Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің іске асыру тиімділігінің мониторингісін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 18-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3457. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 8 мамырдағы N 142-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.4.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.
     1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің іске асыру тиімділігінің мониторингісін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Аскарова) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
     1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми басылымда жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төраға

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды    
реттеу агенттігі төрағасының
2005 жылғы 24 қаңтардағы  
N 18-НҚ бұйрығымен    
бекітілген       

Инвестициялық бағдарламаларды және
(немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия
субъектілерінің іске асыру тиімділігінің
мониторингісін жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің іске асыру тиімділігінің мониторингісін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.4.1-тармағына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2157 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әзірленген.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

     2. Осы Ережені әзірлеу мақсаты уәкілетті органмен инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі - Субъект) іске асырудың тиімділігі мониторингісін жүргізу тәртібін белгілеу болып табылады.

     3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
     мониторинг - Субъектілердің инвестициялық бағдарламаларды және немесе жобаларды іске асыруына ақпарат жинау, оларды байқау, талдау, бағалау;
     уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
     Өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

2. Инвестициялық бағдарламаларды және
(немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия
субъектілерінің іске асыру тиімділігінің
мониторингісін жүргізу тәртібі

     4. Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің іске асыру тиімділігінің мониторингісін белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

     5. Мониторингіні жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
     1) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асырудың барысы туралы ақпарат жинауды;
     2) Субъектінің әрбір уақыт аралығында көрсеткен реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) қол жеткізген нақты көлемдерін және нақты шығындарын (тарифтік смета баптарының бөлігінде) талдау;
     3) әрбір уақыт аралығында қол жеткізген нақты қаржы нәтижесін инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада қабылданған көрсеткіштермен салғастыру;
     4) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асырудың тарифтік сметаның және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) деңгейінің өзгеруіне, Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуіне әсерін бағалау;
     5) мониторингінің нәтижелері туралы қорытынды дайындау және шешім қабылдау.

     6. Субъектілер уәкілетті органға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша мынадай құжаттарды:
     1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемдері туралы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес ақпаратты;
     2) қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес есепті;
     3) тарифтік сметаны орындау туралы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес есепті;
     4) түсіндірме жазбаны ұсынады.

     7. Түсіндірме жазба:
     1) инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба туралы жалпы деректерді: салалық сектор, жобаның атауы, жобалық қуат (күтілетін нәтижелер), жалпы құны, қаржыландыру көздері, уәкілетті органмен келіскен күні, іске асыру мерзімі және басқа деректер;
     2) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны қаржыландыру барысы туралы ақпаратты;
     3) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асырудың алдағы жылға (кейінгі 4 тоқсан) Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) сұраныстың өсуіне және тарифтік сметаның өзгеруіне қатысты Субъектінің бағалауын;
     4) нақты деректерді уәкілетті органда бекітілген инвестициялық бағдарламадағы және (немесе) жобадағы көрсеткіштермен салғастыруды;
     5) қол жеткізген нақты көрсеткіштердің уәкілетті органмен  бекіткен инвестициялық бағдарламадан және (немесе) жобадан ауытқу себептерін түсіндіруді қамтиды.
     Ұсынылатын құжаттардың әрбір парағына табиғи монополия субъектісінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер да қол қояды. Бұл ретте басшы мен бас бухгалтер ұсынылған ақпараттың растығына заңнамаға сәйкес жауапкершілік арқалайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      8. Субъектілер есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 25 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Ережеде көзделген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асырудың барысы туралы есептілікті:
     - қысқа мерзімді жобалар бойынша - тоқсан сайынғы негізде;
     - орта және ұзақ мерзімді жобалары бойынша - жартыжылдық негізде ұсынады.

     9. Субъектілердің инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асыру барысы туралы есептілікті қарау кезінде уәкілетті орган тендерлік негізде таңдалған тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
     Уәкілетті органның мамандары және тәуелсіз сарапшылар Субъектінің инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба жөніндегі техникалық, бухгалтерлік және өзге құжаттарға қол жеткізуге құқығы бар. Бұл ретте ақпаратқа рұқсат алған тұлғалар мемлекеттік, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны жария етпеген жөн.

     10. Осы ережеге сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган Субъектіден қосымша ақпаратты оны ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратуға құқылы.

     11. Егер Субъект көрсетілген мерзімде ақпарат ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оған монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдауға құқылы.

     12. Есепті кезең аяқталған сәтінен бастап 30 күн ішінде уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаның және (немесе) жобаның тиімділігін бағалау мониторингісінің нәтижелерін дайындауды жүзеге асырады.

     13. Инвестициялық бағдарламаның және (немесе) жобаның тиімділігін бағалау мониторингісінің нәтижелері қорытынды түрде ресімделеді. Инвестициялық бағдарламаның және (немесе) жобаның тиімділігін бағалау мониторингісінің есептік көрсеткіштері осы Ереженің 4 және 5-қосымшаларына сай кестелер түрінде ресімделеді.

3. Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық
бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды
іске асыру тиімділігін бағалаудың өлшемдері

     14. Инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) жобаның іске асыру тиімділігі Субъектілер ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасының жоғарлауымен, сондай-ақ Субъекті қол жеткізген нақты қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленген мәндеріне сәйкес келуімен (жақсаруымен) сипатталады және келесі өлшемдермен анықталады:
     1) инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленген көрсеткіштерді орындау деңгейі (К 1 ). Бұл өлшем реттеліп көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемі туралы Есептің, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы Есептің әрбір көрсеткішіне, сондай-ақ тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша анықталады.

К 1 = П о / П п * 100,             (1)

     мұндағы:
     П о - есепті кезең ішіндегі көрсеткіштің нақты мәні;
     П п - іске асырудың тиісті кезеңінде инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленген мән;
     2) инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленген көрсеткіштерден қол жеткізген нақты нәтижелердің абсолюттік ауытқуы (К 2 ). Бұл өлшем реттеліп көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемі туралы Есептің, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы Есептің әрбір көрсеткішіне, сондай-ақ тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша анықталады. Өлшем есебі мына формула бойынша жүзеге асырылады:

К 2 = П о - П п ;              (2)

     3) инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленген көрсеткіштерден қол жеткізген нақты нәтижелердің салыстырмалы ауытқуы (К 3 ). Бұл өлшем реттеліп көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемі туралы Есептің, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы Есептің әрбір көрсеткішіне, сондай-ақ тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша анықталады. Өлшем есебі мына формула бойынша жүзеге асырылады:

К 3 = П о / П п , * 100 - 100.          (3)

     15. Инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асырудың тиімділігі:
     К 1 өлшемінің 100 % артуы мәндерімен және реттеліп көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемінің көрсеткіштері, таза пайданың көрсеткіштері үшін К 2 , К 3 өлшемдерінің оң мәндерімен;
     К 1 өлшемінің 100 % аспайтын мәндерімен және тарифтің (бағаның, алым ставкасының) көрсеткіштері үшін К 2 , К 3 өлшемдерінің теріс мәндерімен сипатталады.
     Уәкілетті органмен қабылданған және келісілген есептік мәндердің едәуір ауытқуы (10 пайыздан астам) ауытқуы инвестициялық бағдарламаға және (немесе) жобаға өзгеріс қажет екендігін айқындайды.

     16. Субъекті ұсынған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жалпы көлемінде нормативтен артық үлес салмағының инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленгеннен төмендеуі (көтерілуі) реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) сапасының көтерілгенін (төмендегенін) сипаттайды, сондай-ақ олардың өзіндік құндарына әсер етеді. Осы өлшем мына формула бойынша есептеледі:

К 4 = СН б - СН t ,              (4)

     мұндағы:
     СН б - инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада көзделген нормадан артық ысыраптар;
     СН t - есепті кезең ішінде нормадан артық болған ысыраптар.
     Осы өлшемнің теріс мәні нормадан артық ысыраптардың төменделуі туралы куәландырады.

4. Тарифтік сметаның және тарифтер (бағалар, алымдар
ставкаларының) деңгейінің өзгеруіне, Субъекті ұсынатын
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға)
сұраныстың өсуіне инвестициялық бағдарламаны және (немесе)
жобаны іске асыру әсерін бағалау

     17. Тарифтік сметаның және тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) деңгейінің өзгеруіне инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асыру әсерін бағалау өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) деңгейлерінің өзгеруіне талдау негізінде жүзеге асырылады. Есепті кезеңде тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) деңгейінің өзгерісі мына формула бойынша есептеледі:

РТ i = Т i t / Т i t-1 * 100,          (5)

     мұндағы:
     і - табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) түрі;
     t - есепті кезеңнің нөмірі;
     t-1 - есептіге алдағы кезең нөмірі;
     Т i t - табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) і түріне арналған тариф (баға, алым ставкасы);
     Т i t-1 - есептіге алдағы табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) і түріне арналған тариф (баға, алым ставкасы).
     Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тариф (баға, алым ставкасы) деңгейінің өзгеру себептеріне талдау тарифте (бағада, алым ставкасында) және (немесе) тарифтік сметада ескерілген шығындардың әрбір бабын талдау негізінде жүзеге асырылады.

     18. Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асыру әсерін бағалау мынадай негізде жүзеге асырылады:
     1) инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада көзделген көрсеткіштермен салыстырғанда есепті кезеңде нақты мәнінде ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі өзгерісінің көрсеткіштерін талдау (ТО). Осы көрсеткіш инвестициялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асырудың кезеңінен ерте айқындалмайды және мына формула бойынша анықталады:

ТО = О t / О б * 100,          (6)

     мұндағы:
     О t - есепті кезең ішінде ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі;
     О б - инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі;
     Осы көрсеткіштің 100 % асатын мәні Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуін сипаттайды;
     2) Субъекті ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) сұраныстың өсуіне қатысты Субъектінің тиісті бағалауы (түсіндірме жазбада ұсынылатын).

     19. Инвестициялық бағдарламада және (немесе) жобада белгіленген көрсеткіштерімен қол жеткізген нақты қаржы нәтижесін салғастыру Субъектінің есепті кезеңде алған таза пайдасының көрсеткіші үшін есептелген К 1 , К 2 , К 3 өлшемдердің негізінде жүзеге асырылады.

5. Борыштық міндеттемелерді орындауға табиғи
монополия субъектісінің қол жеткізген нақты қаржы
нәтижесінің және ақша ағысының әсері

     20. Борыштық міндеттемелерді орындауға табиғи монополия субъектісінің қол жеткізген нақты қаржы нәтижесінің және ақша ағысының әсері Субъектінің уақтылы сыйақы төлемдерін жүргізуге және инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба шеңберінде тартылған қаражатты қайтару қаржы мүмкіндігін бағалау негізінде айқындалады. Бағалау мынадай көрсеткіштердің негізінде жүзеге асырылады:
     1) қарыз қаражатына қызмет көрсетуге арналған шығыстарды жабу коэффициенті (КП t ):

КП t = (ВД t - РР t - ОАР t )/З t ,         (7)

     мұндағы:
     ВД t - t кезеңіндегі жалпы кіріс;
     РР t - t кезеңінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды, тауарларды) іске асыру жөніндегі шығыстар;
     ОАР t - t кезеңіндегі жалпы әкімшілік шығыстар;
     З t - инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба шеңберінде тартылған қарыз қаражаты бойынша t кезеңінде сыйақы төлеу;
     2) ақша қаражаттарымен қарыздарға қызмет көрсетуге арналған шығыстарды жабу коэффициенті (КД t ):

КД t = (ЧД t + А t + ОН t )/З t ,       (8)

     мұндағы:
     ЧД t - t кезеңіндегі таза пайда;
     А t - t кезеңіндегі амортизация;
     ОН t - t кезеңіндегі кейін қалған салықтардың өсімі;
     З t - t кезеңінің соңына инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба шеңберінде тартылған қарыз қаражаттары бойынша t кезеңіндегі сыйақы төлеу;
     3) кезең соңына ақша қаражаттары қалдығының инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба шеңберінде тартылған ұзақ мерзімді қарыздары бойынша берешек көлеміне қатысты көрсеткіш (КЗ) t :

КЗ t = (ЧД t + А t + ОН t )/ЗД t ,           (9)

     мұндағы:
     ЧД t - t кезеңіндегі таза пайда;
     А t - t кезеңіндегі амортизация;
     ОН t - t кезеңіндегі кейін қалған салықтардың өсімі;
     ЗД t - t кезеңінің соңына инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба шеңберінде тартылған ұзақ мерзімді қарыздары бойынша борыштың қалдығы.
     Осы көрсеткіштің төменгі (бірлікке тең және одан да төмен) мәні Субъектінің инвестициялық бағдарлама және (немесе) жоба шеңберінде тартылған борыштық міндеттемелерді атқару кезіндегі қиыншылықтарын көрсетеді.

                                     Инвестициялық бағдарламаны
                                     және (немесе) инвестициялық
                                       жобаны табиғи монополия
                                      субъектілерінің іске асыру
                                     тиімділігінің мониторингісін
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                                1-қосымша

                   200___жылғы ___________үшін
                       тоқсан (жарты жылдық)

             реттеліп көрсетілетін қызметтердің
             (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі
                реттеліп көрсетілетін қызметтердің
                 (тауарлардың, жұмыстардың) атауы

Субъектінің атауы _________________________________________________
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
түрі ______________________________________________________________
Субъектінің заңды мекен-жайы  _____________________________________

Көрсеткіштердің
атауы

Өлшем
бірл.

осының
алдын-
дағы
есепті
кезең
үшін

өткен жылдың
өткен кезеңі
үшін

тиісті
кезең
үшін

өспелі
қорытын-
дысымен
жыл
басынан

1

2

3

4

5

1. Өндірілетін
қызметтердің көлемі:





1.1. млн теңгеде





1.2. Нақты көрсеткіштерде





2. Тұтынушыларға одан әрі
беру үшін сатып алынатын
өнімнің (тауардың) көлемі:





2.1. млн теңгеде





2.2. нақты көрсеткіштерде





3. Құзыретті орган
бекіткен норматив бойынша
өз мұқтажы үшін пайдалана-
тын реттеліп көрсетілетін
қызметтердің (тауарлардың,
жұмыстардың) көлемі





3.1. млн теңгеде





3.2. нақты көрсеткіштерде





3.3. нақты көрсет-де өз
құзыреті үшін пайдаланатын
реттеліп көрсетілетін
қызметтердің (тауарлардың,
жұмыстардың) жалпы көле-
міндегі жалпы ысыраптар





3.3.1. нормативтік





3.3.2. нормативтен тыс





4. Құзыретті орган бекіт-
кен реттеліп көрсетілетін
қызметтер (тауарлар,
жұмыстар) ысыраптарының
көлемі:





4.1. млн. теңгеде





4.2. нақты көрсеткіштерде





4.3. Көлемнен % нақты
ысырап (өндірістік немесе
сатып алынатын өнімнен -
көрсету):





4.3.1. млн теңгеде





4.3.2. нақты көрсеткіштерде





5. Тұтынушыларға реттеліп
көрсетілетін қызметтердің
(тауарлардың, жұмыстардың)
көлемі:





5.1. млн теңгеде





5.2. нақты көрсеткіштерде,
оның ішінде:





5.2.1. транзиттік
тұтынушыларға





5.2.2. өзінің тұтынушы-
ларына, оның ішінде:





заңды тұлғалар





халық





6. Өткізілетін өнімнің
көлемі:





6.1. млн теңгеде





6.2. нақты көрсеткіштерде,
барлығы:





заңды тұлғалар





халық





7. Өткізілмеген
өнімнің қалдығы





7.1. млн теңгеде





7.2. нақты көрсеткіштерде





  кестенің жалғасы

есепті кезең үшін

жыл басынан

инвестициялық
бағдарламада
(жобада)
көзделген

факт

инвестициялық
бағдарламада
(жобада)
көзделген

факт

6

7

8

9

















                                       Инвестициялық бағдарламаны
                                     және (немесе) инвестициялық
                                       жобаны табиғи монополия
                                      субъектілерінің іске асыру
                                     тиімділігінің мониторингісін
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                                2-қосымша

        200___жылғы ___________тоқсан (жарты жылдық) үшін
     Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп
              реттеліп көрсетілетін қызметтердің
               (тауарлардың, жұмыстардың) атауы

Субъектінің атауы _________________________________________________
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
түрі ______________________________________________________________
Субъектінің заңды мекен-жайы ______________________________________

Көрсеткіштердің
атауы

осының
алын-
дағы
есепті
кезең
үшін

өткен жылдың
тиісті
кезеңі үшін

есепті
кезең үшін

тиісті
кезең
үшін

жыл
басы-
нан
өспелі
қоры-
тынды-
сымен

инвест.
бағдар-
ламада
және
(немесе)
инвест.
жобада
көз-
делген

факт

1.  Тариф құрамындағы
пайда






2. Іске қосылған ак-
тивтердің реттелетін
базасы (АРБ)






3. АРБ-ға пайда
ставкасы






4. Ұсынылатын ретте-
ліп көрсетілетін қыз-
меттерге (тауарларға.
жұмыстарға) барлық
шығыстар






5. Тарифтік табыс






6. Салық салынғаннан
кейін жиынтықты табыс
(залал)






7. Дивидендтер төлеу






8. Пайдадан жасалатын
басқа міндетті
төлемдер






9. Бөлуге пайда






10. Инвестицияға
бағытталған қарыз
қаражаттарын қайтару






11. Таза табыс(залал)






Анықтамалық:






12. Тариф






Қазақстан Республи-
касының әлеуметтік-
экономикалық дамуы-
ның Индикативтік
жоспарымен көзделген
негізгі көрсеткіштер






  кестенің жалғасы

жыл
басынан

инвест.
бағдарламада
және (немесе)
инвест.
жобада
көзделген

факт











                                       Инвестициялық бағдарламаны
                                     және (немесе) инвестициялық
                                       жобаны табиғи монополия
                                      субъектілерінің іске асыру
                                     тиімділігінің мониторингісін
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                                3-қосымша

                200___жылғы_________________үшін
                       тоқсан (жарты жылдық)

           тарифтік сметаны орындау туралы есеп
           реттеліп көрсетілетін қызметтердің
             (тауарлардың, жұмыстардың) атауы

Субъектінің атауы _________________________________________________
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
түрі ______________________________________________________________
Субъектінің заңды мекен-жайы  _____________________________________

                                                         мың теңге

Көрсеткіштердің атауы

осының
алдындағы
есепті
кезең
үшін

өткен жылдың тиісті
кезеңі үшін

тиісті
кезең
үшін

жыл басынан
өспелі қоры-
тындысымен

1

2

3

4

1. Материалдық шығындар,
барлығы




1.1. Шикізат пен материалдар
- барлығы, оның ішінде:




1.1.1. шет ел валютасында
сатып алынған




1.2. Салып алынатын бұйымдар
және жартылай фабрикаттар,
қосалқы материалдар - барлығы, оның ішінде




1.2.1. шет ел валютасында
сатып алынған




1.3. Отын - барлығы,
оның ішінде:




1.3.1. Шет ел валютасында
сатып алынған




1.4. Электр энергиясы -
барлығы, оның ішінде:




1.4.1. Шет ел валютасында
алынған




2. Субъекті ағымдағы және
күрделі жөндеуге және
негізгі құнының өсуіне алып
келмейтін басқа да жөндеу-
қалпына келтіру жұмыстарына
жолдаған қаражаттар, оның
ішінде:




2.1. ағымды жөндеу




2.2. НҚ құнының өсуіне
әкелмейтін күрделі жөндеу




3. Өзге шығындар




4. Негізгі құралдардың тозуы




5. Материалдық емес
активтердің амортизациясы




6. Өзге шығыстар барлығы,
оның ішінде:




6.1. іссапарлық шығыстар




7. Салық төлемдері мен алым-
дары барлығы, оның ішінде:




7.1. мүлікке арналған салық




7.2. Табиғат ресурстарын
пайдаланған үшін төлем




8. Бөгде ұйымдардың қызмет-
теріне ақы төлеу барлығы,
оның ішінде:




8.1. жалға ақы төлеу




9. Басқа шығындар -
барлығы, оның ішінде:




9.1. Сыйақылар төлеу
жөніндегі шығыстар




9.1.1. шет ел валютасында




10. Жалақы қоры барлығы,
оның ішінде:




10.1. өндірістік персонал




10.2. қосалқы персонал




10.3. әкімшілік персонал -
барлығы, олардан




10.3.1. бас офис




10.4. әлеуметтік салық




11. Барлық шығыстар




12. Жылдар бойынша күрделі
салымдарға шығындарды қар-
жыландыру - барлығы, оның
ішінде:




12.1. құрылыс - барлығы,
олардан:




12.1.1. Шаруашылық тәсілдегі
меншік құрылысы




12.1.2. Машиналар мен
жабдық




12.1.3. Көлік құрылғылары




12.1.4. Материалдық емес
активтерді сатып алу үшін -
барлығы, оның ішінде:




12.1.5. ЭВМ бағдарламалық
қамтамасыз етуді құру және
сатып алу үшін




  кестенің жалғасы

есепті кезең үшін

жыл басынан

инвестициялық
бағдарламада
және (немесе)
инвестициялық
жобада көзделген

факт

инвестициялық
бағдарламада
және (немесе)
инвестициялық
жобада көзделген

факт

5

6

7

8

















                                       Инвестициялық бағдарламаны
                                     және (немесе) инвестициялық
                                       жобаны табиғи монополия
                                      субъектілерінің іске асыру
                                     тиімділігінің мониторингісін
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                                4-қосымша

        200___жылғы ___________тоқсан (жарты жылдық) үшін
          инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске
       асыру тиімділігі мониторингісінің көрсеткіштері

Субъектінің атауы _________________________________________________
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
түрі ______________________________________________________________
Субъектінің заңды мекен-жайы  _____________________________________

Көрсеткіш-
тердің
атауы

осы-
ның
алдын-
дағы
есеп-
ті
кезең
үшін

өткен
жылдың
тиісті
кезеңі
үшін

есепті
кезең үшін

жыл
басынан

тиіс-
ті
кезең
үшін

жыл
басы-
нан
өс-
пелі
қоры-
тын-
дысы-
мен

инвес-
тиция-
лық
бағдар-
ламада
және
(немесе)
инвес-
тиция-
лық
жобада
көз-
делген

факт

инвес-
тиция-
лық
бағдар-
ламада
және
(не-
месе)
инвес-
тиция-
лық
жобада
көз-
делген

факт

1

2

3

4

5

6

7

8

Реттеліп
көрсетілетін
қызметтерді
(тауарларды,
жұмыстарды)
өткізу көлемі








Тариф (баға,
алым ставкасы)








Таза пайда








  кестенің жалғасы

инвестициялық
бағдарламада
және (неме-
се) жобада
белгіленген
көрсеткіштер-
дің орындалуы

инвестициялық бағдарламада
және (немесе) жобада
белгіленген мәнінен ауытқуы

абсолюттік, теңге

%

есепті ке-
зең үшін
(гр.6/
гр.5*100)

жыл
басынан
(гр.8/гр.
7*100)

есепті
кезең үшін
(гр.6-гр.5)

жыл
басынан
(гр.8-
гр.7)

есепті
кезең
үшін
(гр.6/
гр.5*
100-100)

жыл
басынан
(гр.6/
гр.5*
100-100)

9

10

11

12

13

14



















  кестенің жалғасы

Инвестициялық бағдарламада
және (немесе) жобада
белгіленген мәндермен
салыстырғанда көрсеткіштер
өсуінің қарқыны %

есепті
кезең үшін
(гр.6/гр.3)
(гр.2)*100)

жыл басынан
(гр.8/гр.4*100)

15

16







                                       Инвестициялық бағдарламаны
                                     және (немесе) инвестициялық
                                       жобаны табиғи монополия
                                      субъектілерінің іске асыру
                                     тиімділігінің мониторингісін
                                        жүзеге асыру ережесіне
                                                5-қосымша

        200___жылғы ___________тоқсан (жарты жылдық) үшін
     Борыштық міндеттемелерді орындауға арналған табиғи
      монополия субъектісінің қол жеткізген нақты қаржы
           нәтижелері мен ақша ағыстарының әсер ету
                       көрсеткіштері

Субъектінің атауы _________________________________________________
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
түрі ______________________________________________________________
Субъектінің заңды мекен-жайы  _____________________________________

Көрсеткіштердің
атауы

осының
алдын-
дағы
есепті
кезең
үшін

Есепті
кезең үшін

жыл басынан

инвести-
циялық
бағдар-
ламада
және
(немесе)
инвести-
циялық
жобада
көз-
делген

факт

инвести-
циялық
бағдар-
ламада
және
(немесе)
инвести-
циялық
жобада
көз-
делген

факт

1

2

3

4

5

6

1. Жалпы табыс
(табыстар-шығыстар)






2. Реттеліп көрсе-
тілетін қызметтерді
(тауарларды, жұмыс-
тарды) іске асыру
бойынша шығыстар






3. Жалпы әкімшілік
шығыстар






4. Инвестициялық
бағдарламаның және
(немесе) инвестиция-
лық жобаның қарыз
қаражаттарына қызмет
көрсету жөніндегі
сыйақылар төлеу






5. Инвестициялық бағ-
дарламаның және (не-
месе) инвестициялық
жобаның шегінде тар-
тылған ұзақ мерзімді
қарыздар бойынша
берешектің қалдығы






6. Таза табыс






7. Амортизация






8. Мерзімі кейінге
қалдырылған салық-
тардың артуы






9. Қарыздарға қызмет
көрсетуге арналған
шығыстарды жабу
(1-бет, 2-бет,
3-бет)4-бет






10. Қарыздарға ақша
қаражаттарымен қыз-
мет көрсетуге шығыс-
тарды жабу (6-бет+
7-бет-8-бет)/4-бет






11. Кезеңнің соңына
ақша қаражаттарының
қалдығының ұзақ
мерзімді қарыздар
бойынша берешектің
көлеміне қатынасының
көрсеткіші (6-бет+
7-бет-8-бет)/5-бет






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады