Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 220-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8738 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Аймақтық электржелілік компаниялардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 402-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3120 нөмірмен тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы № 61-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5616 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1654) нөмірінде жарияланған) қосымшаның 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу департаменті (Қ.Т. Көккөзова):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары -

      Қазақстан Республикасының Индустрия

      және жаңа технологиялар министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2013 жылғы 23 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Статистика агенттігі

      төрағасының міндетін атқарушы

      ______________ Ж. Жарқынбаев

      2013 жылғы 25 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрінің міндетін атқарушы

      ______________ М. Құсайынов

      2013 жылғы 9 тамыз

  Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2013 жылғы
24 шілдедегі № 220-НҚ
бұйрығымен бекітілген

Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңірлік электр желілік компаниялардағы және энергия беруші ұйымдардағы кірістерді мен шығындар бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидаларды әзірлеудің негізгі мақсаты өңірлік электр желілік компаниялардың (бұдан әрі - ӨЭК) және энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі - ЭБҰ) тарифтің экономикалық негізді деңгейін белгілеу үшін көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін анықтау болып табылады.

      3. ӨЭК-тер және ЭБҰ көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізуді жүзеге асырады.

      4. Бөлек есеп жүргізу табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәліметтер ұсына отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша бөлек кірістер мен шығындар туралы деректерді жинау мен қорыту жүйесін білдіреді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қағидалар бөлек есеп жүргізудің мынадай негізгі қағидаттарын:

      1) кірістерді, шығындарды бастапқы құжаттар деректерінің негізінде тиісті қызметтер түрлеріне тікелей жатқызу (тікелей жатқызу мүмкін болған жағдайда) басымдығын;

      2) шығындарды көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтығын көздейді.

      6. Осы Қағидаларға сәйкес кірістер мен шығындарды көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша бөлу үшін бөлшектеудің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге тиісті бухгалтерлік және басқарушылық есептің бастапқы құжаттарына негізделуі тиіс. Осы Қағида ӨЭК ЭБҰ белгілеген қаржылық және салықтық есеп ұсынуының тәртібі мен нысанын өзгертпейді.

      7. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) бөлу базасы - шығындарды бөлу үшін пайдаланылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

      2) бөлу коэффициенті - қызметтер арасында шығындарды бөлектеп есепке алуға арналған бөлу базасын қолданудың нәтижесінде алынған жанама шығындардың үлесі;

      3) қызметтерге жанама шығындар - белгілі бір қызметке тікелей жатқызылуы мүмкін, бірақ шығынның туындау себебін көрсететін, бөлу базасының негізінде қызметтерге бөлінуі мүмкін шығындар;

      4) қызметтерге тікелей шығындар - белгілі бір қызметке тікелей жатқызылуы мүмкін шығындар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. ӨЭК және ЭБҰ кірістер мен шығындарының бөлек есебін жүргізу тәртібі

      8. Осы Қағидалардың негізінде ӨЭК пен ЭБҰ кірістер мен шығындарының бөлек есебін жүргізу үшін уәкілетті орган бекіткен және келісілген есепке алу саясатының жекелеген бөлімінің түрінде қызметтердің әрбір түрі үшін бөлудің жеке базасын анықтайды.

      9. Қызметтер көрсетуден алынған кірістер бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде реттеліп көрсетілетін және реттелмейтін қызметтердің түрлері бойынша жеке ескеріледі:

      1) қызметтің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша - жасалған шарттардың шеңберінде және уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне сәйкес;

      2) қызметтің реттелмейтін түрлері бойынша - тиісті қызметтер мен бағалардың көлемдеріне байланысты өзге де қызметтер ұсынудан алынған кірістерге сүйене отырып, осы қызметтер ұсынылды.

      10. Реттеліп көрсетілетін қызметтер түрлерін көрсетуге байланысты шығындарды ӨЭК пен ЭБҰ есепке алу саясатына сәйкес анықтайды. Бұл ретте тарифтерді қалыптастырған кезде шығындар Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – ерекше тәртіп) талаптарын ескере отырып ескеріледі.

      11. Қызметтерге тікелей шығындар белгілі бір қызметке тікелей жатады. Қызметтерге жанама шығындар есепке алу саясаты белгілеген бөлу базасының негізінде есептелген бөлу коэффициенттері бойынша көрсетіліп отырған қызметтерге жатады.

      12. Реттеліп көрсетілетін және реттелмейтін қызметтер көрсетуге жұмсалған ӨЭК-тің шығыны мынадай баптарды қамтиды:

      1) қызметтерді көрсетуге ӨЭК шығындары (есепте бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны шегере отырып);

      2) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      3) ӨЭК бақыланбайтын шығындары.

      Реттеліп көрсетілетін және реттелмейтін қызметтер көрсетуге жұмсалған ЭБҰ-ның шығыны мынадай баптарды қамтиды:

      1) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациясы;

      2) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар;

      3) еңбекке ақы төлеу шығыстары;

      4) әлеуметтік салық жөніндегі шығыстар;

      5) материалдық шығындар;

      6) кезең шығыстары;

      7) өзге де шығыстар.

      Әрбір баптың ішінде шығындар жете нақтылануы мүмкін.

      13. Қызметтерді көрсетуге ӨЭК шығындары (есепте бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны шегере отырып) бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі немесе одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған бөлу базасының негізінде бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді.

      14. ӨЭК бақыланбайтын шығындары бір қызмет көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі немесе одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған бөлу базасының негізінде бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді.

      15. Негізгі құралдардың амортизациясы негізгі құралдардың әрбір тобы үшін анықталады және егер негізгі құралдар бір қызмет көрсетумен тікелей байланысты болса, қызметтерге тікелей немесе егер олар екі және одан да көп қызметтер көрсетумен байланысты болса қабылданған бөлу базаларының негізінде есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатқызылады.

      Материалдық емес активтердің амортизациясы қабылданған бөлу базаларының негізінде есептелген коэффициенттер бойынша қызметтерге жатады.

      16. Негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар бір қызмет көрсетумен ғана байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі немесе одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған бөлу базасының негізінде бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді.

      17. Еңбекақысына арналған шығыстар тікелей де, жанама да бола алады. Шығындардың бөлек есебін жүргізудің мақсаттары үшін персонал мынадай белгілері бойынша:

      1) қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты персоналға;

      2) қызметі екі немесе одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты персоналға топталады.

      Белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты персоналға еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар тікелей болып табылады және толығымен бір қызметке жатады.

      Екі немесе одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты персоналға еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар жанама болып табылады және бөлу базасы мен бөлу коэффициентін пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      18. Әлеуметтік салық бойынша шығыстар персоналдың тиісті тобындағы еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сияқты сол бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге бөлінеді.

      19. Материалдық шығындар бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы қызметтер екі немесе одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қабылданған бөлу базасының негізінде бөлу коэффициенттері бойынша бөлінеді.

      20. Өзге шығындарға арналған шығыстар бөлу базасы бойынша қызметтерге жатады.

      21. Кезең шығыстарын бөлу мынадай тәртіппен:

      1) жалпы және әкімшілік шығыстар негізгі өндірістегі тиісті шығындар сияқты сол қағидаттар бойынша қызметтерге бөлінумен;

      2) өткізу бойынша шығыстар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар қызметтерге бөлу коэффициентерін пайдалана отырып бөлінумен;

      3) сыйақылар (проценттер) бойынша шығыстар, егер олар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу коэффициентерін пайдалана отырып қызметтерге бөлінумен жүзеге асырылады.

      Өткізу жөніндегі шығыстар мен сыйақылар жөніндегі шығыстар қабылданған бөлу базаларының негізінде есептелген бөлу коэффициенттері бойынша қызметтерге жатады.

      22. Өзге шығыстар белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болса, қызметтерге тікелей жатқызылады. Егер осы шығыстар екі және одан да көп қызметтерді көрсетумен байланысты болса, онда олар бөлу базасын пайдалана отырып қызметтерге бөлінеді.

      23. Өңірлік электр желілерінің шекарасында тепе-теңсіздіктерді қаржылық реттеу жөніндегі, сондай-ақ электр қуаттылығын (жиілігін) реттеу бойынша қызметтер үшін ӨЭК шығындарын Жүйелік оператор берген шот-фактураға сай есептік кезеңде электр энергиясын тұтыну мәлімделген көлемдерінен нақты теңгерімсіздіктерге жол берген ӨЭК тұтынушылары (тікелей тұтынушылар, ЭБҰ, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар) төлейді.

      24. Электр қуаттылығын (жиілігін) реттеу жөніндегі қызметтер үшін ЭБҰ-ның шығындарын ӨЭК берген шот-фактураға сай есептік кезеңде электр энергиясын тұтыну мәлімделген көлемдерінен нақты теңгерімсіздіктерге жол берген тұтынушылар төлейді.

      25. Энергиямен жабдықтау бойынша ЭБҰ-ның шығындарына мынадай шығындар:

      1) электр энергиясын сатып алу;

      2) ұлттық электр желісі, өңірлік деңгейдегі желілер және өзге ЭБҰ-ның желілері бойынша сатып алынған электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге;

      3) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі жүйелік қызметтер;

      4) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер;

      5) шикізат пен материалдар;

      6) қызметкерлердің еңбек ақысына арналған шығыстар;

      7) энергиямен жабдықтау бойынша қызметтер көрсеткен кезде іске қосылған негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      8) негізгі құралдардың құнын өсіруге алып келмейтін жөндеулер;

      9) өзге шығыстар;

      10) кезең шығыстары, оның ішінде:

      материалдар мен жанар-жағар майлар;

      қолданыстағы заңнамада көзделген сақтандырудың міндетті түрлеріне арналған шығындар;

      аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтерге арналған шығыстар;

      банк қызметтері;

      кеңсе және баспа шығыстары;

      байланыс қызметтері;

      техникалық қызмет көрсету және оргтехниканы жөндеу жатады.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ӨЭК және ЭБҰ өткен күнтізбелік жыл үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін ұсынады.

      27. Қағаз жеткізгіштегі мәліметтерге басшы, бас бухгалтер және ӨЭК және ЭБҰ-ның орындаушысы қолдарын қояды және мөрмен растайды. Мәліметтер уәкілетті органға электрондық және қағаз жеткізгіште ұсынылады.

  Өңірлік электр желілік компаниялардағы
және энергия беруші
ұйымдардағы кірістер мен
шығындардың бөлек есебін
жүргізу қағидаларына
қосымша
нысан

Қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу
туралы есеп

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.02.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Есепті кезең 20___ ж.

      Индексі: РУ-ӨЭК және ЭБҰ

      Кезеңділігі: жылдық

      Ұсынады: өңірлік электр желілік компаниялар және энергия беруші ұйымдар болып табылатын табиғи монополия субъектілері

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне және оның аумақтық департаменттеріне

      Ұсыну мерзімі – үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін

      _________________________ Кәсіпорынның атауы

Атауы

Бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі сома, барлығы, мың теңге

Ерекше тәртіпке сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы, мың теңге

Ерекше тәртіп сомасы, мың теңге

Ерекше тәртіп бойынша сома, мың теңге

Электр энергиясын беру, мың теңге

Қызметтердің өзге түрлері

Электрмен жабдықтау *

1 өзге қызмет

2 өзге қызмет

Бөлу коэффициенті

Нақты сома, мың теңге 6-баған * 5-баған

Бөлу коэффициенті

Нақты сома, мың теңге 8-баған * 5-баған

Бөлу коэффициенті

Нақты сома, мың теңге 10-баған * 5-баған


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

ОЭК үшін

1.

Қызметтерді көрсетуге ӨЭК шығындары (бақыланбайтын шығындар мен амортизацияны шегере отырып)











2.

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары











3.

ӨЭК бақыланбайтын шығындары, оның ішінде:











3.1.

салықтар











3.2.

электр энергиясын беру кезінде технологиялық шығысты өтеуге жұмсалған шығындар











3.3.

Жүйелік оператордың қызметіне арналған төлем











3.4.

заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ӨЭК-тің инвестициялық бағдарламасын іске асыру үшін қарыз қаражатына сыйақы төлеуге арналған шығыстар











3.5.

Форс-мажорлық жағдайлардың нәтижесінде туындаған шығындар












пайда












Барлық кірістер











ЭБҰ үшін

1.

материалдық шығындар












оның ішінде:











1.1.

шикізат пен материалдар











1.2.

отын











1.3.

жанар-жағар майлар











1.4.

энергия











2.

еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар, барлығы












оның ішінде:











2.1.

жалақы











2.2.

әлеуметтік салық











3.

амортизация











4.

жөндеу, барлығы












оның ішінде:











4.1.

негізгі қорлар құнын өсіруге алып келмейтін күрделі жөндеу











5.

өндірістік сипаттағы бөгде ұйымдардың қызметтері











6.

өзге шығындар











7.

кезең шығыстары, барлығы











8.

жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы












оның ішінде:











8.1.

әкімшілік персоналдың жалақысы











8.2.

әлеуметтік салық











8.3.

амортизация











8.4.

салық төлемдері мен алымдар











8.5.

Іссапар шығыстары











8.6.

Өкілдік шығыстар











8.7.

коммуналдық қызметтер











8.8.

байланыс қызметтері











8.9.

консалтингтік, аудиторлық, маркетингтік қызметтерге ақы төлеу











8.10.

банк қызметтері











8.11.

өзге шығыстар











9.

сыйақылар төлеуге арналған шығыстар












Барлық шығындар












Барлық кірістер











      Ескертпе:

      * - энергия беруші ұйымдар толтырады.

      Мөр орыны (болған жағдайда)

      Басшы __________________________________________________ ____________

      Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі қолы

      Бас бухгалтер __________________________________________ ____________

      Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі қолы

      Орындаушы ______________________________________________ ____________

      Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі қолы

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысанды толтыру туралы түсініктеме
Қызметтер түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу туралы есеп
1-тарау. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсініктеме ӨЭК және ЭБҰ болып табылатын табиғи монополия субъектілерінің қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығындарды қорытынды бөлу туралы есебін даярлауға арналған.

      Негізгі мақсаты ӨЭК және ЭБҰ тарифтің экономикалық негізді деңгейін белгілеу үшін көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша кірістер мен шығындардың бөлек есебін жүргізу қағидаттарын, ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындау болып табылады.

      Құндық мәндегі барлық көрсеткіштер ондық белгісіз мың теңгемен толтырылады.

      Қағаз жеткізгіштегі есепке ӨЭК және ЭБҰ басшысы, бас бухгалтері және орындаушысы қол қояды және мөрімен расталады. Есеп уәкілетті органға қағаз жеткізгіште және оған сәйкес электрондық жеткізгіште ұсынылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктемелер

      Нысанды толтырған кезде Субъект жоғарғы сол бұрышында кәсіпорынның атауын, ал жоғарғы оң бұрышында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің тиісті қосымшасын көрсетеді.

      Субъект өткен күнтізбелік жылдың мәліметтерін толтырады.

      1-баған бойынша Субъектінің көрсететін қызмет түрлері бойынша шығындарының атауы туралы ақпарат көрсетіледі.

      2-баған бойынша бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезеңдегі үшін сома туралы ақпарат көрсетіледі, барлығы, теңге.

      Кезең шығыстарын алып тастағанда, шығыстардың жиынтық сомасы тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тiркелген) 1-қосымшасына сәйкес ӨЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құны" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.

      Кезең шығыстарының жиынтық сомасы тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тiркелген) 1-қосымшасына сәйкес ӨЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Кезең шығыстары" деген жолда көрсетілген деректеріне сәйкес келеді.

      3-баған бойынша ерекше тәртіпке сәйкес тарифте ескерілмеген шығындардың сомасы туралы деректер көрсетіледі.

      4-баған бойынша ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасы туралы ақпарат көрсетіледі.

      5–11-бағандарда реттеліп көрсетілетін (электр энергиясын беру) және өзге қызметтер (реттеліп көрсетілетін қызметтермен технологиялық байланысты қызметтер және уәкілетті органмен келісілген өзге де қызмет) бөлінісінде ерекше тәртіп бойынша шығындар сомасы туралы деректер көрсетіледі, оның ішінде:

      5-баған бойынша электр энергиясын беру бойынша ерекше тәртіп сомасы туралы ақпарат көрсетіледі;

      6-баған бойынша энергия беруші ұйымдар толтыратын, электрмен жабдықтау бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі.

      7-баған бойынша электрмен жабдықтау бойынша нақты сома туралы деректер көрсетіледі, энергия беруші ұйымдар толтырады (6-баған * 5-баған);

      8-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;

      9-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша нақты сома туралы деректер көрсетіледі (8-баған * 5-баған);

      10-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша бөлу коэффициенті туралы ақпарат көрсетіледі;

      11-баған бойынша тиісті өзге қызмет бойынша нақты сома туралы деректер көрсетіледі (10-баған * 5-баған).

      Әрбір баптың ішінде шығындар егжей-тегжейлі нақтылануы мүмкін.

      Кірістердің жиынтық сомасы тиісті кезең үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16038 болып тiркелген) 1-қосымшасына сәйкес ӨЭК және ЭБҰ жасайтын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған кірістер" деген жолда көрсетілген деректерге сәйкес келеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады