Аймақтық электржелілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі N 402-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3120. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 220-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 24.07.2013 № 220-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.24. N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған аймақтық электржелілік компаниялардағы  және энергия беруші ұйымдардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.24. N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Ереженің күші қолданылатын электржелілік компаниялар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар:
      1) есепке алу саясатының жекелеген түрінде көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін дербес бөлу базасын айқындасын;
      2) дербес бөлу базалары айқындаған есепке алу саясатын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне немесе оның аумақтық органдарына келісу үшін 2005 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Д.Х.Тоқыбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) осы бұйрықтың ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары табиғи монополия субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне енгізілген аймақтық электржелілік компаниялар мен энергия беруші ұйымдардың назарына жеткізсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      7. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі
      __________________________
      2004 жылғы "____"_________

"Аймақтық электржелілік   
компаниялардағы және энергия 
беруші ұйымдардағы шығындарды   
бөлектеп есепке алуды жүргізу 
ережесін бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы Табиғи 
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2004 жылғы     
30 қыркүйектегі N 402-НҚ   
бұйрығымен бекітілген    

Аймақтық электржелілік компаниялардағы және
энергия беруші ұйымдардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі

       Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.24. N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Аймақтық электржелілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 190 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы рыноктық қатынастарды одан әрі дамыту Тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

      2. Ережені әзірлеудің негізгі мақсаты аймақтық электржелілік компаниялардың (бұдан әрі - АЭК) және энергия беруші ұйымдардың (ЭБҰ)  табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітетін тарифтің экономикалық негізді деңгейін белгілеу үшін көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша табыстарды, шығындарды бөлектеп есеп алуды жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.

      3. АЭК-ы және ЭБҰ-ы көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша табыстар мен шығындарды бөлектеп есеп алуды жүзеге асырады.

      4. АЭК-ы мынадай қызмет түрлерін:
      1) электр энергиясын беру және бөлу қызметтер;
      2) электр қуатын (жиілігін) реттеу бойынша қызметтер;
      3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен рұқсат етілген қызметтердің өзге де түрлерін көрсетеді.

      5. ЭБҰ-ы мынадай қызмет түрлерін:
      1) электр энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтер;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен рұқсат етілген қызметтердің өзге де түрлерін көрсетеді.

      6. Бөлектеп есепке алу табыстар мен шығындар туралы деректерді жинау мен қорыту, сондай-ақ уәкілетті органға көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша табыстар мен шығындар туралы есептерді жеке-жеке кезең-кезеңімен ұсыну жүйесін білдіреді.

      7. Ереже бөлектеп есепке алудың мынадай негізгі қағидаттарын:
      1) табыстарды, шығындарды бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтер түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығын;
      2) шығындарды көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтығын қарастырады.

      8. Бөлектеп есепке алу осы Ережеге сәйкес табыстар мен шығындарды көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлу үшін бөлшектеудің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге тиісті бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделуі тиіс. Осы Ереже аймақтық электржелілік компаниялардың (энергия беруші ұйымдардың) белгілеген қаржылық және салықтық есеп ұсынуының тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

      9. Бөлектеп есепке алуды жүргізу мақсатында осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметке тікелей және біржақты жатқызылуы мүмкін шығындар;
      2) қызметтерге жанама шығындар - белгілі бір қызметке тікелей жатқызылуы мүмкін, бірақ шығынның туындау себебін көрсететін, бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін шығындар;
      3) бөлу базасы - шығындарды бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);
      4) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындарды бөлуге арналған бөлу базасын қолданудың нәтижесінде алынған жанама шығындардың үлесі.
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      10. Осы Ереженің негізінде АЭК пен ЭБҰ табыстар мен шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу үшін уәкілетті орган бекіткен және келісілген есепке алу саясатының жекелеген бөлімінің түрінде қызметтердің әрбір түрі үшін жеке базасын анықтайды.

2-тарау. Табыстарды есепке алу және шығындарды
көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлу & 1. Қызметтер көрсетуден алынған табыстар

      11. Қызметтер көрсетуден алынған табыстар бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде реттелетін және реттелмейтін қызметтердің түрлері бойынша жеке ескеріледі:
      1) қызметтің реттелетін түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне сәйкес;
      2) қызметтің реттелмейтін түрлері бойынша - тиісті қызметтер мен бағалардың көлемдеріне байланысты өзге де қызметтер ұсынудан алынған табыстарға сүйене отырып, осы қызметтер ұсынылды.

& 2. Шығындар

      12. Реттелетін қызметтер түрлерін көрсетуге байланысты шығындарды АЭК пен ЭБҰ-ы есепке алу саясатына сәйкес анықтайды. Сонымен бірге тарифтік сметаларды жасаған кезде шығындар табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіткен кезде қолданылған шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің талаптары назарда ұстала отырып ескеріледі.

      13. Қызметтерге тікелей шығындар белгілі бір қызметке тікелей жатады. Қызметтерге жанама шығындар есепке алу саясаты белгілеген бөлу базасының негізінде есептелген бөлу коэффициенттері бойынша көрсетіліп отырған қызметтерге жатады.

      14. Реттелетін және реттелмейтін қызметтер көрсетуге жұмсалған АЭК пен ЭБҰ-ның шығыны мынадай баптарды қамтиды:
      1) негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы;
      2) желілердегі және трансформаторлардағы электр энергиясының нормативтік техникалық ысыраптармен байланысты шығыстары;
      3) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығыстар;
      4) еңбекке ақы төлеу шығыстары;
      5) әлеуметтік салық жөніндегі шығыстар;
      6) пайдалануға жұмсалған шығыстар;
      7) кезең шығыстары;
      8) өзге шығыстар.
      Әрбір баптың ішінде шығын жөнінде айтарлықтай жан-жақты баяндалуы мүмкін.

      15. Негізгі құралдардың тозуы негізгі құралдардың әрбір тобы үшін анықталады және егер негізгі құралдар бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болған жағдайда, немесе қабылданған бөлу базасының негізінде есептелген, бөлу коэффициенттері бойынша егер олар екі және одан көп қызметтер көрсетумен байланысты болған жағдайда қызметке тікелей жатады.

      16. Материалдық емес активтердің амортизациясы қабылданған бөлу базаларының негізінде есептелген коэффициенттер бойынша қызметтерге жатады.

      17. Еңбек ақысына арналған шығыстар тікелей де, жанама да бола алады.
      Шығындарды бөлектеп есепке алудың мақсаттары үшін персонал мынадай белгілері бойынша:
      1) қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты персоналға;
      2) қызметі екі немесе одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты персоналға топталады.
      Белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты персоналға еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар тікелей болып табылады және толығымен бір қызметке жатады.
      Екі немесе одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты персоналға еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар жанама болып табылады және бөлу базасы мен бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      18. Әлеуметтік салықтар бойынша шығыстар бөлудің сол бір коэффициенттері бойынша, персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сияқты қызметтерге бөлінеді.

      19. Материалдық шығындар, егер олар бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі немесе одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған бөлу базасының негізінде бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді.

      20. Өзге шығындарға арналған шығыстар бөлу базасы бойынша қызметтерге жатады.

      21. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен:
      1) жалпы және әкімшілік шығыстар негізгі өндірістегі тиісті шығындар сияқты сол қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінуі;
      2) өткізу бойынша шығыстар, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу базасын пайдалана отырып бөлінуі;
      3) сыйақылар (проценттер) бойынша шығыстар, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінуі жүзеге асырылады.
      Өткізу жөніндегі шығыстар мен сыйақылар жөніндегі шығыстар қабылданған бөлу базаларының негізінде есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатады.

      22. Өзге шығыстар, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса, тікелей қызметтерге жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан да артық қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      23. Аймақтық электр желілерінің шекарасында тепе-теңсіздіктерді қаржылық реттеу жөніндегі, сондай-ақ электр қуаттылығын (жиілігін) реттеу бойынша қызметтер үшін АЭК-ның шығындарын Жүйелік оператор берген фактура-шотқа сай есептік кезеңде электр энергиясын тұтыну мәлімделген көлемдерінен нақты тепе-теңсіздікке жол берген АЭК-ның тұтынушылары (тікелей бөлшектеп тұтынушылары, ЭБҰ, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар) төлейді.

      24. Электр қуаттылығын реттеу жөніндегі қызметтер үшін ЭБҰ-ның шығындарын АЭК берген фактура-шотқа сай есептік кезеңде электр энергиясын тұтыну мәлімделген көлемдерінен нақты тепе-теңсіздікке жол берген тұтынушылар төлейді.

      25. Энергиямен жабдықтау бойынша ЭБҰ-ның шығындарына мынадай шығындар:
      1) электр энергиясын сатып алу;
      2) аймақаралық, аймақтық деңгейде және өзге ЭБҰ-ның желілері бойынша сатып алынған электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер;
      3) электр энергиясын желіге босату және тұтыну (импортты) техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтер;
      4) коммерциялық диспетчерлеу жөніндегі қызметтер;
      5) шикізат пен материалдар;
      6) қызметкерлердің еңбек ақысына арналған шығыстар;
      7) энергиямен жабдықтау бойынша қызметтер көрсеткен кезде іске қосылған негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
      8) негізгі құралдардың құнын өсіруге әкелмейтін жөндеулер;
      9) өзге шығыстар;
      10) кезең шығыстары, оның ішінде:
      материалдар мен жанар-жағар майлар;
      қолданыстағы заңнамада көзделген сақтандырудың міндетті түрлеріне арналған шығындар;
      автокөлікті және үй-жайларды жалға алу;
      аудиторлық, консалтингілік, маркетингілік қызметтерге арналған шығыстар;
      банкілердің қызметтері;
      кеңселік және баспа шығыстары;
      байланыс қызметтері;
      техникалық қызмет көрсету және оргтехниканы жөндеу жатады.

3-тарау. Реттелетін қызметтер бойынша табыстар,
шығыстар мен іске қосылған активтер бойынша есептілік. Бөлектеп есепке алу деректерінің және бухгалтерлік
есепке алу деректерінің арасындағы өзара байланыс

      26. АЭК және ЭБҰ үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін осы Ереженің қосымшасына сай есептілікті уәкілетті органға ұсынады.

      27. Осы Ереженің қосымшасындағы табыстардың қорытынды сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы заңнамасына сәйкес АЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден алынған табыстар" жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      28. Осы Ереженің қосымшасындағы табыстардың қорытынды сомасы кезең шығыстарын минусымен тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы заңнамасына сәйкес АЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      29. Осы Ереженің қосымшасындағы табыстардың қорытынды сомасы тиісті кезең үшін бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік туралы заңнамасына сәйкес АЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" жолында көрсетілген деректеріне сәйкес келуге тиіс.

      30. Қағаз жеткізгішіндегі есептілікке басшы, бас бухгалтер және АЭК-ның және ЭБҰ-ның орындаушысы қолдарын қояды және мөрмен растайды. Уәкілетті органға есептілік электрондық және қағаз жеткізгіштерінде ұсынылады. Электрондық жеткізгіштегі есептілік қағаз жеткізгіште ұсынылған есептілікке сәйкес болуға тиіс.

"Аймақтық электржелілік   
компаниялардағы және энергия 
беруші ұйымдардағы шығындарды  
бөлектеп есепке алуды жүргізу
ережесін бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігі төрағасының     
2004 жылғы 30 қыркүйектегі  
N 402-НҚ бұйрығымен бекітілген

__________________________
   Кәсіпорнының атауы

Қызметтердің түрлері бойынша _____ жылға арналған
табыстар мен шығындарды қорытынды бөлу туралы

___________________________________________________________________
  N |    Атауы    |Бух. есеп  |ерекше  |  Ерекше тәртіп бойынша
    |             |бойынша    |тәріпке |      сома, барлығы
    |             |есепті     |сай та. |___________________________
    |             |кезең үшін |рифте   |Электр| қызметтердің өзге
    |             |сома, бар. |еске.   |энер. |     түрлері
    |             |лығы, теңге|рілме.  |гиясын|____________________
    |             |           |ген шы. |беру, |Энергиямен жабдықтау
    |             |           |ғындар. |теңге |____________________
    |             |           |дың со. |      |бөлу |нақты сома
    |             |           |масы,   |      |коэф.|гр. 6*гр.5
    |             |           |барлығы,|      |фици.|
    |             |           |теңге   |      |енті |
___________________________________________________________________
  1         2            3         4       5      6         7
___________________________________________________________________
   1  материалдық
      шығындар,
      барлығы
1.1.  шикізат пен
      материалдар
1.2.  отын
1.3.  жанар-жағар
      майлар
1.4.  энергия
  2   еңбекке ақы
      төлеуге ар.
      налған шығын.
      дар, барлығы
      оның ішінде:
2.1.  жалақы
2.2.  әлеуметтік салық
  3   амортизация
  4   жөндеу, барлығы
      оның ішінде:
4.1.  негізгі құрал.
      дардың құнын
      өсіруге әкел.
      мейтін күрделі
      жөндеу
  5   өндірістік
      сипаттағы бөгде
      ұйымдардың
      қызметтері
  6   өзге шығындар
  7   кезең шығыстары,
      барлығы
  8   жалпы және
      әкімшілік шығыстар,
      барлығы
      оның ішінде:
8.1.  әкімшілік пер.
      соналдың жалақысы
8.2.  әлеуметтік салық
8.3.  амортизация
8.4.  салық төлемдері
      мен алымдар
8.5.  іссапарлық
8.6.  өкілдік
8.7.  коммуналдық
      қызметтер
8.8.  байланыс
      қызметтері
8.9.  консалтингілік,
      маркетингілік,
      аудиторлық
      қызметтерге ақы
      төлеу
8.10. банктің
      қызметтері
8.11. өзге шығыстар
   9  сыйақылар төлеуге
      арналған шығыстар
      Барлық шығындар
      Барлық табыстар
___________________________________________________________________

кестенің жалғасы
________________________________________________________
          Ерекше тәртіп бойынша сома, барлығы
_______________________________________________________________
             қызметтердің өзге түрлері
_______________________________________________________________
      |       1           |            2     |       ...
__________________________|__________________|_________________
нақты | бөлу   |нақты сома|бөлу   |нақты сома|бөлу   |нақты сома
сома  | коэффи.|гр. 6*гр.5|коэффи.|гр. 6*гр.5|коэффи.|гр. 6*гр.5
гр.6* |циенті  |          |циенті |          |циенті |
гр.5  |        |          |       |          |       |
_______________________________________________________________
   8  |   9    |    10    |  11        12       13      14
_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

      * - энергия беруші ұйымдар толтырады

М.О.   Басшы ________________________   _______________
                  Тегі, аты-жөні             қолы

       Бас бухгалтер ________________________   _______________
                          Тегі, аты-жөні             қолы

      Орындаушы ________________________   _______________
                     Тегі, аты-жөні             қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады