Темiр жол және су көлiгiнде қызметтi лицензиялауды ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 7-1-П бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2720. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 299 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.06.30 № 299 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының лицензиялау заңнамасын iске асыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлген:
      1) Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу бойынша қызметтi лицензиялауды ұйымдастыру жөнiнде нұсқаулық;
      2) Қазақстан Республикасында теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз кемежайларының қызметiн лицензиялауды ұйымдастыру жөнiнде нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша көлiктiк бақылау басқармаларына:
      Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша қызметтi;
      Қазақстан Республикасында қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасап шығару және жөндеу бойынша қызметтi;
      Қазақстан Республикасында теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз кемежайларының қызметiн лицензиялау бойынша уәкiлеттiк берiлсiн.
      3. Облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша көлiктiк бақылау басқармалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметтiң жоғарыда көрсетiлген түрлерiне лицензиялауды жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету және талдау басқармасы осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiктiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

"Темір жол және су көлігінде 
қызметті лицензиялауды    
ұйымдастырудың кейбір     
мәселелері туралы"      
Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің Көліктік   
бақылау комитеті төрағасының
2004 жылғы 3 ақпандағы    
N 7-1-П бұйрығымен      
бекітілген          

Қазақстан Республикасында теңіз кемелеріне,
жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге
байланысты теңіз кемежайларының қызметін
лицензиялауды ұйымдастыру жөнінде
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін лицензиялауды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру кезінде лицензиялық заңнаманың қолданылуын нақтылайды. Қараныз Z070000214

      2. Қазақстан Республикасында теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін жүзеге асыруға лицензиялар бас лицензиялар болып табылады.
 

      3. Қазақстан Республикасында теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін лицензиялауды Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау басқармасы жүзеге асырады (бұдан әрі- лицензиар).

2. Лицензия берудің шарттары

      4. Қазақстан Республикасында теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін жүзеге асыруға лицензия алу үшін тапсырыс беруші лицензиарға мына құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
      4) жеке тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжат;
      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысымен анықталған біліктілік талаптарға лицензиаттың сәйкестігін растайтын құжаттар.
 

      5. Теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін лицензиар лицензиаттың біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарға сараптама жүргізеді.
 

      6. Лицензиялар бір айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - егер заңнамалық актілермен өзгеше мерзім белгіленбеген болса барлық қажетті құжаттарымен өтінішті беру күнінен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
 

      7. Теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялық алымды есептеу және бюджетке төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі мен ставкасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне және "Қызметтің жеке түрлерімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның ставкасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына сәйкес анықталады. Қараныз K080000099

      8. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиаттың оның дубликатын алуға құқығы бар. Лицензиар он күннің ішінде лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның дубликатын беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасының теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз кемежайларының қызметімен шұғылдану құқығына лицензиялық алым төлейді.
 

      9. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, лицензиат бұл туралы лицензиарға бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.
      Заңды тұлғаның атауы, орналасу орны (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген (сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайды қоспағанда, ұйымдастыру-құқықтық нысанның өзгерген) жағдайда лицензиар бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте және көлемде алым төленеді.
 

      10. Лицензия егер:
      1) тапсырыс беруші біліктілік талаптарға жауап бермесе;
      2) тапсырыс берушіге қатысты теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты қызметпен шұғылдануға тыйым салынған соттың шешімі болса;
      3) лицензиялық алым төленбесе;
      4) Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаған болса;
      5) осы субъекті үшін теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты қызметті жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса берілмейді.
      Тапсырыс беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады.
 

      11. Лицензия беруден бастартқан жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
 

      12. Егер лицензия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, немесе лицензия беруден бастарту тапсырыс берушіге негізсіз ұсынылса, ол бір ай мерзімде сот тәртібімен осы іс-әрекетке шағым жасауға құқылы.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

      13. Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда:
      1) лицензия қайтарып алынғанда;
      2) лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
      3) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарғанда тоқтатылады.
 

      14. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешеді.
 

      15. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен лицензияны мынадай жағдайларда:
      1) қызметтің ұсынылған түрлеріне талаптарды лицензиат орындамаса;
      2) лицензия алған қызмет түрімен лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;
      3) лицензиар лицензияның қолданылуын кідіртіп қойған себептер жойылмаса;
      4) лицензиат лицензия алу кезінде жалған ақпарат берсе қайтарып алуы мүмкін.
 

      16. Лицензиар кідірте тұру себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
 

      17. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы.
 

      18. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептері жойылғаннан кейін лицензия қайтадан қолданылады.

4. Есепке алу және бақылау

      19. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
 

      20. Лицензиар өз құзыреті шегінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуды талап етуге, бақылау функцияларын орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.
 

      21. Теңіз кемежайында теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты қызметпен тиісті лицензиясыз шұғылдану Қазақстан Республикасының  заңымен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

"Темір жол және су көлігінде 
қызметті лицензиялауды    
ұйымдастырудың кейбір     
мәселелері туралы"      
Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар 
министрлігінің Көліктік   
бақылау комитеті төрағасының
2004 жылғы 3 ақпандағы    
N 7-1-П бұйрығымен      
бекітілген          

Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау
үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы
контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті
лицензиялауды ұйымдастыру жөнінде
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті лицензиялауды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Қазақстан Республикасында көліктегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру кезінде лицензиялық заңнаманың қолданылуын нақтылайды. Қараныз Z070000214

      2. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиялар бас лицензиялар болып табылады.
 

      3. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті лицензиялауды Облыстар және Алматы мен Астана қалалары бойынша көліктік бақылау басқармалары (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

2. Лицензия берудің шарттары

      4. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін заңды және жеке тұлғалар (тапсырыс берушілер) лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) белгіленген үлгідегі өтініш;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысымен анықталған біліктілік талаптарға тапсырыс берушінің сәйкестігін растайтын құжаттар;
      3) лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат;
      4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
      5) жеке тұлғаның тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
 

      5. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін лицензиар тапсырыс берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарға сараптама жүргізеді.
 

      6. Лицензиялар бір айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - егер заңнамалық кесімдермен басқаша мерзім белгіленбеген болса барлық қажетті құжаттарымен өтінішті беру күнінен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
 

      7. Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялық алымды есептеу және бюджетке төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі мен ставкасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне және "Қызметтің жеке түрлерімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның ставкасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 қаулысына сәйкес анықталады. Қараныз K080000099

      8. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиаттың оның дубликатын алуға құқығы бар. Лицензиар он күннің ішінде лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның дубликатын беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметпен шұғылдану құқығына лицензиялық алым төлейді.
 

      9. Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, лицензиат бұл туралы лицензиарға бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып жазбаша хабарлайды.
      Заңды тұлғаның атауы, орналасу орны (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген (сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайды қоспағанда, ұйымдастыру-құқықтық нысанның өзгерген) жағдайда лицензиар бір айдың ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетілген құжатты беру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте және көлемде алым төленеді.
 

      10. Лицензия егер:
      1) тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі N 794 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарға жауап бермесе;
      2) тапсырыс берушіге қатысты лицензияланатын қызметпен шұғылдануға тыйым салынған соттың шешімі болса;
      3) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметпен шұғылдану құқығына лицензиялық алым төленбесе;
      4) Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген барлық құжаттар ұсынылмаған болса;
      5) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен тыйым салынса берілмейді.
      Тапсырыс беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады.
 

      11. Лицензия беруден бастартқан жағдайда лицензия беру үшін белгіленген мерзімде тапсырыс берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
 

      12. Егер лицензия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, немесе лицензия беруден бастарту тапсырыс берушіге негізсіз ұсынылса, ол бір ай мерзімде сот тәртібімен осы іс-әрекетке шағым жасауға құқылы.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру

      13. Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда:
      1) лицензия қайтарып алынғанда;
      2) лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтың кәсіпкерлік қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
      3) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарғанда тоқтатылады.
 

      14. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешеді.
 

      15. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен лицензияны мынадай жағдайларда:
      1) қызметтің ұсынылған түрлеріне талаптарды лицензиат орындамаса;
      2) лицензия алған қызмет түрімен лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;
      3) лицензиар лицензияның қолданылуын кідіртіп қойған себептер жойылмаса;
      4) лицензиат лицензия алу кезінде жалған ақпарат берсе қайтарып алуы мүмкін.
 

      16. Лицензиар кідірте тұру себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын сот шешімінсіз тоқтата тұруға талап арызды үш күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат етіледі. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.
 

      17. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы.
 

      18. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептері жойылғаннан кейін лицензия қайтадан қолданылады.

4. Есепке алу және бақылау

      19. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
 

      20. Лицензиар өз құзыреті шегінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуды талап етуге, бақылау функцияларын орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.
 

      21. Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлерді жасап шығару және жөндеу бойынша қызметпен тиісті лицензиясыз шұғылдануы Қазақстан Республикасының  заңымен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады