000 000) |
|||
Өзге де аударымдар |
0 |
||||
Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы қалдығына әсері |
31 109 661 |
31 109 661 |
|||
Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) және өзге де аударымдарға әсері |
18 619 441 |
18 619 441 |
|||
Кезеңдегі таза пайда (шығын) |
60 126 911 |
60 126 911 |
|||
2011 жылғы 31 желтоқсанға қалдық |
11 524 611 954 |
(5 444 562 193) |
812 309 150 |
491 266 022 |
7 383 624 933 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер |
3 460 225 119 |
3 460 225 119 |
|||
Республикалық бюджетке аударымдар |
(1 380 000 000) |
(1 380 000 000) |
|||
Өзге де аударымдар |
(413 585 098) |
(413 585 098) |
|||
Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы қалдығына әсері |
116 426 430 |
116 426 430 |
|||
Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері |
13 554 629 |
13 554 629 |
|||
Кезеңдегі таза пайда (шығын) |
247 481 638 |
247 481638 |
|||
2012 жылғы 31 желтоқсанға қалдық |
14 984 837 073 |
(7 238 147 291) |
1 059 790 788 |
621 247 081 |
9 427 727 651 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері 2012 жылдың аяғында 9 427 727 651 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 27%-ды құрады. Негізінен активтердің ұлғаюына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) бойынша түсімдер көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі 2012 жылғы өзге де деректер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қоржынының жалпы нарықтық құны 2012 жылғы 31 желтоқсанда 58 539 281 175 АҚШ1 долларына тең болды, оның ішінде валюта қоржыны - 57 915 804 870 АҚШ доллары (98,93%) және "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ облигацияларының қоржыны - 623 476 305 АҚШ доллары (1,07%). Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының құрамына кіретін тұрақтандыру және жинақ қоржындарының нарықтық құны тиісінше 19 814 269 519 (34,21%) және 38 101 535 351 (65,79%) АҚШ доллары болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық қоржынының құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon кастодиан банкінің деректеріне негізделеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
валюталық активтерін бөлу құрылымы
Барлығы |
||
Мандат түрі |
USD-мен нарықтық құны |
% |
Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар |
29 522 356 540 |
50,97 |
Ақша нарығы |
19 814 269 519 |
34,21 |
Акциялар |
7 569 754 950 |
13,07 |
Жаһандық тактикалық бөлу |
1 009 423 861 |
1,74 |
БАРЛЫҒЫ |
57 915 804 870 |
100,00 |
Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні
%
Активтер сыныбы |
31.03.12 |
30.06.12 |
30.09.12 |
31.12.12 |
Ақша және ақша нарығының құралдары |
100,00 |
100,00 |
91,36 |
77,58 |
Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар |
0,00 |
0,00 |
8,64 |
22,42 |
Тұрақтандыру қоржынының барлығы |
100,00 |
100,00 |
100,00 |
100,00 |
____________________
1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін теңгедегі кредиторлық берешекті және теңгедегі шоттағы қаражат қалдығы ескерілмеген.
Есепті кезең ішінде тұрақтандыру қоржынының құрамындағы эталондық индекске кіретін елдердің қолма қол валютасы2 мен мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі шамамен 100%-ға тең болды.
Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні
%
Активтер сыныбы |
31.03.12 |
30.06.12 |
30.09.12 |
31.12.12 |
Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар |
78,48 |
77,66 |
78,33 |
78,49 |
Акциялар |
19,55 |
16,61 |
17,05 |
17,47 |
Ақша және ақша нарығының құралдары |
1,98 |
5,73 |
4,62 |
4.04 |
Жинақтау қоржынының барлығы |
100,00 |
100,00 |
100,00 |
100,00 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 2012 жылы 3,33% құрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы инвестициялық кіріс 6 989 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылғаннан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 67,25%-ды құрады, бұл жылдық мәнде 4,54%-ды құрайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
тарихи кірістілігі
__________________
2Ағымдағы шоттардағы қалдықтар, келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
1) тұрақтандыру қоржыны;
2) жинақтау қоржыны:
тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
акциялар қоржыны;
активтерді тактикалық бөлу қоржыны.
Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланады. Эталондық қоржындар (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.
Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2012 жылы 0,15%-ды құрады, осы кезеңде эталондық қоржынның (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 0,17%-ды құрады. Осылайша, тұрақтандыру қоржынының активтерін басқару нәтижесінде 2012 жылы (-)0,02% мөлшерінде теріс үстеме кірістілік алынды.
Жинақтау қоржынының кірістілігі 2012 жылы 5,10%-ды құрады. Осы кезеңде эталондық қоржынның кірістілігі 5,09%-ды құрады. Осылайша, оң үстеме кірістілік 0,01% мөлшерінде алынды.
"Жаһандық облигациялар" мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2012 жылы 2,49% құрады. Осы қосалқы қоржынның эталондық қоржынының кірістілігі 2,21% құрады. Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған жоғары кірістілік оң болды және 0,28% құрады.
"Жаһандық акциялар" мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2012 жылы 16,38% құрады, ал бенчмарктің кірістілігі 16,62% құрады. Осылайша, эталондық қоржынға қатысты мандаттың осы түрі бойынша активтерді басқару нәтижесі теріс болды, үстеме кірістілік (-) 0,23% құрады.
"Активтерді жаһандық тактикалық бөлу" мандат түрі бойынша жинақтау қоржынының активтерін басқарудан түсетін кірістілік 2012 жылы 6,74% құрады, ал бенчмарктің кірістілігі 5,08% құрады. Осылайша, эталондық қоржынға қатысты мандаттың осы түрі бойынша 2012 жылы жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижесі оң болды, үстеме кірістілік 1,66% құрады.
Мандаттардың түрлері бойынша жинақтау
қоржынының кірістілігі
Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша 2012 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 17 және 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 161 қаулыларымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жинақтау қоржынының активтерін валюталық әртараптандыруды тереңдету мақсатында евроның үлесін 35%-дан 28%-ға дейін азайту есебінен жаңа валюталарды - гонконг доллары (3%) мен сингапур долларын (2%), дат кронасын (2%) қосу туралы шешім қабылданған болатын.
Осылайша, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша эталондық қоржынның құрамы мынадай болды:
30% - Merrill Lynch US Treasuries (1-5 years);
28% - Merrill Lynch All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, Fl (1-5 years);
10% - Merrill Lynch UK Gilts (1-5 years);
10% - Merrill Lynch Japan Governments (1-5 years);
5% - Merrill Lynch Australian Governments (1-5 years);
5% - Merrill Lynch Canadian Governments (1-5 years):
5% - Merrill Lynch South Korean Government Index (1-5 years);
3% - Merrill Lynch Hong Kong Government Index (1-5 years):
2% - Merrill Lynch Singapore Government Index (1-5 years):
2%- Merrill Lynch Danish Government Index (1-5 years).
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларын таңдау процесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 162 және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы-мың "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 25 мамырдағы № 181 қаулылары қабылданды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау тәртібін жетілдіру мақсатында 2012 жылғы 8 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін конвертациялау және қайта конвертациялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы № 130 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының № 357 қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 247 және 2012 жылғы 26 қарашадағы № 341 қаулыларымен тиісінше Bank Sarasin&Cie AG жэне BSI SA "Жаһандық активті акциялар" мандаты бойынша және Pictet Asset Management "Жаһандық пассивті акция-лар" мандаты бойынша сыртқы басқарушылар бекітілген болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын кастодиандық орналастыруды әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 340 қаулысымен Euroclear Bank, Брюссель кастодиан банкі бекітілді.
2012 жылы теңгеге номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының талаптарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 794 217 мың теңгеге купондық сыйақы, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ облигациялары бойынша - 770 217 мың теңге, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ облигациялары бойынша -24 000 мың теңге алынды.
Халық арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде мына дай іс-шаралар жүзеге асырылды:
1) 2012 жылғы қыркүйекте күнделікті республикалық "Литер" газетінде Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану" деген тақырыппен мақаласы шықты;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2011 жылғы есеп және сыртқы аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2012 жылғы 16 мамырда № 242-243 (27317) "Егемен Қазақстан" және № 140 (26959) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтына орналастырылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылған.