Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтiн нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге, оның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 27 қазандағы N 380 және 1998 жылғы 28 тамыздағы N 157 қаулыларымен бекітiлген өзгерістеріне және толықтыруларына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Банктердi қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
1) Заң департаментімен бiрлесiп (Шәрiпов С.Б.) осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өтілген күннен бастап екі апталық мерзімде осы қаулыны және пруденциалдық нормативтер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы "___" _________
N _____ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 қаулысымен бекiтiлген
Пруденциалдық нормативтер туралы ережеге
өзгерiстер мен толықтырулар
1. 2.5-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"бiрiншi деңгейдегi банктiң меншiктi капиталының оның барлық активтерiнiң сомасына қатынасы 0,06-дан кем болмауы тиiс."
2. 2.6-тармақта:
бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктiң өз капиталының оның тәуекел дәрежесi бойынша өлшенген активтерiнiң сомасына қатынасы 0,12-ден кем болмауы тиiс";
1) тармақшада:
алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары мен кез келген рейтингтiк агенттiктердiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар шет мемлекеттердiң үкiметтерi шығарған бағалы қағаздары (аталған бағалы қағаздармен операция бөлiгiндегi 1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары және 1456 есепшоты);";
жетiншi азатжолдағы "кредиттер" деген сөзден кейiн "тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда заңды тұлға ретiнде тiркелген, не оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғаға қатысты бағынышты немесе еншiлес болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттерi еместерге, сондай-ақ оффшорлық аймаққа жататын аумақта тұрақты тұратын жеке тұлғаларға берiлгенiн қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы азатжолдағы "депозиттер" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының банктерiне немесе оффшорлық аймақтың аумағында заңды тұлға ретiнде тiркелген, не оффшорлық аймақта тiркелген заңды тұлғаға қатысты бағынышты немесе еншiлес болып табылатын ұйымдарына орналастырылғандарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "ЭЫДҰ" деген сөздiң алдынан "оффшорлық аймақтың аумағында тiркелген және қызметтi жүзеге асыратындарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы төртiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн кез келген рейтингтiк агенттiктердiң "А" рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар шет мемлекеттердiң үкiметтерi шығарған бағалы қағаздар, сондай-ақ сатуға арналған (1201, 1202 есепшоттары) және өзге де бағалы қағаздар (1451, 1452, 1454 есепшоттары және 1456 есепшоты, 1 топта көрсетiлген сомадан басқасы);".
5)-тармақшада:
төртiншi азатжол "валютасын" деген сөзден кейiн "және тазартылған қымбат металдар" деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепiлдiк, кепiлдеме, жабылмаған аккредитивтер және форфейтинг операциялары бойынша мiндеттемелер (6555, 6505, 6510, 6580 есепшоттары)".
3. 3.1-тармақта:
бiрiншi азатжол "вексель" деген сөзден кейiн "банк сатып алған облигациялар" деген сөздермен толықтырылсын;
г) тармақшасынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктер туралы" Заң күшi бар Жарлығының 52-бабының 3-тармағында белгiленгенiндей" деген сөздер алынып тасталсын.
4. 3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.2. Бiр заемшыға арналған, оның iшiнде банк (Р) тәуекелiнiң мөлшерi банктiң бiр заемшысының банк алдындағы кез келген мiндеттемесi, оның iшiнде несие, овердрафт, вексель, банк сатып алған облигациялар, факторинг, форфейтинг, лизинг, депозит плюс банктiң осы заемшыға баланстан тыс, кредит тәуекелiн (құжатпен ресiмделген, ағымдағы және кейiнгi 2 ай iшiнде пайда болатын) көтеру мiндеттемесiнiң, сондай-ақ банктiң үшiншi тұлғаның пайдасына ол үшiн қабылдаған мiндеттеме (кепiлдiк, кепiлдеме, аккредитив) сомасы бойынша, минус заемшының осы банктегi мерзiмдiк депозиттегi ақша түрiндегi мiндеттемелерi бойынша қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары, тазартылған қымбат металдар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгi, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн, рейтингтiк агенттiктердiң "А" рейтингiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi және жеке рейтингi бар басқа банктердiң кепiлдiгi бойынша жиынтық берешек ретiнде есептеледi.
Бiр заемшыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшерiн есептеген кезде Ұлттық Банктiң банк алдындағы кез келген түрдегi мiндеттемелерi ескерiлмейдi."
5. 3.4-тармақтың үшiншi азатжолы "банктiк кредиттер бойынша" деген сөздерден кейiн "қамтамасыз етiлмеген баланстан тыс мiндеттемелердi қоса алғанда, сондай-ақ оффшорлық аймақ аумағында тiркелген Қазақстан Республикасының резидентi еместерiне берiлген кредиттер бойынша".
6. 4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi.
Банктер өтiмдiлiкке бақылау жасау мақсатында өтiмдiлiгi жоғары активтердiң орташа айлық көлемiнiң талап ету мiндеттемесiнiң орташа айлық көлемiне қатынасы ретiнде есептелетiн ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң есебiн ұсынуы тиiс. Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң ең төменгi мәнiн Ұлттық Банктiң Басқармасы белгiлейдi.
Есепке мыналар қабылданады:
Өтiмдiлiгi жоғары активтер:
қолма-қол ақша (1001, 1002, 1003, 1005, 1051, 1052 есепшоттары);
тез сатылатын активтер: мемлекеттiк бағалы қағаздар және Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыруы үшiн қолайлы басқа да өтiмдiлiгi жоғары бағалы қағаздар (1151, 1152, 1153, 1154, 1155 есепшоттары), тазартылған қымбат металдар (1004, 1006 есепшоттары), Ұлттық Банктегi және басқа банктердегi овернайт кредиттерi (1101, 1251 есепшоттары).
Талап ету мiндеттемелерi:
заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу, ағымдағы есепшоттары (2203, 2207, 2211 есепшоттары);
мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қорлардың қаражаттары (2201, 2202 талап ету сомасы бөлiгiндегi);
лоро есепшоттары (2010, 2020 тобының есепшоттары);
банкаралық овернайт депозиттерi (2110 тобының есепшоттары);
талап ету бойынша басқа мiндеттемелер (2900 есепшоты), оның iшiнде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзiмi айтылмаған мiндеттемелер бөлiгiндегi (2221, 2551, 2552, 2851, 2852, 2854, 2855, 2856, 2860, 2862, 2870 есепшоттары).
Кастодиандық және трасттық шарттар бойынша банкке сақтауға және сенiм бiлдiрiлген басқаруға қабылданған ақша өтiмдiлiк коэффициентiн есептеген кезде қосылмайды.
Ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi былайша есептеледi:
К4=Аор./Оор., мұндағы
Аор. - активтердiң орташа айлық көлемi;
Оор. - талап ету мiндеттемесiнiң орташа айлық көлемi;
К4 - ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi.
Есеп беру кезеңiнде банктiң кредиторлар мен депозиторлар алдындағы мерзiмi өткен мiндеттемесi болған жағдайда (2038, 2058, 2059, 2068, 2225, 2749) орташа айлық негiзде айқындалған өтiмдiлiк коэффициентiнiң есеп айырысу мәнiне қарамастан, өтiмдiлiк нормативiн орындамаған деп саналады.
Банктер ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентiнiң есебiнен басқа активтерi мен мiндеттемелерiнiң мерзiмiн салыстыру кестесiн ұсынуға мiндеттi (төменде келтiрiлген):
Әрбiр актив (мiндеттеме) үшiн активтер мен мiндеттемелердiң мерзiмiн салыстыру кестесiн толтырған кезде неғұрлым қысқа мерзiм көзделедi, ол өткен бойда банк дебиторлар мен корреспонденттердiң мiндеттемелерiн орындауын талап етуге құқығы бар. Мұндай жағдайда активтер резервтi (провизияны) шегерiп тастамай-ақ банк қызметiнен келтiрiлген шығынды өтеуге жатқызылады. Активтер, мiндеттемелер және шартты мiндеттемелер бағаны бойынша деректер 1-ден 5-жолдарға дейiн өсу нәтижелерi бойынша толтырылады. 6 және 7 жолдардың сомасы "Жиынтығы" бағанына енгiзiледi, бұл банк балансының деректерiмен салыстырылады. "Жиынтығы" бағаны мен баланстың актив бөлiгiнiң жиынтығы бойынша айырмашылықтар банк қалыптастырған резервтер (провизиялар) сомасына сәйкес келедi.
1-жолға осы Ережелерде көрсетiлген өтiмдiлiгi жоғары активтер мен талап ету мiндеттемелерiнiң көлемiне есептелетiн активтер мен банк мiндеттемелерi жазылуы тиiс.
Банктің активтері мен міндеттемелерінің мерзімін салыстыру кестесі
2000 ___ жылғы "____" _________
_____________________________________________________________________
Жол ! Баптары ! Активтер ! Міндетте- ! А-Б ! Шартты ! А/(В+Д)
N ! ! ! мелер ! !міндеттемелер!
! !______________________________________________________
! ! А ! В ! С ! Д ! Е
_____________________________________________________________________
1 !Талап ету!
бойынша
_____________________________________________________________________
2 !30 күнге дейін
_____________________________________________________________________
3 !3 айға дейін
_____________________________________________________________________
4 !6 айға дейін
_____________________________________________________________________
5 ! 1 жылға дейін
_____________________________________________________________________
6 !1 жылдан артық
_____________________________________________________________________
7 ! Мерзімі өткен
_____________________________________________________________________
8 ! Жиынтығы
_____________________________________________________________________
7. 5.2.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5.2. Ашық валюта позициясы - саны жағынан сәйкес келмейтін жекелеген валюталардағы активтер мен міндеттемелер (баланстан тыс талаптар мен міндеттемелерді ескере отырып) арасындағы шетел валютасындағы қаражат қалдығының айырмасы. Ол қазіргі кезде де, болашақта да осы валютадағы қаражатты алу талаптарын және беру мiндеттемелерiн көрсетедi.
Ұзақ ашық валюта позициясы - жекелеген шетел валютасындағы ашық валюта позициясы. Мұнда активтер мен баланстан тыс талаптар дәл осы шетел валютасындағы мiндеттемелер мен баланстан тыс мiндеттемелерден артық болады.
Қысқа ашық валюта позициясы - жекелеген шетел валютасындағы ашық валюта позициясы. Мұнда мiндеттемелер мен баланстан тыс мiндеттемелер дәл осы шетел валютасындағы активтер мен баланстан тыс мiндеттемелерден артық болады.
Әрбiр шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке белгiленедi. Шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясының лимитi осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес шетел валютасымен жасалған мәмiлелер және шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңгемен) хеджирленген құралдар бойынша банктiң шарты және ықтимал талаптары мен мiндеттемелерiнiң сомасына түзетулермен баланстық есепшоттар бойынша шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңге) талаптар мен мiндеттемелер есепшоттарындағы абсолют сомалар арасындағы айырмашылықты белгiлеу арқылы есептеледi.
Жекелеген шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясын есептеген кезде бiрiншi кезекте банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң баланстық есепшоттарында ашылған әрбiр шетел валютасы бойынша есепшоттар сальдосы есептеледi. Содан кейiн шартты талаптар мен мiндеттемелер есебiнiң баланстан тыс есепшоттарда ашылған осындай шетел валютасы бойынша есепшоттардың сальдо сомасы белгiленедi. Осы көрсетiлгендер белгiленгеннен кейiн баланстық есепшоттар бойынша ашық валюта позициясына әрбiр шетел валютасы бойынша, оның iшiнде хеджирленетiн мәмiлелер (құралдар) жасауды ескере отырып, әрбiр шетел валютасы бойынша шартты талаптар мен мiндеттемелер позициясының сомасына тиiстi түзету жасалады.
Хеджирлеу (хеджирлеу мәмiлесi) ықтимал зиянның орнын жабу мақсатында шетел валютасымен белгiленген активтер мен мiндеттемелер сатып алу түрiнде көрсетiлген бағам айырмашылығының туындауына байланысты ықтимал шығыннан қорғау (сақтандыру) әдiсiн бiлдiредi.
Баланстық есепшоттар бойынша валюталық нетто-позициясы баланстық есепшоттар бойынша талаптар сальдосымен және шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңгемен) мiндеттемелер арасындағы айырмашылық ретiнде белгiленедi.
Банктiң валюталық нетто-позициясы шетел валютасымен және шетел валютасындағы (валюта бағамымен белгiленген теңгемен) хеджирленген құралдармен жасалған мәмiлелер бойынша сальдо сомасына түзетулермен баланстық есепшоттардың сальдо сомасы ретiнде белгiленедi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талаптар мен мiндеттемелер, осы талаптар мен мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валютасына қатысты валюта позициясының есебiне қосылады. Банктiң еуро бойынша ашық валюта позициясы Еуропалық Валюта Одағына (бұдан әрi - ЕВО) қатысушы елдердiң шетел валютасы бойынша банктiң жиынтық ашық валюта позициясы болып белгiленедi және көрсетiлген валюта бағамдарының еуроға қатынасы бойына белгiленуiн ескере отырып есептеледi. Осыған орай Еуропалық Валюта Одағына (бұдан әрi - ЕВО) қатысушы елдердiң шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке есептелмейдi.
Мәмiле жасау күнi болып табылмайтын валюталау күнi бар валюта операцияларын жүргiзген кезде мұндай валюта операциялары осы мәмiлелер жасалған күннен бастап валюта позициясының есебiне қосылады.
8. 5.4.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5.4. Кез келген жеке шетел валютасы бойынша есеп беретiн апта бойы осы Ережеде белгiленген ашық валюта позициясының лимиттерiн асырып жiберген кезде банкке үш апта бойы ашық валюта позициясының лимитiн және нетто-позиция лимитiн 5%-ке дейiн азайту түрiнде айыппұл салынады.
Кез келген шетел валютасы бойынша есеп беретiн екi апта бойы белгiленген ашық валюта позициясының лимиттерiн 3 есе асырып жiберген кезде банкке айыппұл түрiнде санкция немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған лицензияға шектеу салынады.
Белгiленген лимиттердi 0-0,09% шегiнде асырып жiберу жеке алынған валюта бойынша ашық валюта позициясының лимиттерiн бұзу болып саналмайды.".
9. 6.2.-тармақ алынып тасталсын.
10. N 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1997 жылғы 23 мамырдағы
N 219 қаулысымен бекітілген
Пруденциалдық нормативтер
туралы ережесіне
N 1 қосымша
200 __ ж._________ бастап _________ дейін кезең үшін
________________________________
(уәкілетті банкінің атауы)
валюта позициясы туралы есебі
_____________________________________________________________________
Апта күндері бойынша операция күнінің соңына сальдо
Талаптар!Міндетте !_________________________________________________
мелер ! 1 ! 2
! !________________________!________________________
! ! (күні) (күні)
! !________________________!________________________
! !Талап-!Міндет-!Позициясы!Талап-! Міндет-!Позициясы
! !тар !темелер! !тар !темелер !
! !сомасы! сомасы! !сомасы!сомасы !
________!_________!______!_______!_________!______!________!_________
1. Қолма-қол шетел
валютасындағы талаптар
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
2. Орналастырылған/
тартылған депозиттер
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
3. Берілген/алынған
кредиттер
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
4. Алуға/төлеуге
сыйақы есептеу
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
5. Борыштық және үлестік
бағалы қағаздар
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
6. Дебиторлық/кредиторлық
берешек
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
Талаптар!Міндеттемелер
дың жиын! жиынтығы*
тығы*
____________________________________________________________________
.. ... !.. ...
____________________________________________________________________
Баланс ! Баланстан
тан тыс ! тыс есепшоттар
есеп ! бойынша
шоттар !
бойынша !
____________________________________________________________________
Талаптар!Міндеттемелер
жиынтығы! жиынтығы
____________________________________________________________________
Талаптар!Міндеттемелер
дың жиын! жиынтығы
тығы* !
____________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Апта күндері бойынша операция күнінің соңына сальдо
___________________!_________________________________________________
3 ! 4 ! 5
___________________!________________________!________________________
(күні) ! (күні) (күні)
___________________!________________________!________________________
Талап.!Міндет.!По. !Талап-!Міндет-!Позициясы!Талап-!Міндет-!Позициясы
тар !темелер!зи. !тар !темелер! !тар !темелер!
сомасы!сомасы !ция.!сомасы! сомасы! !сомасы!сомасы !
! !сы ! ! ! ! ! !
______!_______!____!______!_______!_________!______!_______!_________
* - Тиісті орындарда баланстық есепшотқа ескерілетін шет ел валютасындағы міндеттемелер мен талаптар көрсетіледі.
Жекелеген валюталар бойынша ашық валюта позициясының ең жоғары белгіленген мөлшері**
** - Бұл орындарда банк жүргізетін хеджирленген мәмілені ескере отырып шет ел валютасындағы шартты талаптар мен міндеттемелер көрсетіледі.
*** - Бұл орындарда есепті кезеңдегі аптаның әр жұмыс күні үшін барлық шет ел валютасындағы нетто-позиция көрсетіледі.
Банктің нормативтер есебінің соңғы күніндегі өз капиталының мөлшері: ________________________
Жекелеген валюталар бойынша ашық валюта позицияларының белгіленген ең жоғары мөлшері: ___________________
Валюталық нетто-позицияның ең жоғары белгіленген мөлшері __________
Жекелеген валюталар бойынша ашық позициялар мөлшері бойынша немесе белгіленген ең жоғары мөлшерден асатын валюталық нетто-позиция бойынша мәліметтер қызыл түспен бөліп көрсетілуі тиіс.
Банк Басқармасының Төрағасы ______________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
Банктің Бас бухгалтері ______________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
Жауапты орындаушы ______________ _______________
(қолы) (аты-жөні)
Оқығандар:
Бағарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.