Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 180 қаулысы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3385. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 мамырдағы N 49 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.05.25 N 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 509 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2142 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 24 наурыз - 6 сәуірде жарияланған); Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 180 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2371 тіркелген) және 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 417 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2637 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге, мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

     атауындағы және 1-тармағындағы "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;
 

     көрсетілген қаулымен бекітілген "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулықта:
     жоғарғы оң жақ бұрышындағы, атауындағы және 1-тармағындағы "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын;
 

     2-тармақта:
     екінші абзацтағы мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "есеп" деген сөз "есепке" деген сөзбен ауыстырылсын, "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтерге" деген сөздер алынып тасталсын;
 

     мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "берген" деген сөз өзгермейді;
     3-тармақтағы:
 

     мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "есеп" деген сөз "есепке" деген сөзбен ауыстырылсын, "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтерге" деген сөздер алынып тасталсын;
     мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "беретін" деген сөз өзгермейді;
 

     4-тармақтағы:
     мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "есеп" деген сөз "есебі" деген сөзбен ауыстырылсын, "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтері" деген сөздер алынып тасталсын;
     мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "жасалады" деген сөз өзгермейді;
 

     6-тармақ алынып тасталсын;
 

     7-тармақта:
     үшінші, алтыншы және тоғызыншы абзацтардағы "және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді" деген сөздер алынып тасталсын;
     үшінші, жетінші және оныншы абзацтардағы ", қаржылық есепке қосымша мәліметтерді" деген сөздер алынып тасталсын;
 

     8-тармақ алынып тасталсын;
     1, 2, 2-1, 3 және 3-1-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышындағы "пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер" деген сөздер алынып тасталсын.
 

     2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

     3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
 

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

     "Келісілді"
     Қазақстан Республикасының
     Қаржы рыногын және қаржы
     ұйымдарын реттеу мен қадағалау
     агенттігінің Төрағасы
     2004 жылғы 23 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады