Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2011.02.16 N 352/32 шешімімен.
Облыс экономика департаментiнiң бастығы М.З. Қажыкеннiң облыстық 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспары туралы хабарламасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған облыстық 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспары (бұдан әрi Стратегиялық жоспар) бекiтiлсiн.
2. Облыс экономика департаменті облыс мемлекеттiк органдарының Стратегиялық жоспарды орындау бойынша қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыратын және жыл сайын 1 ақпан мерзiмге орай облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына Стратегиялық жоспардың жүзеге асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
3. Облыс қаржы департаментi Стратегиялық жоспардың дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П.) жүктелсін.
II сайланған облыстық
Мәслихаттың кезектi ХХ
Сессиясының төрағасы Ш. Мусин
Облыстық мәслихаттың
II сайланған XX сессиясының
2002 жылғы 24 маусымдағы
N 46/20 шешiмiне
қосымша
Облыстың 2010 жылға дейiнгi
Стратегиялық даму жоспары
КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы "Қазақстан 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi даму стратегиясының негiзгi бағыттарын анықтады.
Ұзақ мерзiмдi стратегияның бастапқы кезеңiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы дамуының 1998-2000 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары және тиiстi мерзiмдегi аймақтық стратегиялық жоспарлар қабылданып, жүзеге асырылды. Павлодар облысы дамуының стратегиялық жоспары облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 19 наурыздағы шешiмiмен бекiтiлген болатын. Оның орындалу нәтижелерi үш жылдық Стратегиялық жоспардың тұтастай iске асырылғанын сипаттайды. Өзiнiң экономикалық даму деңгейi жағынан облыс республиканың аса дамыған бес аймағы iшiне кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" N 735 Жарлығына , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекiтiлген Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-қимыл Жоспарына сәйкес облыста Стратегия 2030-да қойылған басымдықтарға қол жеткiзу жолдары мен тетiктерiн белгiлейтiн 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспары әзiрлендi.
1-ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ САНЫН КӨБЕЙТУ
1. МАҚСАТ
Облыс халқының санын көбейту.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2001 жылғы 1 желтоқсанда Павлодар облысы халқының саны 759,7 мың адам болды. 9 жыл бойы облыс халқының саны үнемi қысқаруда осы мерзiм iшiнде ол 200,4 мың адамға немесе 21% азайды. Халықтың азаюы табиғи өсiмнiң төмендеуiмен - туу төмендеп келедi, өлiм саны көбейдi, сондай-ақ көшi-қон жылыстаумен шарттастырылған.
2001 жылдың 11 айы iшiнде облыс бойынша 8098 туу тiркелген, бұл 2000 жылғы (2000 жылға қарағанда 0,3 % аз) деңгейге жуық. Осы мерзiм iшiндегi туудың жалпы коэффициентi 1000 адамға 11,5 туудан келедi.
2001 жылдың қаңтар-қараша айларында тiркелген өлiм саны 2000 жылғы осы мерзiмге қарағанда 119 адамға азайды немесе 1,5 % азайып, 7645 адам болды. 1000 адамға есептегендегi өлiмнiң жалпы коэффициентi 10,9 болды, оның деңгейi 3,4 % азайды. өлiмнiң негiзгi себептерi iшiнде қан айналу жүйесi аурулары барлық өлiмдердiң 45,7 % бiрiншi орын алып отыр, жазатайым жағдайлар, улану және жарақаттану -16,8 %, қатерлi iсiктер 15 % болып отыр.
Халықтың табиғи өсiмi 2001 жылғы 11 айдың iшiнде 453 адам болды, 2000 жылдың осы мерзiмiнде 361 адам болған. Тұрғындардың көшi-қон жылыстауы азаюда, көшiп кеткендер саны 28,3 мың адам болды, бұл 4,2 % кем. Барлық тасқындар бойынша көшiп келушiлер саны 12,8 % көбейiп, 15,9 мың адамға жеттi. Көшiп кеткендер санының көшiп келушiлер санынан артуы нәтижесiнде 12,4 мың адам көшi-қон шығыны болды, бұл өткен жылдағыдан 19,6 % аз.
1. Күштi жақтар
Денсаулық сақтау мекемелерiмен жеткiлiктi қамтамасыз етiлуi.
Қазақтардың тарихи отанына оралуы.
Барлық деңгейдегi оқу орындарының таралған жүйесi және бiлiктi кадрлардың болуы.
Салауатты өмiр салтын насихаттау.
2. Әлсiз жақтар
Жұмыссыздықтың салыстырмалы жоғары деңгейi.
Экологияның нашарлауы, қоршаған орта ластауының өсуi.
Халықтың өсiп-өну денсаулығының нашарлығы.
Тууды ынталандыру және жеңiлдiктердiң болмауы.
3. Мүмкiндiктер
Экономикалық өсу және халықтың жалпы өмiр сүру деңгейiн көтеру.
Әлеуметтiк мәндi ауруларды нақты төмендетуге қол жеткiзу.
Аса маңызды табиғат қорғау жобаларын өткiзу және аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту.
Тұрғын үй проблемаларын шешу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру.
Жас отбасыларды қолдау.
Қазақтардың тарихи отанына оралуына қолайлы жағдай жасау.
4. Қатерлер
Халықтың өлiм-жiтiмi өсуiне әсер ететiн факторлардың: нашақорлық, АҚТҚ-ның күшеюi.
Экология жай-күйiнiң халықтың денсаулығына керi әсерiн тигiзуi.
§ 3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
Халық денсаулығын сақтаудың тиiмдi жүйесiн құру, тууды ұлғайту. өлiм деңгейiн азайту, өмiр сүрудi ұзарту.
Халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту.
Халықтың көшi-қон белсендiлiгiн төмендету, оралмандардың көшiп келуi үшiн қолайлы жағдай туғызу.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
5. Бiрiншi кезең 2002-2005 жылдар
1) Халық денсаулығын сақтаудың тиiмдi жүйесiн құру, тууды ұлғайту:
алғашқы медициналық-санитарлық жүйенi күшейту, халықтың қолы жететiн медициналық көмектiң сапасын жақсарту;
көп балалы отбасылардың жас балаларын сапалы тегiн тамақпен қамтамасыз ету;
көп балалы отбасылар мен жалғызiлiктi ата-аналарды қолдау бағдарламасын енгiзу;
жұмыс iстейтiн, әсiресе жүктi әйелдердi және жас бала тәрбиелеп отырған әйелдердi қолдау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды енгiзу.
2) өлiм деңгейiн төмендету, өмiр ұзақтығын ұлғайту:
салауатты өмiр салтын насихаттау жүйесiн құру және қалыптастыру;
халықты дене тәрбиесiне даярлау жөнiндегi оқыту бағдарламаларын енгiзу, спорт мектептерiн, клубтарды, қоғамдарды құру;
халықтың өлiм-жiтiмi мен жазатайым жағдайлардан, жарақаттардан орын алатын ауруға шалдығуын азайту жөнiндегi қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларын дамыту.
3) Халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту:
әлеуметтiк мәндi аурулардың деңгейiн төмендету;
алдын алу жұмысын күшейту үшiн облыстың барлық оқу орындарында арнайы бағдарламаларды енгiзу жолымен жастардың денсаулығының алдын алу;
кеңес беру, ағарту және отбасын жоспарлау жөнiндегi қызметтердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
барлық әйелдер мен қыз балалардың жыныстық өмiр мен бала туу мәселелерi жөнiнде жоғары сапалы санитарлық ағартуға қол жеткiзуiн заңнамалық және нормативтiк қамтамасыз ету.
4) Халықтың көшi-қон белсендiлiгiн төмендету, оралмандардың көшiп келуi үшiн қолайлы жағдай туғызу:
шағын және орта бизнеспен айналысу үшiн қолдау жасау, жергiлiктi жағдайға бейiмдеу, жайласуға мүмкiндiк жасау жолымен оралмандарды әлеуметтiк қорғау;
халықтың аз қамтамасыз етiлген жiктерiн атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жолымен әлеуметтiк қорғау, көп балалы отбасыларға, жастарға олар үшiн жұмыс орындарын квоталау, жасөспiрiмдер клубтары жүйесiн құру, жастарды қорғау жөнiндегi қолданыстағы облыстық бағдарламаларды iске асыру.
6. Екiншi кезең 2005-2010 жылдар
1) Некелер санын көбейту үшiн қолайлы жағдай жасау. Тууды ұлғайту: жас жұбайларға, баспанасы жоқ отбасыларға бала туған жағдайда тұрғын үй несиелерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жолымен жастарға тұрғын үй проблемаларын шешуге көмек көрсету;
жастарға несие берудiң мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыру және олардың кәсiби бiлiм алуына гранттар бөлу, өз iсiн бастау, жастарды шағын және орта бизнес саласына тарту арқылы жастарды жұмыспен қамту саясатын белсендi жүргiзу.
2) Халықтың өсiп-өну денсаулығын жақсарту:
мынадай шараларға мемлекеттiк қолдау көрсету:
а) өсiп-өну функцияларын қайта қалпына келтiру әдiстерiн әзiрлеу, енгiзу және осы салада зерттеулер жүргiзу;
б) кеуде қатерлi iсiгi, жыныс жолдарының жұқпалы аурулары, соз аурулары, АҚТҚ/ЖҚТБ тәрiздi әйелдердiң денсаулығына аса елеулi немесе ерекше әсерiн тигiзетiн аурулардың биомедициналық, эпидемиологиялық және санитариялық-гигиеналық қырларын зерделеу;
баланың өте кiшкене кезiнен бастап еркектер мен әйелдердiң бедеулiгiнiң алдын алу және оның себептерiн жою жөнiндегi шараларды қолдану;
еркектер мен әйелдердiң бедеулiгiн емдеу, жасанды ұрықтандыру жөнiндегi медициналық қызметтерге және басқа да бала туу мүмкiндiктерiне қол жетiмдiлiктi арттыру;
бедеулiктi туындататын экологиялық проблемаларды шешу.
2-ТАРАУ. АЙМАҚТА ХАЛЫҚТЫ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ,
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТIК НЕГIЗДЕЛГЕН ЖҮЙЕСI
1. МАҚСАТ
Ауылдық аудандар мен аймақтардағы халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету деңгейiн көтеру, перспективасы жоқ ауылдарды (кенттердi) тарату, өндiрiстiк аймақтардағы халықты орналастыру жүйесiн сақтап қалу.
§ 2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Облыс аумағында облыстық қарамақтағы 3 қала және 10 аудан бар.
Өнеркәсiп аймақтың экономикасының негiзiн қалайды. Облыстың iрi өнеркәсiп кәсiпорындары қалаларда орналасқан, онда халықтың 67,8 % шоғырланған.
Аудандардың көбiнде практикада әлеуеттi жұмыс күшiнiң реципиенттерi және салық төлеушiлер жоқ. өндiрiстiк емес сала бұл аудандарда дами алмайды, өйткенi халықтың табыс деңгейi бұл үшiн жеткiлiктi емес.
Павлодар облысындағы тұрғылықты халықтың саны қысқаруға бет алған. 1992 жылы 971,7 мың адамға дейiн шарықтап шығып, қазiргi уақытта 758,5 мың адамға дейiн азайды. Облыс халқының жалпы санынан 36,5 % ауылдық жерлерде тұрады.
10 ауданның 2 тоқырауға ұшырағандарға жатады. Бұл аудандар аграрлық бағытта (мал шаруашылығы), бұлардың тек бiреуi ғана жергiлiктi халықтың негiзгi тамақ өнiмдерiн қажетсiнуiн қанағаттандыра алады.
халықты орналастырудың қалыптасқан жүйесiн сақтап қалу және түзету үшiн тоқырауға ұшыраған аудандарға жергiлiктi деңгейде қолдау көрсетiлуде, атап айтқанда, облыстық бюджеттен берiлетiн субвенциялар жыл сайын көбеюде, бұл балаларға және тұрғын үйге берiлетiн жәрдемақылардың қарызын толық жоюға және аймақтарда пайда болған проблемаларды дер кезiнде шешуге мүмкiн бердi. Мемлекеттiк әлеуметтiк көмекпен бiрге қоғамдық ұйымдар, қорлар, iрi кәсiпорындар және кәсiпкерлер қайырымдылық көмек көрсетуде. 2000-2001 жылдардың iшiнде облыстық мәслихаттың және облыс әкiмiнiң шешiмдерi негiзiнде халықтың көшi-қонына байланысты 55 ауыл (селолар) таратылған.
7. Күштi жақтар
Дамыған ауылшаруашылық өндiрiсi, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң өсуi.
Iрi фермерлiк шаруашылықтардың болуы.
Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындардың болуы.
Селолық аудандардың бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет желiсiмен қамтамасыз етiлуi.
8. Әлсiз жақтар
Ауылда көлiк пен байланыс инфрақұрылымының жеткiлiктi дамытылмағаны.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейi.
Ауыл халқының табыстары төмен болуы.
9. Мүмкiндiктер
Ауылдық аудандарда шағын бизнестi дамыту және жұмыспен қамтылған халықтың үлесiн көбейту.
Ауылдарда (селоларда) бiлiм беру және денсаулық сақтауды жақсарту, олардың материалдық - техникалық базасын нығайту және кадрлармен жасақтау.
Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдарды жақсарту жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру.
10. Қатерлер
Ауыл халқының азаюы.
Перспективасы жоқ ауылдардың (селолардың) көбеюi.
§ 3. 2010 ЖЫЛҒА ДЕЙIНГI СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
Ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөнiндегi нақты шараларды әзiрлеу.
Перспективасы жоқ ауылдарды (селоларды) тарату.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
11. Бiрiншi кезең 2002-2005 жылдар
1) Ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi нақты iс-шараларды әзiрлеу Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамыту Бағдарламасын әзiрлеу, оның iшiне өнiмдi өткiзу жүйесiн ұйымдастыру жөнiндегi нақты шаралар, ақпараттық-маркетингтiк жүйе, машина-технологиялық станциялар құру және тұқым шаруашылығы мен селекциялық-тұқымдық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудегi негiзгi бағдарлар кiредi.
Бағдарламада қарастырылған аграрлық секторды дамыту жөнiндегi iс-шараларды iске асыру халықтың нанды, жарманы және мал шаруашылығы өнiмiнiң барлық түрлерiн қажетсiнуiн өз өндiрiсi есебiнен толық қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi;
ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлердi жергiлiктi бюджеттердiң және коммерциялық банктердiң қаражаты есебiнен бiрлесiп қаржыландыру;
фермерлердi:
ауыл шаруашылығы мамандарының бiлiктiлiгiн көтеру семинарларын өткiзу;
шаруа қожалықтарының басшыларын шаруашылық жүргiзудiң нарықтық әдiстерiне үйрету жолымен оқыту.
2) Ауылдарды (селоларды) тарату.
2002 жылы жалпы халқының саны 44 адам болатын 6 ауылды (селоны) тарату көзделiп отыр. Келешекте осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
12. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
1) Ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi нақты iс-шаралар әзiрлеу.
Мына есептен ауылдық жерлерде телефон байланысы мен көлiк жұмысының сапасын жақсарту:
абоненттiк желiлердi толық пайдалану жүйесiн және ауылдық аймақтарды тұрақты байланыспен қамтамасыз ету жолымен АТС-тiң желiсiн оңтайландыру;
телефон желiлерiн жаңғырту, абоненттердiң автоматикаландырылған халықаралық байланысқа шығуын қамтамасыз ету үшiн ескiрген АТС-тi жаңаларға ауыстыру;
жолаушылар қызметтерiнiң тарифтерiн төмендету жолымен ауыл халқына көлiк қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
3-ТАРАУ. АЙМАҚТА ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИIМДI ДАМЫТУ ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУ: ЖОСПАРЛЫ ҮЙЛЕСIМ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
1. МАҚСАТ
Негiзгi мақсат: Еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану.
Iлеспе мақсаттар: жұмыспен қамту саласындағы ахуалдың дамуына тиiмдi мемлекеттiк бақылауды белгiлеу; жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру есебiнен халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Соңғы жылдары Павлодар облысында экономикалық өсу, инвестициялардың өсу, кәсiпорындарды сауықтыру, жаңа өндiрiстердi құру, шағын және орта бизнестi дамыту, ауылшаруашылық өндiрiсiн қалпына келтiру үрдiсi байқалады.
Халықтың саны азаюына қарамастан, экономиканың негiзгi салалары тұрақтануы еңбек ресурстары санының құлдырау қарқынын кiдiртуге мүмкiндiк бердi. 2000 жылы олар 476,2 адамды құрады немесе халықтың жалпы орташа жылдық санының 60,7 %, 2001 жылы 499,3 мың адам немесе 65,4 %. Еңбек ресурстарының (86,5 %) астам үлесi экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа келедi 431,9 мың адам, экономикалық белсендiлiгi жоқ 67,4 мың адам. Экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың өсуi экономика саласында жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар санының азаюы есебiнен болып отыр. еңбек ресурстарының дамуы экономиканың дәстүрлi салаларын - кен өндiру және өңдеу өнеркәсiптерiн дамыту есебiнен, жеңiл және қайта өңдеу өнеркәсiбiн қалпына келу, шағын бизнес кәсiпорындарын көбейту есебiнен қамтамасыз етiледi. Халықтың жұмыспен қамтылуы өсуi экономиканың барлық салаларында жаңа жұмыс орындарын құру, шағын несиелендiру саясатын жүргiзу, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру арқылы қамтамасыз етедi. 2001 жылы 8717 жұмыс орны құрылды, 2002 жылы 9000 жаңа жұмыс орын құрылады деп күтiлуде.
Экономика салалары арасында еңбек ресурстарын бөлу келесi үйлесiмдерге жеттi: өнеркәсiп 15,8 %, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы 4,1 %, көлiк және байланыс 5,3 %, құрылыс 2,6 %. 2005 жылға қарай осы үйлесiмдердiң сақталуы болжамдалуда.
2001 жылдың аяғында облыстың экономикасында халықты жұмыспен қамту деңгейi 71,3 % құрады. Оның iшiнде 61,8 % - экономикалық қызмет түрлерi бойынша қамтылғандар және 38,2 % өзiн - өзi жұмыспен қамтыған тұрғындар. 148,7 мың адам өздерiн жұмыспен қамтып отыр. Облыстың тiркелген еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейi 1999 жылғы 6,5 %-дан 2001 жылы 5,3 % -ға дейiн төмендедi. 2002 жылғы 1 қаңтарда жұмыссыздар саны 24552 адамды құрайды, бұл 2000 жылғы деңгейден 2,8 % жоғары, жұмыссыздардың 67,5 % ауылдық жерлерде тұрады.
13. Күштi жақтар
Жоғары бiлiктi еңбек ресурстары.
Шетел жұмыс күшiн квоталау жолымен iшкi нарықты қорғау.
Кәсiпкерлiктi дамыту, тұрғындардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуы.
Кәсiпорындарды қалпына келтiру, жаңа өндiрiстер ұйымдастыру, экономиканың нақты секторында жұмыспен қамтылғандар санының артуы.
Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету, кадрларды даярлау және қайта даярлау.
14. Әлсiз жақтар
Жасырын еңбекақы төлеудiң бар екендiгi. Бюджетке түсетiн салық түсiмдерi, сондай-ақ зейнеткерлiк қамсыздандыру жөнiнде әлеуметтiк қорғалу азаяды.
Күнкөрiс деңгейiнiң өсу қарқынынан еңбек ақы өсу қарқыны артта қалуы.
15. Мүмкiндiктер
Сыртқы нарықта ынтымақтастыққа жетуге жол беретiн табиғи ресурстардың (өндiру мен қайта өңдеу) және өндiрiстердiң болуы.
Көлiк пен коммуникациялардың қол жетiмдiлiгi.
Аймақта импорт алмастыратын өндiрiстердi дамыту нәтижесiнде күтiлетiн экономикалық өсу.
Шағын бизнес пен жеке кәсiпкерлiктiң дамуы.
Жұмысқа орналасу мәселелерi жөнiнде аймақтық ақпарат кеңiстiгiн құру.
Шетелдiк жұмыс күшiн енгiзуден iшкi еңбек нарығынан тиiмдi қорғау.
Өндiрiстiк күштердi орналастыру сұлбасын әзiрлеу және енгiзу.
16. Қатерлер
Өнiмнiң дүниежүзiлiк бағалардан тәуелдiлiгiнен экспортқа бағдарланған салаларда өндiрiс көлемi төмендеуi.
Жұмыспен қамтудың жасырын, заңсыз ауқымының өсуi.
Ұзақ (жылдан астам) жұмыс iстемеген азаматтар санының өсуi.
3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
аймақтық ақпараттық-нормативтiк базаны жетiлдiру;
жұмыспен өнiмдi қамтуды, жұмыссыздықты қысқартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлiктi және жұмыссыздардың өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуын қолдау мен дамыту;
жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдарындағы бейiмдеу үрдiстерiн реттеу;
iшкi еңбек нарығын қорғау.
§ 4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
17. Бiрiншi кезең 2002 2005 жылдар
2002 2005 жылдарда халықты жұмыспен қамтуды реттеудiң негiзгi бағыттары: халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу мен iске асыру, жұмыс орындарын қалпына келтiру және жаңа өндiрiстер құру, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыру және кәсiпкерлiктi қолдау. Жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың жұмыспен қамтылуының өсуi үшiн өңдеушi өнеркәсiп салалары басымды болады.
1) Аймақтық ақпараттық-нормативтiк базаларын жетiлдiру.
Бұл мiндеттi iске асыру, қажеттi бағдарламалы-қолданбалы материалдар енгiзумен бiрге жұмысқа орналастыру мәселелерi жөнiнде бiрыңғай аймақтық торап құру үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдардың компьютерлiк техникамен қамтамасыз етiлуiн талап етедi. 2002 жылы барлық аймақтық жұмыспен қамту органдарын "Ваnknet" жүйесi арқылы еңбек нарығы жөнiндегi республикалық ақпараттық желiсiне қосу күтiлiп отыр. Бұл халықты жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыспен қамту қызметтерiнiң мүмкiндiктерiн ұлғайтады, ал халық аймақтағы және одан тыс жерлердегi кәсiпорындардың жұмыс күшiне сұранысы туралы ақпаратқа қол жеткiзедi, бұл еңбек көшi-қоны үрдiстерiнiң, республикалық еңбек нарығындағы жұмыссыздардың жұмылдырылғыштығын дамытуға ықпал жасайды.
2) Жұмыспен өнiмдi қамтуды, жұмыссыздықты қысқартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ету:
халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу. 2002 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу мәселесi жөнiнде 30 мыңға жуық адам өтiнетiнi күтiлуде. Олардан 6,5 мың адамға жуығы тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылады, оның iшiнде экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындарда және шағын бизнес пен кәсiпкерлiк саласында құрылып жатқан жаңа жұмыс орындарына болжам бойынша 3245 адам жұмысқа орналастырылады;
әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, осы санаттағы халықтың бiрiншi кезекте жұмысқа орналастырылуын, қоғамдық жұмысқа және кәсiптiк оқуға жiберiлуiн қамтамасыз етiлуi болжамдалуда;
уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
жұмыссыздарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау бiлiктiлiктерiн арттыруды ұйымдастыру жергiлiктi бюджет есебiнен облыстың мемлекеттiк және мемлекеттiк емес оқу орындары негiзiнде еңбек нарығының қажетсiнуiн есепке ала отырып, жүзеге асырылатын болады;
бiр де бiр жұмыс iстейтiн мүшесi жоқ отбасылардың азаматтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 2002 жылы осындай отбасылардан 1615 адамға дейiн тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарда 4370 адамға дейiн қамту, 295 адамды оқуға жiберу болжамдалуда;
салалық департаменттер және ауылдар мен қалалардың әкiмдерiнiң жаңа жұмыс орындарын құру туралы бiрлескен iс-қимылын үйлестiру жөнiндегi жұмыс. 2002 жылы 9000 жұмыс орны құрылуы мүмкiн, оның iшiнде өнеркәсiпте 2298 жұмыс орны, шағын бизнес және кәсiпкерлiк саласында 2747, ауыл шаруашылығында 3225.
3) Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту және жұмыссыздардың өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуы:
жұмыссыздарды, әсiресе ауылдық жерлерде, өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуға және кәсiпкерлiктi ұйымдастыруға бағдарлап оқыту;
өздерiн-өздерi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудi қалағандарды жеңiлдiк шарттарымен несие, шағын несие арқылы қаржыландыру;
жұмыссыздардың жеке бизнестерiн дамыту үшiн өтеусiз демеуқаржы бөлу жөнiнде халықаралық ұйымдарды, қоғамдық бiрлестiктер мен қорларды тарту;
жеке iсiн бiрiншi рет құрған жұмыссыздардан шыққан кәсiпкерлердi, пайдалы және орнықты бизнесi аяққа тұрғанша, мемлекеттiк деңгейде жеңiлдiктi салық салу жөнiндегi мәселелерiн шешу.
18. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
1) Жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық салдарында-ғы бейiмдеу үрдiстерiн реттеу:
ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерi, нысандарын кеңейту, сондай-ақ жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуының ұзақтығын ұлғайту;
жұмыспен қамту органдарының берген жолдамалары бойынша жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жұмыс берушiлер мен келiсiм шарт жасасу;
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға лицензия алатын кәсiпорындармен әлеуметтiк - осал қорғалған санаттағы халықты жұмысқа орналастыруға арналған квота белгiлеу жағынан белсендi ынтымақтастық жасау.
2) Iшкi еңбек нарығын қорғау:
жұмыс күшiн енгiзудiң орынды екенiн дәлелдеу жөнiнде қатаң саясат жүргiзу;
шетелдiк жұмыс күшiн пайдаланатын кәсiпорындарда жұмыс орындарын квоталауды белгiлеу;
бақылаушы органдар арқылы қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру, әсiресе жұмысшылардың еңбек құқықтары жағынан.
4-ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТIК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ:БIЛIМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ, ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
§ 1. МАҚСАТ (БIЛIМ БЕРУ)
Бiлiм беру жүйесiнiң ұлттық үлгiсiн дамыту үшiн жағдайлар жасау, сапалы бiлiмге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету.
2) АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Павлодар облысының бiлiм беру жүйесi оқушыларға оқудың әр түрлi нысандарын, оқу орнының типтерiн, бiлiм алудың деңгейiн таңдау үшiн шынайы мүмкiндiктердi ұсынады.
Облыста 141,6 мың оқушысы бар 469 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. қазақ тiлiнде бiлiм беретiн 139 мектепте (2000 жылы 136) және 153 аралас мектепте 40,8 мың бала (28,8 %) оқиды. Бұдан басқа облыста 5 жалпы түрдегi мектеп-интернаты, 6 түзету (көмекшi) мектеп-интернаты мен 1 көмекшi мектеп, 3 балалар үйi, 1 мамандандырылған кадет мектеп-интернаты (112 бала), 26 мектеп жанындағы интернат (950 бала), 3 панажай (150 орынға) жұмыс iстейдi.
Мектептердi компьютермен жабдықтау жоспары 100 пайызға орындалды. қазақ мектептерiнде барлық сыныптар бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету 77 %, орыс мектептерiнде 65 % құрайды.
Облыстың 69 мектепке дейiнгi ұйымдарында 11,3 мың бала оқиды. 29 аралас балабақшада балалар қазақ және орыс тiлдерiнде оқып тәрбиеленуде. Ондағы топтар саны 40-тан 54-ке дейiн, балалар саны 810-нан 1504-ке дейiн өстi.
Облыс кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде 25 мемлекеттiк кәсiптiк мектеп жұмыс жасауда.
Жаңа түрдегi оқу орындары бiрте-бiрте дамуда. Бiлiктi жұмысшылар мен жоғары деңгейдегi мамандарды даярлау үшiн ең үздiк кәсiптiк мектептердiң базасында кәсiптiк лицейлер құрылды.
Облыс түлектерi жоғары оқу орындарына кешендi тесттеу барысында бiлiм сапасының жоғары деңгейiн растады. Облыстың 1757 түлегi грант пен несие алды (2000 жылы 943), бұл республикадағы ең үздiк көрсеткiш болып табылады.
19. Күштi жақтар
Барлық деңгейдегi оқу орындарының тармақталған желiсiнiң болуы.
Облыстың республика бойынша бiлiм беруде жоғары рейтингiнiң болуы.
Облыс мектептерiнде компьютерлiк техниканың бар болуы.
Бiлiктi кадрлардың бар болуы.
Жаңа типтi мектептердiң бар болуы.
Мемлекеттiк тiлде оқитын оқушылардың санын арттыру тенденциясының бар болуы.
Бюджеттен жыл сайын балаларды сауықтыруға және олардың жазғы демалысына мақсатты қаражаттар бөлiнедi.
Мемлекеттiк емес оқу орындары дамып келедi.
20. Әлсiз жақтар
Жетiм балалар мен даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарының, мектептен тыс ұйымдардың саны жеткiлiксiз.
Бiлiм беру қызметтерiне қолжетiмдiлiктiң, әсiресе, ауылда мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқыту, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде, төмендеуi.
Шағын жинақталған мектептердiң орта буынында бiрiктiрiлген сынып-комплектiлердiң бар болуы.
Орта, жоғары буын оқушылары үшiн оқулықтардың және оқу-әдiстемелiк әдебиеттiң тапшылығы.
Бiлiм беру ұйымдарының жеткiлiксiз ақпараттандырылуы.
Бiлiм беру ұйымдарының спорттық керек-жарақтармен нашар жарақталуы.
Оқытудың озық технологиялары нашар пайдаланылады.
Кәсiптiк бiлiм беру проблемаларын шешуде бiлiм беру ұйымдары мен кәсiпорындардың серiктестiгi жоғалған.
Ауылдық жердегi кадрлардың тұрақтамаушылығы.
21. Мүмкiндiктер
Педагогикалық кадрлардың кәсiптiк деңгейiн көтеру.
Бес - алты жасар балаларды мектепалды даярлықпен толық қамту.
Орта бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудi аяқтау.
Ақпараттық жүйенi, Интернеттi бiлiм беру жүйесiнде пайдалану мүмкiндiктерiн дамыту.
Интернат мекемелерi, балалар ауылы желiсiн дамыту.
22. Қатерлер
Пайдалы қызметпен қамтылмаған кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылық санының өсуi.
Шылым шегетiн, алкоголь iшiмдiктерiн пайдаланатын, токсикомания мен нашақорлыққа тартылған балалар мен жасөспiрiмдер санының өсуi, жасөспiрiмдер арасында ЖқТБ-ның таралуы.
Табысы аз отбасы балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санының көбеюi, балалардың қараусыздығы мен қаңғырушылығы.
Балалар денсаулығының нашарлауы.
3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР (БIЛIМ БЕРУ):
бес алты жасар балаларды мектепалды даярлықпен қамту;
мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту және балаларды әлеуметтiк қорғау;
орта бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудi аяқтау;
бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн оқу - әдiстемелiк қамтамасыз ету;
балалар мен жасөспiрiмдер үшiн мектепке дейiнгi, бастауыш және кәсiптiк бiлiм алуға қолжетiмдiлiктi арттыруға жағдайлар жасау;
кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының кәсiпорындармен серiктестiгiн дамыту;
педагог кадрлардың ауылдық жерде тұрақтануын қамтамасыз ету;
балалар, жасөспiрiмдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
оқушылар мен педагогтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету;
мектептердiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жақсарту.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ (БIЛIМ БЕРУ)
23. Бiрiншi кезең 2002-2005 жылдар
1) Бес алты жасар балаларға арналған мектепке дейiнгi бiлiм берудiң (мектепке дайындық) икемдi бағдарламаларын енгiзу.
2005 жылы мектепке дейiнгi мекемелер саны 10,4 %-ға өсiп, 85 бiрлiкке жетедi.
2) Жалпыға бiрдей сауаттылыққа қол жеткiзу, мектеп жасындағы балаларды жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiммен толық қамтуды қамтамасыз ету, бiлiм сапасын жақсарту:
жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының желiсiн белгiленген нормативке жеткiзудi қамтамасыз ету;
мектеп жанындағы интернаттар мен өзге интернат мекемелерiн ашуға жәрдемдесу, мектептен үш километрден астам шақырымда тұратын балаларды мектепке дейiн жеткiзудi ұйымдастыру;
бюджеттен бөлiнген қаржыны интернат ұйымдары тәрбиеленушiлерiнiң тамағы, киiм-кешегi мен өзге шығыстары бойынша нормативтердi қамтамасыз етуге жолдау;
жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жанындағы жаппай оқу қорларын дамыту және олардың қаражаттарын бұдан да тиiмдi пайдалану жөнiнде шаралар қабылдау;
орта мектептердiң Интернет желiсiне қосылуын және компьютерлiк бағдарламалардың оқу-тәрбие үрдiсiнде қолданылуын қамтамасыз ету;
мектеп оқушыларын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде жаңа буын оқулықтарымен және оқу-әдiстемелiк құралдарымен қамтамасыз ету;
кәсiптiк мектептер мен колледждердiң бюджеттiк топтарына оқушылардың қабылдауын өсiру арқылы кәсiптiк бiлiм алуға қол жетiмдiлiк деңгейiн арттыру;
педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк тапсырысты ұлғайтуды көздеу.
3) Оқушылар мен педагогтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету:
оқу орындарында денсаулық күндерiн өткiзу;
денсаулығында ақау бар балалар үшiн арнаулы медициналық топтардың жұмысын жетiлдiру;
балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
бiлiм беру мекемелерiндегi спорт секцияларының санын және спортпен айналысатын балалардың санын көбейту.
24. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
1) Халықтың жалпы бiлiмдiлiк деңгейiн арттыру ұзақ мерзiмдi жоспарда адамгершiлiк капиталының сапасы экономикалық дамудың ең басты кедергiлерiнiң бiрi болады.
Өсiп келе жатқан ақпараттық ағымдар мен жоғары технологиялық өндiрiстер бiр жақты маманданған атқарушыларды емес, базалық деңгейдегi бiлiмдi, қызметтiң бiр түрiнен басқа түрiне кiрiсуге қабiлеттi, коммуникативтiк икемдiлiктерi мен дағдылары бар мамандарды талап етедi. Сонымен қатар оқудың аяқталу кезеңдерiнде кәсiптiк бiлiм беру жүйесi нарықтың көкейтестi және перспективтi қажеттiлiктерiне нақты бейiмделуi қажет.
Кәсiптiк мектептер, лицейлер мен колледждердiң және барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындардың iскерлiк, мүдделi серiктестiгi шеңберiнде кәсiпорындар базасында кәсiптiк тәжiрибе барысында игерген практикалық дағдылар мен теориялық бiлiмдердiң тұтастығын қамтамасыз ету қажет.
2) Бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, оқытудың жаңа технологияларын енгiзу. Ауыл мектептерiнiң жас мамандары үшiн тиiстi тұрмыстық жағдайлар жасау.
5. МАҚСАТ (ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ)
Халық денсаулығының жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн, денсаулық сақтаудың пәрмендi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру.
6. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ (ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ)
Соңғы жылдары облыс тұрғындарының денсаулығы елеулi жақсаруда. Бұны демографиялық және ауру көрсеткiштерi растайды.
Халықтың туу қабiлетi және табиғи өсiмi жоғарылауы, сәби өлiмi көрсеткiштерiнiң төмендеуi белгiленiп отыр.
Туберкулезбен ауру көрсеткiштерi 100 мың халыққа 196 (2000 жылы-201,1) адамды құрап, 2,5 %-ға төмендедi. Бұл аурудан болған өлiм көрсеткiштерi төмендеп, асқынып кеткен жағдайлар санының қысқаруы байқалуда. Сонымен қатар, вирустық гепатит, педикулез, мерез сияқты әлеуметтiк қауiптi аурулар санының төмендегенi байқалуда.
Нашақорлыққа шалдығу 2000 жылға қарағанда 50 %-дан аса өсiп, ауру көрсеткiшi 100 мың халыққа 1139,4 адамды құрады. АқТқ ауруларының өсуi байқалуда, 439 ауру анықталды, бұл ауру көрсеткiштерi 100 мың халыққа 57,0 (2000 жылы 10,5) адамды құрады.
2002 жылдың басында облыс тұрғындарына 126 амбулаториялық - емханалық ұйымдар, соның iшiнде 6 консультативтiк диагностикалық емхана, 34 қалалық және 82 ауылдық отбасылық дәрiгерлiк амбулаториялар медициналық көмек көрсетуде. Сонымен бiрге, ауылдарда 225 фельдшерлiк- акушерлiк пункттер жұмыс iстеп, 51 елдi мекендi бөлек орынмен қамтамасыз етiлмеген медициналық қызметкерлер баршылық. Облыс тұрғындарына 43 ауруханалық ұйымдар, соның iшiнде 7 диспансер стационарлық көмек көрсетуде.
Мемлекеттiк сектормен қатар жеке меншiк медициналық ұйымдар дамып келедi, 2001 жылдың аяғында бұндай 151 мекеме жұмыс iстедi.
Облыс денсаулық сақтау жүйесiндегi оң өзгерiстер халыққа медициналық көмек көрсету деңгейiн сақтауға, қолдауға, медициналық көмектiң сапасын арттырудағы медициналық мекемелердiң оңтайлы қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық Бағдарламаларды әзiрлеумен және жүзеге асырумен байланысты.
25. Күштi жақтар
Алғашқы медициналық-санитариялық жәрдемнiң жұмыс iстеуi.
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi жұмыстардың жандандырылуы.
Медициналық қызметтердi қаржыландыру нысандарының көп арналылығы қаржыландырудың тиiмдi жүйесiнiң алғышарттары болуы.Бәсекелестiк мүмкiндiгiн туғызатын медициналық қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес сектордың болуы.
Медициналық жоғары оқу орындарында интернатураның, дәрiгерлердi жетiлдiру факультетiнде отбасылық дәрiгерлердi дипломнан кейiнгi дайындаудың жүзеге асуы.
Таңдау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн медициналық қызметтердiң iшкi нарығының болуы.
26. Әлсiз жақтары
Жоспарлы және нарықтық басқару тетiктерiнiң оңтайлы ұштастырылуына тұжырымды негiздiң болмауы.
Денсаулық сақтаудың аурудың алдын алудан гөрi емдеу сипатындағы шараларға көбiрек бағдарлануы.
Бәсекелестiк пен тиiстi материалдық ынталандырудың болмауы.
Емдеу-профилактика мекемелерiндегi диагностикалық және емдеу жабдықтарының ескiруi.
Аурулардың алдын алу, диагноз қою және ауруларды емдеу саласында осы заманғы және тиiмдi технологияларды кеңiнен қолдану жөнiндегi шаралардың жеткiлiксiздiгi.
Фармацевтiк және медициналық өнеркәсiптiң әлсiз дамуы.
27. Мүмкiндiктер
Әлеуметтiк саланың басқа да тармақтарын денсаулық сақтау шараларын ұйымдастыруға тарту.
Қаржыландыру көздерiн кеңейту.
Денсаулық сақтау проблемасы мәселелерi бойынша үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн жандандыру.
Медициналық iзгiлiк көмек.
28. Қатерлер
Фармацевтикалық нарықта стандарттар талаптарына жауап бермейтiн дәрi-дәрмектiк заттардың болуы.
Халыққа арналған сапалы ауыз суға қол жетiмдiлiктiң төмендеуi.
Халықтың едәуiр бөлiгiнiң төлем қабiлетiнiң төмендiгi (кенеулi аспен өзiн-өзi қамтамасыз етуi жөнiндегi мәселелер).
Есiрткi бизнесi өсуi мен есiрткiге қол жетiмдiлiктiң артуы.
Таяу және шалғай шетелдермен белсендi көшi-қон алмасу АҚТҚ-ның таралу қаупiн төндiредi.
Денсаулыққа әсер ететiн экологиялық факторлардың күшеюi.
Заңсыз иммиграция нәтижесiнде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы.
7. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР (ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ):
әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналадағылар үшiн қауiптi аурулардың пайда болуын мен дамуының алдын алатын профилактикалық шараларды күшейту;
салауатты өмiр салтын қалыптастыру қызметiн нығайту;
халыққа медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруды жетiлдiру. Алғашқы медициналық-санитариялық жәрдемдi нығайту, отбасылық дәрiгерi практикасын дамыту;
дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етудi жетiлдiру. Жергiлiктi фармацевтiк саланы дамытуға ықпал жасау;
қоршаған ортаның мониторингiн және халықты сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жетiлдiру;
ДДСҰ ұсынған емдеудiң жаңа әдiстерiн енгiзу жолымен емдеу процесiн ұйымдастыруды жақсарту;
халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудiң сапасын арттыру мақсатымен қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру;
денсаулық сақтау жүйесiн басқаруды жетiлдiру;
халықтың қалың жiктерiне арналған сапалы медициналық көмекке iс жүзiнде қол жеткiзу деңгейiн арттыру қажет: түрлерi, сапасы мен көлемi халықтың ауру деңгейi мен сұраныстарына, қазiргi медициналық бiлiм мен технологияларға, сондай-ақ облыстың және азаматтарының қолда бар ресурстарына сай келетiн медициналық қызмет көрсету үшiн құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау;
медициналық мекемелерде көрсетiлетiн ақылы медициналық көмектi мемлекеттiк реттеудi күшейту.
8. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ (ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ)
29. Бiрiншi кезең 2002-2005 жылдар
1) Медициналық мекемелерде көрсетiлетiн ақылы медициналық көмектi мемлекеттiк реттеудi күшейту.
Бұл халыққа арналған медициналық көмектiң қол жетiмдiлiгiн арттыру үшiн тактикалық бiрiншi кезектегi мiндет болып табылады. Iс жүзiнде ол тегiн медициналық көмектiң орнына бақылаусыз орын алған ақылы медициналық көмектi шектеуден әрi аспайды. Медициналық мекемелерде тегiн медициналық көмектiң көлемдерiн реттеудi және ақылы медициналық көмек көрсету тәртiбiн енгiзу қажет.
2) Ауылды жерлерде отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды дамыту және нығайту:
ОДА-ларды қажеттi медициналық құралдармен жабдықтау;
еңбекке ақы төлеудiң сараланған түрiн енгiзу;
ОДА-лардың iшкi ұйымдастыру жұмыстарын жетiлдiру;
дәрiгерлердiң кәсiби деңгейiн арттыру.
3) әлеуметтiк мәнi бар аурулардың және айналадағылар үшiн қауiптi аурулардың пайда болуы мен дамуының алдын алатын профилактикалық шараларды жүргiзу:
халықты иммунизациялау;
сапалы тамақ өнiмдерiмен және сумен қамтамасыз ету;
кенеулi тамақтану және салауатты өмiр салтын насихаттау;
ЖҚТБ және АҚТҚ iндетi жөнiнде ағарту жұмыстарын жүргiзу;
ЖҚТБ алдын алу пункттерiн дамыту;
нашақорлар үшiн айырбастау пункттерiнiң жүйесiн көбейту;
емдеу-профилактика мекемелерiнде әйелдердi медициналық тексеру кабинеттерiнiң жүйесiн көбейту және дамыту.
4) Салауатты өмiр салтын қалыптастыру:
Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мақсатындағы бiлiм беру бағдарламалары мен ақпарат: мектептердегi, жоғары оқу орындарындағы, жұмысшылар ұжымдарындағы әрбiр азаматқа алғашқы медициналық-санитариялық көмек мекемелерi арқылы жеткiзiлуге тиiс.
30. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
1) Дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етудiң стандарттау жүйесiн енгiзу:
өмiрлiк маңызы бар және маңызды дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн құру және жаңарту тәртiбi;
фармакоэкономикалық зерттеулердiң мәлiметтерiн есепке ала отырып дәрi-дәрмектердiң сауда атаулары бойынша өмiрлiк маңызы бар және аса маңызды дәрi-дәрмектер тiзбесi негiзiнде дәрi-дәрмектер формуляры;
мемлекет кепiлдендiрген тегiн амбулаториялық - емханалық, стационарлық және жедел медициналық көмек көрсеткендегi дәрi-дәрмектiк көмектiң көлемiн белгiлеу;
формулярға енгiзiлген дәрi-дәрмектер бағасынан шығарып, дәрi-дәрмектiк көмектi оны көрсету түрлерi бойынша қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативi;
жеңiлдiктерi бар санаттағы халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң ең төмен әлеуметтiк нормативтерi.
2) Денсаулық сақтау саласының мемлекеттiк емес секторын одан әрi дамыту:
денсаулық сақтау саласына шетелдiк және отандық инвесторларды,
халықаралық қаржылық ұйымдардың және басқа нәрлендiрушiлердiң гранттарын, займдарын тарту жөнiндегi жұмыс жандандырылып келедi.
3) Халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз ететiн қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру:
ерiктi медициналық сақтандыруды дамыту және ынталандыру;
зейнеткерлердi, мүгедектердi, жұмыссыздарды, балаларды, жүктi әйелдердi, студенттердi мiндеттi түрде енгiзе отырып, медициналық көмектiң нақты кепiлдендiрiлген көлемiн белгiлеу.
4) Тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық қызмет түрлерiнiң сапасын арттыру. Емдеу процесiн ұйымдастыруды жаңа әдiстердi, соның iшiнде ДДСұ ұсынған емдеудiң әдiстерiн енгiзу жолымен жақсарту:
медициналық ұйымдарды жаңа, қазiргi диагностикалық және емдеу аппаратурасымен жабдықтау;
медициналық практикаға емдеу және диагноз қоюдың мемлекетаралық хаттамаларын енгiзу;
медицина қызметкерлерiнiң кәсiби бiлiктiлiктерiн арттыру;
тарифтердi көтеру;
қаржыландырушы ұйымдардың медициналық көмек көрсетудiң сапасын тексеру кезiнде қойылатын талаптарын қатайту.
5) қоршаған ортаның мониторингi және халықты сумен қамтамасыз етудiң жай-күйiн жетiлдiру:
халықтың таза ауыз суға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiң барлық салаларындағы кәсiпорындар үшiн ауаны ластаушы концентраттардың жол берiлетiн шектi нормаларының сақталуына бақылауды қатайту қажет.
9. МАҚСАТ (ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ)
Халықтың кедейлiк деңгейiн азайтуға, қайыршылықты жоюға бағдарланған халықты әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру.
10. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ (ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ )
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жағдайға көшуi мынадай мемлекет жағынан әлеуметтiк қолдауға мұқтаж халықтың санаттарында жұмыссыздық, кедейлiк сияқты әлеуметтiк құбылыстардың пайда болуына әкелiп соқты. қазiргi уақытта азаматтардың жекелеген санаттарына берiлетiн әлеуметтiк жеңiлдiктердiң жойылуына байланысты халықтың осал қорғалған жiктерiнiң саны көбейдi. Бұдан басқа, зейнетақы мен жәрдемақылардың кешiгiп төленуi, жұмыссыздық бойынша жәрдемақының жойылуы, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тәсiлiнiң өзгеруi, аз қамтамасыз етiлген азаматтар саны өсуiне және олардың әл-ауқаттары нашарлауына ықпал еттi.
Павлодар облысында 2002 жылғы 1 қаңтар жағдайына 105931 аз қамтамасыз етiлген азамат саналды немесе облыс тұрғындарының жалпы санының 13,7 %, бұл 2001 жылғы 1 қаңтарға қарағанда 24 % -ға артық.
2001 жылғы наурыздан бастап кедейлiк тереңдiгiне және мұқтаждық деңгейiне байланысты аз қамтамасыз етiлген азаматтар санын анықтау жөнiнде жұмыс басталды. әр елдi мекенде, жергiлiктi жердегi әкiм жанындағы селолық округте учаскелiк қоғамдық комиссиялар құрылған болатын, бұлар үйлердi орағытып өту жолымен әр бiр отбасына әлеуметтiк карта жасады. әлеуметтiк карта негiзiнде облыстың қалалары мен аудандарында аз қамтамасыз етiлген азаматтардың деректер қоры құрылып жатыр, кедейлiк шегiнен төмен тұратын тұлғалар санаттары анықталуда.
Азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, бiрiншi кезекпен аз қамтамасыз етiлгендердi, облыстық деңгейде кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi бағдарламалар қабылдануда. 2001 жылдың қорытындысы бойынша жергiлiктi бюджет есебiнен 574,7 млн. теңгеге аз қамтамасыз етiлген азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.
2000 жылдың 1 қаңтарында 434,8 млн. теңгенi құрайтын, 1997-2000 жылдардағы балалар жәрдемақысы жөнiндегi берешек өтелiп, басты проблема шешiмiн тапты. Жүргiзiлген жұмыс негiзiнде әлеуметтiк шиеленiс жойылып, балалы отбасылары жағынан өтiнiштер мен арыздар ағыны күрт азайды.
Облыста сырттан күтудi қажет ететiн қарттарға қызмет жасайтын 1 орталық және үйде әлеуметтiк көмек көрсетудiң 13 бөлiмдерi жұмыс iстейдi, қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтi 2 интернат-үйi және психикасының созылмалы ауруы барларға арналған мамандандырылған интернат-үйi жұмыс iстейдi. 2001 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мүгедектер қоғамы облыстың 100 мүгедегiне кресло - күймелер жеткiзiп бердi. Павлодар қаласында белгiлi мекенжайы жоқ адамдарды әлеуметтiк-бейiмдеу орталығы жұмысын жалғастыруда. 2001 жылдың басынан орталыққа 472 адам қабылданды. 2001 жылы Павлодар қаласы әкiмiнiң әлеуметтiк көмек орталығында 1052 адам емделiп шықты. Ардагерлер тұрғындарды әлеуметтiк қорғау органдарының басты назарында.
31. Күштi жақтар
Мемлекеттiң халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне ең аз мөлшерде көмек берiп отыруы жөнiндегi конституциялық мiндеттемелерiнiң болуы.
Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар және өзге де әлеуметтiк жәрдемақылардың болуы.
Кедейлiкке және жұмыссыздыққа қарсы күрестiң республикалық және аймақтық бағдарламаларының қабылдануы.
Кедейлiк проблемаларын шешу қажеттiгiне атқарушы билiктiң барлық деңгейлерiнде берiлдi болуы және түсiнiстiкпен қарауы.
Әлеуметтiк қорғау, кедейлiкке қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара жемiстi iс-қимыл.
32. Әлсiз жақтар
Мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң атаулылығының, ашықтығының және қол жетiмдiлiгiнiң кемдiгi.
Кедейлiктiң деңгейi мен тереңдiлiгiн айқындаудағы тиiмсiз қағидаттар.
Жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғауға арналған шығыстың азаюы.
Көрсетiлетiн материалдық көмек деңгейi мөлшерiнiң төмендiгi.
Жұмыстан босатылған қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалу құқығына нұқсан келтiру.
Жұмысынан, еңбек қабiлеттiлiгiнен және табыс көзiнен айрылуымен байланысты әлеуметтiк қатерге тап болған кезде халықтың өзiн-өзi қамтамасыз ету дағдысын қалыптастыру саясатының болмауы.
33. Мүмкiндiктер
Аз қамтамасыз етiлген азаматтарды әлеуметтiк қорғау, табыстары кедейлiк шегiнен төмен азаматтарға берiлетiн жәрдемақылар.
Халықтың айрықша мұқтаж жiктерiне атаулы көмек көрсету.
Халықтың нақты табысының артуын қамтамасыз ету.
34. Қатерлер
Инфляция қарқынының зейнеткерлiк төлемдердi индекстеу қарқынынан озып отырғанына байланысты зейнеткерлердiң ақшалай кiрiстерiнiң төмендеуi.
11. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ):
халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн анықтау тетiгiн әзiрлеу және барлық жерлердегi елдi мекендер, шағын аудандар, ауылдар және тағы тағылардың әлеуметтiк паспорттарын енгiзу;
аз қамтамасыз етiлген азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету және әлеуметтiк көмектiң басқа да түрлерiн беру;
облыс аймақтарында кедейлiк деңгейiн азайту жөнiнде қоғамды жаппай күреске шоғырландыру және осы жұмыстың қажеттiлiгi мен маңыздығы туралы халықтың қоғамдық санасын қалыптастыру;
әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң жүйесiн әрi қарай дамыту, олардың жұмыс iстеуi мен басымды қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
ұйымдардың, мекемелер мен коммерциялық құрылымдардың халықтың тұрмысы төмен жiктерiне атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi теңгерiмдiлiктi бiрлескен қызметтерiн қамтамасыз ету.
12. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ (ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ)
35. Бiрiншi кезең 2002-2005 жылдар
Халықтың тұрмысы төмен жiктерiн айқындау жүйесiн құру, атаулы көмек көрсетудiң басымдыларын анықтау және облыста кедейлiк деңгейiн төмендету үшiн жағдай жасау бiрiншi кезеңнiң мақсаты болып табылады. Осы кезеңде нақты атаулы әлеуметтiк көмек жүйесiн әзiрлеу күтiлуде, ол еңбекке қабiлеттi халықтың санынан аз қамтамасыз етiлген азаматтар пайызын азайтуға және азаматтардың әлеуметтiк осал жiктерiнiң өмiр сүру деңгейiн жақсартуға мүмкiндiк бередi. 2000 жылғы 12 маусымдағы облыс әкiмiнiң N 134 шешiмiмен бекiтiлген 2002 жылға арналған кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi Кешендi бағдарламасында, департаменттер мен басқармалардың салалық бағдарламаларында, қазiргi уақытта қабылданған түрлi iс-шаралардың жоспарларында орын тапқан мақсатқа жетуге және басымды мiндеттердi орындауға бағытталған шараларды iске асыру.
1) Халықтың тұрмысы төмен жiктерiн айқындау механизмiн әзiрлеу және барлық жерлерде елдi мекендерде, шағын аудандарда, ауылдарда және тағы басқаларында әлеуметтiк паспорттарды енгiзу:
кедейлiк тереңдiгi мен қажеттiлiк дәрежесiне байланысты аз қамтамасыз етiлген азаматтар санын анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
әлеуметтiк карталар негiзiнде облыстың қалалары мен аудандарында аз қамтамасыз етiлген азаматтардың деректер қорын құру, кейiннен оларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында кедейлiк шегiнен төмен тұратын адамдар санатын анықтау.
2) Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету және әлеуметтiк көмектердiң басқа түрлерiн беру:
табыстарының барлық түрлерiн есепке ала отырып, әлеуметтiк карта жасау жолымен нақты қажет ететiн критерийлердi анықтау негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмек беру;
ақшалай және заттай түрде қайырымдылық көмек беру;
жеңiлдiкпен рецепт алуға құқылы азаматтардың жекелеген санаттарын тегiн амбулаторлық емдеудi қамтамасыз ету;
үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерiн қажет ететiн жалғызiлiктi және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсету;
мүгедектердi кресло-күймелермен қамтамасыз ету;
Павлодар қаласындағы медбибiлiк күтiм ауруханасында жалғызiлiктi қарт азаматтарға медициналық көмек көрсету;
"Мейiрiмдiлiк үйi" аймақтық әлеуметтiк көмек орталығында жалғызiлiктi қарттарға қызмет көрсету;
тегiн түскi ас беру, халықтан жинаған киiм мен аяқ киiм тарату жолымен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға көмек көрсету.
3) Әлеуметтiк қорғау мекемелерi жүйесiн әрi қарай дамыту, олардың қызмет жасауы мен басымды қаржыландырылуын қамтамасыз ету:
2002 жылы облыстық ақыл-есi кем балалар үшiн интернат-үйiн құру жоспарланып отыр.
36. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
Келешекте, 2010 жылға дейiн, тұрғындарды әлеуметтiк қорғау қызметiнiң күшi: бюджеттiң мүмкiндiгiн ескере отырып, отбасы құрамы мен жиынтық кiрiсiне байланысты аз қамтамасыз етiлген азаматтарға мемлекеттiк көмек көрсету мөлшерiн анықтауға, есепке алу және есеп беру мақсатында әлеуметтiк карталарға сәйкес облыстың барлық елдi мекендерiнде тұратын аз қамтамасыз етiлген азаматтарды тiркеуге; атаулы көмек көрсетудiң белсендi саясатын жүзеге асыру арқылы облыс бойынша кедейлiк деңгейiн төмендету, аз қамтамасыз етiлген азаматтарға көрсетiлетiн барлық көмектi түрлерiн үйлестiруге, әлеуметтiк бейiмдеу, экономикалық сауықтыру және халықтың әлеуметтiк осал жiктерiне атаулы әлеуметтiк қолдау шаралары негiзiнде дәйектi реформа жүргiзу жолымен халықтың өмiр сүру деңгейiн тұрақтандыру мен көтеруге бағытталатын болады.
1) Облыстың аймақтарында кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiндегi жаппай күреске қоғамды шоғырландыру және осы жұмыстың қажеттiлiгi мен маңыздылығы туралы халықтың қоғамдық санасын қалыптастыру:
облыста, қалалар мен аудандарда бұқаралық ақпарат құралдарында осы мәселенi кеңiнен түсiндiру: кедей азаматтардың саны туралы, ең төменгi күнкөрiс деңгейi, кедейлiк шегi туралы,сондай-ақ осы бағытта халықты әлеуметтiк қорғау қызметi өткiзiп жатқан iс-шаралары туралы халықты хабардар ету.
2) әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң жүйесiн әрi қарай дамыту, олардың қызметi мен басымды қаржыландырылуын қамтамасыз ету:
жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қорғау мекемелер жүйесiн әрi қарай қолдау және кеңейту үшiн, олардың тиiмдi жұмыс iстеуiне жергiлiктi бюджет мiндеттемелерiнiң сөзсiз реттелген жағдайда басымды қаржыландыру шаралары қажет.
3) Халықтың тұрмысы төмен жiктерiне атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұйымдардың, мекемелер және коммерциялық құрылымдардың баланстандырылған бiрлескен қызметтерiн қамтамасыз ету:
қайырымдылық қызметтi дамыту, демеушiлiк көмек көрсету үшiн атқарушы билiк оларды iске асыру үшiн мүмкiн жолдарын табуы керек.
2001 жыл көрсеткiштерiмен салыстырғанда жалғасып келе жатқан көшi-қон жылыстауына байланысты 2005 жылға дейiн тұрғындар саны көбеймейдi. 2006 жылдан бастап, облыстың әлеуметтiк-экономикалық сипаттамасының жақсаруы, туу көбею есебiнен халық саны өседi деп күтiлуде. Облысқа көшiп келушiлер 22 мың адамнан астам болатын болады. Сонымен қатар халықтың миграциялық жылыстауы азаяды. Сондықтан жыл сайын облыс тұрғындарының саны 1-1,5 %-ға өсiп отырады.
Жұмыспен қамту саласы қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша шараларды iске асыру нәтижесiнде 2005 жылдың аяғына облыстың еңбек нарығында тұрақтану пайда болады. Жаңа жұмыс орындарын құру 2005 жылға жалдамалы жұмыспен қамтылған халық санын 234,5 мың адамға дейiн көбейтуге мүмкiндiк бередi. Өздерiн-өзi жұмыспен қамтыған тұрғындар 165 мың адамға дейiн жетедi. 2005 жылға жұмыссыздар саны 2001 жылмен салыстырғанда 12,2 %-ға азайып, ашық және тiркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың көрсеткiштер арасындағы айырмашылық қысқарады, осының нәтижесiнде еңбек нарығындағы жағдайға шынайы баға беруге болады, және, әрине, еңбек нарығындағы жағдай болжамды және басқарулы болатын болады.
Денсаулық сақтау саласындағы iс-шараларды iске асыру көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi, бұл жалпы ауруды және әлеуметтiк мәнi бар аурулардың санын төмендетуге әкеледi. Туберкулезден өлiм-жiтiм 2005 жылға қарай 10 % төмендейдi. Сәби өлiмi 1000 жаңа туғанға 20,0 деңгейге дейiн төмендейдi.
Бiлiм беру саласында барлық балаларды мектепалды дайындықпен қамту үшiн жағдай жасалатын болады. Мамандандырылған оқуға мұқтаж балаларды қоса алғанда, мектеп жасындағы барлық балаларды орта мектеп бағдарламасы бойынша оқумен 100 % қамтуға қол жеткiзiлетiн болады. Жалпыға бiрдей орта бiлiм беру үшiн жағдай жасалады, бұл балалар мен жасөспiрiмдердiң бiлiм берудiң барлық деңгейiне қол жетiмдiлiгiн арттырады. Бiлiм беру қызметiнiң сапасы көтерiледi. Ақпарат жүйелерi, компьютерлiк оқу бағдарламалары мен Интернет оқу-тәрбие процесiнде пайдаланылатын болады. Жасөспiрiмдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылық саны төмендейдi. Бiлiм беру жүйесiнiң материалдық-техникалық базасы күшейедi.
Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк қорғау саласында межеленген шараларды iске асыру халықтың тұрмысы төмен жiктерiнiң әл-ауқатын көтеруге қолайлы жағдай туғызады, осының нәтижесiнде кедейлiк деңгейi төмендеуiн күтуге болады. Аз қамтамасыз етiлген азаматтар саны 2001 жылғы жалпы халық санының 13,7 %-нан 2005 жылы 9,3 %-ға дейiн қысқарады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегi деңгейiнен төмен болатын облыстың барлық азаматтары атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасымен қамтылатын болады. Жалпы алғанда қоғамда моральдi-психологиялық ахуал жақсарады.
II БӨЛIМ. ӨНЕРКӘСIПТIК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
§ 1. МАҚСАТ
Iшкi және сыртқы нарықта бәсекеге жарамды энергетика және тау-кен өндiру салаларын, машина жасау кешенiн, мұнай-химия және металлургия өнеркәсiбiн тиiмдi дамыту есебiнен облыстың индустриялық кешенiн қалыптастыру.
Өнеркәсiп-технология саясатын жүзеге асыру жаңа технологияларды игеру, импорт алмастыру жөнiндегi жұмысты жандандыру, 9000 сериялы ISО халықаралық стандарттарға көшу және жаңа өткiзу нарығына шығу арқылы өнеркәсiп өндiрiсiн өсiру үшiн жағдай жасауды көздейдi.
Облыс өнеркәсiптiк-технологиялық саясатының қойған мақсатына қол жеткiзу үшiн екi кезең жоспарланып отыр.
37. Бiрiншi кезең 2002-2005 жылдар
Осы кезеңде өнеркәсiп қызметтiң негiзгi бағыттары жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңарту мен техникалық қайта жабдықтау, салааралық кооперацияны дамыту, отандық товар өндiрушiлердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру және ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдай жасау арқылы шығарылатын өнiмнiң көлемiн көбейтуге бағытталған. Импорт алмастыру және 9000 сериялы ISО халықаралық стандарттарды енгiзу жөнiндегi iс-шараларды орындау жұмыстары жандандырылатын болады, бұл облыс кәсiпорындары шығаратын өнiмнiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеруге ықпал етедi.
38. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
Осы кезең дәстүрлi товарларды өткiзу көлемiн сақтау, жаңа даяр жоғары технологиялық товарларды шетке шығаруды көбейту, экспорт географиясын әлем нарығына тиiмдi жылжыта отырып кеңейту арқылы экономиканың өнеркәсiп секторын бұдан әрi дамытуды көздейдi.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Аймақтың өнеркәсiп әлуетi акциялардың бақылау пакетi шетел инвесторларының жеке меншiгiндегi экспортқа бейiмделген iрi өнеркәсiп компанияларын айқындайды. Олар 84 %-дан аса облыстық және 6,3% республикалық көлемде өнеркәсiп өсiмiн өндiредi. Олар - облыс экспорт әлуетiн, бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн анықтайтын көмiр, электр және жылу қуаты, оларды жеткiзу, сазбалшық, ферроқорытпа, мұнайды қайта өңдеу өнiмдерi және тамақ өнiмдерi.
Облыстың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына 2000 жылға дейiнгi өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы әсер еттi. 1996 жылдан 1999 жылға дейiн орташа жылдық құлдырау 7 % құрады. Оның басты себебi - шығарылатын өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiгi төмен. Iшкi нарықтан отандық азық-түлiк товарларын ығыстырып, импорт товарларына жол беру орын алды. өнеркәсiп және ауыл шаруашылығы өнiмi бағасының қалыптасқан үйлесiмсiздiгi ауыл шаруашылығы мен басқа салалардың кәсiпорындарында көлемдi қысқартуға әкелдi.
1995-1999 жылдардағы өнеркәсiп жұмысын талдау жеке салаларда көлемнiң әркелкi құлдырауын көрсетедi. Базалық салаларда халықты тiршiлiкпен қамтамасыз ету салаларына қарағанда құлдырау жылына орташа 2-3 есе төмен болды: электр энергетикасында - 8,1%, көмiр өнеркәсiбiнде - 8,6%, ал жеңiл өнеркәсiпте - 26,6%, тамақ - 20,3%.
Жалпы, 1995-2001 жылдары өнеркәсiпте өткiзiлген реформалар экспорт өнiмiн өндiрудi өсiру және өнiмнiң басқа түрлерiн өндiрудi тұрақтандыру үшiн жағдай жасауға, аймақтың экономикасын көтеру үшiн алғы шарт құруға ықпал еттi. 2000 жылдың басынан бастап нақты сектордың барлық салаларында өндiрiс көлемiнiң өсуi байқалады. өнеркәсiп өнiмiнiң нақты көлемi индексi (үй шаруашылығы секторының есебiмен) 2000 жылы 18,7 %-ға көбейдi. Облыстың өнеркәсiп кәсiпорындары 127,2 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрдi.
Электр қуатын, газ бен суды өндiру мен тарату (нақты көлем индексi 120,4 % құрады), машина жасау (149 %), тау-кен өндiру (131,2 %), металлургия өнеркәсiбi (107,2 %), мұнай айдау (144,9 %) сияқты өнеркәсiп салаларында өндiрiс көлемi бiрқатар өстi.
Заттай көмiр өндiрудi 33,2 %, электр қуаты өндiрiсiн - 29,3 %, ферроқорытпаны - 8,4 %, сазбалшықты - 5,1%, мұнайды қайта өңдеу өнiмiн - 48,8 %, тракторлар мен бульдозерлердi - 56 %-ға өсiруге қол жеттi.
2001 жылы өндiрiс көлемiн көбейту беталысы сақталды. Жалпы, өнеркәсiп бойынша нақты көлем индексi үй шаруашылығымен қоса алғанда 112,0 % құрады.
Өндiрiстiң өсу нүктесi. қазiргi уақытта өңдеу секторының үлесi басым өнеркәсiп құрылымы қалыптасты - 63,8%, оның iшiнде металлургия өнеркәсiбi - 47,8%, мұнай айдау - 3,6% құрайды. Тау-кен өндiру өнеркәсiбi - 15,4%, электр қуатын, газ бен суды өндiру мен тарату - 20,8% құрайды.
Павлодар облысы бойынша өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсiмi тұрақты жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар көлемiнiң көбеюi нәтижесiнде қалыптасты, олар мыналар:
тау-кен өндiру саласында - "Богатырь Аксес Көмiр" ЖШС-ның, тиiстi сектор көлемiнде ең үлкен үлесi бар (71,5%). Кәсiпорынның өндiрiс қуаты жылына 50,0 млн.тонна көмiр өндiрудi құрайды. Көмiр кенiшiнiң тұрақты жұмысы 2001 жылмен салыстырғанда 24,3% және 39,0%-ға өндiрiс көлемiн көбейтiп, 2005 жылы көмiр өндiрiсiн 42,0 млн. тоннаға, 2010 жылы 47,0 млн.тоннаға жеткiзуге ықпал етедi.
Жалпы, тау-кен өндiрiсiндегi көмiр кенiштерiнiң тұрақты жұмысы, 2001 жылмен салыстырғанда 23,0% және 32,0%-ға өндiрiс көлемiн көбейтiп, 2005 жылы көмiр өндiрiсiн 65,0 млн.тоннаға, 2010 жылы 72,0 млн.тоннаға жеткiзуге ықпал етедi. Тоғыз жыл iшiнде көмiр өндiрудiң орташа жылдық өсiмi 3,6% құрайды. Көмiр өткiзу нарығын кеңейтуге, сондай-ақ техникалық iс-шараларды орындауға басты мән берiлетiн болады.
Металлургия өңдеу өнеркәсiбiнде жалпы өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң 74,9% құрайды. "қазақстан алюминийi" ААҚ металлургиядағы үлесi - 34,7%. Кәсiпорында сазбалшықты бұдан әрi өндiру 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 17 % өсiм бередi. 2010 жылы бұл көлем 2005 жылдың деңгейiнде қалып, өндiрiс қуатын 100 %-ға жүктеуге байланысты 1440,0 мың тонна құрайды. Электролиз цехы бойынша жоспарланып отырған жобалау қуаты жылына бастапқы алюминийдiң 240 мың тоннасын құрайды, қолдануға кiрiсу 2005 жылы көзделiп отыр.
"Казхром" ҰАК ААҚ-ның "Ақсу ферроқорытпа заводы" филиалы - металлургия өндiрiсi көлемiндегi үлесi 40,9% құрайды. 2005 жылға қарай ферроқорытпа өндiрiсiнiң көлемi 2001 жылмен салыстырғанда 18,2%, 2010 жылы - 20,0% өседi және қуатты толық жүктегенде 1032,0 мың тонна құрайды.
Өңдеу саласындағы машиналар мен құрал-жабдықтар өндiрiсi 1,9% құрайды, "қазақстантрактор" ААҚ осы салада 51,0%, "Павлодар машина жасау заводы" ААҚ - 11,3% құрайды. "қазақстантрактор" ААҚ-ы 2005 жылы трактор өндiрiсiн 2001 жылмен салыстырғанда 3 есе өсiредi және 2000 трактор құрайды, 2010 жылы көлемi 2005 жылдың деңгейiнде қалады.
Мұнай айдау - 3,6%, "Павлодар мұнай-химия заводы" ААқ бұл салада 94,5% құрайды. өндiрiс қуаттары жылына 7,5 млн.тонна мұнайды қайта өндiруге ықпал етедi. 2001 жылы мұнайды қайта өңдеу өнiмдерi өндiрiсiнiң көлемi 90,3%-ға өстi. Жоспарланып отырған көлемдер 2002-2010 жылдары жыл сайын 2000,0 мың тонна құрайтын болады және 2001 жылдың деңгейiнде қалады, бұл кәсiпорынның алыс-берiс шикiзатпен жұмыс iстеуiне байланысты, кәсiпорын көлемiнiң өсуiн өз бетiмен қарастырылмайды. Шикiзат жеткiзушi "МаңғыстауМұнайГаз" Ақ болып табылады.
Аймақта пайдалы қазбалардың бай кен орнының бар болуы облыс экономикасы үшiн өңдеу, тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң басым мәнiн бұдан әрi тереңдетедi. Бұдан басқа, аймақтың даму келешегi электр қуатын өндiрудi арттырумен байланысты.
Облыс қазақстанның жетекшi тау-кен өндiрушi аймақтарының бiрi болып табылады. Мұнда елдегi көмiрдiң баланстық қорларының 35%-ға жуығы, 9,4% - алтын, 3,7% - мыс, 2,3% - молибден, 0,9% - мырыш, 0,3% - қорғасын шоғырланған. Аймақ аумағындағы зерттелген барлығы 115 қатты пайдалы қазбалар кен орнының 48-i пайдаланылады. Басқа кен орындарын бұдан әрi зерттеу үшiн инвестор iздестiрiлуде. Облыс экономикасын қалыптастыру үшiн табиғи ресурстардың үлкен қоры, әсiресе, Екiбастұз тас көмiр (баланстық қорлары - 10,5 млрд.тонна) және Майкөбен қызыл көмiр (2,2 млрд.тонна) бассейндерi негiз болды. Зерттеуге келешегi бар жалпы қоры 2,3 млрд.тоннадай Баянауыл және Май аудандарында орналасқан 9 көмiр кен орны жатады. Облыстың резервтiк кен орындарының жалпы қоры үш миллиард тоннаға жуық болады.
Облыста жалпы таралған пайдалы қазбалардың елеулi ресурстары бар, олардың негiзiнде өндiру мен қайта өндiру жөнiнде бiрқатар кәсiпорындар жұмыс iстейдi.
Металл пайдалы қазбалардың 18 кен орны бойынша қорлар есепке алынды. Олардың барлығында алтынның баланстық қоры, бұдан басқа, 15-де - күмiс, 7 - мыс, 6 - қорғасын мен мырыш, 4 - селен мен теллур, 3 - индий мен кадмий, 1 - молибден мен рений қорлары бар. Олардағы алтын қоры 585 тоннаға, мыс - 9,2 млн.тоннаға, қорғасын - 1,5 млн.тоннаға және мырыш - 0,9 млн.тоннаға бағаланады.
Металл емес пайдалы қазбалардың 97 кен орны бойынша қорлар есепке алынды, оның iшiнде 42 - кiрпiш шикiзаты, 13 - ас тұзы, 5 - құм-гравий материалы, 6 - барит, 5 - цемент шикiзаты, 4 - құрылыс құмы, 4 - натрий сульфаты, 4 - керамзит шикiзаты, 2 - магний тұзы, 1 - флюс әгi, 1 - шыны құм қоры бар. Бұдан басқа, облыста шикiзаттың басқа түрлерiнiң жеке кен орындары бар - барит, силикобарит, флюорит, гипс және басқалар, бұлардың әзiрше өнеркәсiптiк мәнi жоқ
Облыстағы қатты пайдалы қазбалардың негiзгi түрлерi бойынша баланстық қорлардың әлуеттi алыну құндылығы 460,5 млрд.АқШ долларын, ал болжалды ресурстардың - 137,4 млрд. АқШ долларын құрайды. Облыстың жер қойнауы байлығының баланстық және болжамдық ресурстары бойынша барлығы ең кем дегенде 598 млрд.АқШ долларына бағаланады.
Несиелiк ресурстарға сұраныс, жобалар бойынша инвестициялар тарту. Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi техникалық жаңарту және ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдай жасау, жұмыс орындарын көбейту мақсатында облысқа инвестиция тарту жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде.
Басым инвестициялық жобалардың тiзбесi әзiрлендi және ол тиiстi республикалық органдарға, министрлiктерге, қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiне, "Қазақстанның даму банкi" ЖАҚ-на жiберiлдi.
2002-2010 жылдары "Қазақстантрактор" ААҚ-да ауыл шаруашылығы техникасының жаңа басты түрлерiн (Т-95.4 шынжыр табанды трактор, класы 1,4 т.с. доңғалақты трактор, тракторларға трансмиссиялар, сепкiш, тiркемелi кең ауқымды орақ) игеру жоспарланып отыр, бұл кооперация бойынша республиканың 46 кәсiпорнын тартып, 8000 жұмыс орнын құруға ықпал етедi. Осы техника 45,0 млн.АҚШ доллары көлемiнде несие қорын алу арқылы игерiледi. Оның көздерi тiкелей инвестициялар, екiншi деңгейдегi банктер бола алады.
"Павлодар машина жасау заводы" ААқ-да мынадай жүк көтергiш жабдықтар өндiру көзделуде: жүк көтергiштiгi 50 және одан көп тонналы және арнайы жалпы қолданылатын электрлi төрттағанды крандар; жүк көтергiштiгi 16 тонна "КамАЗ" автомобилi негiзiндегi автомобиль крандары; жүк көтергiштiгi әр түрлi iлмелi және таянышты кран-балкалар; әр түрлi тальдар; жел насостары бар қондырғылар. Осы техниканы игеру 1000 жұмыс орнын құруға ықпал етедi. Осы мақсатқа 5,0 млн.АқШ доллары сомасында несие қорлары қажет. Оның көздерi тiкелей инвестициялар, екiншi деңгейдегi банктер бола алады.
"Қазақстан алюминий" ААҚ сазбалшық өндiруде қуатты толық жүктеуге қол жеткiздi. Республикада түстi металлургия алюминийдiң кiшi саласы бойынша концепцияны өзгертiп, импорттың орнын басатын өндiрiстер: металл алюминийi және оның негiзiнде алюминийдi жаймалау, құрылыс конструкциясы және т.б. құру көзделген. Облыста электролиз өндiрiсiн iске қосу қосымша 5000 жұмыс орнын құруға ықпал етедi. Тұрақты жұмыс iстеп тұрған өндiрiсте жұмыс орындарын құру сауда және қызмет көрсету, тұрғын үй құрылысы iлеспе салаларын кеңейтуге әкеледi. Несие қорларын тарту көздерi тiкелей инвестициялар бола алады.
"Павлодар химия заводы" ААқ-да сұйық хлор және каустик содасын өндiру 1200 жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етедi, қажеттi инвестиция көлемi 42,5 млн.АқШ долларын құрайды. Несие қорлары екiншi деңгейдегi банктер, тiкелей инвестициялар есебiнен тартылатын болады.
"Казхром" ҰАҚ ААҚ-ның "Ақсу ферроқорытпа заводы" филиалында қазiргi уақытта құрыш өндiру мәселесi қаралуда. Жобаны техника-экономикалық негiздеу жұмыстары жүрiп жатыр. Жобаның құны әлi анықталған жоқ. Несие қорларын тарту көздерi тiкелей инвестициялар бола алады.
"Эмальпровод" ЖШС мұнай саласы үшiн резинамен оқшауланған икiмдi кабель өндiрiсiнiң жобасын әзiрледi. Осы жобаны ұйымдастыру импорт өнiмiнен бас тартуға жеткiзедi. қажеттi инвестиция көлемi 4,0 млн.АқШ долларын құрайды (5 жылға несие) инвестициялау екiншi деңгейдегi банктер есебiнен жүзеге асырылады.
"Иртышлеспорм" ЖАҚ-да ауқымды ағаштан бұйым өндiру жоспарланып отыр, бизнес-жобасы дайын, оны жүзеге асыру аймақта өңдеу саласының дамуын тездетедi, жаңа 150 жұмыс орнын құруға ықпал етедi. Жоба жоғары сапалы кең ассортименттi ағаш өнiмiн шығаруды ұлғайтуға, ағашты қайта өңдеудiң алдыңғы қатарлы технологиясын енгiзуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыруға қажеттi инвестиция - 15 млн. АҚШ доллары екiншi деңгейдегi банктер есебiнен тартылады.
Облыста қазiргi уақытта қолданылып жүрген "Павлодар облысының минералды қорлары және оларды 1999-2003 жылдары қолдану келешегi" бағдарламасы облыстың минералдық-шикiзат кешенiне отандық және шетел инвестицияларын бұдан әрi тартуға, минерал әлуетiн қолдануды қарқындандыруға, халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейiн көтеруге бағытталған.
Облыстың минералдық кешенiн дамытудың негiзгi бағыттарының iшiнде Бозшакөл мыс-молибден рудасы кен орнын игерудi бастау, алтын, полиметалл, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбалар iздеуге арналған геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу, көмiр мен руданы өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу бар.
Минералдың әлуеттiк қолданылу деңгейiн көтерудегi басым бағыт неғұрлым жоғары деңгейде даярланған өнiм өндiру болып табылады. "Габбро" қаптауыш тасынан, мрамордан жасалған қаптауыш плиталардан, сәндiк-қаптауыш тастардан әзiрленген бұйымдарды шығару, отқа төзiмдi саздан жасалған керамикалық бұйымдар өндiрiсi қарқынды дамитын болады. Жергiлiктi құрылыс материалдарын қолдануды кеңейту үшiн облыстың жер қойнауын пайдалану және құрылыс индустриясы кәсiпорындары республикалық бағдарламаларға импорт алмастыру, автожолдар, "Астананың гүлденуi - қазақстанның гүлденуi" мемлекеттiк бағдарламасына белсендi қатысып жүр.
Республикалық салалық бағдарламалардың аймақтық бағдарламалармен ұштасуы. Республикалық салалық бағдарламаларға сәйкес облыста аймақтық мәселелердi шешуге бағытталған бағдарламалар әзiрлендi.
Республикалық салалық бағдарламаларға сәйкес облыста 2002-2005 жылдарға арналған импорт алмастыру және өнiмнiң сапасын көтеру жөнiндегi аймақтық бағдарламасының жобасы әзiрлендi. Бағдарламада облыс кәсiпорындары шығаратын товарлар мен қызмет көрсетудiң сапасы мен қауiпсiздiгiн жақсартуға бағытталған саясат жүргiзу, өнiмнiң бәсекеге жарамдығын көтеру, iшкi және сыртқы өткiзу нарығын кеңейту, импорттың орнын басу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, өндiрiстi ынталандыру шаралары мен тетiктерiн енгiзу көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру:
өнеркәсiп өндiрiсiн тұрақтандыру мен бұдан әрi дамуын қамтамасыз етуге;
сыртқы және iшкi кооперацияны оңтайландыруға, облыс кәсiпорындары мен республика кәсiпорындары арасында өндiрiстiк байланыстарды қалпына келтiруге;
шығарылатын өнiмнiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеруге, товардың экспорт және импорт құрылымын өзгертуге;
жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтiк жағдайды жақсартуға ықпал етедi.
2002 жылы импорт алмастырудың Республикалық Бағдарламасын жүзеге асыруға облыстың 22 iрi және орта кәсiпорны қатынасты. Бiр жылда 1,4 млрд. теңгеге өнiм жөнелтiлдi. Осы бағдарлама аясындағы келiсiм-шарт жасау жұмыстары жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 17 шiлдедегi "Тоқтап тұрған кәсiпорындар мен тиiмдiлiгi төмен өндiрiстердi саралау және бұдан кейiн оларды белгiленген тәртiпте шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне берудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы" N 969 қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыста осы бағдарламаның iс-шараларын орындау Сызбасы әзiрлендi.
Облыста республикалық бағдарламаны орындауда облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 4 сәуiрдегi N 72 шешiмiмен бекiтiлген "Машина жасау кешенiн дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы" жүзеге асырылып отыр. Бағдарламада Республикалық Бағдарламамен қабылданған мақсаттар, мiндеттер және басымдықтарға (үкiметтiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 1347 қаулысы) сәйкес аймақтық деңгейдегi машина жасау кешенiн дамытудың мақсаттарына жету, мiндеттерiн шешу және басымдықтарын жүзеге асыру көзделген.
Осыған байланысты, облыстық Бағдарламаның негiзгi мақсаттары: машина жасау саласында өндiрiстi тұрақтандыру және бұдан әрi дамытуды қамтамасыз ету, өндiрiстiк-техникалық өнiмдi шығаруды кеңейту болып табылады.
Мақсатқа сәйкес мына мiндеттер шешiледi:
өндiрiстi тұрақтандыру мен дамыту үшiн жағдай жасау;
неғұрлым келешектi өндiрiстi айқындау және оларды жиылған өндiрiстiк әлует есебiнен енгiзу;
машина жасау өнiмiнiң түпкiлiктi түрiн шығаруды ұлғайту;
өнiм номенклатурасын жаңарту және кеңейту, тұтынушылық қасиеттерi мен сапасын жақсарту арқылы бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеру;
шетел фирмаларымен бiрлескен кәсiпорындар құруға жәрдемдесу;
озық технологиялар мен ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстер енгiзудi ынталандыру;
ғылыми конструкторлық-технологиялық әлуеттi қалпына келтiрудi, ғылыми-техникалық орталықтар құруға қоса, машина жасау өндiрiсiнiң дамыған инфрақұрылымын құру.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi принциптерi:
өнiмнiң iшкi және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
өнiм өндiрiсiнiң экономикалық тиiмдiлiгi;
импортты алмастыру;
шарттар мен қаржылық қорлардан туындайтын жүзеге асыру кезеңдерi.
Облыста машина жасау кешенiн дамытудың негiзгi басымдықтары:
тракторлы машина жасау (шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар);
ауыл шаруашылығы машина жасау (сепкiштер, тырмалар, топырақ баптаулар, орақтар, сусепкiштер);
жүк көтергiш жабдық (жүк көтергiштiгi 50 тоннаға дейiнгi автокрандар, жүк көтергiштiгi жоғарылатылған аспалы және төрттағанды крандар, электр тальдерi);
мұнай-газ саласы үшiн жабдықтар өндiру;
сауда жабдықтарын өндiру.
Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсiптi дамытудың келешектегi бағыттары Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi мақсатынан шығады жеке өндiрiс қуаттарын, шикiзат ресурстарын, ғылыми-техникалық әлуеттi неғұрлым толық қолдану және қазiргi технологиялар негiзiнде жаңа фармацевтикалық өндiрiстер құру жолымен қазақстан Республикасының дәрi-дәрмек импортына тәуелдiгiн жоспарлы төмендету.
Осыған байланысты, Павлодардың фармацевтика заводы қайта құрылып, дәрi-дәрмектiк заттарды орайтын жаңа жабдық: блистер және стрип-машиналары сатып алынды, олар дайын дәрi-дәрмектiк заттарды шығарып қана қоймай, орайды.
Фармзавод дәрi-дәрмектiк заттардың 20-дан аса түрiн шығарады.
Облыстың фармацевтика өнеркәсiбiнiң негiзгi бағыты Қазақстан Республикасында шығарылмайтын дәрi-дәрмектiк заттарды шығару болып табылады, мынадай топтардағы препараттарды шығаруды игеру көзделiп отыр:
жүрек-тамыр; қант ауруына қарсы; витаминдер; асқазан-шек; туберкулезге қарсы; орталық нерв жүйесi аурулары; iсiнуге қарсы.
Шағын лабораториялар үшiн жаңа жабдық алу көзделiп отыр.
Медицина өнеркәсiбiнде жаңа технологиялық желiлердi сатып алғаннан кейiн, 2, 5 және 10 мл бiр реттiк шприц шығаруды бастау жоспарланып отыр.
Шетелдiк компанияларының мүддесi және аймақта шетел
капиталының қатысу мүмкiндiгi.
Шетелдiк компанияларының мүдделерi көмiр және металлургия өнеркәсiбi, электроэнергетика сияқты салалардан көрiнедi.
Облыста инвесторлармен ашық жұмыс жүргiзуге жағдай жасалған, ауыл шаруашылығы секторында, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде, машина жасау саласында өндiрiстi тиiмдi ұйымдастыру үшiн мүмкiндiктер бар.
Қазiргi уақытта өткiзiлiп жатқан инвестициялық саясат бiрқатар оң жақтармен сипатталады, олардың iшiнде шетел инвестициясын тарту үшiн қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталуын атап өту керек: қажеттi шикiзат қоры, табиғат ресурстарының үлкен қоры, жоғары бiлiктi жұмысшы күшiнiң нарығы, көлiк инфрақұрылымының дамыған желiсi, жаңа өндiрiстер орнату үшiн өндiрiс алаңдарының бар болуы, облыстың географиялық орналасуы.
Инвестиция тарту үшiн басым инвестициялық жобалар әзiрленген, олардың паспорттары отандық және шетелдiк инвесторларға ұсынуға қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетiне жiберiлдi.
Облыс кәсiпорындары инвестициялық саммиттарға, республикалық және халықаралық көрмелерге, облыстың инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерлерiне үнемi қатысып отырады.
Еңбек ресурстары балансының динамикасы. 2001 жылды бағалау бойынша өнеркәсiпте 78,8 мың адам жұмыс iстейдi, бұл экономика қызметiнiң барлық түрiнде жұмыс iстейтiндер санының 34% және облыс еңбек ресурстарының 15,8% құрайды. Келешекте жұмыспен қамтылғандар саны: 2005 жылы 80 мың адам құрайды, оларда жалданып жұмыс iстейтiндердiң жалпы санындағы үлес салмағы 34,1% дейiн, еңбек ресурстарында 16,1% дейiн өседi, 2010 жылы жұмыс iстейтiндер саны 84 мың адам болады деп болжамдалуда.
Импорт пен экспорт бойынша 2002 жылдан 2010 жылға дейiнгi тұрақты болжау. 2002 жылдан 2010 жылға дейiнгi кезеңде облыстың экспортында шикiзат товарлары үстем болып тұр. Оның құрылымындағы неғұрлым үлкен бөлiгiн бұрынғысынша ферроқорытпа (экспорт көлемiнде 36%-дан аса), алюминий оксидi мен гидрооксидi (26%-дан аса), көмiр (23%-дан аса) өнiмi алатын болады.
Импортта: минералдық өнiмдер (50% аса) (мұнай және мұнай өнiмдерi, тас көмiрден кокс және жартылай кокс, тас көмiр); машиналар, құрал-жабдықтар және тетiктер (13% жоғары); қара металл және одан жасалатын бұйымдар (7% жоғары); химия және онымен байланысты өнеркәсiп өнiмi (8% аса) қажет болады.
Сыртқы сауда айналымының оң сальдосының тенденциясын сақтау көзделiп отыр (экспорттың импорттан жоғары болуы).
Павлодар кәсiпорындары өнiмiнiң негiзгi тұтынушылары ТМД елдерi, олардың үлесi 60% құрайды, олардың iшiнде Ресей Федерациясы (экспорттың жалпы көлемiнiң 55% аса), Тәжiкстан (1,5% жуық), өзбекстан мен Қырғызстан (1% аса). Шалғай шетелдерден Швейцария (36% аса), қытай (3% аса), Жапония (1% жуық) елдерiнiң үлкен үлесi бар.
Импорт өнiмдерiнiң елеулi бөлiгiн Ресей Федерациясы (90%-ға жуық), ТМД-дан тыс елдер 10%-ға жуығын алады, олардың iшiнде ең сиымдысы Германия ( 3 % аса), қытай, Польша, Түркия, АҚШ (1% жуық).
Осындай жағдай 2010 жылға дейiн бiрқалыпты сақталады. Сауда операциялары бойынша бұрынғы негiзгi серiктестер қалады.
Әлуеттi өткiзу нарықтарының (iшкi және сыртқы) тұрақтылық мониторингi 2002-2005 жылдары iшкi нарықта тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң (көмiр), өңдеу (тамақ өнiмдерi, ағаш өңдеу өнеркәсiбiнiң товарлары, машина жасау, құрылыс индустриясы және т.б.), энергетика (электр, жылу қуаты) өнiмдерi бұрынғысынша қажет болады. Тау-кен өндiру өнеркәсiбi өнiмiнен көмiр өндiрудiң жалпы көлемiнiң 50 % жуығы, 100 % алюминий оксидi мен гидрооксидi, 95% аса ферроқорытпа сыртқы нарыққа жеткiзiлетiн болады. ТМД елдерi негiзгi тұтынушылар болады, оның iшiнде 55 %-дан аса экспорт көлемiн Ресей Федерациясы, Швейцария, қытай, Жапония алады.
2006-2010 жылдары ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өндiрiсiн ұлғайту есебiнен ТМД елдерiне Тәжiкстан, Ресей, қырғызстан, өзбекстан) бидай ұнын, Қазақстан шегiнде ет жеткiзу бiраз өседi. Алайда, облыс шикiзаттың экспорттық бағытынан шыға алмай отыр. Пайда болған тенденция сондықтан болжалды кезеңнiң соңына дейiн сақталады.
§ 3. ӨНЕРКӘСIПТIК СЕКТОРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙI
39. Күштi жақтар
Алдымен қолда бар минералдық-шикiзат ресурстарын қолдануға бағытталған, дамыған өнеркәсiп әлуетi.
Бос еңбек ресурстарының бар болуы, олардың жоғары бiлiктiлiгi, кәсiпқойлығы.
Бай минералдық-шикiзат және табиғи ресурстардың болуы.
Елеулi экспорт әлуетi бар, дамыған отын-энергетика және металлургия кешендерi.
Экономикада шетел капиталының басым болуы.
Энергия шығаратын қуаттардың көп шоғырлануы.
Көмiр кен орындарының облыста бар болуы, соның салдарынан отын құнының және көлiк шығындарының төмен болуы.
Өндiрiстiк және коммуналдық мұқтаждықтар үшiн электр қуаты мен жылу өндiрудiң құрама әдiсiнiң жоғары үлесi.
Электр жiберу желiлерiнiң дамыған сызбасы.
40. Әлсiз жақтар
Шығынға ұшыраған кәсiпорындар санының көптiгi.
Жеткiлiксiз инвестициялық белсендiлiк.
Айналым капиталының жеткiлiксiздiгi немесе жоқ болуы және қысқа мерзiмдi несиелеудiң басымдығы.
Өндiрiстiң төмен техника-технологиялық деңгейi, өнеркәсiп салаларындағы құрал-жабдықтардың ескiруi.
Энергетиканың энергетикалық жабдықтары үшiн әкелiнетiн бөлшектерден тәуелдiгi.
Электр қуатын өткiзуге сыртқы нарықтардың жабық болуы.
Қазақстан Республикасы салаларының экономика жағдайына тәуелдiлiгi.
41. Мүмкiндiктер
Өндiрiс қуаттарының елеулi қорының бар болуы.
Экономикада шетел капиталының басым болуы.
Қазақстан мен Ресейдiң көршiлес аймақтарының нарықтарын игеру.
Саралау арқылы кәсiпорындарды сауықтыру.
Шағын бизнес пен iрi кәсiпорындарды кооперациялау нысандарын дамыту.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнiм өндiруге, жұмыс орындау мен қызмет көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру үшiн жеңiлдiктер беру.
Басқа елдiң нарықтарына электр қуатын жеткiзудi арттыру үшiн икемдi баға құру жүйесiн пайдалану.
Отын-энергетика секторында трансұлттық компаниялар құру.
Басқа елдiң iшкi нарықтарына ұсынылып отырған бағаның өзгеруiне байланысты электр қуатын жеткiзудi көбейту.
42. Қатерлер
Экспортқа бейiмделген өндiрiстер үшiн сыртқы нарықтардың жоғалуы.
Көшi-қон процестерi кезiнде жоғары бiлiктi кадрларды жоғалту.
Базалық салалардың дәстүрлi өнiм өткiзу нарықтарын қысқарту.
Жасалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн кәсiпорындар арасында өзара төлемнiң төленбеуi.
Өткiзу нарықтарын жоғалту.
Құрал-жабдықтың табиғи тозу нәтижесiнде өндiрiс тиiмдiлiгiнiң төмендеуi.
§ 4. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
Өнеркәсiптiк-технологиялық саясатты жүзеге асыру екi кезеңдi көздейдi:
бiрiншi кезең - өнеркәсiп өндiрiсiн тұрақтандыру және бұдан әрi интенсивтi өсiру үшiн жағдай жасау;
екiншi кезең - өнеркәсiп өндiрiсiн тұрақты дамыту, оңтайландыру, негiзгi қорларды жаңарту, жаңа технологияларды қолдану және әлем нарықтарына шығу.
43. Бiрiншi кезеңнiң мiндеттерi:
1) Республиканың жетекшi өнеркәсiп кешендерiмен қарым-қатынасты бұдан әрi дамыту мақсатында энергетика, тау-кен және машина жасау кешендерi үшiн импортты алмастыру жөнiндегi жұмыстарды жандандыру, iшкi нарықта бөлшектерге тапсырыс берудi қамтамасыз ету.
Осы мiндеттiң орындалуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар:
Импортты алмастыру бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру;
өнiм жеткiзу үшiн келiсiм-шарт жасасу;
екiншi деңгейдегi банктердiң кәсiпорындардың өндiрiлетiн өнiмiне сай несиелендiруiн әзiрлеу және енгiзу (қаржы лизингi) болып табылады.
2) өнiмнiң сапасы мен бәсекеге төзiмдiлiгiн көтеру және ассортиментiн кеңейту, кадрларды қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру.
Осы мiндеттiң орындалуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар:
9000 ИСО сериялы халықаралық стандарттарға сай сапа менеджментi жүйесiн енгiзудi әзiрлеу қажеттiгi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында түсiндiру және насихаттау жұмыстарын кеңiнен жүргiзу;
сапа менеджментi жүйесiн әзiрлеу және енгiзуде кәсiпорындар мен ұйымдарға консультациялық, ғылыми-техникалық және әдiстемелiк көмек көрсету;
сапа менеджментi жүйесiн стандарттау, метрология, сертификаттау және ақпараттық технология саласына кадрлар даярлау мен қайта даярлау;
сапа менеджментi жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу жөнiнде семинарлар ұйымдастыру және өткiзу;
өнеркәсiп кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасының деңгейiн көтеру;
отандық товар өндiрушiлердi қорғау;
Ресей Федерациясы шекаралас облыстарымен сауда ұйымдастыру.
3) Iшкi- және салааралық, аймақаралық, сондай-ақ мемлекетаралық шаруашылық байланыстар мен кооперацияны дамыту.
Кооперацияны дамыту негiзiнен облыстың машина жасау саласының ең үлкен тұтынушы және бөлшек материалдар мен бұйымдардың импорттаушы қызметiне байланысты.
Мұнайды қайта өңдеу секторында кооперация Ресейден Сiбiр мұнайын жеткiзу, электр энергетикасында Ресейге электр қуатын жеткiзу бойынша жүзеге асады.
Осыған байланысты, кооперацияны дамыту облыстық және республикалық деңгейлерде көзделген.
Облыстық деңгейде машина жасау кәсiпорындарының кооперациясы резина-техника бұйымдарын, пластмассадан жасалған бөлшектердi, электр құрал-жабдығын, кабель өнiмiн, трактор бөлшектерi мен түйiндерiн, жүк көтеру жабдықтарының, құю және шыңдау бөлшектерiн әкелу арқылы жүзеге асырылады ("Павлодаршина" ААқ, "ПХЗ" ААқ, "УПП КОС" ЖШС, "Спектр" ХТТ ПЗ ЖШС, "Еңбек-Павлодар" ЕМК ПФ, "Фасонды құю заводы" ААҚ, "Инструменталды завод" ЖШС, "Октябрь" фирмасы ЖШС, "Казэнергокабель" ААҚ кәсiпорындары).
Iшкi қазақстандық кооперация республикадағы шекаралас облыстардың кәсiпорындарымен бiрге дамиды, оның iшiнде:
Өскемен: "Машзавод" АҚ - тракторларға бiрлесiп трансмиссия өндiрудi ұйымдастыру, "Востокмашзавод" АҚ - шыңдау, құю, өңдеу бөлшектерiн жеткiзу, мөрлер әзiрлеу;
Қарағанды: "Каргормаш-Итэкс" ЖҮАҚ - гидроқұрылғы жеткiзу, "Гормашсбыт" Ақ - гидроцилиндр жеткiзу;
Ақмола (Көкшетау қаласы): "Бiрлiк" АҚ - радиаторлар, "Наука-Восток" АҚ - құралдар, "Тыныс" АҚ - электр жабдықтарын жеткiзу;
Солтүстiк қазақстан: "Киров атындағы завод" Ақ, "ЗИКСТО" Ақ - метиздер, серiппелер, құралдар, "Петропавл ауыр машина жасау заводы" АҚ - электр жабдығын жеткiзу.
Ресей кәсiпорындарымен кооперация мынадай бұйымдар мен бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шынжыр табанды тракторларға қозғалтқыштар "Алтай мотор заводы" ААҚ, Барнауыл қаласы;
шынжыр табанды тракторларға трансмиссиялар "Революция күрескерлерi атындағы Сiбiр заводы" КББ, Омбы қаласы;
су және май радиаторлары "Радиатор" АҚ, Орынбор қаласы;
метиздер (бұрандамалар, гайкалар, осьтер, тойтарма шегелер, сақиналар) "ВЗТД и Н" АҚ, Волгоград қаласы;
подшипниктер Мәскеу, Саратов, Самара, Ижевск, Прокопьевск, Курск және басқа қалалардың заводтары;
шыныдан жасалған бөлшектер "Саратовстекло" заводы;
рессорлар мен серiппелер "БЗТР и П", Белорецк қаласы;
"КамАЗ" автомобиль шассиi Набережные Челны қаласының автозаводы;
автокрандарға гидроқондырғы;
редукторлар машзавод, Майкоп қаласы;
электр жабдығы мен құралдар Мәскеу, Владикавказ, Киржач, Владимир, Вязники, Калуга, Муром және басқа қалалар;
төрттағанды және аспалы крандарға дайындамалар "Омбы көлiк машина жасау заводы" КББ, Омбы қаласы.
Бұдан басқа, Ресей кәсiпорындарынан облыс дөңгелек, жалпақ және сортты жайма, оргшыны, лак-бояу материалдарын, ерiтiндiлер, химия заттарын, картон мен қағаз, полиэтилен, полистирол, мата, винилистерi және басқа материалдар алады.
Беларусь Республикасы
"МАЗ" автомобилiнiң шассиi Минск қаласының автозаводы;
карданды бiлiк "Белкард" заводы, Гродно қаласы;
шариктi подшипниктер подшипник заоды, Гомель қаласы;
автолампалар электр лампа заводы, Брест қаласы;
краншықтар ККБ, Гомель қаласы.
Украина Республикасы
аспалы және төрттағанды крандарға бөлшек бұйымдар "Запорожкран" ЖАҚ, Запорожье қаласы.
Осы мiндетке:
машина жасау кешенiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
облыс машина жасау кешенiнiң кәсiпорындары үшiн бөлшектер, түйiндер мен агрегаттар өндiруге (жеткiзуге) машина жасау кәсiпорындарымен келiсiм-шарт жасау арқылы қол жеткiзiледi.
44. Екiншi кезеңнiң мiндеттерi:
1) ғылыми-техникалық саланы коммерцияландыру - әзiрлемелердi көтермелеу және жаңа технологияларды коммерцияландыру.
Осы мiндеттiң орындалуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар:
өнеркәсiп кәсiпорындарының ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын ынталандыру болып табылады.
2) Ақпараттық техника мен технологияларды ауқымды енгiзу, оның негiзiнде өзара байланысты товарлар мен қызмет көрсетулер нарығын құру.
Осы мiндеттi орындау:
қолда бар және әлуеттi товарлар мен қызмет көрсету нарығын нақты зерделеу және оларды қайта бағдарлау;
озық технологиялардың дамуын ынталандыру арқылы жүзеге асырылады.
озық технологиялар, сапа мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеру негiзiнде өнеркәсiп секторын технологиялық қайта құру, кәсiпорындарды жаңарту.
Осы мiндеттi орындауға:
қолда бар қуатты қолдау, тау-кен өндiру және металлургия өнеркәсiбi кәсiпорындарын техникалық қайта жарақтау;
импортты алмастыру және сапа жөнiндегi жұмысты жандандыру кiредi.
5. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
Пәрмендi өнеркәсiптiк-технологиялық саясаттың басты шарттары мыналар болып табылады: мемлекеттiк реттеудiң ұтымды жолдары мен шараларын негiзгi түрде айқындау және iске асыру, индустриалық дамуды ынталандыруға деген либералдық және мемлекеттiк - реттеушi қағидаттарды оңтайлы үйлестiру.
45. Өнеркәсiптiк-технологиялық саясатының негiзгi құралдары
Белгiлеген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жалпыжүйелiк және iрiктеулi деп бөле отырып, жүзеге асыру шараларының барлық мүмкiн болған арсеналы пайдаланатын болады.
1) Жалпыжүйелiк шаралар
Экономикалық ахуалға мемлекеттiк әсер ету шаралары салық, техникалық, экономикалық саясат.
Негiзгi мiндеттерi электр энергетикасы, тау-кен өнеркәсiбiн, машина жасау және мұнай-химия кешендерiн дамыту.
Тұрақтану мен бұдан әрi өсу iшкi, сондай-ақ сыртқы нарықтарда байланыстарды дамыту, экономикалық тиiмдi өндiрiстердi қолдау, шығарылатын өнiмнiң сапасын көтеру және ассортиментiн көбейту арқылы қол жеткiзiлетiн болады.
Мына шараларды жүзеге асыру қажет.
Қаржы және инвестициялық салада . Облыстың беделiн нығайту, инвестициялық белсендiлiгiн көтеру, жобалардың мақсатты қаржыландырудағы басым бағыттарын таңдау, шетелдiк инвестицияларды тарту жөнiндегi құқықтық және шаруашылық шарттарын жетiлдiру.
Табиғи монополиялар саласында. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң құрылымдық шығынын оңтайландыру, ресурстар мен энергияны үнемдейтiн технологияны енгiзуге бағытталған инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру, өнiмнiң және ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру.
Стандарттау саласында. Облыс кәсiпорындарына 9000-ISO сапа жүйесiн енгiзу, облыс кәсiпорындарында жаңа технологияларды игеру және енгiзу.
Сыртқы сауда саласында. Облыс экономикасын экономикалық дамудың жоғары деңгейiне жеткiзу, аймақ халқының тiршiлiк сапасын көтеру және лайықты деңгейiн қамтамасыз ету үшiн мына мәселелердi мемлекеттiк реттеу қажет:
кәсiпорындар, республиканың iрi өнеркәсiп кәсiпорындарының тапсырыстары бойынша әкелiнетiн бөлшектер, шикiзат пен құрал-жабдықтар үшiн кеден бажын төмендету;
республика кәсiпорындары шығаратын ұқсас өнiмдi әкелуге кеден бажын көтеру мәселенi қарастыру;
тиiмдiлiгi жоғары технологиялар мен жабдықтардың әкелiнуiне ынталандыру.
Ғылыми-техникалық салада. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау, ғылыми әзiрлемелер негiзiнде жаңа технологияларды қолдану, жабдықтарды жоспарлы жаңарту арқылы еңбек өнiмдiлiгiн көтеру, шеберлiк және кәсiби бiлiктiлiк деңгейiн көтеру мақсатында кадрларды оқыту.
Институционалдық салада. Импортты алмастыратын және экспортқа бейiмделген өнiмнiң өндiрiсiн көтеру, iшкi салалық және салааралық кооперацияны дамыту үшiн серiктестер қарым-қатынасы мен өзара iс-әрекет жасау жағдайын сапалы жаңа деңгейге көтеру қажет. Ол үшiн облыс кәсiпорындары өз қызметiнде бiрнеше серiктеспен жұмыс iстеуге (елдiң жетекшi өнеркәсiп кешендерi), екi жақты ынтымақтастық аясында бiрнеше бағытта серiктестiк қарым-қатынасты дамытуға (бұйымның әр түрiн жеткiзуге келiсiм-шарт жасау) бағдарланатын болады.
2) Iрiктеп-талғау шаралары
Негiзгi мiндеттер аймақтың орталық мемлекеттiк құрылымдарымен өзара қарым-қатынас жасау тетiгiн жетiлдiру арқылы аймақты дамыту үшiн стратегиялық мәнi бар нарық субъектiлерiнiң нақты топтарына мақсатты әсер ету. Оларды жүзеге асыру үшiн:
несиелеу ұйымдары жеке жоғары технологиялық жобалар бойынша орта және ұзақ мерзiмдi несиелер беруi;
салықтық жеңiлдiктер мен преференциялар беру;
шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен импортты ауыстыру бағдарламалары аясында орта және ұзақ мерзiмдi несиелендiру қажет.
46. Өнеркәсiптiк-технологиялық саясаттың салалық бағыттары
Өзiнiң индустриалды саясатын облыс дамуына мемлекеттiк қолдаудың алуан қағидатын талап ететiн үш iрi салалар кешенiнiң болуына қарай негiздейдi.
1) Экспорттық бағдарлану салалары
Мемлекеттiк қолдаудың қажеттi деңгейiне қарай, iрi салалық кешендер 2 блокқа бөлiнген.
Дамыған экспорттық блок. Металлургия және көмiр өнеркәсiбi. Осы салалардың қарыштап өсуi облыстың барлық экономикасына тиiмдi, бюджеттiң жай-күйiне оң әсер етедi, едәуiр дәрежеде мультипликативтiк (еселенген) тиiмдiлiк әкеледi және экспорттық өндiрiстiң қажетiне қызмет ететiн машина жасау және өзге салалардың жандануына серпiн бередi.
Болжалды кезеңде озық технология мен ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi енгiзу жөнiндегi тиiмдiлiгi жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасады. өндiрiстiң көмiр өндiру бойынша орташа жылдық өсiмi бiрiншi кезеңде 6%-ға, екiншi кезеңде 2%-ға жуық болады, сазбалшық өндiрiсi бойынша бiрiншi кезеңде 4%, екiншi кезеңде қуатты 100% қолданумен байланысты өз деңгейiнде қалады. Ферроқорытпа өндiрiсi 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 18% артады және орташа жылдық өсiмi 4,5% құрайды, 2010 жылға дейiн өндiрiс қуатын 100% жүктеуге байланысты өсiм жоспарланбайды.
Бiрiншi кезеңнiң негiзгi бағыттары жаңа өндiрiс жобаларын әзiрлеу болып табылады.
"Қазақстан алюминийi" ААқ жұмыс iстеп тұрған қуаттарды қайта құру мен жаңарту жұмыстарын үнемi жүргiзуiне байланысты, сазбалшық өндiрiсiн толық қуатты жүктеуге қол жеткiздi. қазақстанның стратегиялық жоспарларында түстi металлургиялық алюминий кiшi саласының концепциясын өзгертiп, импорттың орнын басатын өндiрiс құру: металл алюминий және оның негiзiнде алюминий жайма, құрылыс конструкцияларын өндiру және т.б., жобалық қуаты жылына 240 мың тонна жаңа электролиз заводы негiзiнде 2005 жылы жоспарлы iске қосу мерзiмiмен бастапқы алюминий шығару көзделген.
Завод құрылысы облыста құрылыс индустриясын дамытуға, көтерме жабдықтарына, электродқа, арнайы киiмге, оқшаулау материалына, металл жаймасына, цементке және т.б. мұқтаждықтарын көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның құрыш балқыту өнеркәсiбi құрылымын жаңартудың стратегиялық бағыттарының бiрi қара металл саласында дайын жайма шығаратын әр түрлi класты сапалы маркалы құрышты электр металлургиясын өндiру болып табылады.
Қазiргi уақытта Павлодар облысының "Казхром" ҰАК АҚ-ның Ақсу ферроқорытпа заводында жылына 15 мың тонна көлемiнде даяр құрыш құятын өндiрiс үшiн тиiстi база бар, онда 2007 жылы өндiрiстi 50 мың тоннаға дейiн көбейтуге және жоғары сапалы құрыштың бөлiгiн көтерiп, құрыш маркасының сұрыптамасын кеңейтуге мүмкiндiк бар.
"Кастинг" ЖШС ПФ-да ұсақ сортты жайма мен арматураны жылына 300 мың тоннаға дейiн әзiрлеу үшiн құрыш балқыту және жаймалау технологиялық жабдықтарын монтаждау жұмысы болып жатыр. 2002 жылы 1-кезеңде өндiрiс көлемi 15 мың тонна жайманы iске қосу жабдықтарды, технологиялық үдерiстi табысты игеруге, тұтыну нарығын зерделеуге, құрыштың тиiстi сұрыптамасын өндiру, оны тоқтаусыз құю машинасына салу және жайма тұғырында дайын өнiмдi шығару бойынша талаптарды қарастыруға ықпал етедi.
Майкөбен қызыл көмiр бассейнi кәсiпорындарында ("Майкөбен-Вест" ЖАҚ, "Гамма" ЖШС) өткiзу нарығын кеңейту мақсатында қызыл көмiрдi қайта өңдеу жаңа технологиясын (мұнай өнiмдерi мен хош иiстi заттар ала отырып, көмiрдi брикеттеу, крекинг) мәселелерi қарастырылуда. "Гамма" ЖШС-та көмiр қышқылын пайдалану, оны 2003 жылы мұнай скважиналарында қолдану үшiн көмiр қышқыл реагенттерiне қайта өңдеу жоспарланып отыр. Кәсiпорын Қазақстанның мұнай скважиналарына көмiр қышқыл реагенттерiн жеткiзу жөнiнде келiссөздер жүргiзедi.
Екiншi кезеңде қойылған мақсатқа электролиз өндiрiсiн iске қосуды жүзеге асыру арқылы жетедi, бұл электр қуатының қолданылуын көбейтедi де, энергия кәсiпорындарының қуатын толық жүктеуге, тау-кен өндiру кешенiнiң мұнай-химия өнеркәсiбiнiң және т.б. өнiмiне сұранысты көтеруге әкеледi.
Осы заводты iске қосуда 5000-ға жуық жұмыс орны құрылады. үнемi жұмыс iстеп тұрған өндiрiсте жұмыс орнын кеңейту сауда және қызмет көрсетудiң тиiстi салаларын кеңiтуге, салық базасын, тұрғын үй құрылысын жақсартуға әкеледi.
Түзiлетiн экспорттық блок. Мұнай-химия және химия өнеркәсiбi. Металлургия өнеркәсiбiмен қатар бұл салалар онжылдықтың соңына қарай тұтас алғанда экономиканың жаңа технологиялық укладтарға көшуi үшiн өнеркәсiптiң индустриалық ұйтқысын түзедi.
Химия саласында шығарылатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту үшiн инвестиция тарту, хлор-сiлтi өндiрiсi бойынша шаралар қабылданатын болады, бұл жоғалған орында бұдан әрi қайтаруға және химия өнiмi нарығында бұдан әрi экспансиялануға әкеледi.
Хлор өнiмi көлемiнiң ұлғаюы 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 84%, орташа жылдық өсiмi 21% құрайды.
Осы мiндеттi жүзеге асырудың бiрiншi кезеңi тиiмдi инвестициялар тарту және жоғалған орындарды қайтару мен химия өнiмi нарықтарында бұдан әрi экспансиялау арқылы жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi қалпына келтiру және дамытуға бағытталады.
Екiншi кезеңде "Павлодар химия заводы" Ақ-да сұйық хлор мен каустик содасы өндiрiледi, бұл қазақстан экономикасын осы өнiммен қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Жергiлiктi шикiзат (ас тұзы) пен арзан энергия ресурстары (ЖЭО-3, Павлодар қаласы) негiзiнде өндiрiс ұйымдастыру өнеркәсiп және коммуналдық шаруашылық жұмысының тұрақтылығын көтередi және импортқа тәуелдiлiктi азайтады.
Жылына жалпы сомасы 6,25 млн.долларға 20 мың тонна каустика содасын, 17 мың тонна хлор, 20 мың тонна тұз қышқылын шығару жоспарланып отыр.
2) Iшкi бағдар салалары
Импорттық товарлармен бәсекеге түсуге, оларды iшкi нарықтан ығыстыру әлуеттi қабiлетiне қарай, олар үш блокқа бөлiнедi.
Бәсекелестiгi жоғары блок. Тамақ өнеркәсiбi. Саланы тиiмдi дамыту тұтыну нарығын теңдестiрудiң мiндеттi шарты, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көптеген әлеуметтiк проблемаларды шешудiң алғышарты.
Сала өнiмдерiне сұраныс кепiлдi және халықтың табысының өсуiне қарай артатын болады. Капитал айналымының қысқа мерзiмдерi, бiржолғы мардымсыз күрделi қаржы салымдары саланы жекеше инвестициялар үшiн тартымды етедi.
Осы саланың бiрiншi кезеңiнде импорт алмастырудың белсендi саясатын жүргiзу, тамақ өнеркәсiбiнде шығарылатын өнiмнiң сапасын жақсарту 2005 жылы ет және ет өнiмiнiң өндiрiсiн 2001 жылмен салыстырғанда 5,6%, 2010 жылы 7,6% көбейтуге әкеледi, бұл "Акоба" ЖШС, "Рубиком фирмасы" ЖШС есебiнен жүзеге асады. өңделген сүт "Сүт" ААҚ, "Азмади-Иртыш" ЖШС, "Мол-Ком" ЖШС, "қанат" Шқ, "Жұлдыз" Шқ-да 1,6% және 2,1% өседi. Нан "Павлодар нан-тоқаш комбинаты" ЖШС және облыстың шағын наубайханалары есебiнен 2,6% және 3,5% өседi.
Ликер-арақ өнiмiнiң өндiрiсi ("Бастау ЛТД" ЖШС) 2010 жылы 85% өседi, орташа жылдық өсiмi 9%, шараптың орташа жылдық өсiмi 7% құрайды.
Бiрiншi кезектегi мiндеттер:
азық-түлiк нарығының жекелеген бөлiктерiнде импорт алмастыратын өндiрiстердi, экспортты дамыту;
байыпты сауда протекционизмiн жүзеге асыру, iшкi нарықты жосықсыз бәсекеден, демпингтен және субсидияландырылған экспорттан қорғау.
Жалпыжүйелiк шаралар:
сыртқы сауданы реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;
өнiмдi экспортқа жылжытуды қамтамасыз ету үшiн өнiмдi өндiру және өткiзу жөнiндегi iрi, орташа және шағын кәсiпорындарды коммерциялық ұйымдарға кезең-кезеңмен өзгерте отырып, олардың өзара iс-қимылы негiзiнде салалық одақтар, қауымдастықтар құру;
аграрлық сектормен тiгiнен интеграцияландырылған, толассыз өндiрiстiк циклдi түзiлiмдер құру.
Iрiктеп қолдаудың негiзгi нысандары:
мемлекеттiк кредиттiк дамыту ұйымдарының шағын кәсiпкерлiктi қолдау және импортты алмастыру бағдарламалары шеңберiнде орташа және ұзақ мерзiмдi кредит беруi;
б) мұнай өңдеу өнеркәсiбi, электр энергетикасы.
Бұл салалардың өнiмi iшкi нарықта тұрақты сұранысқа және перспективада экспорттық әлуетке ие.
Келешекте "Павлодар мұнай-химия заводы" ААқ-да отандық және әлем ғылымының алдыңғы қатарлы әзiрлемелерi негiзiнде мұнайды тереңдетiп өңдеу жөнiндегi жоғары технологиялық жаңа өндiрiстер құру мәселесi қарастырылады.
Бiрiншi кезектегi мiндеттер:
жұмыс iстеп тұрған энергия өндiретiн және мұнай айдайтын қуаттардың жүктемелiлiгiн қамтамасыз ету;
мұнай өңдеудiң тереңдiгiн арттыру мақсатында жұмыс iстеп тұрған мұнай өндiру заводын қайта жаңарту.
Жалпыжүйелiк шаралар:
электр энергиясының ашық бәсеке нарығын дамыту;
электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге икемдi тариф саясатын жүргiзу;
мұнай өнiмдерiн өндiрушiлер мен өткiзу жүйесi арасындағы салық салмағын оңтайландыру.
Iрiктеп қолдаудың негiзгi нысандары:
мұнайды тасымалдауға арналған тарифтер бойынша төмендететiн коэффициенттер ұсыну;
салықтық жеңiлдiктер мен преференциялар беру;
мемлекеттiк кредиттiк дамыту ұйымдарының жекелеген жобаларға орташа және ұзақ мерзiмдi кредит беруi.
Бәсекелестiгi орташа блок. Машина жасау. Жұмыс iстеп тұрған машина жасау кәсiпорындары негiзiнен экспортқа бағдарланған өнеркәсiптiк кешенiнiң, көмекшi және қызмет көрсетушi блоктарын құрайды.
Бiрiншi кезектегi мiндеттер:
"Қазақстантрактор" ААқ-да 2001-2003 жылдары трактор заводының қолда бар өндiрiс базасында Т-95.4А жаңа трактор өндiрiсiн игеру және дамыту;
"Павлодар машина жасау заводы" Ақ-да жүк көтергiштiгi 75-100 тонна ауыр аспалы кран және жүк көтергiштiгi 25 тоннада асатын төрттағанды кран өндiрiсiн игеру, қуаты 4 кВТ жел қуаты қондырғысы, өнiмдiлiгi 200-250 м/сағ. жел көтеру қондырғысын шығаруды кеңейту;
iшкi нарықта энергетика, тау-кен және машина жасау кешендерi үшiн бөлшектерге арналған тапсырыстардың орналастырылуын қамтамасыз ету.
Жалпыжүйелiк шаралар:
машина жасау өнеркәсiбi өнiмiн өткiзу нарығын кеңейту;
iшкi нарықты жосықсыз бәсекелестiктен, демпингтен және субсидияланған бағадан қорғау;
мемлекеттiк тапсырыс жүйесiн дамыту.
Iрiктеп қолдаудың негiзгi нысандары:
мемлекеттiң қатысуымен ұйымның лизингтiк қоры үшiн ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу;
салықтық жеңiлдiктер мен преференциялар беру;
мемлекеттiк кредиттiк дамыту ұйымдарының жекелеген жобаларға орташа және ұзақ мерзiмдi кредит беруi.
б) құрылыс материалдары өнеркәсiбi.
Құрылыс индустриясы кәсiпорнын бұдан әрi дамыту өнеркәсiп, тұрғын үй және жол құрылысы кәсiпорындарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге бағдарланған.
Құрылыс материалының жаңа түрiн игеру, номенклатурасын кеңейту және республиканың басқа аймақтарына өнiмдi жеткiзу көлемiн көтеру жалғасады.
Құрылыс материалы өндiрiсi көлемiнiң жыл сайын өнiмi 2010 жылға дейiн орташа алғанда 1,5% құрайды.
Бiрiншi кезеңде өндiрiстi тұрақтандыруға және жұмыс жұмсақ жабын, рубероид, шынымаст және халық тұтынатын товарлар шығаратын "Павлодар картон-рубероид заводы" ААҚ-да бұдан әрi интенсивтi өсiру үшiн жағдай жасауға бағытталған.
"Бiрлескен құрылыс материалдары заводы" ЖШС, "Имстальком" Ақ ПМЗ, "Теплоизоляция" Ақ-да жинамалы металл және құрылыс конструкциясы бұйымдарын, жылу-оқшаулау материалдарын өндiруде даму келешегi көрiнедi.
Екiншi кезеңде негiзгi қорларды тұрақты дамыту, оңтайландыру, жаңғырту және жоғарыда аталған кәсiпорындарда жаңа технологияларды қолдану жоспарланып отыр.
Бiрiншi кезектегi мiндеттер:
жаңа технология мен техниканың негiзiнде өндiрiстiк базаны жаңғырту және техникалық қайта жарақтау;
құрылыс материалдарын жетекшi өндiрушiлердiң бiрлескен кәсiп-орындарын мен филиалдарын құру.
Iрiктеп қолдаудың негiзгi нысандары:
импорт алмастыратын өндiрiстi дамыту үшiн мемлекеттiк кредит ұйымдарының орташа және ұзақ мерзiмдi кредит беруi;
сыртқы экономика қызметтi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу тетiктерiн енгiзу жолымен iшкi және сыртқы нарықта отандық өндiрушiлердi қолдау.
Бәсекелестiгi төмен блок. Iшкi нарықта бәсекелестiгi әлсiз салалар жеңiл (тiгiн), ағаш өңдеу өнеркәсіптерi.
Өнеркәсiптiң осы түрлерiн дамыту нарықтық қажеттiлiгiмен және кәсiпкерлердiң жеке бастамасымен айқындалады.
Жеңiл өнеркәсiпте өндiрiс көлемiн "8 Наурыз" ЖШС кәсiпорнының жұмыс iстеп тұрған қуатын толық жүктеу арқылы көбейту жоспарланып отыр. Ол үшiн тапсырыс беру кезiнде жергiлiктi кәсiпорындарға басымдық беру қажет.
Ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындары қызметi ас үй, офис және басқа жиҺаз шығаруға бағытталған, кең ассортименттi және жоғары сапалы өнiм шығаратын, өнiмдiлiгi жоғары қазiргi құрал-жабдықпен қамтамасыз етiлген.
Бiрiншi кезектегi мiндеттер:
- тиiмдiлiгi аз өндiрістердi қайта бейiмдеу немесе бөлшектеу, солардың негiзiнде шағын және ұтқыр бәсекеге төзiмдi өндiрiстер құру.
Iрiктеп қолдаудың негiзгi нысандары:
әскери және соларға теңестiрiлген арнаулы тұтынушылар, әлеуметтiк мекемелер үшiн жеңiл және жиҺаз өнеркәсiптерiнiң дайын өнiмдерiн конкурстық негiзде мемлекеттiк сатып алу.
III БӨЛIМ. АГРАРЛЫҚ-ИНДУСТРИЯЛЫҚ САЯСАТ
1. МАҚСАТ
Ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту және облыс тұрғындарын өзiмiз өндiретiн негiзгi азық-түлiк тағамдарымен (нан, нан-тоқаш және макарон бұйымдары, жарма (күрiштен басқа), сүт және сүт өнiмдерi, ет және ет өнiмдерi, жұмыртқа, картоп, көкөнiс, бақша, жемiс және жидек) қамтамасыз ету.
Қысқа мерзiмдi сипатты мақсаттар:
аграрлық сектордың пайдалылығын және ауыл тұрғындарының кiрiс өсiмiн қолдау;
нарықтардың инфрақұрылымдарын құру.
Орташа мерзiмдi сипатты мақсаттар:
ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiнiң өндiрiсiн қарқындандыру;
ауылда қайта өңдеу және сервистiк өндiрiстердi дамыту.
ұзақ мерзiмдi сипатты мақсаттар:
облыс аграрлық өндiрiсiн тұрақты дамыту және оңтайландыру.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Аймақтың агроазық-түлiк әлеуетi
қазiргi кезеңдегi аграрлық сектордың дамуына талдау
Облыстың аграрлық секторы өнiмiнің жалпы көлемiнiң үлесi 6,8% немесе 21,7 млр. теңге. Облыс тұрғындарының 36,5% ауыл шаруашылығы өндiрiсi саласымен айналысады. Аграрлық секторды реформалау нәтижесiнде ауыл шаруашылығы өндiрiсiн пайдалы жүргiзе алатын жеткiлiктi өндiрiстiк және кадрлар әлеуетi бар шаруашылық жүргiзудiң әртүрлi нысаны бойынша меншiк иелерi құрылды.
1998-2001 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiнiң өндiрiсiне талдау
р/с |
Көрсеткiш атаулары |
1998 ж. |
1999ж. |
2000ж. |
2001ж. |
2001ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Өндiру: астық (мың тонна) |
196,6 |
183,1 |
216,9 |
496,6 |
252,6 |
2 |
Картоп (мың тонна) |
47,3 |
65,0 |
87,7 |
139,9 |
295,8 |
3 |
Көкөнiс (мың тонна) |
22,8 |
27,5 |
38,4 |
43,6 |
191,2 |
4 |
Ет (мың тонна) |
75,0 |
74,5 |
74,6 |
57,7 |
76,9 |
5 |
Сүт (мың тонна) |
232,8 |
235,0 |
237,5 |
246,2 |
105,8 |
6 |
Жұмыртқа (млн. дана) |
51,9 |
48,8 |
65,5 |
111,8 |
215,4 |
№ 2001 жылы 1998 жылмен салыстырғанда еттен басқа барлық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерiнен өсiмге қол жеткiзiлдi. 2000 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жануарларының саны: iрi қара мал 6,4%-ға, жылқы 1,1%-ға, қой-ешкi 9,1%-ға, шошқа 17,2%-ға, құс 37,5%-ға өстi.
47. Күштi жақтар
Жер ресурстары көп: ауыл шаруашылығына пайдалы жер 2,5 млн. га, оның iшiнде:
өңделiп жыртылатын жер 0,7 млн. га;
тыңайған жерде пайдаланылмай жатқан жыртылатын құнарлы жер - 0,3 млн. га;
шабындық және жайылым 1,4 млн. га.
Өндiрiстiң жеткiлiктi көлемi мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сату.
Iшкi және сыртқы рыноктарда сұраныс бар.
Кадрлар әлеуетi мен еңбек ресурстары бар.
Шикiзат бар.
Шикiзатқа жақын орналасқан қайта өңдеу объектiлерi бар.
48. Әлсiз жақтар
Материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуға қаражаттың жоқтығы.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде технологиялардың сақталмауы.
Ауыл шаруашылығы жануарлары өнiмдерiнiң төмендiгi.
Ауыл тұрғындарының қалаға және облыстан тыс жерлерге қоныс аударуы.
Материалдық-техникалық базаның әлсiздiгi.
Техникалық жарақтандырудың төмендiгi және жабдықтардың ескiруi.
Маркетингтiк қызметтiң әлсiздiгi.
Ауыл тұрғындарының консерватизмi, реформаларға және нарықтық қатынастарға бейiмiнiң әлсiздiгi.
Негiзгi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдемей шикiзат түрiнде сату.
Шикiзатты жеткiзудiң тұрақсыздығы.
49. Мүмкiндiктер
Өткiзу нарықтары болуы.
Инвестиция тарту және пайдалану.
ТМД елдерiнiң азық-түлiк ынтымақтастығына қызығушылығы.
Ауыл шаруашылығы нарықтарын құру.
Ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiнiң бiрлестiктерiн (ассоциация, одақтар және басқалары) құру.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуда экспортты нарықтарды пайдалану.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерi мен көрмелерiн ұдайы ұйымдастыру.
Қайта өңдеу кәсiпорындарының желiлерiн жетiлдiру, шығарылатын өнiмдердi орау дизайнiн жетiлдiру.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржы нәтижелерiн жақсарту.
Шаруашылықты нарықтық әдiспен жүргiзудi оқыту.
50. Қатерлер
Ауыл халқының тұрмыс деңгейiнiң төмендеуi.
Азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң қатерi.
Жұмыссыздықтың өсуi.
Әлеуметтiк шиеленiс.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң басқа қабiлетiнiң төмендеуi.
Отандық өндiрiс өнiмдерiн импорттық аналогтардың ығыстыруы.
51. Агроазық-түлiктер саласын дамытудағы проблемалар мен кедергiлер
Азық-түлiк нарығындағы импорттық өнiмдер үлесiнiң көптiгi.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының, әсiресе комбайн паркiнiң әлсiздiгi.
Құнарлы жыртылатын жердiң үлес салмағының төмендiгi.
Мал саны мен өнiмiнiң өсу қарқыны төмендiгi, жайылымның құнарсыздығы.
Аграрлық секторды шектеулi қолдау, өндiрiстi самарқау ынталандыру.
Шаруашылық байланыстарының үзiлуi, нарықтық қатынастардың жеткiлiксiз жетiлуi, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шақтап сату.
Ауылдағы тұрақсыз әлеуметтiк жағдай.
52. Аграрлық өндiрiстi дамытудың басым бағыттары (өсу нүктелерi)
Пайдалы, бәсекеге түсе алатын дақылдар (жарма және май) және көкөнiс өндiрiсiн ұлғайту.
Сүт және ет шаруашылықтарын, семiз еттi қой шаруашылығын, жылқы бағу шаруашылығын, шошқа шаруашылығын және құс шаруашылығын дамыту.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi қарқынды дамыту және сапасын әлемдiк стандартқа дейiн жеткiзу.
Агросервистi дамыту дайындау пункттерiн, МТС-тер мен сервистiк пункттердi жарақтандыру және дамыту.
53. Агроөнеркәсiп саласын дамыту аймақтық бағдарламаларын республикалық бағдарламалармен ұштастыру мүмкiндiктерi
Аграрлық сектор саласының басым бағыттарын бұдан әрi дамытуға бағытталып дайындалатын және iске асырылатын ауыл шаруашылығының мақсатты бағдарламалары тиiстi республикалық бағдарламаларға үйлестiрiлген:
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 15 қарашадағы № 1719 қаулысымен бекiтiлген "2000-2002 жылдарға арналған iрi қалалар маңында сүт өндiрiсiн дамыту салалық бағдарламасы";
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 мамырдағы № 597 Жарлығымен бекiтiлген "2000-2002 жылдарға арналған қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау мемлекеттiк бағдарламасы";
54. 2002-2005 жылдарға және 2006-2010 жылдарға арналған ауылдың еңбек ресурстарының болжамы
Еңбек ресурстары
Ауылдық жерде 200 мыңнан астам адам тұрады. Бұл жалпы облыс халқының 36,5%-ы. Олардың еңбекке қабiлеттiсi 158 мың адам. Еңбек ресурстарының ықтималдығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн бұдан әрi дамытуға мүмкiндiк бередi. Болжамдық есеп бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарын 2005 жылы 10,3%-ға, 2010 жылы -15%-ға өсiру қарастырылады.
3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттi нарықтарын құру,ауыл өндiрiсiн және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
ауылда жоғары өнiмдi техникаларды және қазiргi заманғы технологияларды пайдалану арқылы шаруашылық жүргiзудiң тиiмдi үлгiлерiн құру, аграрлық өндiрiсiнiң технологиялық деңгейiн көтеру;
аграрлық секторға мемлекеттiк көмек жасау, несиелiк серiктестiк, фермерлерге несие беру қорын, ипотекалық несие қорын, сервистiк және сату кооперативтерi жүйелерiн құру арқылы саланың қаржы секторын дамыту.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
55. Агроиндустриалды нарықтарды реттеу
Мемлекеттiк реттеудiң негiзгi шаралары:
рентабелдi деңгейдiң өсiмiн қамтамсыз ету үшiн өнiм бағасының мақсатты деңгейiн қолдау тетiгiн енгiзу арқылы нарықтың бағасын реттеу, арзан кепiлдiгi бар сатып алу бағаларын, кепiлдiк бағаларын белгiлеу;
тиiстi өнiмдердiң нарықтағы кәсiби операторларын құруға бағытталған нарықтың реттемесiн жасау, нарықтардың жұмыс iстеуiнiң жалпы ережесiн және тұтас аграрлық өндiрiстi коммерцияландыруды анықтау;
дербес ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiнен сату, қайта өңдеу, жабдықтау, сервистiк және несиелiк кооперативтер құру;
саланың инвестиция тартуға анағұрлым қолайлы субъектiлерiнде сатылы интеграциялық құрылымдар құру. Қазiргi жағдайда өздерiнiң шикiзат аймағын дамытуға бейiм қайта өңдеу кәсiпорындары аграрлық сектордың негiзгi жеке инвесторлары бола алады;
нарықты қалыптастыру мен реттеудегi мемлекеттiң негiзгi серiктесi ретiнде аймақтық салалық одақтар және қауымдастықтар құру;
агроөнiмдерiн экспортқа икемдеу жөнiндегi күш-жiгердi шоғырландыру үшiн коммерциялық ұйымдардағы салалық одақтар мен қауымдастықтарды кезең-кезеңiмен өзгерту.
Бiрiншi кезектегi шаралар:
өнiмдердiң (астық, сүт және басқалары) негiзгi нарықтарын дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу;
өнiмдi жеткiзуге арналған келiсiм-шарттардың кепiлдiк орындалу жүйесiн құру;
әрбiр нарықта мемлекеттiң және салалық одақтардың үлестiк қатысуымен өнiмдердiң көлемiн жасау;
ұсақ товар өндiрушiлердiң нарыққа шығуының оңтайлы нысандары ретiнде көтерме нарығын және өткiзу кооперациясын дамыту. Iрi көтерме сауда нарықтарын бiрыңғай ақпараттық жүйеге бiрiктiру;
аукциондық сатуды енгiзу;
мемлекеттiң қатысуымен несие беру арқылы агроиндустриалды секторға қаржылық қолдаудың көпарналы жүйесiн ұйымдастыру және ауылдық несиелiк серiктестiктер құру;
жер учаскелерi меншiк иелерiнiң аймақтық тiзбесiн енгiзу;
жергiлiктi жердiң биологиялық жағдайына бейiмдi жоғары өнiм беретiн өсiмдiктердi және жануарлардың асыл тұқымын енгiзуге бағытталған селекциялық жұмысқа, элиталық тұқым шаруашылығына және мал тұқымын асылдандыруға қолдау жасау.
Жер қатынасын дамыту:
жер ресурстарының бiрыңғай кадастрлары және жер учаскелерi меншiк иелерiнiң аймақтық тiзiлiмдерiн енгiзу;
ауыл шаруашылығы жерлерiн жалдау мен кепiлге салу құқығының нарығын дамыту;
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын барлық жер бойынша компьютерлiк деректер базасын құру.
56. Аграрлық сектордағы қаржылық-несиелiк және инвестициялық саясат (кезең-кезең бойынша: 2002-2005 жылдар және 2006-2010 жылдар)
1) Несиелiк серiктестiктер, фермерлерге несие беру қорын, ипотекалық қорын құру және басқалары
Аграрлық өндiрiстi дамытудың тиiмдi экономикалық жағдайын жасау үшiн несиелiк серiктестiктер, фермерлерге несие беру қорын, ипотекалық қорын құру және басқалары.
Несиелiк институттарды құрудың негiзгi мақсаттары:
ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiн қажеттi несие ресурстарымен қамтамсыз ету;
жергiлiктi жерде сапалы қаржылық қызмет көрсету;
әртүрлi бiрлестiктер мен серiктестiктердi пайдалану жолымен ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiнiң несие алу және өтеу қабiлеттерiн көтеру;
ауылда iскерлiк белсендiлiкке және оның әлеуметтiк-экономикалық жағдайларын бұдан әрi дамытуға көмектесу.
Несиелiк институттарды құрудың кезеңдерi:
2002-2005 жылдары 4 несиелiк серiктестiк құру;
2006-2010 жылдары 2 фермерлер несие қорын және 2 ипотекалық несие қорын құру.
2) Аймақтың ауыл шаруашылығын дамыту үшiн аграрлық өндiрiстi қаржыландыру, халықаралық ұйымдардың қаражаттарын және басқа ықтимал инвесторларды тарту
2001 жылы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дамытуға жалпы 950 млн. теңге инвестиялар тартылып, облыстық бюджет қаражаттары бөлiндi. Оның iшiнде облыстық бюджеттен 353 млн. теңге, оның 135,2 млн. теңгесi облыстық мақсаттық бағдарламаларға бөлiндi. Сонымен қатар қалалар мен аудандардың бюджеттерiнен 82 млн. теңге бөлiндi.
Қаржылық-несиелiк және инвестициялық саясат ауыл шаруашылығы субъектiлерiнiң талаптарына орай саланың қаржылық жүйесiн құруға, ауыл шаруашылығына отандық инвесторларды тартуға бағытталады.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және қайта өңдеу салаларындағы инвестициялық жобалардың көздерi барлық деңгейдегi бюджеттер, ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiнiң және қайта өңдеушiлердiң өз қаражаттары, жұмылдырылған екiншi деңгейдегi банктер ресурстары және басқалары.
Бiрiншi кезең: 2002-2005 жылдар 1000 млн. теңгеге дейiн инвестиция тарту, оның iшiнде облыстың, қалалар мен аудандардың бюджеттерiнен 500 млн. теңге тарту (ауыл шаруашылығы науқандарын жүргiзу, тұқым материалдарын, ауыл шаруашылығы жануарларын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық желiлер сатып алу).
Екiншi кезең: 2005-2010 жылдар - 1200 млн. теңгеге дейiн инвестиция, оның iшiнде облыстық бюджеттен 600 млн. теңге тарту (ауыл шаруашылығы науқандарын жүргiзу, тұқым материалдарын, тыңайтқыштар, өсiмдiктердi қорғайтын дәрiлер, асыл тұқымды мал басын, ауыл шаруашылығы техникаларын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық желiлер сатып алу).
Несие және жәрдемқаржы беру саясаты:
2002-2005 жылдары және 2010 жылға дейiнгi кезеңдерде:
республикалық және облыстық бюджеттерден мезгiлдiк несиелердi қолдану;
ауылдық несие серiктестерiн құру товар өндiрушiлердiң өз қаражаттары;
лизингтiк операцияларды дамыту республикалық бюджет;
ипотекалық несие берудiң алғы шартын құру.
Жәрдемқаржы беру интенсивтi өндiрiс үшiн прогрестi технологияларды құруға және енгiзудi ынталандыруға жұмсалады (ғылыми зерттеу, селекция, элиталық тұқым шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру шаруашылығы, биотехнология және басқалары).
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын қайта құруда ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң баланстарының өзгеруi жеке аулалар мен шаруа қожалықтарына көмек болатындай жағдайда жүргiзiледi. Бұл ретте шағын шаруашылық жүргiзушілер үшiн сату кооперативтерi құрылуы тиiс.
Мына салаларды қамтитын товар өндiрушiлердiң кооперативтер жүйесiн құру:
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру;
өнiмдердi сақтау;
техникаларды бiрлесiп пайдалану;
өндiрiстiк-технологиялық қызмет көрсету бойынша;
қызмет көрсету бойынша.
Аграрлық сектордың кiрiстерiн ұлғайту үшiн арнайы облыстық мақсатты бағдарламалар iске асырылады.
2006-2010 жылдардағы кезеңге
Өндiрiстiң iрi инженерлiк факторларын қолдау және дамыту жөнiндегi инвестициялық жобаларды iске асыру (суару және мелиорация, тағы басқалары).
57. Сыртқы сауда саясаты
1) Аграрлық сектордың экспорттық-импорттық мүмкiндiктерi
Экспорттық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң мүмкiн жалпы көлемi
р/с |
Өнiмдердiң атаулары |
өлшем бiрлiгi |
2001 ж№ |
2002 ж№ |
2005 ж№ |
2010 ж№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Ет және ет өнiмдерi |
тонна |
16,0 |
20,0 |
50,0 |
100,0 |
2 |
Жануарлар майы |
тонна |
- |
- |
75,0 |
100,0 |
3 |
Iрiмшiктер |
тонна |
7,5 |
9,0 |
20,0 |
40,0 |
4 |
Астық |
мың тонна |
- |
10,0 |
20,0 |
20,0 |
5 |
Ұн |
тонна |
792,4 |
2000,0 |
3000,0 |
5000,0 |
6 |
Жарма |
тонна |
506,0 |
1000,0 |
1500,0 |
3000,0 |
7 |
Iрi терi шикiзаты |
тонна |
- |
- |
15,0 |
30,0 |
8 |
Жүн |
тонна |
- |
100,0 |
200,0 |
500,0 |
Импорттық ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң мүмкiн жалпы көлемi
р/с |
Өнiмдердiң атаулары |
өлшем бiрлiгi |
2001 ж.№ |
2002 ж.№ |
2005 ж. |
2010 ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Ет және ет өнiмдерi |
тонна |
3348,6 |
3200,0 |
2000,0 |
1000,0 |
2 |
Өсiмдiк майы |
тонна |
2039,7 |
2000 |
- |
- |
3 |
Жұмыртқа |
мың дана |
831,4 |
500,0 |
100,0 |
50,0 |
4 |
Сары май |
тонна |
797,2 |
790,0 |
380,0 |
50,0 |
5 |
Ароматталған йогурттар |
тонна |
347,0 |
337,0 |
300,0 |
200,0 |
6 |
Сүт консервiлерi |
тонна |
797,0 |
700,0 |
500,0 |
200,0 |
7 |
Ет консервiлерi |
тонна |
730,0 |
700,0 |
500,0 |
200,0 |
2) Ықтималды сату нарықтары (iшкi және сыртқы)
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң негiзгi бабы астық, астық өнiмдерi, ет, ет өнiмдерi, жүн, терi. Сонымен бiрге, қайта өңделген астық және ет өнiмдерiнiң үлесiн ұлғайту тенденциясы құрылады.
Республиканың мына аймақтары ықтимал сату iшкi нарықтары болып саналады:
Семей қаласы жүн, iрi малдың терiсi;
Шығыс қазақстан облысы астық, күнбағысты қайта өңдеу;
Солтүстiк қазақстан облысы астық, ұн, күнбағысты қайта өңдеу;
Маңғыстау, Атырау облыстары көкөнiс, құрғақ сүт, iрiмшiктер;
Оңтүстiк қазақстан, Алматы облыстары - ұн, картоп және көкөнiстi қайта өңдеу;
Ақмола облысы астық, ұн, көкөнiс.
Таяу болашақта бiздiң iшкi рынокта ТМД елдерi шеңберiнде экономикалық ынтымақтастық басым болады:
Ресей Федерациясы (Кемеров облысы, Барнауыл қаласы) жүн;
Түркменстан, өзбекстан, Украина астық, ұн, құрғақ сүт;
Сонымен қатар әлемдiк қауымдастықпен экономикалық жақындасу жүрiп жатыр. қытай және Түркиямен жүндi, iрi қара мал және ұсақ мал терiлерiн қайта өңдеу саласы бойынша ынтымақтасу қарастырылады.
3) Шетел нарығына шығудың негiзгi проблемалары және оларды шешу жолдары
Шетел рыноктарына шығудың негiзгi проблемалары жергiлiктi товарлардың әлемдiк стандарттан төмендiгi. Мәселен, облыста өсiмдiк майын тазарту және иiстi жою, сондай-ақ ПЭТ шөлмектерiне құю өндiрiстерi, көкөнiс, ет консервiлерiн жасау, жүндi бастапқы және терең қайта өңдеу кәсiпорындары жоқ.
Қазiргi уақытта ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң нарығы алдымен, отандық товарларды қорғауға бағытталған зерделi экспорттық-импорттық саясат жүргiзудi қажет етедi.
Сыртқы экономикалық байланысты дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуы тиiс:
импорт алмастыратын товарлар облыста жеткiлiктi мөлшерде өндiрiлуi тиiс (жарма, өсiмдiк майы, көкөнiс және ет консервiлерi және басқалары, жүн);
экспорттық өндiрiстi дамыту үшiн өндiрiстiк база жасау (ет, көкөнiс консервiлерi, ұзақ сақталатын сүт, жүндi бастапқы және терең өңдеу).
Экспортты барынша дамыту, өз өндiрушiлерiмiздi қорғауға бағытталған импорттық саясат дайындау негiзгi мiндеттерiмiз болып саналады.
59. Агроөнеркәсiп кешенiнiң инфрақұрылым және материалдық-техникалық базасын құру стратегиясы
1) АӨК инфрақұрылымын құру (ақпараттық-маркетингтiк қызмет, кеңес беру орталығы, сервистiк және өткiзу кооперативтерi, басқалары)
Нарықтық инфрақұрылым - ауыл шаруашылығы құрылымдарының тиiмдiлiгiн арттыруға айтарлықтай ықпалы бар агроөнеркәсiп кешенiнiң маңызды буыны.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатудың тиiмдi жүйесiн жасау мақсатында облыстың қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сатып алу-дайындау пункттерiнiң жүйесiн бұдан әрi дамыту жоспарланды.
Шаруалардың өз өнiмдерiн тиiмдi сатуына мүмкiндiк жасау үшiн жеңiлдiк жағдайында жаңа ауыл шаруашылығы нарықтарын құру қарастырылады.
Нарықтағы товарлардың табысты және тез өтуi, ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiн нарықтық ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналатын облыста бiртұтас ақпараттық-маркетингтiк жүйе құру қарастырылуда:
коммерциялық ұсыныстар туралы, аймақтағы бағалар және тағы басқалары;
сату нарығын iздеу, iшкi және сыртқы нарықтарға талдау жасау;
шаруашылықты жүргiзудiң нарықтық әдiстерiн үйрету.
Нарықтық инфрақұрылымды дамыту
р/с |
Көрсеткiштердiң атаулары |
2001 ж№ |
2002 ж№ |
2005 ж№ |
2010 ж№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
МТС және прокат пункттерi |
41 |
44 |
58 |
64 |
2 |
Көтерме сауда-азық-түлiк рыногы |
12 |
24 |
40 |
45 |
3 |
Ауыл шаруашылығы товар өндiру-шiлерiнiң ассоциациясы |
14 |
14 |
16 |
20 |
4 |
Мал шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу жөнiндегi дайындау пункттерi |
405 |
420 |
500 |
700 |
5 |
Сатып алу-сату кооперативтерi |
2 |
2 |
5 |
10 |
6 |
Агромаркетинг бойынша ақыл-кеңес беру орталығы |
- |
1 |
5 |
15 |
7 |
4 несие беру серiктестiгiн құру |
2 |
2 |
||
8 |
2 несие беру қорын құру |
1 |
1 |
||
9 |
2 ипотекалық несие беру қорын құру |
2 |
2) Ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiн материалдық-техникалық ресурстармен қамтамсыз ету және лизингтiк қатынасты дамыту жолдары
Материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету товар өндiрушiлердiң өз қаражаттары есебiнен ұзақ мерзiмдi лизингтiк негiзде, сондай-ақ облыстың iшкi резервтерi есебiнен мерзiмдi несие беру жолымен iске асырылады.
Машина-тракторлар парктерiн жаңарту ұзақ мерзiмдi лизингтiк негiзде "Ауыл шаруашылығын қаражатпен қолдау қоры" ЖАқ-ы, "КазАгроФинанс" ЖАҚ-ы арқылы мемлекеттiң толық қолдауымен жүргiзiледi. Жыл сайын тракторлар, комбайндар парктерiнiң және ауыл шаруашылығы машиналарының 5-8 пайызын жаңарту жоспарланды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының машина-тракторлар парктерiнiң қызметiн ұзарту тек қана дер кезiнде және сапалы жөндеу жүргiзу арқылы мүмкiн. Ол үшiн жыл сайын облыс резервтерiнен мерзiмдi несие беру және ауыл шаруашылығы товар өндiрушiлерiн бiр орталықтан қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және жөндеу-техникалық шараларын жүргiзу iске асырылады.
3) Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және басқа шектес кәсiпорындарды қалпына келтiру мәселелерi
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсiпорындарын қалпына келтiру екi негiзгi бағыт бойынша:
"Казақстантрактор" ААҚ-ның қуаттарын анағұрлым толық пайдалану мақсатында осы заманғы жаңа тракторлар, ЖВП-9,1 дестелегiштер, сепкiштер және басқа ауыл шаруашылығы техникаларын, сондай-ақ қосалқы бөлшектер дайындау мен қайта өңдеу жөнiнде тапсырыстар орналастырылады. 2002-2010 жылдары "Казақстантрактор" ААҚ-да бес жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын (Т-95.4 шынжыр табанды трактор, тарту күшi 1,4 класты доңғалақты трактор, тракторларға трансмиссия, жал салатын кең ауқымды тiркемелi дестелегiштер) шығару жоспарланды. Соның нәтижесiнде республиканың 46 кәсiпорны кооперация бойынша жұмысқа жұмылдырылады және 8000 жұмыс орны құрылады.
Бұл техникаларды игеру 45,0 млн. АқШ доллары мөлшерiнде несие ресурстарын алу есебiнде iске асырылады;
Песчан жөндеу-механикалық заводында станоктар паркiн жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемiн ұлғайту iске асырылады.
60. Азық-түлiк нарығында бәсеке ортасын құру
Товардың азық-түлiк нарығындағы табысты қозғалуы үшiн, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу деңгейiн көтеру мақсатында қайта өңдеу кәсiпорындарының жүйесiн бұдан әрi дамыту қарастырылды:
қайта өңдеу объектiлерiн iске қосу, объектiлердi модерлендiру және техникалық жарақтандыру;
қайта өңдеу кәсiпорындарын iске қосу үшiн инвесторлар тарту және модерлендiру;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу-дайындау пункттерiнiң жүйесiн құру (сүт, ет, жүн, жұмыртқа және терi шикiзаты).
Шығарылатын өнiмдердiң бәсекеге түсуiн қамтамасыз ету, өнiмдердiң түрлерiн көбейту, дизайндi жақсарту қайта өңдеу кәсiпорындарының негiзгi мiндеттерi болып саналады.
61. Топырақтың құнарлығын көтеру, жердi суландыру және
мал дәрiгерлiк қызмет көрсету жөнiндегi iс-қимыл стратегиясы
Өнiмдерге iшкi және сыртқы нарықтарда сұраныстың өсуi олардың жалпы көлемiн ұлғайтуды қажет етедi. Оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығын ұлғайту топырақтың құнарлығын көтеру, жердi мелиорациялау жөнiндегi шараларды қолдану есебiнен, мал шаруашылығы өнiмдерi - мал дәрiгерлiк қызметтi жақсарту есебiнен жүргiзiледi.
Саланы қарқындандыру минералды тыңайтқыштар, химиялық және биологиялық қорғау заттарын сiңiрудi, жаңа техникаларды, мал дәрiгерлiк препараттарды қолдануды қажет етедi.
Сатып алынатын тыңайтқыштардың, улы химикаттардың, техникалардың қымбаттығы, жердi суландыру, жердiң құнарлығын көтеру жөнiндегi жұмыстарға төленетiн товар өндiрушiлер шығындарының бiр бөлiгiн мемлекет тарапынан өтеудi қажет етедi.
1. МАҚСАТ
Облыс экономикасы мен халқының сапалы қызметтерге деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн серпiндi дамитын теңестiрiлген көлiк жүйесiн, тиiмдi және техникалық жаңартылған көлiк кешенiн жасау. өзiмiз жүрiп жүрген автомобиль жолдарының техникалық жай-күйiн арттыру.
2002-2005 жылдары:
жылжымалы құрамды халықаралық және қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсiпорындар қаражаты есебiнен жаңарту;
жүк және жолаушылар автокөлiгiне сервистiк қызмет көрсететiн Орталықтар ашу;
басқаруды және жергiлiктi атқарушы өкiметпен өзара iс-қимылды (Павлодар көлiкшiлер одағы қауымдастығы, жүк тасымалы Орталығы және т.б.) үйлестiру үшiн қоғамдық құрылымдарды одан әрi дамыту;
облыс iшiндегi және облысаралық жолаушылар автобусы бағыттары жүйесiн кеңейту;
қала сырты мен облысаралық темiржол маршруттары жүйесiн оңтайландыру және сақтау;
Ресей Федерациясына өзен жолымен жүк тасу көлемiн арттыру.
2006-2010 жылдары:
автокөлiк құралдарының қауiпсiз жұмысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдарының техникалық жай-күйiн көтеру;
халыққа қызмет көрсететiн бiрыңғай көлiк нобайын жасау;
облыстың барлық елдi мекендерiнiң көлiктi пайдалану мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, халықтың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн көлiк қызметтерiне деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
жол бойында сервистiк қызмет көрсету және автокөлiкке диагностика жасау жүйесiн құру;
Ертiс өзенi (қытай-қазақстан-Ресей) бойымен толассыз кеме шаруашылығын ұйымдастыру;
аймақаралық әуе тасымалын дамыту және қамтамасыз ету;
көлiк саласындағы лизингтiк науқанды дамыту.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Кәсiпорындарды жекешелендiру және шағын бизнестiң тұрақтануы көлiк қызметтерi нарығында кiшi автокөлiк кәсiпорындарының пайда болуына әкелдi.
Облыстың көлiк тасымалдау саласында түрлi меншiк түрлерiнiң 20-дан астам кәсiпорны мен ұйымы және 300-ге жуық жеке кәсiпкер қызмет iстейдi.
Аймақтың темiр жолдармен қамтамасыз етiлуi 1436,7 км, электрлiк тартымы бар учаскiлердiң ұзындығы 207,3 км, тепловоздық тартымы бар 1229, 4 км. "қазақстан темiр жолы" РМК-ның Павлодардағы тасымалдау бөлiмiнiң шекаралары Ерейментау станциясы (өзiн қоса) және РФ МПС Батыс-Сiбiр темiр жолының құлынды (тек қана) станциясы болып табылады.
"2001-2005 жылдардағы қазақстан темiр жолы" РМК қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес үш кезектi кезеңдi көздеп отырған, оның iшiнде жолаушылар тасымалдау кәсiпорнын "Жолаушылар тасымалдау" ЖАҚ дербес акционерлiк қоғамына ауыстыру, 2002 жылы қала маңымен қатынас маршруттарын жабу жөнiнде мәселе көтерiлдi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк көлiк полициясы Тұжырымдамасын 2008 жылға дейiн орындау және әлеуметтiк-маңызды қала маңымен қатынасты сақтау мақсатында облыстық бюджеттен жәрдем қаражат бөлiнуi көзделiп отыр (болжам бойынша - 23 млн. теңге).
Облыс транзит тасымалдарының тиiмдiлiгiн дамыту және арттыру үшiн өз көлiк жүйелерi мен географиялық орналасуының басымдылықтарын пайдалана алады және пайдалануы керек.
Облыс аумағынан М-IY Омск-Павлодар-Майқапшағай халықаралық автожолы өтедi.
Көлiк жұмысының негiзгi көрсеткiштерi
р/с |
Көрсеткiш атауы |
Өлшем бiрлiгi |
1998ж. |
1999ж. |
2000ж. |
2001ж. |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Тасымалданған жүк, теңдеме жүк барлығы оның iшiнде: |
мың тонна |
68086 |
68934 |
92070 |
68324 |
11 |
жол көлiгiмен |
мың тонна |
54045 |
44735 |
59093 |
58900 |
12 |
жүк көлiгiмен |
мың тонна |
1192 |
731 |
600 |
914 |
2 |
Жалпы пайдалану көлiгiмен жолаушылар жiберiлдi оның iшiнде: |
мың тонна |
66705 |
60943 |
56054 |
59679 |
21 |
Автомобиль көлiгiмен |
мың тонна |
37688 |
33338 |
27056 |
29300 |
22 |
Трамвайлармен |
мың тонна |
24538 |
24087 |
25211 |
26600 |
23 |
Таксилермен |
мың тонна |
1545 |
1718 |
1934 |
1950 |
24 |
Темiр жол көлiгiмен |
мың тонна |
2790 |
1690 |
1783 |
1760 |
25 |
Әуе көлiгiмен |
мың тонна |
77 |
41 |
39 |
40 |
26 |
Өзен көлiгiмен |
мың тонна |
67 |
69 |
31 |
29 |
Саланың тұрақты дамуына кедергi жасайтын негiзгi проблемалар: автокөлiк және көлiк-экспедициялық қызметтер саласында заңнама жобалары мен нормативтiк-құқықтық актiлердiң жоқтығы, жанар-жағармай материалдары бағасының өсуi, тарифтердiң өсуi, пайдалану шығындарының артуы.
Облыста жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары жүйесiнiң ұзындығы 4922 км, сонымен қатар қатты жамылғысымен 4698,8 км, оның iшiнде республикалық маңызы бар жолдар 1291,1 км, жергiлiктi маңыздағылары 3630,9 км.
Соңғы жылдары автожолдарды ұстау сапасы күрт төмендедi. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының көпшiлiгi оське 6 тонна нормативтiк жүктемесiмен 60-70 жылдары салынған. қазiргi кезде оське деген жүктемелер 10 және одан да көп тоннаға көбейдi. Бұдан басқа, соңғы үш жыл iшiнде ауыр салмақты және көп габариттi көлiктiң жүру қарқындылығы айтарлықтай өстi, оның iшiнде Ленинск-Ертiс-Русская Поляна (Ресей Федерациясы), Ленинск-Ақсу-Көктөбе-үлкен Ақжар, Ивановка-Трофимовка-облыс шекарасы сияқты автожолдары.
1999-2001 жылдары жергiлiктi маңыздағы автожолдарды жөндеу жұмыстарының (орташа және күрделi жөндеулер) нақты көлемi, 1770 км-ден аса жыл сайынғы жоспарлы жөндеулер қажеттiлiгiне қарамастан, 1999 жылы 23 км, 2000 жылы 0 км, 2001 жылы 98,2 км құрады.
62. Күштi жақтар
Автомобиль көлiгiнде реформалаудың аяқталуы және саланың бәсекелестiк ортада қызмет ете алуы.
Автокөлiк инфрақұрылымдары басым бөлiгiнiң сақталынуы.
Жоғары бiлiктi кадр әлуетi.
Ерiктi баға белгiленуiнде тасымалдаулардың өзiндiк құнының төмендiгi.
Жергiлiктi құрылыс-шикiзат ресурстарының болуы.
Мердiгер жол-құрылысы және пайдалану ұйымдарының, жол- құрылыс материалдарының болуы.
Облыста фракциялық қиыршықтастарды, балшық-топырақты (қойыртпақтарды) екiншi өңдеуiнен қалған қалдықтарын өндiретiн бос қуаттарының болуы, сондай-ақ жол битумы мени ЖЖМ өндiрiсiнiң болуы.
Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары нарығында бәсекеге жарамды саланың дамуы.
Бос еңбек ресурстары, жоғары бiлiктiлiк.
63. Әлсiз жақтар
Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы тозуының жоғарғы деңгейi, сақталып отырған негiзгi қорлардың ескiру тенденциясы.
Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамды жаңартуға шектi қаражат мүмкiндiктерi, инвестициялардың жеткiлiксiз келуi.
Қала аралық және облыс аралық қатынастарда автобустармен жолаушыларды тасымалдауда үйлестiрiлген тетiктердiң болмауы.
Саланы ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiнiң жоғы.
Халықаралық экологиялық стандарттарға сай келетiн жылжымалы құрамның жоғы.
Құрылыс материалдары мен жолдарды жөндеу қызметтерi бағасының әрi қарайғы көтерiлуi.
Құрылыс материалдары мен құрылымдар өндiрiсiнiң тоқтауы.
Облыс автожолдарындағы сервис қызметiнiң жоғы.
64. Мүмкiндiктер
Саладағы жақсы менеджмент пен маркетинг арқылы өзiн-өзi қамтамасыз ету және пайдалы жұмыс мүмкiндiгi.
Халықаралық көлiк кеңiстiгiнде әрi қарайғы ынтымақтастық.
Облыстың жергiлiктi маңындағы автомобиль жолдарын қалпына келтiру жөнiндегi "ЖОЛ-2003" облыстық бағдарламасын iске асыру.
Бос жоғарғы бiлiктi еңбек ресурстарын тарту.
65. Қатерлер
Автомобиль көлiгiнiң мүмкiндiктерi төмендеуiнiң ұлғаю тенденциясы.
Облыс жолдарының нашарлауы салдарынан автокөлiктер қозғалысының қауiпсiздiк деңгейiнiң төмендеуi.
Жол-құрылыс материалдарын тасымалдау бойынша электрэнергиясы мен көлiк шығындарына өсiп бара жатқан тарифтер.
Халықаралық талаптарға сай келетiн жылжымалы құрамның болмауы.
3. СТРАТЕГИЯЛЫқ МIНДЕТТЕР:
Коммуникациялар тұрғындардың өмiр сапасының жақсаруы және шаруашылықтың нарықтық мүмкiншiлiктердiң құралы, сондай-ақ тұтыну нарығының тұрақтану факторы ретiнде қарастырылу керек.
Азаматтар жұмылдырылғыштығының қажеттi деңгейiнiң және аумақтардың көлiк жетiмдiлiгiнiң сақталуы.
Меншiктi көлiк шығындарының төмендеуi мен тауар қозғалысының жылдамдығын қамтамасыз ету.
Көлiк бизнесiнiң тиiмдiлiгi мен инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Көлiктiң бірыңғай түрлерiнiң инфрақұрылымы дамуының келiсiлген үйлестiрiлуi.
Күштердi басым екi бағытта пайдалану керек: транзит саясаты және iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру.
Транзит саясаты: облыс аумағынан Ресей Федерациясының үш облыстарымен қатынасы бар, Ресейдi Орта Азия елдерiмен байланыстыратын транзит жолдарының өтуiне байланысты көлiк-коммуникациялық кешенiнiң мiндеттерiнiң бiрi транзит тасымалдары болып табылады;
транзит әлуетiн пайдалану тек қана көлiктiң артуының емес, сондай-ақ облыс экономикасы өсуiнiң ең маңызды нүктесi болу керек.
Омск-Павлодар-Майқапшағай М-IY халықаралық автожолы халықаралық көлiк дәлiзiнiң құрамдық бөлшегi болып табылады және қиыр Шығыстың кемежайлары мен шекаралық өткелдерге және Ресейдiң солтүстiк-батыс кемежайларына шыға алатын транссiбiр ХКД кiредi. Даму және әрi қарайғы жетiлдiру, ХКД шеңберiнде автожолдың сапасын халықаралық стандарттарға жеткiзу тек транзитте ғана емес, сонымен қатар экспорттық, импорттық және халықаралық тасымалдауларда жүктасқынды арттырады. Бұл iшкi тарифтердi тұрақтандыруға, негiзгi көлiк тораптары (Павлодар қаласы, РФ шекарасы) және негiзгi жер үстiндегi коммуникацияларда жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етедi.
Шульба шлюзының ашылуы және трансшекаралас мемлекеттермен шарт жасасу қытайдан Обь Губасына дейiн кеме қатынасын дамытуға мүмкiндiк бередi. Даму және темiржол мен автомобиль көлiгiмен әрi қарай өзара iс-әрекет жүргiзуге септiгiн тигiзедi (ауыстырмалау пункттерiн ұйымдастыру, жүк тасымалдаудың жалпы көлiк сұлбасын дамыту).
Iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру саясаты: облыстың шекаралық жағдайын ескере отырып, көлiк бизнесiнiң инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлiк инфрақұрылымының дамуын үйлестiру қажет.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ:
2002-2010 жылдарға инвестициялық жобалар мен бағдарламалар көзделiп отыр, олардың iске асырылуы көлiк қызметтерi спектрiн кеңейтуге, жылжымалы құрамды жаңартуға, саладағы жағдайды тұрақтандыруға көмегiн тигiзедi;
қоғамдық жолаушылық тасымалдаулардың тиiмдi қызмет етуi мақсатында көлiк саласында мемлекеттiк реттеу рөлiнiң күшеюi (тендерлер мен конкурстар).
2002-2005 жылдарда көлiк коммуникацияларының қазiрде бар торабын ұстау, оның техникалық жағдайын нормативтiк талаптарға сай келетiн деңгейге жеткiзу. Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына қажеттiлiктердi толық қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн кәсiпорындар жүйесiн құру. Жол бойындағы сервис жүйесiн кеңейту. 2006-2010 жылдарға облыстың барлық елдi мекендерiне көлiк жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, жалпы әлемдiк стандарттарға сай келетiн көлiк қызметтерiнде тұрғындардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру.
Облыстың көлiк-коммуникациялық кешенiнде лизинг түрiндегi инвестициялардың неғұрлым толық пайдалануы.
66. Көлiк саясатын жүзеге асыру жөнiндегi iс-әрекеттер стратегиясы.
1) Транзит тасымалдарынан кiрiстердiң өсуi, тең құқықты бiрлесу және халықаралық көлiк жүйесiнде қазақстан ұстанымының нығаюы:
Шульба шлюзы құрылысының аяқталуы облыстағы өзен қатынасы және Ертiс өзенiнде кеме қатынасын белсендiруге септiгiн тигiзедi. Павлодардағы өзен кемежайының мүмкiндiктерi: 1,5 млн тоннаға дейiн құм өндiру, 6 млн. тоннаға дейiн жүктердi асқынжүктеу, 6 мың тоннаға дейiн өзен көлiгiмен тасымалдау;
Ертiс өзенi бассейнiнде қазақстандық және ресейлiк кемелерiмен тасымалдауды ұйымдастыру мен шарттары жөнiнде Ресей Федерациясымен Келiсiм-шарт жасасу;
тасымалдауларды жүзеге асыру үшiн трансшекаралық өзендердi өзара пайдалану мәселесi жөнiнде ҚХР-мен Келiсiм-шарт жасасу;
КХР-Қазақстан Республикасы-Ресей Федерациясы транзит маршрутын ұйымдастыру;
Ресей мен ҚХР арасында транзит дәлiзi ретiнде Ақсу-Дегелен темiржол торабының толық қызмет етуiн қамтамасыз ету.
67. Iшкi қажеттiлiктердi қанағаттандыру саясатын жүзеге асыру бойынша iс-әрекеттер стратегиясы
Көлiк қызметiнде аймақтың iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында облыстың барлық елдi мекендерiнiң көлiкке қол жету мәселесiнiң шешiлуi жоспарланып отыр.
68. Сапасы жағынан сай келетiн және тұтынушының қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған облыс тұрғындарын көлiк қызметiмен қанағаттандыру: 2002-2005 жылдары:
облыстың қазiрде бар автобус маршруттарының жүйесiн сақтау және дамыту, облыстың барлық елдi мекендерiнiң көлiкке қол жетуiн қамтамасыз ету, облыс iшiндегi автобус маршруттарының санын 190 дейiн арттыру;
жылжымалы құрамды сатып алу және жаңарту мақсатында кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру мәселесiнде қолдау;
көлiк қызметiнiң әлеуметтiк-маңызды түрлерiн мақсатты қолдауды қамтамасыз ету;
Павлодардағы өзен кемежайының жұмыс көлемiн 1,5 есеге және 2005 жылға дейiн жүк тасымалдарының 562 мың тоннаға дейiн арттыру;
қолайлы экономикалық жағдайларда швед жағының инвестицияларын пайдалану арқылы автобустар мен "Вольво" жүк автомашиналарының техникалық қызмет көрсету орталық жобасын жүзеге асыру;
республикалық авиатасымалдаулар iшiнде реттiлiктi қамтамасыз ету;
қазiрде бар қала маңындағы темiржол қатынас жолдарын сақтау.
2006-2010 жылдары:
бiрiккен көлiк-коммуникациялық кеңiстiктiң қалыптасуы;
көлiк кешенiнiң жылжымалы құрамын жаңарту жөнiнде әрi қарай жұмыс атқару;
Ақсу-Дегелен темiржол торабын әрi қарай пайдалану. Осы маршрут бойынша жүктердi тасымалдау кезiнде жүк иелерiнiң көлiк шығыстары 15-20 %-ға азаяды, жылжымалы құрам тиiмдiрек пайдаланылады.
Болашақта жүк поездар жұптарының саны 4-ке дейiн артуы көзделiп отыр, оның iшiнде 1 құрастыру-тапсыру, яғни белгiлi бiр учаскедегi жұмыспен (жергiлiктi жүктiң Көктөбе, құркөл, Жұмыскер, Май станцияларына апару);
- автомобиль көлiгiнiң еуропалық стандарты мен нормаларын қамтамасыз ету.
69. Күтiлетiн нәтижелер:
қазiрде бар көлiк инфрақұрылымын сақтау және өмiр сапасы мен тауар жылжуының динамикасын арттыру үшiн автомобильдендiрудi неғұрлым толық пайдалану;
сапасы мен әлемдiк стандартқа сай келетiн азаматтардың көлiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыру;
көлiк түрлерiнiң инфрақұрылымын келiсiмдi дамыту. Автомобиль және темiр жолдарын, әуежай мен жер үстiндегi көлiк инфрақұрылымын үйлестiрiп дамыту.
70. Қазiрде бар автожолдар жүйесiн, жасанды құрылымдарды және жол сервисiн қайта өңдеу мен қазiргi заманғы жол қауiпсiздiгi мен әсемдiк талаптарына сай келетiн жағдайға келтiру:
жол жамылғыларының жөндеуi аралық мерзiмдер қызметтерiн нормативтiктерге жақындату, жолдардың орташа және күрделi жөндеулердi уақытылы орындау;
ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру және автожолдарды ұстау мен жол жағдайы бойынша қаражаттарды тиiмдi пайдалану.
Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының дамуына 16,85 млрд. теңге салу көзделiп отыр, соның iшiнде жылдар бойынша:
2002-2005 жылдары 5,93 млрд. теңге;
2006-2010 жылдары 10,92 млрд. теңге.
Облыстық және республикалық қаржылар пайдаланылады.
2002-2010 жылдар аралығында:
жолдарды күрделi жөндеу 8,2 млрд. теңге;
орта жөндеу 3,55 млрд. теңге;
ағымдағы жөндеу мен ұстау 5,1 млрд. теңге
жұмыстарын iске асыру жоспарланып отыр.
Павлодар облысының "Жол-2003" автомобиль жолдарын өңдеу облыстық бағдарламасына сәйкес 2002-2003 жылдарда жергiлiктi жолдар бойынша 32 км күрделi жөндеуiн, орташа жөндеуiн 192 км, 3217 км ағымдағы жөндеу, автомобиль жолдарын ұстау мен көгалдандыру жұмыстарын жасау жоспарланып отыр.
Жолдар дамуларының басым бағыттары белгiленген:
Ленинск-Ақсу-Көктөбе-үлкен Ақжар;
Ленинск-Ертiс-Русская Поляна;
Ивановка-Трофимовка-Новосiбiр облысының шекарасы.
2003-2005 жылдарға құны 21 млн. теңгеге Ертiс өзенiнен өтетiн автомобиль көпiрiн күрделi жөндеу бойынша жобалау-зерттеу жұмыстарын өткiзу және Шiдертi өзенiнен өтетiн автомобиль көпiрiн күрделi жөндеу 50 млн. теңге.
V БӨЛIМ. ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
1. МАҚСАТ.
Электрондық АТС салу арқылы облыстың телефондық жүйесiн жаңғырту, жерсерiктiк байланыс желiсiн енгiзу және аз қуатты радио-релейлiк станциялар құру арқылы облыстың шалғайдағы селолық округтерiне байланыстың барлық түрлерiнiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Телекоммуникациялар саласында 197 телефондық станция жұмыс iстейдi: 37 - қалалық, 160 селолық.
Олардың iшiнде қалалық телефондық станциялар желiсiнде 25% электрондық, 44,6% - координаталық, 27,7% - ондық-қадамдық және 2,7% квазиэлектрондық АТС. Селолық телефондық станциялар желiсiнде 2,5% электрондық және 97,5% координаталық АТС бар.
Барлық АТС-тардың сыйымдылығы 167089 нөмер құрайды, қолданатын 142312, қолданылу пайызы 84,17% құрайды.
Селолық телефондық станциялар саласын дамыту бағдарламасы бойынша желiнi кiшi жаңғырту және жабылған АТС-тарды қайта ашу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.
Ұзын қосатын жолдарды салуға арналған қаражатты үнемдеу мақсатында шалғайдағы және саны аз селолық округтерде "DAMA" жерсерiктiк станциялары орналастырылып жатыр. Осы кезде осындай 17 станция, оның iшiнде Павлодар қаласында - орталық жұмыс iстейдi.
71. Күштi жақтар
Сала қызметiнiң заңнамалық және нормативтiк-құқықтық базасының болуы.
Пайдалы географиялық орналасуы, транзит маршруттарының басым көпшiлiгi мемлекеттiң аумағында өтуi.
Iшкi тұтыну мен транзит үшiн телекоммуникациялар желiсiнiң жетiмдiлiгi.
Облыс, республика және шекаралас мемлекеттерге электрондық АТС құратын "Веснет" қазақстан-Турциялық СП-ның болуы.
Жоғары бiлiктi кадр әлуетiнiң болуы.
72. Әлсiз жақтар
Телекоммуникациялық кешен дамуының ұзақ мерзiмдi тұжырым-дамасының болмауы.
Телекоммуникациялардың залалды қызметтерiн қаржыландыру қажеттiлiгi болғандықтан телекоммуникациялық нарықтың ырықтандыруы мен монополиясыздандырудың болмауы.
Тозығы жеткен байланыс жабдықтарының, әсiресе селолық аймақта, үлкен пайызы.
Селолық округтер тұрғындарының төлеу қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi.
73. Мүмкiндiктер
Халықаралық телекоммуникациялық кеңестiкте бұдан былайғы ынтымақтастық.
Басқа елдермен сауданың артуы есепке ала отырып байланыстың барлық түрлерi бойынша қызметтер экспорты.
Бар салалық ғЗИ, жаңа технологияларға шығуға қатысты, сыртқы нарыққа шығуға септiгiн тигiзетiн базалық мәлiметтер мен ғылыми әлуеттердi пайдалану.
Облыс телекоммуникациялық кешенiнiң дамуына арналған заемдарды пайдалану.
74. Қатерлер
Шет елдiк операторлардың iшкi коммуникациялық нарыққа кiрiп кетуi.
Халықаралық трафиктердi бақылау үшiн телекоммуникациялық кедендердiң жоғы.
Телекоммуникациялар желiлерiнде, АТС, НУП-тардың, РСМ абонент блоктарында кабельдi ұрлау.
3. СТРАТЕГИЯЛЫқ МIНДЕТТЕР:
Тозығы жеткен ондық-қадамдық және координаттық телефондық станцияларды электрондық автоматтық телефондық станцияларға ауыстыру.
Облыс қалаларының телефондық станциялары арасында байланысты қамтамасыз ету үшiн оптикалық сақиналарды салу.
Сыйымдылығы аз радиорелейлiк және қосатын жолдарды салу арқылы селолық байланыс желiлерiн жаңғырту.
Тұрғындары аз және шалғайдағы селолық елдi мекендердi жерсерiктiк байланыс жүйелерiмен қамтамасыз ету.
4. IС-ӘРЕКЕТ СТРАТЕГИЯСЫ
75. Бiрiншi кезең 2001-2005 жылдар
1) Тозығы жеткен ондық-қадамдық және координаттық теле-фондық станцияларды электрондық автоматтық телефондық станцияларға ауыстыру:
Павлодар қаласы:
ондық-қадамдық АТС 75/78 14200 нөмер сыйымдылығы бар электрондыққа ауыстыру;
ондық-қадамдық АТС-73 және АТСКУ-76 АТС-76 жабдықтауды орналастырумен 12062 нөмер сыйымдылығы бар электрондыққа ауыстыру;
ПСК-738 (Набережный көшесi) 1024 нөмер сыйымдылығы бар электрондыққа ауыстыру;
координаттық АТСК-45, АТСК-46 және АТСК-47 электрондықтарға ауыстыру.
Екiбастұз қаласы:
ондық-қадамдық АТС-4 жабу үшiн қазiрде бар DMS электрондық станциясын 3000 нөмерге кеңейту;
ондық-қадамдық АТС-3 электрондыққа ауыстыру.
Ақсу қаласы:
DRX-4 электрондық станциясын 500 нөмерге кеңейту;
1000 нөмерi бар координаттық АТСК Квантты DRX-4 электрондыққа ауыстыру;
5000 нөмерi бар АТСКУ DMS электрондық станциясына ауыстыру.
2) Облыс қалаларының телефондық станциялары арасында байланысты қамтамасыз ету үшiн оптикалық сақиналарды салу:
Екiбастұз қаласында талшықты-оптикалық жолдарының көлiк сақинасын салу (12 км).
3) Сыйымдылығы аз радиорелейлiк және қосатын жолдарды салу арқылы селолық байланыс желiлерiн жаңғырту:
Павлодар қашыр Ертiс Железинка Ақтоғай радиорелейлiк жолдарын жаңғырту.
4) Тұрғындары аз және шалғайдағы селолық елдi мекендердi жерсерiктiк байланыс жүйелерiмен қамтамасыз ету:
Екiбастұз қаласының ауылдық жерiндегi Атығай және Тай ауылдарында, Ертiс ауданының 7 ауылында, Баянауыл ауданының Сатпаев селосында, Железинка ауданының 6 ауылында, Успенка аудандық орталығында, Май ауданының Ақжар саласында, Ақтоғай ауданының Тульское селосында "DAMA" жерсерiктiк байланыс желiлерiн орнату,
радиожетiмдiлiгi мен радиоұзарту жабдықтарымен кiшi елдi мекендердi телефондандыру.
76. Екiншi кезең 2006-2010 жылдар
1) Сыйымдылығы аз радиорелейлiк және қосатын жолдарды салу арқылы селолық байланыс желiлерiн жаңғырту:
Шiдертi селосындағы ондық-қадамдық АТС электрондыққа ауыстыру;
Павлодар-Шарбақты қосатын жолдарын цифрлық радиорелейлiк жолға ауыстыру арқылы жаңғырту;
Қалқаман-Майқайың қосатын жолдарын цифрлық радиорелейлiк жолға ауыстыру арқылы жаңғырту;
Майқайың-Баянауыл қосатын жолдарын цифрлық радиорелейлiк жолға ауыстыру арқылы жаңғырту;
Шарбақты-Успенка цифрлық радиорелейлiк жолды салу; Пограничник кентiнде 15х12 радиорелейлiк жолын салу;
Шарбақты, Майқайың, Ақтоғай, Успенка аудандық орталықтарындағы координаттық АТСК электрондық АТС ауыстыру;
Аудандық орталықтардан төмен елдi мекендерiндегi координаттық АТСК электрондық АТС ауыстыру.
2) Тұрғындары аз және шалғайдағы селолық елдi мекендердi "DAMA" жерсерiктiк байланыс жүйелерiмен, радиожетiмдiлiк және радиоұзарту жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Қызмет көрсету спектрiн кеңейту: телебанкинг, интернет-телебанкинг, жылдамдығы жоғары дауысты байланыс, бейне байланысы, факсимильдiк байланыс.
VI БӨЛIМ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР
1. МАҚСАТ
Экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру.
§ 2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Облыс халқының негiзгi тұратын жерлерiнде қоршаған ортаның жай-күйi қанағаттанғысыз болып қалуда. Сапалы ауыз судың жетiспеушiлiгi мен ауаның ластануы адам денсаулығына терiс әсер ететiн негiзгi факторлар болып табылады. өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың, ластанған сарқынды сулардың прогрессивтi жинақталуы бұл факторларды едәуiр күшейтедi.
Аймақта, реформаға дейiнгi кездегi ескi технологиялармен салынған қуатты өндiрiстердiң болуы қоршаған ортаға тасталу эмиссиясының азаймайтынын болжауға негiз қалайды.
77. Күштi жақтар
Табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесiн құру (өнеркәсiптердiң өндiрiстiк мониторингi және т.б.).
Табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың өсуi.
Өңiрде бiлiктi кадрлардың болуы.
Жергiлiктi бюджетке қоршаған ортаны ластағандары үшiн қаражат түсiмiнiң көбеюi.
Үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың қызметiнiң жандандырылуы.
78. Әлсiз жақтар
Облыс атмосфералық ауа ластануының айтарлықтай жоғары деңгейi сақталуы.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасының өткiрлiгi.
Негiзгi ластауыш-өнеркәсiптердегi шаңгазтазартқыш технологияларының ескiруi.
Жылу электр станцияларында жоғары күлдi көмiрдi гидрокүлжоюмен жағу технологиясын пайдалануы.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеуiнiң және сақтау жүйесiнiң жетiлдiрiлмегендiгi (қоқыс өңдеушi заводтың жоқтығы).
1-2 класты қауiптiлiгi бар өндiрiстiк қалдықтарды көму полигонының болмауы.
Ертiс өзенiнiң су қоймасы сарқырамаларынан ретсiз және қуаты аз су жiбермелерi.
Семей, өскемен қалаларының жеткiлiктi тазартылмаған өнеркәсiптiк және коммуналдық ағынды суларымен Ертiс өзенiн жүйелi түрде ластандыруы.
Облыс ормандары мен Ертiс өзенiнiң аңғарын өрттерден қорғау жүйесiнiң жетiлдiрiлмегенi.
Ертiс өзенiнiң аңғарында көлтабандап суарудың қанағаттанғысыз пайдалануы.
Егiншiлiк жүйесiн бұзу, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қолданылуын қысқартылуы.
79. Мүмкiндiктер
Табиғат пайдаланушылардың өз қаражаттарын табиғатты қорғау шараларына тарту.
Экологиялық проблемаларды шешу үшiн шетелдiк кеңесшiлер мен отандық ғылыми зерттеу институттарын қатыстыру.
Шетелдiк заемдардың, сонымен қатар табиғатты қорғау жобаларын қаржыландыруға гранттарды тарту.
80. Қатерлер
Жер асты суларын ауыр металдармен ластануы, Ертiс өзенiнiң сынаппен ластану қаупi.
Ертiс өзенi аңғарының нашарлауы.
Атмосфералық ауаның зиянды заттармен, қорғасынмен және басқа улы қосыныстармен ластану деңгейi артуы.Қоршаған ортаны қатты тұрмыстық және улылы өндiрiстiк қалдықтармен, биологиялық және химиялық ластануы.
Халықтың ауру деңгейiнiң көтерiлуi.
Ормандардың жоғалуы, көлдердiң, табиғаттың әр алуандылығының эвтрофикациясы (батпақтануы).
Қарашiрiндiнiң жойылуы, топырақ құнарлылығының төмендеуi.
3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
табиғатты пайдаланушы кәсiпорындардың табиғатты қорғау қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; құрылысқа белгiлеген объектiлерге мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыру;
облыс кәсiпорындарының улы қалдықтарды көму, залалсыздандыру, жинақтау проблемаларын шешуiне қатысу;
табиғи қоршаған ортаның сапасына мемлекеттiк экологиялық мониторингтi жүзеге асыру;
экология және табиғатты оңтайлы пайдалану мәселелерi жөнiнде халықты оқу ағартумен насихаттауды жүргiзу;
табиғи ортаны ластағаны үшiн облыс бюджетiне төленетiн төлем жүйесiн жетiлдiру.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
81. Халықаралық ынтымақтастықты дамыта отырып:
Ресей Федерациясымен және Франция жағымен бiрлесiп "Ертiс өзенiнiң су ресурстарын трансшекаралық басқару" жобасына;
Қазақстанда Орхусс конвенциясын өткiзуге жәрдемдесу Дания жобасына;
техникалық ынтымақтастану бойынша немiс қоғамымен бiрлесiп "Су пайдалануды экологияландыру" жобасына;
қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне арналған халықаралық, республикалық және облыстық семинарлармен конференциялар жұмысына қатынасу.
82 Табиғатты пайдаланушы кәсiпорындардың табиғатты қорғау қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру , соның iшiнде:
табиғи ресурстарын тиiмдiлiкпен пайдалану жөнiндегi шаралардың орындалуына;
өндiрiстiк мониторинг жүргiзiлуiне;
атмосфералық ауаны және су қорларын қорғау мен пайдаланудың ережелерi мен мөлшерлерiн сақтауына;
атмосфералық ауаның және су қорларын ластандыру көздерi мен себептерiн, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзу жағдайларын айқындау және олардың алдын алу шаралардың қолданылуына;
газшаңұстайтын құрал-жабдықтардың тiркелуiне;
су шаруашылығы жүйелерiн пайдалану ережелерiнiң орындалуы, тазартқыш ғимараттардың, жинақтауыштардың, қалдықтар сақтауыштардың жұмыстарының тиiмдiлiгiне қол жетiмдiлiгiне;
тұрмыстық, ауылшаруашылық, өнеркәсiптiк және тағы басқа қалдықтармен жерлердiң ластануына жол бермеу және жерлердi қайта құнарландырумен тазалау жөнiндегi шаралардың қабылдауына;
радиациялық қауiпсiздiк талаптарын сақтау мен радиоактивтiк ластануды болдырмау, қоршаған ортаға төгудiң шегi мен олардың қолданылу мерзiмдерiне;
бұзылған және халық шаруашылық айналымға қайтарылған жерлердi қайта құнарландыру бойынша шараларды орындау;
ормандарды қалпына келтiру, орман өсiру, ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуына.
83. құрылысы белгiленген объектiлер жөнiндегi материалдарға мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыру, соның iшiнде:
табиғи ортаның ахуалына зиянды әсер ететiн жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың объектiлерiн салуға және қайта құруға жобалау-сметалық құжаттамасына;
объектiлердi орналастыру үшiн жер учаскелерiн таңдау материалдарына;
экологиялық аудит материалдарына.
84. Облыс кәсiпорындарының улы қалдықтарын көму, залалсыздандыру, жинақтау проблемаларын шешуiне қатысу:
"Химпром" Ақ-дағы бұрынғы хлор және күйдiргiш сода өндiрудiң сынапқұрамды қалдықтарын көму пункттерiнiң құрылыстарына және залалсыздандыру жұмыстарының орындалу барысына;өндiрiс және тұтыну қалдықтарының жиналуына, зиянды қалдықтарды көмудiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауға;
улы материалдарды, қауiптi қалдықтар мен заттарды, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға, табиғатты қорғау шараларына бақылау жасау.
85. Табиғи қоршаған ортаның сапасына мемлекеттiк экологиялық мониторингтi жүзеге асыру және оны ластағаны үшiн облыс бюджетiне төленетiн төлем жүйесiн жетiлдiру:
табиғи ресурстарды теңгерiмдi пайдалану және оның сапасын жақсарту мақсатында қоршаған ортаның ахуалы туралы қадағалау материалдарын талдауды, жинауды жүзеге асыру;
атмосфералық ауаны, жердi, жер қойнауларын және су ресурстарын ластандырудың барлық көздерiн есепке алу;
зертханалық-талдау жүйесiнiң қолданылатын аппаратурасының стандарттау және метрология талаптарына сай жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны ластандыруды шектеу және табиғи ресурстарды алудың экологиялық ұйғарынды шегiн анықтап, облыс аумағының аудандастыруын жүзеге асыру;
табиғи ортаны ластағаны үшiн облыс бюджетiне төленетiн төлем жүйесiн жетiлдiру.
86. Экология және табиғатты тиiмдiлiкпен пайдалану мәселелерi жөнiнде халықты ағарту мен насихат жүргiзу:
экологиялық тақырыптама жөнiндегi материалдар мен оқу құралдарын әзiрлеу және жарияланымды ұйымдастырып отыру, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық- насихаттық жұмыстарын кеңейтудiң басқа әдiстерiн пайдалану;
экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде халықты және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыру.
VII БӨЛIМ. САЛЫҚ - БЮДЖЕТ САЯСАТЫ
1. МАҚСАТ
Жергiлiктi бюджеттер кiрiсiне қажеттi түсiмдердiң көлемiн қамтамасыз ету үшiн мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық өзара қарым-қатынастағы мүдделерiнiң балансына қол жеткiзу, орнықты бюджеттiк қатынастар мен әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарды қалыптастыру.
2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
87. Күштi жақтар
Павлодар облысының бюджеттiк қамтамасыз етудiң жоғары деңгейiне шығуына мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi жоғары экономикалық әлуетi бар.
Бүгiнгi күнi Павлодар облысында бюджетiнiң орындалуында бiрталай жетiстiктер бар, бiрнеше экономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Бюджеттiк реттеудi тиiмдi дамыту жөнiнде елеулi қадамдар жасалынды.
2001 жылғы есеп деректерiне сәйкес бюджеттiң жалпы түсiмдерi 34937,7 млн. теңгенi құрады, ол болжамның 108,4 % құрайды. Жергiлiктi бюджетке 18075,2 млн. теңге, немесе болжамнан 99,1 % түстi. Бұл соңғы үш жыл iшiнде қалыптасқан ең жоғары көрсеткiш. Салық Кодексiнiң күшiне енуi оң әсерiн етуде. Экономиканың даму келешегiн ескеретiн және мемлекет пен салық төлеушiлер мүдделерiнiң оңтайлы қосылуына қолайлы жағдай жасауға жұмсалынған салық кодексi тек қана салық заңнамаларының рөлiн күшейтпей, өндiрiстiң iскерлiк белсендiгiн және оның әрi қарай дамуына да әсер етедi.
Осының бәрi, өз кезегiнде, бюджет түсiмдерiнiң ахуалын жақсартады.
Бұл жағдайда облыс үшiн салық ауыртпалығын төмендету мен салық заңнамасының тұрақтылығы жөнiндегi кепiлдiгiнен басқа қолайлы мезгiл болып табылатындар:
шағын бизнестiң дамуы үшiн салық салудың ықшамдалған жүйесi;
салық әкiмшiлдiгiн жетiлдiру.
Салық төлеушiлер мен салық органдар арасындағы құқықтарын және мiндеттерiн регламенттеу және салықтарды жинау жүйесiн жақсарту жөнiндегi нақты шаралар мезгiлiнде төленбеген салықтарды азайтатын болады
"Бюджет жүйесi туралы" Заңға енгiзiлген өзгертулер де оң әсерiн тигiзедi, өйткенi, олар әр түрлi деңгейдегi бюджеттер мен уәкiлеттi органдар арасында бюджеттiк өкiлеттiктерiн неғұрлым айқын және толық анықтап, реттеуге бағдарланған.
Өткен жылдары Павлодар облысы аумақтық бюджеттiк саясатын жақсарту жөнiнде елеулi кезеңдерден өттi. Бұл ең алдымен бюджеттiк бағдарламалауға қатысты. Бюджеттiк бағдарламаларды құру, дайындау және ресiмдеу бойынша бiрыңғай талаптар енгiзiлген. 2002 жылға арналған бюджет бағдарламалары ағымдағы және бюджетте жеке көрсетiлетiн даму бағдарламаларына бөлiнедi.
Жергiлiктi басқару органдарының саясаты аумақтық бюджеттiк бағдарламаларды iрiлендiру және олардың тиiмдiлiгiн жетiлдiру мен iс-шаралар қосарланушылықтарын жою мақсатында бағытталған.
Бюджетаралық қатынастарды орталықсыздандыру күштi жаққа жатады. 2002 жылдан бастап, бұрын облыстық бюджеттен қаржыландырылған денсаулық сақтау және бiлiм беру салаларының бағдарламалары бойынша бiрталай шығындар жергiлiктi бюджеттерге берiлген болатын.
Бюджет жүйесi жариялылық принциптерiне көңiл аударатын болды. 2001 жылы Павлодар облысының бюджетi 300 даналық безендiрiлген кiтап түрiнде басылып шыққан болатын. Бұл кiтапта облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына талдау жасалынып, бюджеттiк жоспарланудың стратегиясы мен облыстың барлық бағдарламалары жеке суреттелген көрсетiлген. Кiтаптарды кiтапханаларда, оқу орындарында тауып алуға болады, олар жалпы пайдалануға қарастырылған.
88. Әлсiз жақтар
Негiзгi кемшiлiктер болып мыналар табылады:
бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң болжамсыздығы мен тұрақсыздығы;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық төлеуден жалтаруы;
бюджетке түсетiн түсiмдердi көбейтуге байланысты маңызды
резервтерiнiң ескерiлмегенiнен берешектердi өтеу жөнiндегi жұмыстың жеткiлiксiздiгi.
2002 жылғы қаңтардың 1-не төленбеген салықтың жалпы сомасы 10 млрд. теңгенi құрады, бұл 2001 жылдың басындағыдан гөрi 7,7 % төмен. Бiрақ, негiзгi бересiнiң төмендеуi республикалық бюджетке салықтардың түсетiн салықтарға қатысты болды. Мезгiлiнде төленбеген салықтардың сомаларының көбi кәсiпорындардың банкротқа ұшырауы және таратылуы есебiнен шығынға жазылады. Бiр жыл iшiнде ол 28 %-ға өсiп отыр, яғни 3749,1 млн. теңгеден 4793,7 млн. теңгеге көбейген.
Шектес Ресей облыстарынан товардың кедендiк бақылауынан өтпей әкелiну мүмкiндiгi аймаққа экономикалық елеулi залал келтiредi.
Бюджет жүйесiнiң орталықсыздандыруының аяқталмауы бюджетаралық қатынастың проблемасы болып отыр. Бюджеттердiң өкiлеттiктерi айқын ажыратылмаған.
Залалды кәсiпорындардың болуы мен акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн символикалық бағаға сатылуы салық салынатын базаның қысқаруына әкелiп соқты.
Облыс аудандарының арасындағы экономикалық күрт айырмашылықтар бюджет жүйесiн орталықсыздандырудың артықшылықтарын пайдалануға кедергi келтiредi.
Бюджеттi жоспарланудың уақыт шеңберiн сақтамау.
Бюджеттi құру субъективтi сипатта.
Жергiлiктi бюджеттердiң шығындары негiзiнен ағымдағы шығындарда шоғырланған.
Шығыстардың жоспарлары облыс дамуының басымдықтарымен әрқашан ұштастырылмауы.
Iшкi және сыртқы аудит жүйесi тиiмсiз.
Жүзеге асырып жатқан шығыстардың тиiмдiлiгiн бағалау тұрғысынан бюджет қаражатын жұмсаудың мониторинг жүйесi жоқ.
Аумақтық қазынашылық органдарының жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетуге қатысты талаптары қаражатты ұтымды және тиiмдi пайдалануды толық қамтамасыз етпейдi.
Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi деңгейiнде, сондай-ақ товарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алуға арналған уақытылы өткiзiлмейтiн конкурстар есебiнен бюджеттiң пайдаланылмаған қаражаты бар.
Жергiліктi атқарушы органдардың 2002 жылғы 1 қаңтардағы берек сомасы 3618 млн. теңге болды бұл қаржы министрлiгi алдындағы бюджеттiк несиелер мен өткен жылдардың несиелерi бойынша мiндеттеме.
89. Мүмкiндiктер
Салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту.
Жергiлiктi салықтардың ставкасын реттеу мүмкiндiгi.
Тұрақты кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру.
Халықаралық ұйымдар тарапынан жәрдемдесудiң болуы, шетелдiк озық тәжiрибенi зерделеу және енгiзу.
90. Қатерлер
Аудандардың әлеуметтiк дамудағы үйлесiмсiздiгi.
Жергiлiктi басқару органдарының борышы болуы.
§ 3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР
Облыстың салық-бюджет саясаты саласында 2001 2010 жылдар кезеңiне арналған мынадай негiзгi стратегиялық мiндеттер болады:
бюджетке салық түсетiн түсiмiнiң өсуiн қамтамасыз ету;
бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, бюджеттi орталықсыздандыру принциптерiн iске асыру;
бюджеттiк қаражаттың пайдалануына тиiмдi бақылауды қамтамасыз ету;
жергiлiктi деңгейде бюджеттiк бағдарламалау жүйесiн жетiлдiру;
бюджеттердiң қаржылық өзiн-өзi қамтамасыз етiлуiн және аудандар бюджеттерiнiң теңестiрiлуiн тұрақтандыруды қамтамасыз ету;
бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету.
§ 4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
91. Жергiлiктi бюджетке түсетiн салық түсiмiнiң өсуiн қамтамасыз ету:
бюджетке түсетiн салық түсiмiнiң өсуi жергiлiктi деңгейде салық әкiмшiлдiгiн жүргiзудi жақсарту, өнеркәсiп өндiрiсiнiң және өндiрiстiк инфрақұрылымының тұрақты өсуi кезiнде салық заңдарының нормаларын мүлтiксiз сақтау есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. 2005 жылға қарай жергiлiктi бюджет кiрiсi 19,9 млрд. теңге көлемiнде болжамдалуда. 2010 жылға дейiн облыс бюджетi 22,9 млрд. теңге көлемiнде болады деп күтiлуде;
Бюджеттердiң барлық деңгейдегi салық әлуетiн қамтамасыз ететiн меншiктiң оңтайлы экономикалық және аумақтық құрылымын құру (2006-2010 жылдары).
92. Бюджеттi орталықсыздану принциптерiн iске асыру:
2002 - 2005 жылдары:
шығыс жасау өкiлеттiлiгi мен шығыстар бойынша жауапкершiлiктi айқын ажыратуға қол жеткiзу;
аудандық бюджеттердiң мейiлiнше дербестiгiн заң шеңберiнде қамтамасыз ету.
93. Бюджеттiк қаражаттың пайдалануына тиiмдi бақылауды қамтамасыз ету:
2002 - 2005 жылдар
бюджеттiк бағдарламалардың мониторинг жүйесiн шығыстардың тиiмдi iске асырылуын және соңғы нәтижелер жөнiндегi көз қарасы арқылы енгiзу;
бюджеттiк қаражаттың жұмсалынуын қаржы процедураларының жаңа ережелерiне қатаң сәйкестiгiнде қамтамасыз ету;
бюджет саласы үшiн қажеттi товарлар мен қызметтер ұсынуға арналған конкурстар өткiзуге бақылауды күшейту.
2006 - 2010 жылдар
барлық деңгейдегi бюджеттердiң кiрiс пен шығыс бөлiктерiн орындауға бiрыңғай аудит жүйесiн құру.
94. Бюджеттiк жоспарлау жүйесiн жетiлдiру :
2002 - 2005 жылдар:
әзiрленген артықшылықтар мен бюджеттiк бағдарламалардың қаржылық шығындарының салыстырымдылығы және олардың орындалу нәтижелерi негiзiнде бюджеттiк қаржыландыруды жетiлдiру;
бюджеттiң негiзгi параметрлерiн орташа мерзiмдi жоспарлауға көшiру;
мемлекеттiк қызмет көрсетудi қаржыландырудың үздiксiздiгi және тиiмдi қаржылық жоспарлау;
2006 - 2010 жылдар:
бюджеттiк қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында функционалдық бюджет бағдарламалары бойынша шығындарды жоспарлаудың әлеуметтiк-экономикалық нормативтiк әдiстемесiн пайдалануды кеңейту.
95. Аудандар бюджеттерiнiң теңестiрiлуiн тұрақтандыруды қамтамасыз ету:
2002 - 2005 жылдар:
бюджеттер арасындағы қаржылық теңестiрiлудiң деңгейлес және сатылас тиiмдi тетiгiн әзiрлеу.
2006 - 2010 жылдар:
кемiмелi аудандарды өз бюджеттерiнiң демеуқаржылықтарынан шығаруға ынталандыру әдiстемесiн әзiрлеу.
96. Бюджеттiң ашықтығын қамтамасыз ету:
2002 - 2005 жылдар:
бюджеттiк қаржыландырудың ашықтық принципi: мыналар арқылы iске асырылатын болады:
жергiлiктi бюджеттiң құрылуы мен атқарылуы туралы толық ақпараттың жариялануымен;
жылдық қаржылық және жедел баяндамалар мен есептердiң бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жасаған жарияланумен жүзеге асырылады.
5. КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
қолда бар қаржы ресурстарын әлеуметтiк-экономикалық артықшылықтарға сәйкес бағдарламалар арасында орналастыру арқылы тиiмдi және үнемдi бюджеттi құру.
2005 жылға қарай жергiлiктi бюджеттiң кiрiсi 19,9 млрд. теңге сомасында болжамдалуда.
2010 жылға қарай облыс бюджетiнiң көлемi 22,9 млрд. теңге болады деп күтiлуде.
VIII БӨЛIМ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
1. МАҚСАТ
Аймақтың бұдан әрi экономикалық өсуi үшiн iшкi және сыртқы инвестициялық ресурстарды жұмылдыру мақсатында облыстың жоғары инвестициялық рейтингiн қалыптастыру.
§ 2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Облыс қазақстанның инвестициялық белсендiлiгi бiршама төмен аймақтарына жатады. Оның республикалық көлемдегi үлесi 3,4-5,4 % шегiнен ауытқымайды. Инвестициялық саясат шетелдiк инвестицияларды тартуға көбiрек бағытталған және өзiнiң даму мұқтажы үшiн инвестициялық ресурстарды қалыптастыруда аймақтың әлеуеттiк мүмкiндiктерiн ескермейдi. Инвестициялардың жалпы көлемiнде шетелдiктердiң қатысуы бар кәсiпорындардың үлесi 80 % асады. Аймақтық инвестицияларды қалыптастыруда республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаражаты нашар араласады да жалпы инвестициялар көлемiнiң 1 % құрайды.
Инвестициялар көлемiнiң өсу беталысы межелендi. 2001 жылы негiзгi капиталға салынған инвестициялар 26,0 млрд. теңге болды. Күрделi құрылысқа 15,7 млрд. теңге қаражат жұмсалған, бұл 2000 жылғы қаржы жұмсалымынан 18 % асады. Инвестициялық белсендiлiктiң өсуi өндiрiстiң жалпы өсуiмен шарттастырылған. Инвестициялық құйылымдардың негiзгi бағдары өңдеу өнеркәсiбi болды (57 %). Олардың едәуiр бөлiгi металлургия саласына келдi, оның үлесi 87 % болды. Тау-кен өндiру өнеркәсiбiндегi инвестициялардың үлес салмағы 13,6 % , электр қуатын, газды және суды өндiру 11,6 %, көлiк пен байланыс 8,1 % жеттi.
Облыстың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi 17,7 млрд. теңгенiң (2000 жылы 11,1 млрд. теңге) негiзгi құрал-жабдықтарын iске қосты. Негiзгi құрал-жабдықтардың едәуiр бөлiгi (39 %) металлургия өнеркәсiбi кәсiпорындарының үлесiне тидi "Қазақстан алюминий" ААҚ, "ТҰК Казхром" ААҚ-ның филиалы "Ақсу ферроқорытпа заводы").
Ұзындығы 184,20 км бағасы 4543 млн. теңге тұратын Ақсу-Конечная (Дегелен) темiр жол желiсiнiң құрылысы аяқталды.
98. Күштi жақтар
Дамыған банк жүйесi.
Аймақта ақша жиынының өсуi.
Негiзгi қорлардың актив бөлiгiне қаржы жұмсалымының өсуi және аяқталмаған құрылыс көлемiнiң төмендеуi.
Аймақта шетелдiк инвесторлардың бар болуы.
99. Әлсiз жақтары
Экономиканың нақты секторын инвестициялау үшiн ақшалай қаржы тарту тетiгi жоқтығы.
Кәсiпорындардың амортизациялық аударымдары негiзгi өндiрiстiк қаржылардың жаңғыртылу функциясын орындамайды және мақсатсыз пайдаланылады.
Банктердiң несиелiк потрфелiнде қысқа мерзiмдi несиелендiру артығырақ болуы.
100. Мүмкiндiктер
Пайдалы қазбалар кендерiн зерттеу және игеру үшiн отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту.
Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын жүзеге асыру.
Отандық бизнестiң бос қаржыларын отандық өндiрiске инвестициялауды көтермелеу жүйесiн әзiрлеу.
Инвестициялар құрудағы жеке меншiк капиталдың үлесiн өсiру. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына аймақтық инвестициялық жобаларды енгiзу.
101. Қатерлер
Енжар инвестициялық саясат аймақтың экономикалық болжамдарының орындалуына қатер төндiредi.
Өнiмнiң бәсекеге төзiмдiлiгiн жоғалтуы.
Экономикалық байланыстардың үзiлуi.
Аймақ экономикасының шикiзаттық бағдарлануы.
§ 3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ МIНДЕТТЕР:
Қолайлы инвестициялық ахуал құру;
облысқа шетелдiк инвестицияларды құюға ынталандыру мен шетелдiк және отандық инвесторларды экономиканың басымдық салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау;
Нақты экономика саласында банктердiң несиелiк қызметiн жандандыру.
102. Инвестициялық саясатты екi кезеңмен жүзеге асыру болжалуда:
1) Бiрiншi кезең: 2001-2005 жылдар iшкi инвестициялық әлеуеттi өсiру және оны мейiлiнше толық пайдалану:
өндiрiстi көтеру және өсiру;
өтелiмдiк саясатты жетiлдiру;
әлеуеттi ұлттық инвестор ретiнде жеке меншiк кәсiпкерлiктi қолдау;
қаржылық капиталдың қорын жинауды қамтамасыз ететiн банк секторын дамыту.
2) Екiншi кезең 2006-2010 жылдар - ұтымды құрылымын қамтамасыз ету және аймақтың өндiргiш күштерiн қайта құру мақсатында тартылған инвестициялардың құрылымын қайта қарау:
мемлекеттiк және аймақтық реттеу (басымдықты салалар мен өндiрiстерге салық жеңiлдiктерiн, салық каникулдарын, салық шегерiмiн, жеңiлдiктi несиелер және өзгелердi беру);
рыноктық өзiн-өзi реттеу - инвестициялық ресурстардың аса мол табысты инвестициялық жобаларға, қызмет салаларына, аймақ аумағындағы салалар мен кәсiпорындарға еркiн құйылуын қамтамасыз етуге жарайтын қор нарығын және инвестициялық институттарды дамыту.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
103. Өндiрiс саласын (басымдықты салалар) қаржыландыру.
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөнiнде шаралар қолданылатын болады. Инвестициялық қызмет бюджет қаржысы есебiнен тiкелей және жанама - аймақтағы инвестициялық ахуалды жақсарту жолымен жасалатын әдiстердi ұштастыратын болады. Инвестициялардың негiзгi көлемi электрэнергетикасында, тау-кен өндiру, металлургия және машина жасау өнеркәсiбiнде қалыптасатын болады.
Алдағы мерзiмдегi кәсiпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметi негiзiнен кәсiпорындардың меншiктi қаражаты есебiнен, бiрiншi кезекте инвестициялардың жалпы көлемiндегi үлесi 70 % құрайтын шетелдiктердiң қатысуымен жүзеге асырылады.
Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде негiзгi инвестициялар "Богатырь Аксес Көмiр" ААҚ салынатын болады. қазiргi уақытта бұл компания екi СРСк-2000 роторлы экскаваторларын жаңғыртуды, екiншi конвейерлiк көтерудiң құрылысын және "Богатырь" кенiшiнiң қазу кешенiн электрлiк тартуға ауыстыруды көздеп отыр.
"Ист Поинт" фирмасы - шетелдiк компания "Майқайыңалтын" Ақ-ға Майқайың жер асты руднигiн қалпына келтiруге және Алпыс руднигiнiң құрылысына, сондай-ақ жаңа тау-кен жабдықтарын алуды инвестициялауға ниет бiлдiрiп отыр.
Металлургия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары, бiрiншi кезекте шетелдiк инвесторлар "қазақстан алюминийi" Ақ және "қазхром" ТҰК-ның филиалы "Ақсу ферросплав заводы" жұмыс iстеп тұрған қуаттарды қолдау, негiзгi құралдарды қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтау және жаңғырту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды болжамдап отыр.
104. Инвестициялардың жаңа түрлерiн тарту (бiрлескен кәсiпорындар, ноу-хау, қазiргi заманғы технологиялар, менеджмент және басқалар):
Ресей кәсiпорындарының қатысуымен өнеркәсiп-қаржы топтарын құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
экономиканың басымды салалары инвестициялық жобаларына жергiлiктi ресурстарды тартуға ынталандыру;
еңбектi халықаралық бөлуде облыс экономикасының нақты артықшылықтарын пайдалана отырып, басқа елдермен бiрiгу және қауымдасу процесiн кеңейту;
шетелдiк капиталдың қатысуымен бiрлескен кәсiпорындар құру;
инвестициялық жобалар деректерiнiң банкiн құру;
инвестициялық жобаларды Интернет жүйесiндегi сайтта орналастыру.
IX БӨЛIМ. ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОБАЛАР
р/р |
Компанияның атауы |
Мекенжайы, телефоны |
Жобаның құны, мың АҚШ долл. |
Инвестициялық жоба |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
"Қазақстан трактор" ААҚ |
637027 Павлодар қ., Космонавтар көшесi,1, |
50100 |
Доңғалақты әмбебаб отамалы тракторлар шығаруды ұйымдастыру (МТЗ-80,1 и МТЗ-82,1 типтес) |
2 |
"Қазақстан трактор" ААҚ |
637027 Павлодар қ., Космонавтар көшесi,1, |
2500 |
ДТ-75 және ДТ-95,4 тракторларына трансмиссиялар шығаруды ұйымдастыру |
3 |
"Павлодар машинажасау заводы" АҚ |
Павлодар қ., Ломов,көшесi, 180, 450-366 телетайп 210136 "Лада" |
450 |
Жүк көтергiштiгi 50 т. автомобиль крандарын шығару |
4 |
"Павлодар- |
637034 Павлодар қ., К. Маркс көшесi, 326, 474-788 |
4395 |
Тұздысор көлiне кiре-берiс жол |
5 |
"Павлодар машинажасау заводы" АҚ |
Павлодар қ., Ломов, көшесi, 180, 450-366 телетайп 210136 "Лада" |
500 |
Жүк көтергiштiгi 32 т. төрттағанды крандарды шығару |
6 |
"Павлодар машинажасау заводы" АҚ |
Павлодар қ., Ломов, көшесi, 180, 450-366 телетайп 210136 "Лада" |
400 |
Жүк көтергiштiгi 50 т. асатын аспалы крандар шығаруды ұйымдастыру |
7 |
"Павлодар машинажасау заводы" АҚ |
Павлодар қ., Ломов,көшесi, 180, 450-366 телетайп 210136 "Лада" |
150 |
Жүк көтергiштiгi 0,5 т.-дан 10 т. дейiнгi жарылудан қорғалып жасалған (ЖҚЖ) электр тальдерiн шығаруды ұйымдастыру |
8 |
"Судо-строитель" АҚ |
Павлодар қ., П. Васильев көшесi, 2,475-355 |
50800 |
Таяз бататын жүк көтергiштiгi 600 тон-на болатын мұнай құйғыш кемелердi шығаруды ұйымдастыру |
9 |
"Павлодар машинажасау заводы" АҚ |
Павлодар қ., Ломов,көшесi, 180, 450-366 телетайп 210136 "Лада" |
800 |
400-500 кг көлемдегi құю өндiрiсiн ұйымдастыру |
10 |
"Эмаль-провод" ЖШС |
637046 Павлодар қ., а/я 1926 |
500 |
Сырты резинамен қапталған жез желiлi икемдi кабель (КГ типтес) шығаруды ұйымдастыру |
11 |
"Павлодар химия заводы" ААҚ |
637029 Павлодар қ., Солтүстiк өнеркәсiп аймағы, 396-431, 396-436 |
8800 |
Бес күкiрттi фосфорды өндiру |
12 |
"Павлодар химия заводы" ААҚ |
637029 Павлодар қ., Солтүстiк өнеркәсiп аймағы, 396-431, 396-436 |
34500 |
Каустикалық соданы, хлорды және тұз қышқылын өндiру |
13 |
"Павлодар химия заводы" ААҚ |
637029 Павлодар қ., Солтүстiк өнеркәсiп аймағы, 396-431, 396-436 |
6100 |
Формалин шығару |
14 |
"Қазақстан-трактор" ААҚ |
637027 Павлодар қ., Космонавтар көшесi, 1,322-438, 327-164 |
44247 |
Тау-кен өнеркәсiбi үшiн құрышты соңы-нан ыстық күйiнде қалыпын өзгертiп үзiлiссiз қалыпқа құю әдiсiмен сорттық жайма және ұнтақтау денелерiн шығаруды ұйымдастыру |
X БӨЛIМ. ТОҚЫРАУҒА ҰШЫРАҒАН ЕЛДI МЕКЕНДЕРДIҢ
ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫқ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1999 жылғы 11 мамырдағы "Экономикасы тоқырауға ұшыраған аудандарға көмек көрсету туралы" № 561 қаулысына сәйкес бекiтiлген аудандар тiзбесiне Павлодар облысының Май және Ақтоғай аудандары кiрдi.
Бұл аудандардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын талдау бiрқатар проблемаларды:
кәсiпорындардың көбiнiң қаржылық жағдайы тұрақсыз екендiгiн;
жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң ең қажеттi шығындардың ең аз көлемiнен төмен болуын;
жолдардың техникалық деңгейiнiң төмендiгiн;
сапалы ауыз судың жоқтығын;
жұмыссыздық деңгейiнiң жоғары болуын;
аз қамтамасыз етiлген азаматтар санының өсуiн;
денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасының төмендiгiн;
көшi-қон үрдiсiнiң қарқыны жоғары екенiн анықтады.
105. Өнеркәсiптiк-технологиялық саясат
11 өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 2 есе артады.
12 Экспорттық жеткiзiлiмдер 2-3 есе өседi.
13 өнiм өткiзiлiмiнiң тұрақты сыртқы және iшкi нарықтары бар бәсекеге төзiмдi өнеркәсiп құрылады.
14 Материалдық-техникалық базаны және қолданылатын технологияларды қайта құру мен жаңарту жүргiзiлетiн болады.
106. Агроиндустриялдық саясат
Стратегиялық даму жоспарында белгiленген iс-шараларды жүзеге асыру нәтижесiнде:
2005 жылға қарай егiс алқаптарын 893,9 мың га, оның iшiнде дәндi дақылдарды - 600,0 мың га, 2010 жылға қарай 915,0 мың га, оның iшiнде дәндi дақылдарды - 650 мың га; 2005 жылға қарай күнбағысты- 70 мың га, 2010 жылға қарай 70 мың га; картопты 2005 жылға қарай 10 мың га, 2010 жылға қарай 11 мың га; көкөнiстi 2005 жылға қарай 2,9 мың га, 2010 жылға қарай 3 мың гектарға жеткiзу болжамдалуда.
2005 жылы дәндi дақылдардың жалпы өнiмi 330 мың тоннаны, 2010 жылға қарай 358 мың тоннаны; күнбағыс 2005 жылға қарай 17 мың тоннаны, 2010 жылға қарай 18 мың тоннаны; картоп 2005 жылға қарай 144 мың тоннаны, 2010 жылға қарай 148 тоннаны; көкөнiс 2005 жылға қарай 44 мың тоннаны, 2010 жылға қарай 45 мың тоннаны құрайтын болады.
107. Мал шаруашылығында:
2005 жылға қарай IҚМ басын 283,9 мыңға, 2010 жылға қарай 308,9 мыңға, оның iшiнде сиырларды 2005 жылға қарай 150,0 мыңға, 2010 жылғы қарай 190,4 мыңға; шошқаны 2005 жылға қарай 64 мыңға, 2010 жылға қарай 70 мыңға; қой мен ешкiнi 2005 жылы 224,8 мыңға, 2010 жылға қарай 250,5 мыңға; жылқыны 2005 жылға қарай 65 мыңға, 2010 жылға қарай 68 мыңға; құсты 2005 жылға қарай 978 мыңға, 2010 жылға қарай 1108 мыңға жеткiзу;
2005 жылға қарай ет өндiрудi 59,7 мың тоннаға, 2010 жылға қарай 62,1 мың тоннаға; сүт өндiрудi 2005 жылға қарай 260 мың тоннаға, 2010 жылға қарай 271 мың тоннаға; жүн өндiрудi 2005 жылға қарай 0,6 мың тоннаға, 2010 жылға қарай 0,7 мың тоннаға; жұмыртқа өндiрудi 2005 жылға қарай 117,5 млн. дана, 2010 жылға қарай 117,5 млн. данаға, 2010 жылы 123,3 млн. данаға көбейту болжамдалуда.
108. Көлiк инфрақұрылымы
Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын қалпына келтiр у
р/р |
Көрсеткiштiң атауы |
Барлығы |
Кезеңге стратегиялық жоспар |
|
2001-2005 ж. |
2006-2010 ж. |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Күрделi жөндеу км млн. теңге |
160 |
80 |
80 |
2 |
Орташа жөндеу км млн. теңге |
890 |
440 |
450 |
3 |
Жиыны, млн. теңге |
5118 |
2539 |
2579 |
109. Телекоммуникациялар
Телефон орнатуға сұраныстарды қанағаттандыру.
Қалалық телефондандыруды дамыту үшiн транзиттiк торап құру.
Ауылдық аймақтарда сапалы қашықтық байланысты қамтамасыз ету.
110. Салық-бюджет саясаты
Әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сай келетiн бағдарламалар арасында бар қаржы ресурстарын орналастыру арқылы тиiмдi және үнемдi бюджеттi қалыптастыру.
2005 жылға қарай жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерiн 19,9 млрд. теңгеге жеткiзу болжамдалуда.
2010 жылға қарай облыс бюджетi 22,9 млрд. теңге болады деп күтiлуде.
111. Инвестициялық саясат
Жүргiзiлiп отырған iс-шаралар нәтижесiнде облыс экономикасына салынатын инвестициялар 2010 жылы 2000 жылдың деңгейiне қарағанда 2 есе өсетiн болады.