Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1-тарау. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ағымдағы ахуалды талдау
2-тарау. Халықаралық тәжірибеге шолу
3-тарау. Азаматтық қоғам саласын дамыту пайымы
4-тарау. Тұжырымдамадан күтілетін нәтижелер
5-тарау. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін
Кіріспе
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қазіргі Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі ұйымдастыру және азаматтық қоғамды дамыту процестерін білдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды.
Еліміздің Негізгі Заңында Қазақстан халқы өзін еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғынады, ал Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады, онда азамат, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылықтар болып танылады.
Қазақстан саясатының негізгі қағидаттары - бұл қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, саяси және идеологиялық әралуандық, патриотизм және азаматтық белсенділік, қоғам мен мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешу.
Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының және Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, мақсаттары мен міндеттері саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау, азаматтық сана-сезімді дамыту, елдің одан әрі экономикалық өсуі, мемлекеттік бағдарламалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының негізінде әзірленді.
Қазақстанның тұрақтылығы мен демократиялық дамуының негізі ретінде сындарлы қоғамдық диалог құруға аса маңызды мән беріледі.
Тұжырымдама азаматтық қоғамды және оның институттарын дамыту, болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді, экономикалық бәсекелесіткті, пікір плюрализмін, азаматтық белсенділіктің түрлері мен әдістерінің әртүрлілігін ескере отырып, мемлекет пен қоғамның негізгі міндеттерін талқылауға және шешуге азаматтарды тарту үшін жағдай жасау жөніндегі шараларды айқындайды.
Азаматтық қоғам Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде жарияланған пікір білдіру және бейбіт жиналыстар өткізу еркіндігіне құқықтарды міндетті түрде сақтай отырып, құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және “халық үніне құлақ асатын” мемлекетті құру үшін негізгі базистердің бірі бола отырып, мемлекетпен және бизнеспен тең құқықты және сындарлы әріптестікке негізделуі тиіс.
Азаматтық қоғам демократия жағдайында ғана толыққанды қалыптасады және дамиды, ол мыналарды болжайды:
адами тұлға мәнінің артуы;
құқық үстемдігі;
азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сақтау және қорғау мүмкіндіктері мен тетіктерінің болуы;
жеке меншік базасындағы азаматтардың экономикалық дербестігі;
жеке тұлғалардың өзін-өзі таныту нысандарының алуан түрлілігі;
мемлекеттің азаматтар мен азаматтық қоғам ұйымдарының барынша мол санымен сындарлы өзара іс-қимылы.
Билік органдары мен азаматтық қоғам қызметі өзара толықтыратын сипатқа ие, бұл өзара іс-қимылдың жалпы қағидаттарына негізделген олардың ынтымақтастығын болжайды:
мемлекеттің қоғамдағы экономикалық, саяси және идеологиялық плюрализмді тануы;
мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын ең қымбат қазына деп тануы;
мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы; азаматтар мен олардың бірлестіктерінің өз мақсаттарын белгілеу, сондай-ақ конституциялық шеңберде өз қызметін басқару мәселелерінде құқықтарын құрметтеу; азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара міндеттері мен жауапкершілігінің болуы. Қоғамдық мүдделер пайдасындағы қызмет азаматтар бірлестіктерінен де, мемлекеттік органдар институттарынан да ашықтықты, жауапкершілікті және өз қызметі туралы және оны жүзеге асыруға жұмсалатын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп беруге дайын болуын талап етеді; қоғам мен мемлекеттің зорлық-зомбылық және заңсыз іс-әрекеттерді қолданудан өзара бас тартуы;
азаматтар бірлестіктері мен билік органдарының өзара тиімді ынтымақтастықты, мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді ескере отырып, міндеттерді болуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әріптестігі;
саяси тәуелсіздік, бостандық және азаматтық бастаманы бюджеттер мен жария сектор қорлары есебінен қолдау; заң аясында саяси сипаттағы шараларды шектеу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын өзара сақтау. Мемлекеттік органдардың азаматтар бірлестіктері қатарынан ынтымақтастық жөніндегі әріптестерді таңдауы, сондай-ақ оларды жария қызметтер көрсетуге тарту және азаматтар бірлестіктеріне өзге де міндеттерді беру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге ықпал ететін болады; өзара ынтымақтастық кезінде азаматтар бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың қызметін ұтымды және теңгерімді дамыту;
азаматтар бірлестіктері мен билік органдарының барлық азаматтар мен олардың бірлестіктерінің қоғамдық өмірге қатысуға қағидаттық теңдігі мен еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету;
әлеуметтік, этносаралык, конфессияаралық бейбітшілікке, әріптестік пен келісімге ұмтылу.
Осы қағидаттарды сақтау коғам мен биліктің өзара іс-қимылында жаңа тәсілдердің пайда болуын және бекітілуін шектемейді.
Жеткілікті күшті және тұрақты қоғамдық институттар болған кезде азаматтық қоғам мен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылы мүмкін болады.
Осыған байланысты осындай институттардың жұмыс істеуін жақсарту және оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туындайды. Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтық қоғамды дамытудың мынадай қағидаттарына негізделетін болады:
пікір білдіру, бейбіт жиналыстар өткізу және қауымдастықтар құру еркіндігіне құқықтарды сақтай отырып, өз таңдауы бойынша қоғамдық бірлестіктерді еркін құруға және азаматтық қоғам ұйымдарына қатысуға адам құқықтарын қам тамасыз ету;
азаматтардың пікір білдіру, бейбіт жиналыстар өткізу және қауымдастықтар құру еркіндігіне құқықтарын іске асыру кезінде азаматтық қоғам ұйымдарына белгіленуі мүмкін кез келген шектеулердің халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне сәйкестігі;
азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасауға ықпал ететін әкімшілік шаралар қабылдау кезінде мемлекеттің заңдылық пен әділдік қағидаттарына бейімділігі;
азаматтық қоғам ұйымдарының басқару және шешімдер қабылдау мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттің олардың қызметіне араласпауы (бұл ретте азаматтардың бірде-бір бірлестігі билік органдарымен өзара қарым-қатынаста барлық азаматтық қоғамның мүдделерін білдіре алмайтынын ескеру қажет);
азаматтық қоғам ұйымдарының стратегиялық инвестициялар түріндегі қызметін институционалдық қолдау үшін жағдайлар жасау;
азаматтық қоғам ұйымдарының мемлекеттік, жеке, шетелдік және халықаралық ұйымдар тарапынан болатын қаржылық қолдау көздеріне қосымша міндеттемелер қолданбастан еркін таңдау құқығын сақтау;
мемлекеттік органдар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қызметіне қоғамдық қатысу және ықпал ету тетіктерін күшейту және кеңейту;
заң шығару процесіне қоғамдық қатысу нысандарының алуан түрлілігін дамыту және елдің құқықтық саясатын жетілдіруге ықпалын кеңейту.
Осы негізін қалайтын қағидаттарды негізге ала отырып, осы Тұжырымдаманың мақсаттары азаматтық қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және тең құқықты әріптестік негізінде азаматтардың мемлекетпен әртүрлі нысандарда өзара іс-қимылының тиімді жолдарын қамтамасыз ету болып табылады.
1-тарау. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ағымдағы ахуалды талдау
Азаматтық қоғамды жеке тұлғалар, топтар, әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік және рухани, отбасылық қатынастар және индивидтер мен топтардың мүдделерін ескеретін, жеке және қоғамдық қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру үшін еркін және ерікті бірлестіктер, қауымдастықтар мен басқа да одақтар құратын әртүрлі әлеуметтік институттардың жиынтығы ретінде айқындауға болады.
Әртүрлі әлеуметтік топтар мен индивидтердің қажеттіліктері мен мүдделері азаматтық қоғамның саяси партиялар мен қозғалыстар, жергілікті қоғамдастықтар, кәсіптік одақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бірлестіктер, бизнес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшін көрсетілетін қызметтердің кең ауқымын іске асыратын қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі -ҮЕҰ) сияқты институттары арқылы көрінеді.
Мемлекеттік құрылымдардан айырмашылығы, азаматтық қоғамда сатылас емес, деңгейлес байланыстар оны құрайтын құрылымдар мен әртүрлі адамдардың топтары арасындағы қарым-қатынастар және әртүрлі үйлестіру нысандары, сондай-ақ бәсекелестік басым болады.
Азаматтық қоғамды айқындауға сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін толық қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды, еркін қалыптасатын қоғамдық пікірді, плюрализмді, әр азаматтың ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтай отырып, жалпыға бірдей ақпарат беруді жатқызуға болады.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрылымдық байланыстар қатарына біріктірілген, онсыз табысты өзара іс-қимыл жасай алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында негізі қаланған құқықтық мемлекет идеясының мәні азаматтық қоғам мен мемлекет тарапынан өзара басқаруды, мемлекет бостандығының арақатынасын қоғам мен жеке тұлғаның пайдасына өзгерте отырып, мемлекеттің билікке монополиясын төмендетуді болжайды.
Азаматтық қоғам базалық әлеуметтік бірлігі ретінде азаматтардан тұрады, олар әрқайсысын тәрбиелеу оны демократия құндылықтары жүйесіне енгізуді болжайды. Бұл жүйе қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы ретінде азаматтық қоғамның негізі болып табылады.
Азаматтық белсенділік - қоғамның демократиялық құрылымының маңызды құрамдас бөлігі. Мемлекеттік органдар азаматтардың қоғамдық белсенділігін қолайлы құқықтық ортаны құру, өз қызметі туралы халықты тұрақты хабардар ету, азаматтар мен түрлі қоғамдық бірлестіктерді қабылданған шешімдерді жоспарлауға және орындауға тарту арқылы қолдайды.
Азаматтардың бірлестіктері қоғамда әртүрлі пікірлер мен мүдделерді білдіру арналары болып табылады, олар арқылы азаматтар ақпарат алады және қабылданған шешімдер жөнінде өз пікірін білдіреді. Егер саяси шешімдер қабылдайтын адамдар жұртшылықпен диалог жүргізіп, көпшілік алдында талқылау процесінде енгізілген ұсыныстар деп есептелсе, нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім дәрежесі едәуір артады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуын көрсетеді және азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді жетілдіру, одан әрі әзірлеу және қабылдау үшін негіз болып табылады.
Азаматтардың бірлестіктері қоғамда әртүрлі пікірлер мен мүдделерді білдіру арналары болып табылады, олар арқылы азаматтар ақпарат алады және қабылданған шешімдер жөнінде өз пікірін білдіреді. Егер саяси шешімдер қабылдайтын адамдар жұртшылықпен диалог жүргізіп, көпшілік алдында талқылау процесінде еңгізілген ұсыныстар деп есептелсе, нәтижесінде азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім дәрежесі едәуір артады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы елдегі азаматтық қоғамның қалыптасуын көрсетеді және азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді жетілдіру, одан әрі әзірлеу және қабылдау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың негізгі көрсеткіші Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін енгізу болды, бұл кейіннен өсу қарқынымен осы көрсеткіштің жиынтық көріністе 574,8 млн теңгеден 20 млрд теңгеге дейін өсуіне алып, бұған мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру ықпал етті.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге қабылданған құқықтық саясат тұжырымдамасы демократиялық, құқықтық. зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде заң тұрғысынан құқықтық идеалогияны, құқықты (заңнаманы), заң практикасын жетілдіруге және Қазақстанның мемлекеттік егемендігін нығайтуға өз үлесін қосты.
“Қазақстан - 2050” Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” және “100 нақты қадам” Ұлт жоспары да үкіметтік емес секторды “қайта іске қосудың” өзектілігін көрсетті, азаматтық қоғам институттарымен жұмыс істеу үшін жаңа тәсілдер мен платформаларды қалыптастыру қажеттілігін айқындады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер салалық қағидатты енгізуге және бейінді мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қазақстандықтардың азаматтық белсенділігіне әсер етіп, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге мүдделілігін және қатысуға әзірлігін арттырды.
“Кәсіптік одақтар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы әлеуметтік диалог пен әріптестікті дамытуға жаңа серпін берді.
Үкіметтік емес сектордың әрі қарай даму бағыты Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 159 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарда белгіленген болатын.
“Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының Заңы және онымен өзара байланысты, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ақпаратқа қол жеткізу, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңдар пакеті қоғамдық кеңестер институтының құрылуын заңнамалық түрде бекітті және мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен және халықпен тиімді қайтымды байланысын қамтамасыз етті.
ҮЕҰ-ны гранттар мен сыйлықақылар түрінде қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу үкіметтік емес секторды әлеуметтік міндеттерді шешуде белсенді азаматтық қоғам институттарының бірі ретінде танудың нәтижесі болды, бұл азаматтық секторда жұмыспен қамтылған азаматтар санының артуына ықпал етті.
“Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысына сәйкес гранттық қаражат бөлу рәсімдерінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.
2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тәртібі заңнамалық түрде регламенттелді және стандарттар әзірленді. Алғаш рет мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларын жүзеге асыру нәтижелерін бағалау енгізілді.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасының жаңа жүйесін қалыптастыруға ықпал еткен “Волонтерлік қызмет туралы”, “Қайырымдылық туралы”, “Өзін-өзі реттеу туралы” Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.
VIII Азаматтық форумда азаматтық қоғамды дамыту тетіктерін жетілдіру жөнінде шешімдер әзірленді.
Президенттің “Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында қайтымды байланысты қалыптастыру үшін азаматтардың сындарлы сұрау салуларына жедел және тиімді ден қою моделі “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын енгізу қажеттігі атап өтілді. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” идеясы мемлекеттік аппараттың халықтың сұрау салуына сезімталдық шегін арттыруды, билік пен қоғам арасындағы коммуникациялардың үздік технологиялары мен практикаларын әзірлеуді көздейді.
Қазақстан 200-ден астам халықаралық конвенциялар мен көпжақты келісімдердің катысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше конвенцияға, атап айтқанда Қазақстан 1998 жылғы 29 маусымда қосылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға қатысты тәуелсіз мониторинг институты енгізілді. Азаматтық қоғамның мұндай келісімдердің (конвенциялардың) тәуелсіз мониторингіне қатысуы азаматтық сана-сезімді дамытудың пәрменді құралы болып табылады және Конвенцияның ұлттық деңгейде тиімді орындалуына мемлекетке қолдау көрсетеді.
Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы Күн тәртібін қолдады және 2019 жылғы шілдеде Нью-Иоркте өткен Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда осы Күн тәртібін іске асыру туралы алғашқы Ерікті ұлттық шолуды таныстырды.
Азаматтық қоғамның негізгі әріптестері Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қамқорлығымен ұйымдастырған ұлттық жұмыс топтарына, мемлекетаралық келіссөздерге қатыса алады.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен жұмыс құралының бірі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі - ҰҚСК) болды. ҰҚСК қоғамдық-саяси жаңғырту және көппартиялықты, саяси бәсекелестік пен елдегі пікірлердің плюрализмін одан әрі дамытуға арналған идеялардың қайнар көзі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 6 саяси партия, әртүрлі бағыттағы 22 763 ҮЕҰ, 18 конфессияның мүддесін білдіретін 3738 діни бірлестік, әртүрлі меншік нысанындағы 3494 БАҚ, 234 қоғамдық кеңес, 36 салалық және 19 аумақтық ұйымды қамтитын 3 ірі республикалық кәсіподақ бірлестігі ресми түрде тіркеліп, жұмыс істейді.
Өткен 2011-2019 жылдар аралығындағы кезеңде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
1) ҮЕҰ-ның сандық тұрғыдан өсуі қамтамасыз етілді, олардың әлеуметтік саясаты іске асыру қызметінің ауқымы кеңейді;
2) қоғамда ҮЕҰ-ның рөлін нығайту бойынша дәйекті және нақты шараларды жүзеге асырудың драйверіне айналған V, VI, VII және VIII Азаматтық форумдар өткізілді;
3) жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестер арқылы қоғамдық бақылау нысандары енгізілді;
4) көппартиялы Парламент жұмыс істейді;
5) азаматтардың мемлекеттік басқару саласында шешімдерін қабылдау процесіне қатысу тетіктері кеңейтілді;
6) “ашық және есеп беретін үкіметті” қалыптастырудың құқықтық негіздері қаланып, іске асырылды.
Сонымен бірге қоғамда бірқатар проблемалық мәселелер белгіленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында мемлекеттің экономикадағы рөлі мен үлесі біртіндеп қысқаратынын жариялады. Бүгінгі күні квазимемлекеттік сектормен бірге экономикадағы мемлекеттің үлес салмағы 60-80%-ға жетеді.
Экономикадағы осындай үрдісті ескере отырып, қазақстандықтардың белсенділігін арттыру және күшейту, туындайтын проблемаларды шешу үшін қоғамдық ықпал ету құралдарын ұсыну және пайдалану жөніндегі жұмыста азаматтық қоғам институттарының рөлі артады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта азаматтық қоғам институттары әлі әлсіз және қоғамдық мүдделер мен сұраныстарды толық көрсетпейді. Осыған байланысты азаматтық қоғам институттарының қызметін кеңейту және рөлін күшейту қажеттігі туындайды.
Өзге де проблемалардың арасынан мыналарды атауға болады:
азаматтық қоғам институттарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының жетілдірілмеуі;
үкіметтік емее сектордың елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін есепке алу жүйесінің болмауы;
халықтың волонтерлік қозғалыстың дамуына және үкіметтік емес сектордың қызметіне тартылуының төмен болуы;
азаматтық қоғам институттарына сенім деңгейінің төмен болуы;
азаматтық қоғам институттарын проблемаларды шешуге тарту бойынша мемлекеттік органдардың жеткілікті түрде жұмыс істемеуі;
ҮЕҰ-ның мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігі, қаражаттың түсу көздерін әртараптандырудың болмауы;
үшінші сектор ұйымдары арасында мемлекеттік қаржыландыруға қол жеткізу үшін бәсекелестіктің жоғары болуы;
халықтың сұрау салулары мен қаражатты нысаналы болу арасында үйлестірудің нашар болуы;
үкіметтік емес сектор ұйымдарындағы кадр тапшылығы;
қайырымдылық институтының жеткілікті түрде дамымауы;
үшінші сектордың транспаренттілігінің төмен деңгейі;
азаматтық қоғамға қатысушылар арасындағы әріптестіктің жеткілікті түрде дамымауы;
халықаралық алаңдарда қазақстандық азаматтық қоғам институттарының өкілдігінің әлсіз болуы.
Бұл ретте соңғы уақытта төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамудың парадигмалары ауыстырылғанын атап өту қажет. Алайда әлемдік мейнстрим - бұл адами капиталдың мөлшерлемесі. Өз сұраныстары, қарапайым өмірлік үміттері, армандары, практикалары бар адам, тұтастай алғанда мемлекеттің инклюзивті экономикалық дамуының негізгі бөлігін құрайды.
2) қоғамда ҮЕҰ-ның рөлін нығайту бойынша дәйекті және нақты шараларды жүзеге асырудың драйверіне айналған V, VI, VII және VIII Азаматтық форумдар өткізілді;
3) жергілікті жерлерде қоғамдық кеңестер арқылы қоғамдық бақылау нысандары енгізілді;
4) көппартиялы Парламент жұмыс істейді;
5) азаматтардың мемлекеттік басқару саласында шешімдерін қабылдау процесіне қатысу тетіктері кеңейтілді;
6) “ашық және есеп беретін үкіметті” қалыптастырудың құқықтық негіздері қаланып, іске асырылды.
Сонымен бірге қоғамда бірқатар проблемалық мәселелер белгіленді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында мемлекеттің экономикадағы рөлі мен үлесі біртіндеп қысқаратынын жариялады. Бүгінгі күні квазимемлекеттік сектормен бірге экономикадағы мемлекеттің үлес салмағы 60-80%-ға жетеді.
Экономикадағы осындай үрдісті ескере отырып, қазақстандықтардың белсенділігін арттыру және күшейту, туындайтын проблемаларды шешу үшін қоғамдық ықпал ету құралдарын ұсыну және пайдалану жөніндегі жұмыста азаматтық қоғам институттарының рөлі артады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта азаматтық қоғам институттары әлі әлсіз және қоғамдық мүдделер мен сұраныстарды толық көрсетпейді. Осыған байланысты азаматтық қоғам институттарының қызметін кеңейту және рөлін күшейту қажеттігі туындайды.
Өзге де проблемалардың арасынан мыналарды атауға болады:
азаматтық қоғам институттарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының жетілдірілмеуі;
үкіметтік емес сектордың елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесін есепке алу жүйесінің болмауы;
халықтың волонтерлік қозғалыстың дамуына және үкіметтік емес сектордың қызметіне тартылуының томен болуы;
азаматтық қоғам институттарына сенім деңгейінің төмен болуы;
азаматтық коғам институттарын проблемаларды шешуге тарту бойынша мемлекеттік органдардың жеткілікті түрде жұмыс істемеуі;
ҮЕҰ-ның мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігі, қаражаттың түсу көздерін әртараптандырудың болмауы;
үшінші сектор ұйымдары арасында мемлекеттік қаржыландыруға қол жеткізу үшін бәсекелестіктің жоғары болуы;
халықтың сұрау салулары мен қаражатты нысаналы болу арасында үйлестірудің нашар болуы;
үкіметтік емес сектор ұйымдарындағы кадр тапшылығы;
қайырымдылық институтының жеткілікті түрде дамымауы;
үшінші сектордың транспаренттілігінің төмен деңгейі;
азаматтық қоғамға қатысушылар арасындағы әріптестіктің жеткілікті түрде дамымауы;
халықаралық алаңдарда қазақстандық азаматтық қоғам институттарының өкілдігінің әлсіз болуы.
Бұл ретте соңғы уақытта төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамудың парадигмалары ауыстырылғанын атап өту қажет. Алайда әлемдік мейнстрим - бұл адами капиталдың мөлшерлемесі. Өз сұрныстары, қарапайым өмірлік үміттері, армандары, практикалары бар адам, тұтастай алғанда мемлекеттің инклюзивті экономикалық дамуының негізгі бөлігін құрайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында адамдардың жаңа дағдылары мен қабілеттерін дамыту - Қазақстанды “дамыған отыз елдің” қатарына одан әрі ілгерілету үшін аса маңызды міндет деп белгіленген.
Мұндай жағдайларда азаматтық қоғам қайта құрылып, тұрақты жаңа технологияларды енгізетін және пайдаланатын, ал азаматтар - жаңа құзыреттерді алатын болады.
Азаматтық қоғамның дәстүрлі институттары, келісу мен мақұлдаудың ресми рәсімдерінен өтпей-ақ, адамдардың басым көпшілігіне ықпал еге алатын және жұмылдыра алатын шағын бастамашылық топтар, тіпті трендтерді қалыптастыратын жеке адамдар трендсеттерлер (пікір көшбасшылары) сияқты жаңа жағдайларға бейімделеді.
Сондықтан дәстүрлі институттарда пәрменді және жедел шешімдер қабылдау үшін қажетті халықпен тиісінше қайтымды байланысты ұйымдастыруда қиындықтар туындайды. Бұл өмір жағдайларын шешуде халық үшін ашықтықты қамтамасыз етуге және кедергілерді алып тастауға бағытталған практикаларды, тетіктерді және заңнаманы жетілдіру қажеттігін талап ететін жалпы әлемдік үрдіс екенін атап өткен жөн. Азаматтық институттардың трендсеттермен жүйелі жұмысы және әртүрлі мақсатты аудиториялар шеңберінде оларды анықтау үшін тиісті құралдардың болуы талап етіледі. Көптеген саясаттанушылар толыққанды азаматтық қоғамның пайда болуы мен жұмыс істеуі үшін азаматтардың жеке меншік және пәрменді әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелері негізінде экономикалық дербестігі қажет екенін атап өтті. Қазақстанда шынайы азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық базаны одан әрі нығайту және кеңейту қажет.
Күшті орта сынып, қоғамдық-саяси өмірде белсенді жастар, шағын бастамашылық топтарды, трендсеттерлерді (түрлі пікір көшбасшыларының) қолдау, волонтерлер мен бей-жай емес азаматтардың әлеуметтік белсенділігі қоғамдық өмірде кейбір “оқырау тұрақтылығын” еңсеруге мүмкіндік береді және Қазақстанда нағыз азаматтық қоғамның пайда болуына өз алдына кепіл болады.
Жалпы әлемдік үрдістер негізінде аталған Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға қоғамдық қатысу жүйесін дамытуды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге жәрдемдесуді, мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әріптестік жүйесін нығайтуды, азаматтық қоғамның тұрақтылығын арттыруды, сондай-ақ оның одан әрі саяси трансформация мен жаңғыртуды көздейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында адамдардың жаңа дағдылары мен қабілеттерін дамыту - Қазақстанды “дамыған отыз елдің” қатарыпа одан әрі ілгерілету үшін аса маңызды міндет деп белгіленген.
Мұндай жағдайларда азаматтық қоғам қайта құрылып, тұрақты жаңа технологияларды енгізетін және пайдаланатын, ал азаматтар - жаңа құзыреттерді алатын болады.
Азаматтық қоғамның дәстүрлі институттары, келісу мен мақұлдаудың ресми рәсімдерінен өтпей-ақ, адамдардың басым көпшілігіне ықпал еге алатын және жұмылдыра алатын шағын бастамашылық топтар, тіпті трендтерді қалыптастыратын жеке адамдар трендсеттерлер (пікір көшбасшылары) сияқты жаңа жағдайларға бейімделеді.
Сондықтан дәстүрлі институттарда пәрменді және жедел шешімдер қабылдау үшін қажетті халықпен тиісінше қайтымды байланысты ұйымдастыруда қиындықтар туындайды. Бұл өмір жағдайларын шешуде халық үшін ашықтықты қамтамасыз етуге және кедергілерді алып тастауға бағытталған практикаларды, тетіктерді және заңнаманы жетілдіру қажеттігін талап ететін жалпы әлемдік үрдіс екенін атап өткен жөн. Азаматтық институттардың трендсеттермен жүйелі жұмысы және әртүрлі мақсатты аудиториялар шеңберінде оларды анықтау үшін тиісті құралдардың болуы талап етіледі. Көптеген саясаттанушылар толыққанды азаматтық қоғамның пайда болуы мен жұмыс істеуі үшін азаматтардың жеке меншік және пәрменді әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелері негізінде экономикалық дербестігі қажет екенін атап өтті. Қазақстанда шынайы азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық базаны одан әрі нығайту және кеңейту қажет.
Күшті орта сынып, қоғамдық-саяси өмірде белсенді жастар, шағын бастамашылық топтарды, трендсеттерлерді (түрлі пікір көшбасшыларының) қолдау, волонтерлер мен бей-жай емес азаматтардың әлеуметтік белсенділігі қоғамдық өмірде кейбір “оқырау тұрақтылығын” еңсеруге мүмкіндік береді және Қазақстанда нағыз азаматтық қоғамның пайда болуына өз алдына кепіл болады.
Жалпы әлемдік үрдістер негізінде аталған Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға қоғамдық қатысу жүйесін дамытуды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге жәрдемдесуді, мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әріптестік жүйесін нығайтуды, азаматтық қоғамның тұрақтылығын арттыруды, сондай-ақ оның одан әрі саяси трансформация мен жаңғыртуды көздейді.
2-тарау. Халықаралық тәжірибеге шолу
Халықаралық тәжірибені талдау азаматтық қоғам ұғымының ортақ белгілерін көрсетеді және іс жүзінде жетекші халықаралық ұйымдардың анықтамаларынан айырмашылығы жоқ.
Мысалы, Дүниежүзілік Банк қоғамдық өмірге қатысатын, өз мүшелерінің немесе өзге де адамдардың мүдделері мен құндылықтарын білдіретін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың немесе бұл ретте этикалық, мәдени, саяси, ғылыми, діни немесе филантропиялық пайымдауларды басшылыққа алатын өзге де адамдардың кең спектрін белгілеу үшін “азаматтық қоғам ұйымдары” терминін пайдаланады.
Экономикалық ЬІнтымақтастық және Даму Ұйымы азаматтық қоғам ұйымдарына ұқсас анықтаманы береді: бұл “қоғам оның айналасында өз еркімен өзін-өзі ұйымдастыратын және мүдделер мен байланыстардың кең ауқымын білдіретін көптеген қауымдастықтар. Олар қоғамдық ұйымдарды, байырғы халықтардың ұйымдарын және үкіметтік емес ұйымдарды қамтуы мүмкін”.
Демократиялық процестер әлемдік практикада негізгі рөлі азаматтық қоғамға тиесілі мемлекеттік құрылыстың орнықты моделдерінің сипатына ие болады.
2.1. Қоғамдық шартты қабылдау
Азаматтық қоғамның әлемдік практикадағы жұмыс істеуінің басты өлшемшарты қоғамда және мемлекетте өмір сұру сапасын арттыру, саясат, экономика, құқық, мәдениет саласында күш жұмсай отырын, жұртшылықты мемлекеттік құрылымдарды белсенді түрде қолдауға қозғау салу үшін мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестікті бекітетін қоғамдық шартты қабылдау болып табылады. Бұл әріптестік өзара түсіністікті, сенімді және екі әріптес үшін тең жағдайды сипаттауы тиіс. Мұндай әріптестікке қол жеткізу және мемлекеттік органдар халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін өз іс-қимылдарын азаматтық қоғаммен келісуі тиіс.
Үкімет пен үшінші сектор ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынасты жүйелі түрде түсіну және қалыптастыру қажеттілігі әлемнің көптеген елдерінде, сондай-ақ БҰҰ мен Еуроодақ сияқты ірі халықаралық ұйымдарда саналы түрде сезілді.
Осындай қабылдау шеңберінде Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Корольдігінде коммерциялық емес сектор мен үкімет арасындағы бас келісімдерге (шарттарға) қол қойылды. онда қазіргі заманғы демократиялық қоғам үшін үшінші сектордың рөлі мен маңыздылығының жалпы ұғымы белгіленген. Эстония Республикасында шартты парламент “Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы” ретінде қабылдады. Хорватия Республикасында шарт Үкімет пен үкіметтік емес коммерциялық емес сектор арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының нысанын қабылдады. Канадада екі бас сектор арасындағы өзара қарым-қатынас реформасы “Бірлескен дөңгелек үстел” атты құжат нысанында берілген.
Аталған құжаттар мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы өзара қарым-қатынастарды трансформациялау үшін негіз болады.
Тұтастай алғанда, азаматтар мен биліктің өзара іс-қимыл жасауының шетелдік тәжірибесі жан-жақты қамтылған құжаттарды (шарттар, тұжырымдамалар, ынтымақтастық бағдарламалары, бірлескен дөңгелек үстелдер және басқалар) қабылдаудан басқа, билік пен қоғам арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың әртүрлі нысаны пайдаланылатынын көрсетеді.
Мысалы, Эстонияның Азаматтық қоғамын дамыту тұжырымдамасында мынадай қағидаттар көзделген:
1) азаматтық бастаманы және қатысу демократиясын дамыту;
2) ерікті қызметті азамат болмысының маңызды компоненті ретінде бағалау;
3) азаматтардың экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен міндеттерін терең зерделеуді және ұстануды дамыту;
4) азаматтардың өз отбасылары, отандастары, туған өлкесі, мемлекет және бүкіл әлем алдында жауапкершілік сезімін дамыту;
5) азаматтардың бірлестіктері мен жария билік арасындағы ынтымақтастық негізінде жатқан құндылықтар мен қағидаттарды ұғыну және өзара міндеттердің, құқықтар мен қызмет басымдықтарының аражігін ажырату;
6) демократияны дамытудың міндетті шарты ретінде азаматтар бірлестіктерінің жұмыс істеуі мен нығаюы үшін қолайлы орта құру;
7) азаматтық бастаманы қолдау жүйесін дамыту;
8) мемлекеттік мекемелер мен азаматтар және олардың бірлестіктері арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ететін ынтымақтастық пен білімнің дәстүрлі әдет-ғұрыптарын тарату;
9) азаматтарды және олардың бірлестіктерін саяси тұжырымдамалар мен құқықтық актілерді әзірлеу, жасау және талдау процесіне кеңінен тарту және бұл үшін қажетті ақпарат арналары мен тетіктерді дамыту;
10) қоғамдық өмірді орнықтыру кезінде азаматтар мен олардың бірлестіктерінің ерекше мүдделері мен жеткілікті түрде ұсынылмаған немесе қоғамда жеткілікті түрде танылмаған қажеттіліктерін тану және назарға алу;
11) коммерциялық секторды тарта отырып, қайырымдылық пен филантропияға ықпал ететін ортаны құру.
2.2. Қоғамдық қатысу
“Халық үніне құлақ асатын үкімет” моделін табысты енгізу мысалдарының бірі Польша Республикасы болып табылады, онда жергілікті деңгейде халықты, әлеуметтік осал топтар мен белсенді азаматтарды тарта отырып, инклюзивті жоспарлау қағидаты енгізілген. Биліктің орталық органдары өз функцияларын неғұрлым төмен деңгейге беру нәтижесінде стратегиялық мәселелерге шоғырланған. Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі өзгертілді: тәуелсіз бюджеттер құрылды және жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде қаржы саясатын жүргізу үшін жауапкершілік енгізілді.
АҚШ-та республикалық үкіметтің жұмысы елдің азаматтары көптеген саяси аспектілерді бақылайтын өзін-өзі басқару қағидаттарына негізделген. Өзін-өзі басқару органдары сыртқы мемлекеттік бақылаудан немесе сыртқы саяси ықпалдан бос болады.
2.3. Азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен өзара іс-қимылы
Әлемдік практикада проблемалық атаулы ортада еркін араласатын “буферлік операторларды” құру әдістері кеңінен пайдаланылады. Бұл - үкімет құрған және қаржыландыратын, қаржы бойынша оған есеп беретін, бірақ өз қызметінде тәуелсіз квазиүкіметтік емес ұйымдар.
Мемлекеттік органдар функцияларының бір бөлігін іске асыратын үкіметтік емес атқарушы ұйымдар бөлінуде. Атқарушы-әкімшілік ҮЕҰ, сот, мониторинг бойынша консультативтік кеңестер бар.
Ұлыбританияда шамамен осындай 560 ұйым бар деп саналады.
Бұл жүйе 1990 жылдары қалыптасты және жетілдіруді жалғастыруда. Халықтың сезімтал жіктерінің немесе тәуекел топтарының әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған “қоғамдық ықпалы бар бондтар жүйесі” (SIB – Sосіаl Impact) жұмыс істейді.
Мемлекеттік орган ерекше әлеуметтік көрсетілетін қызметке ақы төлеу бойынша бонд шығарады (мысалы, жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігінің төмендеуі). Қызмет көрсетуші инвесторды жұмысқа тартады және оны іске асыруды қамтамасыз етеді. Нәтижеге табысты қол жеткізілген жағдайда, бонд бойынша төлем жүргізіледі.
“Қоғамдастық органайзерлері” бағдарламасы іске асырылуда. Оның мақсаты жергілікті қоғамдастықтардың өз-өзін ұйымдастыру және басқаруын қалыптастыру. Мемлекеттік қаржыландыру кезінде бағдарламаны “Locality” қоғамдық ұйымы іске асырады. Шын мәнінде, аталған ҮЕҮ өңірлік нақты саясатты жүргізу жөніндегі өкілеттікке не болды.
Мемлекет неғұрлым беделді ҮЕҰ-мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде стратегиялық әріптестік практикасы пайдаланылады. Стратегиялық әріптестерді мемлекеттік қаржыландыру жаппай әлеуметтік іс-шаралар, тақырыптық конференциялар мен керекті зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
АҚШ-та үкіметтік оператор-агенттіктер мемлекетпен байланысты емес ҮЕҰ арасында нақты өкілеттіктерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді.
Мұндай ірі оператор Мемлекеттік және муниципалдық қызмет корпорациясы болып табылады. Ол Үкіметтің “Ameri Cops”, “Sеnіоr Соrрs” және “Learn and Serve America” бағдарламалары шеңберінде ҮЕҰ-ны шоғырландырады.
Сингапурда “Voluntary welfare organizations” ерікті қайырымдылық ұйымдары мемлекеттің әлеуметтік функцияларды беру құралы болып табылады. Сингапурда барлығы 425 ерікті қайырымдылық ұйымы бар, олардың қызмет бағыттары әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек және құқықтық қызметтерге шоғырланған. Қарттар үйлері, балалар үйлері, психиатриялық емханалар ерікті қайырымдылық ұйымдарының қамқорлығында.
2.4. Азаматтық қоғамды дамыту индекстерінің халықаралық стандарттарын, қағидаттары мен өлшем-шарттарын қолдану
Әлемде азаматтық қоғамның дамуын бағалау құралдары мен индекстерін қолданатын азаматтық коғам бірлестіктері бар. Қазақстанда осы тетіктерді енгізу азаматтық коғамның тиімді моделін құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттары өз қызметінде Азаматтық қоғам ұйымдарына арналған әдеп және мінез-құлық кодексінің (“Тһе Соdе of Ethics and Соnduct for NGОs”) белгілі бір қағидаттарын басшылыққа алады және оларды ұстанатындығын дәлелдеуге ұмтылады.
2.5. Азаматтық қоғамды дамытудың қазіргі заманғы трендтері
Бүгінгі күні азаматтық қоғамды дамытудың жаһандық трендтерінің бірқатар тұрақты үрдістері бар екенін халықаралық тәжірибе көрсетуде.
1. Халықаралық деңгейде азаматтық қоғам институттарына сенім деңгейі өсуде әрі олардың мемлекеттік және корпоративтік секторларда басқарушылық шешімдерді қабылдауға ықпал ету деңгейі артуда. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамы бойынша перспективада халықтың мемлекеттік мекемелер мен ірі корпорацияларға сенім деңгейі мен азаматтық қоғам институттарының халықтың санасына әсер ету деңгейі арасындағы алшақтық ұлғаятын болады.
2. Азаматтық қоғам институттары 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға және оны іске асыруға қатысады. Бүгінгі күні тұрақты құрылымы бар халықаралық ҮЕҰ ресми консультативтік процестерге, G20 және БҰҰ сессиясы сияқты көпжақты форумдарға белсенді қатысады.
Мысалы, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік Банк тобының жыл сайынғы кеңестері барысында азаматтық қоғамның саясат мәселелері бойынша жеке Форум өткізіледі. Онда әлемдік экономиканың перспективалары, жаһандық қаржылық тұрақтылық, жұмыспен қамту және кедейлікті жою мәселелері талқыланады.
3. Интернетке, әлеуметтік желілерге және мобильді телефон технологияларына қол жеткізуді кеңейтудің аркасында адам тұлғасының күші виртуалды азамат ретінде өсуде. Әлеуметтік желілердің ауқымы жеке адамның немесе адамдар тобының азаматтық ұстанымын білдіру парадигмасын өзгертті. Азаматтық қоғамның дәстүрлі институттары жаңа желілік әлеуметтік институттармен халықтың пікірін білдіруге арналған монополияны иелену құқығы үшін бәсекелеседі.
4. Ел үкіметтері азаматтық қоғамды құруға емес, әлеуметтік бірлікті дамытуға міндеттер қояды, бүл халықтың өз тыныс-тіршілігінің өзекті проблемаларын шешуге, әлеуметтік оқшаулау мен әлеуметтік дезинтеграцияны (кедейшілік, баспанасыздық, жетімдік және т.б.) еңсеруге белсенді қатысуын көздейді.
5. Ірі бизнес пен блокчейн технологиялары кейбір мемлекеттік институттарды алмастыра алады және шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ете отырып, күрделі әлеуметтік проблемалар бойынша шешім қабылдауға оң ықпал ете алады.
Коммерциялық және инвестициялық қаржы компаниясы “JPMorgan” таяу онжылдықта бизнес-қоғамдастыққа әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 триллион долларға дейін қаржы салады деп болжауда.
Қазақстан әлемдік трендтермен бір бағытта келе жатыр. Қоғамда азаматтардың әлеуметтік белсенділігі тұтастай алғанда адамдар мен мемлекеттің күнделікті өміріне көбірек әсер етеді деген түсінік бар. Азаматтық қоғам жаңа трансформацияның жолсерігі бола алады және болуы тиіс. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында біртіндеп жеке адамның және бүкіл елдің өміріне кіретін мынадай қағидаттық өзгерістер енгізілген:
“тек өзімнің және өзіме жақын ортамның қамын ойлаймын” деген көзқарастан - қалаға және елге қамқорлық жасайтын “жауапты азамат”;
жас ұрпақтың еліктеуі үшін іріктелген үлгілерден - өмірдің барлық салаларындағы рөлдік модельдер;
шетелдік мәдениетті ішінара қабылдаудан - елде де, одан тыс жерлерде де ұлттық мәдениеттің рөлін тану және ілгерілету;
Қазақстанның полиэтникалық азаматтарынан - азаматтық бірлік негізінде күшті азаматтық қоғам және азаматтық ұқсастық негізіндегі бірегей ұлт болмақ.
3-тарау. Азаматтық қоғам саласын дамыту пайымы
Азаматтық қоғам саласының пайымы азаматтық қоғамның:
қоғам мен мемлекет арасындағы өзара тиімді диалогты қамтамасыз етуі;
мемлекеттік басқару мен қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру үшін кері байланыс тетігін қамтамасыз етуі;
мемлекеттің басқару органдарының есеп беруі мен қызметінің ашықтығы жағдайында шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасауы болып табылады.
Бұл пайымға қол жеткізу үшін азаматтық белсенділікті дамытуға, мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешімдер қабылдау процесіне қатысу деңгейін арттыруға, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайтуға және азаматтық қоғамды Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру процесіне тартуға бағытталған міндеттерді шешу қажет.
Тұжырымдаманың негізгі міндеттері: азаматтық қоғамды және оның институттарын, оның ішінде қоғамдық-саяси саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту;
азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешімдер қабылдау процесіне және мемлекеттік істерді басқаруға қатысу деңгейін арттыру;
азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту;
азаматтық қоғамды Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау процесіне тарту.
1-міндет. Азаматтық қоғамды және оның институттарын, оның ішінде қоғамдық-саяси салада дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
1.1. Азаматтық қоғамды дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздерді жетілдіру
Кіші міндет шеңберінде мынадай шаралар қабылданатын болады:
“Коммерциялық емес ұйымдар туралы”, оның ішінде "Қоғамдық бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бейресми ұйымдарды құру мүмкіндігін және олардың қызметін қамтамасыз ету, қоғамдық ұйымдарды тіркеуге қойылатын талаптарды азайту (азаматтық қоғам мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелерінде мемлекеттің негізгі әріптесі болып табылады, ал коммерциялық емес ұйымдар азаматтық белсенділіктің институционалдық нысандары ретінде қоғам мен мемлекет арасындағы өзара тиімді диалогты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді);
азаматтық коғамды заңнамалық бастамаларды талқылау процесіне тартуға бағдарланған норма түзушілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған қосымша шаралар қабылдау (осы процесте азаматтық қоғам институттарының құқықтық актілер тұжырымдамаларын дайындау, олардың жобаларын әзірлеу және қабылдау сатыларына қатысуы қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және азаматтарды заңнаманы жетілдіру процесіне жақындатуға мүмкіндік береді);
азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде қоғамдық кеңестердің, жұмыс топтарының, консультативтік-кеңесші құрылымдардың және қайтымды байланыс түрлерінің басқа да арналарының шешімдер қабылдауға қатысу нысандары мен рәсімдерін жетілдіру.
2-міндет. Азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту
2.1. Азаматтық белсенділікті қолдау
Әлемдік практикада мемлекеттің дамуының жетекші ресурстарының бірі адами және әлеуметтік капитал болып табылады, оның негізін адамдар, сондай-ақ олардың әлеуеті мен даму мүмкіндіктері құрайды.
Аталған кіші міндет шеңберінде әртүрлі, оның ішінде волонтерлік және қайырымдылық сияқты нысандар арқылы қоғамда азаматтық белсенділікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет. Бұдан басқа, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қозғайтын және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеудің іргетасы болатын көптеген азаматтық бастаманы дамытуды ынталандыру жөніндегі ауқымды және жүйелі жұмысты ұйымдастыру қажет.
Мынадай шаралар қабылданатын болады:
азаматтарды волонтерлік қызмет практикасына тарту үшін құрылған тиімді тетіктер мен қолайлы жағдайлардың жұмыс істеуі арқылы елдегі волонтерлікті жүйелі дамытуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру. Ол үшін азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын жандандыру, оларды күнделікті жақсы істер жасау практикасына тартуға ықпал ету қажет. Волонтерлік қызметті одан әрі жүйелі дамыту және әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтарда волонтерлік мәдениетті нығайту үшін Волонтер жылы шеңберінде ұйымдастырылған шараларды іске асыруды жалғастыру. Халық үшін волонтерлік көрсетілетін қызметтердің тартымдылығын арттыру мақсатында азаматтарды салалық волонтерлікті дамытуға, волонтерлік қызметтің нақты кейстерін жасауға тарту моделін ілгерілету практикасын жалғастыру. Волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру, оның ішінде Қазақстан азаматтарының БҮҰ сессияларының жұмысына қатысуын жандандыру;
қайырымдылық қызметке қатысатын ұйымдар, бизнес - құрылымдар мен азаматтарға қатысты әлеуметтік және экономикалық шаралар қабылдау жолымен қайырымдылықты ынталандыру. Қайырымдылық мәдениетін - атаулы көмектен гранттарды бөлуге көмек көрсетуді трансформациялау бойынша жұмыс жүргізу. Халық арасында қайырымдылық мәдениетін дамыту және кеңінен таныту үшін ынталандырулар енгізу. Әлеумеітік азаматтық бастамаларды қолдау үшін жергілікті қайырымдылық қорларын құру және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу.
2.2. Азаматтық белсенділікті дамыту
Бұл бағыт мыналарды:
тиісті заңнамалық реттеуді және осындай бастамаларды дамыту мен жүзеге асыру үшін қажетті басқа да қолайлы жағдайлар жасау жолымен азаматтардың формальды және бейресми азаматтық бастамаларға қатысуы арқылы олардың өзін-өзі таныту үшін мүмкіндіктерді кеңейту;
азаматтарды “тек өзімнің және өзіме жақын ортамның қамын ойлаймын” деген көзқарастан өзі тұратын жері мен еліне қамқорлық жасайтын өзін “жауапты азамат” ретінде сезінуге қайта бағдарлау үшін жағдай жасау (“жауапты азамат” идеологиясы азаматтарды түрлі деңгейдегі бюджеттердің жұмсалуын бақылауға одан әрі қатыса алатын жауапты салық төлеушілерді тәрбиелеуге бағытталатын болады);
азаматтарды құқықтық ағарту жүйесін енгізу, бұл олардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды кеңейтеді;
азаматтық қоғамды дамытуда және құқықтық мәдениетті қалыптастыруда техникалық және кәсіптік білім ұйымдарын осы жұмысқа тарту, сондай-ақ студент жастардың қоғамдық өмірге белсене қатысуын арттыру арқылы жоғары оқу орындарының рөлін арттыру;
жергілікті қоғамдастықтың мүдделері мен қажеттіліктерін бағалау негізінде ауылдық/қалалық аумақтарды инклюзивті жоспарлау тәсілдерін енгізу.
Азаматтық қоғамды ұйымдастырудың үлгісі ретінде жергілікті қоғамдастықтарды (соmmunity-орталықтар) дамыту үшін жағдай жасау. Жергілікті жерлерде маңызды мәселелерді шешуге азаматтарды белсенді тарту. ҮЕҰ-ның өмір сапасының жоғары стандарттарын ілгерілетудегі барынша рөлін арттыру (хабардар ету, халыққа консультация беру, азаматтарды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға тарту).
3-міндет. Азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешімдер қабылдау процесіне және мемлекеттік істерді басқаруға қатысу деңгейін арттыру
3.1. Азаматтық бақылау жүйесін құру
Ресми де, бейресми де азаматтық қоғам ұйымдары мемлекеттік істерді басқару процестеріне қатыса отырып, өз күш-жігерін қоғамдық проблемаларды шешуге, әлеуметтік шиеленісті жоюға, ресурстар мен әлеуметтік көмекті инклюзивті бөлуге, ел халқының нысаналы топтарымен байланысты кеңейтуге бағыттай отырып, Қазақстанның қоғамдық өмірінде белгілі бір орын алады.
Билік органдарының, ҮЕҰ-ның және басқа да қоғамдық бірлестіктердің алдында азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру және олардың шешімдер қабылдауға және мемлекеттік істерді басқаруға, тұтастай алғанда, әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы проблемаларды шешуге ықпалын күшейту міндеті тұр.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін жағдай жасайтын бірқатар өзгерістерді жүзеге асыру, адами капиталдың мүмкіндіктерін пайдалануға көзқарасты түбегейлі қайта қарау және саясатты жетілдірудегі, экономиканы дамытудағы, құқықтық жүйені нығайтудағы, қоғамның мәдениетін қалыптастырудағы және мемлекеттегі басқару процесін жақсартудағы оның рөлі мен маңызын арттыру қажет.
Баяндалғандар тұрғысынан мынадай шаралар әзірленетін және іске асырылатын болады: азаматтық бақылау тетіктерін күшейту, қоғамдық тыңдаулар регламентін енгізу, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына азаматтық мониторинг және бақылау жүйесін енгізу, азаматтық қоғам өкілдерінің рөлін күшейту және квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарының директорлар кеңесінің құрамына және мемлекет міндеттемелерінің тәуелсіз мониторингіне қатысуы. Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу.
1. Азаматтық қоғамның түрлі институттары, сондай-ақ қоғамдық кеңестер арқылы азаматтық бақылау тетіктерін күшейту. Қазіргі уақытта конкурстық іріктеу тетіктері қоғамдық кеңестердің құрамына енгізілді, қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі мәселе шешілді. Қоғамдық кеңестер билік органдарының халықпен қайтымды байланысының тиімді тетіктерінің біріне айналады.
2. Халықаралық стандарттар мен ұсынымдар негізінде қоғамдық тыңдаулар регламентін енгізу арқылы қоғамдық тыңдаулар институттарын дамыту және нығайту (мысалы, "Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы” БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының конвенциясында көрсетілген мысал бойынша).
Қоғамдық тыңдаулар институты азаматтардың мүдделерін қозғайтын мәселелерді талқылауға, халықты толғандыратын басқа да, оның ішінде әрбір адамның құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне қатысты заңнамалық актілер бойынша өзекті мәселелерді шешуге белсенді және инклюзивті қатысуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
3. Жұртшылықтың кеңінен қатысуымен бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына азаматтық мониторинг және бақылау жүйесін мына:
1) нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жұртшылық пен сарапшылар қоғамдастығы тартылатын болады;
2) полицияны қоса алғанда, тұрақты негізде мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық мониторинг нысанында қоғамдық бақылауды және олардың нәтижелері бойынша кейіннен есептерді жүргізу.
4. Мемлекеттік активтерді басқару жөнінде шешімдер қабылдау процесінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындары директорлар кеңестерінің құрамына азаматтық қоғам өкілдерінің қатысу рөлін арттыру.
5. Азаматтық қоғам өкілдерінің халықаралық конвенциялар мен көпжақты келісімдерді ратификациялау шеңберінде қабылданған мемлекет міндеттемелерінің тәуелсіз мониторингісіне қатысуын қамтамасыз ету.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына азаматтық қоғамның түрлі институттарының мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысуын, қаржыландыру мен өзге де ресурстарға қол жеткізуін, сондай-ақ халықтың алдында есеп беру процесіне қатысуын қамтамасыз ететін құқықтар мен міндеттемелерді бекітетін өзгерістер енгізу.
3.2. Азаматтармен өзара іс-қимылдың цифрлық тетіктерін дамыту
Осы міндетті шешу үшін азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының түрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне қатысуының цифрлық тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау.
Кіші міндеттер шеңберінде мынадай шаралар қабылданатын болады:
мемлекеттік органдарда қоғамдық онлайн-қабылдауларды құру арқылы қоғамның билікпен диалогының жаңа тетіктерін енгізу, олар арқылы азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоюға, ұсыныстар мен ескертулерді енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан көтерген мәселелердің мәні бойынша негізделген жауаптарды алуға мүмкіндік алады. Елдің ішкі істер органдарының фронт-офистер түрінде қоғамдық қабылдауларды құру жөніндегі тәжірибесі мультипликацияланатын болады;
е-gov.kz веб-сайтында қоғамдық бастамаларды қабылдау, зерделеу және мақұлдау сервисін құру, оның көмегімен азаматтар жаппай талқылау үшін әртүрлі идеялар бере алады және кеңінен талқылау үшін жобалар ұсына алады, өзекті мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарға топтастырылған сұрау салуларды жібере алады. “Ашық үкімет” шеңберінде барлық ниет білдірушілерге электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы өздері қолдайтын қоғамдық бастамалар бойынша дауыс беру мүмкіндігі берілетін болады;
“ашық үкімет” порталы және әлеуметтік желілер сияқты ақпаратты беру және тарату нысандарын жетілдіру. Мемлекеттік органдардың “ашық үкімет” порталына беретін ақпараты халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келіп, деректерді автоматтандыру мен жаңартудың, оның ішінде қоғамдық бастамалардың көмегімен халықпен қайтымды байланысты қамтамасыз ететін болады;
жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігін халықтың бағалау жүйесін енгізу.
3.3. Азаматтық қоғам ұйымдарының және азаматтық қоғам мен мемлекеттің басқа да институттарының өзара іс-қимылын трансформациялау.
Бұл қосымша міндет шеңберінде азаматтық қоғам ұйымдары әлеуметтік мәселелерді шешуде, мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда олардың маңыздылығы мен қажеттілігін талдау және бағалау тұрғысынан мемлекеттің негізгі әріптесі болады.
Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілердің рөлі күшейтіледі, сондай-ақ уәкілеттілер қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері енгізіледі, олардың мәртебесі нормативтік түрде айқындалады, іс-қимыл функционалы бекітіледі.
Қосымша міндеті шеңберінде мынадай шаралар қабылданатын болады:
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды жетілдіру, мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес секторға беру, заңнамалық және өзге де шектеу кедергілерін алып тастау;
қоғамның нақты қажеттіліктерін қамтамасыз ету және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін азаматтық қоғам ұйымдарын мемлекеттік қаржыландырудың негізгі нысандары ретінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды жетілдіру арқылы мемлекет пен азаматтық қоғам ұйымдарының өзара іс-қимыл тетіктерін оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдау:
1) әлеуметтік проблемалар мен қоғамның қажеттіліктерін объективті және тәуелсіз бағалауға негізделген мемлекеттік қаржыландыруды бөлу тақырыптарын қалыптастыру бойынша жұмыс нысандары мен әдістерін, сондай-ақ рәсімдерді әзірлеу;
2) бастаманы төменнен бастап іске асыруды қамтамасыз ету және әлеуметтік проблемалардың инновациялық шешімдерін іздеу мақсатында мемлекеттік гранттық қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
3) елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның тиімді әріптестігін қамтамасыз ететін әлеуметтік технологияларды енгізу.
4-міндет. Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту
Міндет шеңберінде Қазақстанда үкіметтік емес секторды дамытуды, оны кәсібилендіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруға белсенді қатысуды қамтамасыз ететін құралдарын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау көзделген.
4.1. Үкіметтік емес секторды кәсібилендіру Қосымша міндет шеңберінде мынадай шаралар қабылданатын болады:
ҮЕҰ-ны қолдаудың ресурстық орталықтарының және азаматтық қоғамның басқа да институттарының тұрақты жұмысы арқылы үкіметтік емес сектордың әлеуетін арттыру, ірі желілік ұйымдарды дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия өңірінде мемлекет пен азаматтық қоғам әріптестігінің тиімді моделін дамыту;
ҮЕҰ-ны қолдаудың ресурстық орталықтарының және азаматтық қоғамның басқа да институттарының (бейресми бірлестіктерді және жергілікті қоғамдастықтарды қоса алғанда) тұрақты жұмысы арқылы үкіметтік емес сектордың әлеуетін арттыру үшін жағдай жасау, олар азаматтық қоғам институттары (бұдан әрі - АҚИ) үшін құзырет орталықтары болуы тиіс. Аталған орталықтардың қызметін бағалау бойынша басты нәтижелілік көрсеткіштерін (КРІ) енгізу. Азаматтық қоғам институттарын оқыту жүйесін, ҮЕҰ-ның институционалдық және ұйымдық дамыту жүйесін құру. Азаматтық қоғам институттарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін есепке алу әдіснамасын енгізу. ҮЕҰ-ны қаржыландыруды ұсыну үшін верификацияланған ҮЕҰ тізілімін қалыптастыру, рейтингін енгізу. ҮЕҰ-ның материалдық беріктігі үшін жағдай жасау тетіктерін әзірлеу;
ҮЕҰ академиясы құрылатын болады, оның базасында Қазақстан қоғамының игілігі үшін жұмыс істейтін, Қазақстанның әлеуметтік белсенді және жауапты азаматтары қатарынан азаматтық сектордың көшбасшылары даярланатын болады;
мемлекеттің стратегиялық әріптестері ретінде қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын әртүрлі салалар бойынша ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын біріктіретін ірі желілік қоғамдық ұйымдарды дамыту үшін жағдай жасау;
Қазақстанның Орталық Азияда азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі хаб ретінде демократиялық қағидаттарды ілгерілету, көрсетілетін қызметтерді адвокациялау және бағдарлау арасында теңгерімді құру, Қазақстанда және Орталық Азия өңірінде мемлекет пен азаматтық қоғам әріптестігінің тиімді моделін дамыту платформасы болуға ұмтылатын жаһандық ұстанымын жүзеге асыру.
4.2. Азаматтық қоғам институттарының орнықтылығын арттыру
Бюджеттің, жеке және заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың қаражатын тарту, сондай-ақ ҮЕҰ-ның коммерциялық қызметін дамыту есебінен азаматтық қоғам институттарын қаржыландыру көздерін әр тараптандыру үшін жағдай жасау.
Кіші міндет шеңберінде мынадай шаралар қабылданатын болады:
әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік қаржыландыру жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, әлеуметтік әсерді бағалау институтын күшейту;
“Әлеуметтік кәсіпкерлік” терминін бекітуді қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шараларын енгізу: әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімін құру, әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын және әлеуметтік кәсіпкерлік экожүйесі қатысушыларының диалог тетігін әзірлеу, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының жобаларын қолдау үшін микрокредиттер мен инновациялық гранттар бөлу тетіктерін пысықтау, әлеуметтік салада инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеу;
үкіметтік емес сектор ұсынатын әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік қаржыландыру жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған заң қабылдау;
әлеуметтік әсерді бағалау институтын күшейту, ҮЕҰ және азаматтық қоғамның басқа да институттары бастамаларының бағдарламалық тұрақтылығын арттыру мақсатында жоспарлауды стандарттау және әсерді бағалау үшін әлеуметтік қайта құрудың түрлі салаларындағы әсерді бағалау әдіснамасын әзірлеу.
5-міндет. БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі - ОДМ) Қазақстанда имплементациялауға азаматтық қоғамды тарту
Әлемде соңғы онжылдықта әртүрлі елдердің азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықтың орнықты үрдісі қалыптасты. Оның мақсаты қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, экономикалық және әлеуметтік даму, кедейлікті еңсеру, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, ғылым, мәдениет, шұғыл гуманитарлық және техникалық көмек көрсету, бітімгершілік сияқты түрлі салалардағы уақыт сын-қатерлеріне ден қоюдың тиімді тетіктерін әзірлеу болып табылады.
Әмбебап қолданылатын жаңа жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы Күн тәртібі бағытталған. Осы міндет шеңберінде азаматтық қоғам институттарының БҰҰ-ның ОДМ енгізу және имплементациялау процесіне тартылуы жанданатын болады:
барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ұлттық деңгейде ОДМ-ді танымал етуге жәрдемдесу;
түрлі әлеуметтік және экономикалық бағдарламалар мен жобаларды жоспарлау құралы ретінде пайдалану мақсатында ОДМ-нің индикаторларын қолдану және оларды одан әрі имплементациялау;
ОДМ-нің индикаторларын іске асыру процесіне жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарын тартуды қамтамасыз ету;
биліктің түрлі деңгейлерінің және жергілікті жерлерде мүдделі тараптардың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін ескере отырып, ОДМ-ді енгізу жөніндегі жұмыс топтарын және мақсатты топтарды құру;
азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен ОДМ-ді іске асырудың қоғамдық мониторингін жүргізу;
Қазақстанда ОДМ-нің күн тәртібін іске асыру туралы Ұлттық баяндамаға негіз болатын ОДМ-нің бағыттары бойынша өңірлік баяндамалар дайындауды жүзеге асыру;
“ашық үкіметтің” ашықтық, адалдық және сатылмайтындық, есептілік және мүдделі тараптардың қатысуы қағидаттарына негізделген стратегиялары мен бастамаларын қарау.
4-тарау. Тұжырымдамадан күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманың іске асырылуы жүйелілік, дәйектілік және ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделеді.
Тұжырымдаманы іске асыру процесінде мемлекет белсенді қолдау функциясын жүзеге асырады, бастамалардың үйлестірушісі болып табылады, үрдістердің стратегиялық маңызын айқындайды.
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижелері:
1) азаматтық қоғам институттарының жұмысына азаматтардың қатысуының өсуі;
2) азаматтық сектор ұйымдарында жұмыспен қамтылған азаматтар санының ұлғаюы;
3) түрлі әлеуметтік топтар тарапынан азаматтық қоғам институттарына сенім деңгейінің артуы;
4) волонтерлік қызметке қатысатын азаматтардың үлесін ұлғайту;
5) белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының санын ұлғайту;
6) қаржылық және бағдарламалық орнықты азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде әлеуметтік кәсіпорындардың үлесін ұлғайту;
7) ҮЕҰ мен қайырымдылық қорларының атына азаматтар мен бизнес тарапынан қайырымдылық жарналар түсімінің өсуі;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру шеңберінде ҮЕҮ әлеуметтік жобаларының көрсетілетін қызметті алушыларының қанағаттану деңгейінің артуы;
9) үкіметтік емес ұйымдардың және волонтерлік қызметке қатысушылардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесінің ұлғайуы;
10) “ашық үкімет” және барлық деңгейдегі билік органдарының жұмысына “халық үніне құлақ асатын мемлекет” моделінің қағидаттарын енгізу, азаматтар мен азаматтық қоғам институттары үшін мемлекеттік билік органдарының қолжетімділігі;
11) азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын оң бағалайтын азаматтардың үлесінің ұлғаюы;
12) азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтау, БАҚ бостандығы саласындағы азаматтық қоғамды дамытудың халықаралық рейтингтерінде (индекстерінде) Қазақстан көрсеткіштерінің жақсаруы;
13) Қазақстан Республикасында өткізілетін азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік және жаһандық диалог алаңдары санының ұлғаюы.
5-тарау. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
Ұсынылып отырған Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру 2020-2030 жылдарға есептелген және екі кезеңнен өтуді болжайды:
бірінші кезең - 2020-2025 жылдар;
екінші кезең - 2026-2030 жылдар.
Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңінде азаматтық қоғам институттарын дамытуға ықпал ететін құқықтық реттеу құралдарын жетілдіру, институционалдық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Азаматтық белсенділікті, оның ішінде волонтерлік және қайырымдылық арқылы қолдау және дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың және азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық тетіктері кеңейтілетін болады.
Қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есегі берушілігін қамтамасыз ету үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл рәсімдерін, нысандары мен арналарын жетілдіру жөнінде шаралардың қабылдануы болжанады.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу азаматтық бастамаларға негізделеді.
Азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде қоғамдық кеңестердің ролін арттыру арқылы азаматтық қоғамның тетіктерінің дамуы күшейтілетін болады.
Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын қоғамдық мониторингілеу және бақылау жүйесі енгізілетін болады.
Халықаралық стандарттар негізінде қоғамдық тыңдаулар регламентін енгізу арқылы қоғамдық тыңдаулар институты дамитын болады.
Екінші кезең - 2026-2030 жылдар.
Осы кезеңде Қазақстан азаматтары азаматтық қоғам институттарының қызметіне және мемлекеттік органдармен бірлесіп, елдің даму стратегиялық бағыттарын айқындауға белсенді қатысады.
Азаматтық қоғам институттары:
әлеуметтік міндеттерді шешуді қаржы қаражаты көздерін әртараптандыру арқылы, оның ішінде ҮЕҰ базасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту есебінен жүзеге асыратын болады;
мемлекеттік саясатты іске асырудың барлық кезеңінде қоғамдық бақылауға белсенді қатысатын болады;
халықпен тұрақты диалогта болады және әлеуметтік әсерді бағалау институтын күшейту арқылы оның мүдделерін білдіретін болады;
өзінің сараптамалық әлеуетін іске асырып және сапалы қызметтерді, оның ішінде нарықтық қатынастар жағдайларында көрсете отырып, бизнес-қоғамдастық үшін тең құқылы әріптес болады.
Халық пен бизнес-қоғамдастық арасында азаматтық қоғам ұйымдарына деген жоғары сенім оларға қайырымдылық және демеушілік қайырмалдықтарды жинауға және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Азаматтық қоғамның түрлі институттары арасында әріптестік пен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ететін тиімді деңгейлес байланыстар жолға қойылатын болады.
Қорытынды
Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың идеалдарын жаңа ахуалға және азаматтық қоғамды дамытудың әлемдік үрдістеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағдарланған барлық мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың, азаматтық қоғам институттары мен әрбір азаматтың сындарлы өзара іс-қимылына, сенімді, саналы әрі белсенді атсалысуына байланысты.
Азаматтық қоғам саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру елдің серпінді демократиялық дамуының басым міндеттерін шешуге жәрдемдесетін болады.
Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
3. “Қоғамдық бірлестіктер туралы” 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4. “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
5. “Коммерциялық емес ұйымдар туралы” 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
6.“Саяси партиялар туралы” 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы.
7. “Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйлықтар туралы” 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы.
8. “Медиация туралы” 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
9. “Қоғамдық кеңестер туралы” 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.
10. “Ақпаратқа қол жеткізу туралы” 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.
11. “Қайырымдылық туралы” 2015 жылғы 16 карашадағы Қазақстан Республикасының Заңы.
12. “Волонтерлік қызмет туралы” 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
13. “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
14. “Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығы.