Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы N 112-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3539. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, 7-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Шкарупа А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының    
2005 жылғы 30 наурыздағы  
N 112-НҚ бұйрығымен    
бекітілген         

Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу
саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи  монополияларжәне реттелетін нарықтар туралы", "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін табиғи монополиялар Субъектілерінің (бұдан әрі - Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) қызметтерді тұтынушы - электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) реттеліп көрсетілетін қызметтер - табиғи монополия саласына ұсынылатын және уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын, тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсыну жағдайларын қоса, ұсынылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар).
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Осы Ереже электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып ұсыну жағдайына қолданылмайды.

2. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу
саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге
(тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең
жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      4. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету:
      1) осы Ереженің 6, 7 және 9-тармақтарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда барлық тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтерге тең қол жетімділік;
      2) барлық тұтынушыларға қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) қызметтер тізбесінің, осы қызметтерге арналған тарифтердің ақпараттық ашықтығы қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

3. Электр энергиясының көтерме сауда рыногында
қызметті жүзеге асырушы Субъектінің қызметтер
көрсетуіне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      5. Субъектінің электр энергиясының көтерме сауда рыногында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерін тұтынушылар:
      1) электр энергиясын тұтынушы;
      2) энергиямен жабдықтаушы ұйым (бұдан әрі - ЭЖҰ);
      3) энергия беруші ұйым.
      4) (Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен).
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Электр энергиясының көтерме сауда рыногында қызметтер көрсететін Субъект электр энергиясын тұтынушыларға өзінің қызметтерін көрсетуге мынадай жағдайларда:
      1) Субъектімен қызметтер көрсетуге арналған шарт болған;
      2) халықаралық және (немесе) өңірлік электр желісіне белгіленген тәртіппен технологиялық жағынан қосылған электр энергетикасының объектілері (энергия қабылдайтын құрылғылары) болған;
      3) электр энергиясының көтерме сауда рыногында тәуліктік орташа (базалық) қуатын кем дегенде 1 МВт көлемде сатып алған;
      4) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, олардың Жүйелік операторларда белгіленген жүйелермен бірізділігін қамтамасыз ететін телекоммуникациялардың жүйелері болған жағдайларда кедергісіз және кемсітпеушілікпен қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      7. Электр энергиясының көтерме сауда рыногында қызметтер көрсететін Субъект ЭЖҰ өзінің қызметтерін көрсету мынадай жағдайларда:
      1) Субъектімен электр энергиясы көрсетілген қызметтер көрсетуге арналған шарт болған;
      2) электр энергиясының көтерме сауда рыногынан орташа тәуліктік (базалық) қуаты кем дегенде 1 МВт көлемдегі энергияны жеткізіп беру/тұтыну жөніндегі талаптарды орындау;
      3) оларға қызмет көрсететін рынок Субъектілеріндегі халықаралық және (немесе) өңірлік электр желісіне белгіленген тәртіппен технологиялық жағынан қосылған электр энергетикасы объектілері (энергия қабылдайтын құрылғылар) болған;
      4) оларға қызмет көрсететін рынок Субъектілерінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, олардың Субъектіде белгіленген жүйелермен бірізділігін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар жүйелері болған жағдайда кедергісіз және кемсітпеушілікпен қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы N 61-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бұйрығымен.

4. Электр энергиясының бөлшек сауда рыногында
қызметті жүзеге асыратын Субъектінің қызметтер
көрсетуіне тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      8. Субъектінің электр энергиясының бөлшек сауда рыногында электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерін тұтынушылар:
      1) ЭЖҰ, оның ішінде электр энергиясына кепілдік беретін жеткізіп берушілер (бұдан әрі - ЭКЖ);
      2) электр энергиясын бөлшектеп пайдаланушылар болып табылады.
 

      9. Электр энергиясының бөлшек сауда рыногында қызметтер көрсететін Субъект соңғысында Субъектімен қызметтер көрсету шарты болған жағдайда, сондай-ақ қызмет көрсету аймағында тұтынушыларда ЭЖҰ (ЭКЖ) болған жағдайда барлық ЭЖҰ (ЭКЖ)-ға өзінің қызметіне:
      1) Субъектінің электр желілік объектілеріне белгіленген тәртіппен технологиялық жағынан қосылған электр желілік объектілерінің (ЭБЖ, кіші станцияның);
      2) электр энергиясын ұзақ уақыттық тіркеліммен жинақталған ақпаратпен және тұтынылған қуат пен энергияның шамасы туралы деректер беру мүмкіндігі бар коммерциялық есепке алу құралдары мен жүйелерінің;
      3) Субъектінің диспетчерлік пунктіндегі коммерциялық есепке алудың құралдары арқылы тұтынылған қуат пен энергияның шамасы туралы деректер жинаудың автоматты жүйесі мен оны беру құралдарының кедергісіз және кемсітпеушілікпен қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      Осы тармақтағы 2) және 3) тармақшаларының талаптары ЭЖҰ (ЭКЖ) барлық пайдаланушыларға, өндіріспен, оның ішінде халықпен байланысы жоқ электр энергиясын ерекше жарық беруге және басқа мұқтажға пайдаланатын тұтынушыларды қоспағанда, қолданылады. Сонымен бірге осы тұтынушыда электр энергиясын тиісті нормативтік талаптарға сәйкес коммерциялық есепке алудың құралдары, сондай-ақ ЭЖҰ-мен электрмен жабдықтауға арналған шарт, Субъектімен қызметтер көрсетуге арналған шарт (ол болған жағдайда) болу қажет. 

      10. Электр энергиясының бөлшек сауда рыногында қызметтер көрсететін Субъект өзінің қызметтер көрсетуіне кедергісіз және кемсітпеушілікпен қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін, Субъектінің желілеріне қосылған тұтынушының:
      1) ЭЖҰ-мен электр энергиясын жеткізіп беруге арналған, Субъектімен қызметтер көрсетуге арналған шарты;
      2) тиісті нормативтік талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес келетін Субъект берген электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары болуға тиіс.
 

      11. Субъектінің электр желісіне қосу және қызметтер көрсету шартын жасасқан кезде уақыттың кез келген кезеңінде шартпен айқындалған қосылған қуат шегінде, сапасы мен өлшемі нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келуге тиісті электр энергиясын алу құқығы кез келген қызметтерді тұтынушыға бекітіледі.
 

      12. Субъектінің пайдаланылып отырған электр желісінің босату қабілеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
      Субъектінің пайдаланылып отырған электр желісінің босату қабілеті шектелген жағдайда, қосымша қуаттарды қосқан, не мұндай қосу басқа тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер көрсетудің сапасын нашарлатуға алып келген кезде Субъект қолданыстағы заңнамаға сәйкес қосуға, электржелілік объектіні кеңейтуге рұқсат сұраған тұтынушыға техникалық жағдай жасайды.

5. Көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат ұсыну

      13. Көрсетілетін қызметтер туралы, олардың құны туралы, Субъектінің электр желілеріне қол жеткізу тәртібі туралы, сондай-ақ электр желілерінің босату қабілетінің болуы туралы ақпаратты қызметтерді тұтынушының сұрау салуы бойынша (жазбаша нысанда) Субъект ұсынады.
 

      14. Субъект уәкілетті органның талабы бойынша оған электр энергиясын өз желілері арқылы берудің және (немесе) бөлудің мәлімделген және іс жүзіндегі көлемдері туралы мәліметтер береді.
      Уәкілетті орган Субъект ұсынған ақпаратты пайдаланған кезде Субъекті мен қызметтерді тұтынушылардың мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық құпиясының және басқа да заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

6. Қызметтер көрсетуге және олар бойынша
шешімдер қабылдауға рұқсат беру мәселелері
бойынша өтініштерді қарау тәртібі

      15. Қызметтер көрсетуге және тиісті шешім қабылдауға рұқсат беру мәселелері бойынша істі қарау үшін қызметтерді тұтынушылардың өтініші негіз болып табылады. 

      16. Өтініште арызданушы туралы және өтініш беруге қатысты адам, осы Ереженің талаптарын бұзушылықтың сипаты туралы мәліметтер, сондай-ақ арызданушы жүгініп отырған талаптар қамтылуға тиіс. 

      17. Уәкілетті орган өтінішті ол түскен күннен бастап 30 күннің ішінде қарайды.
      Егер өтінішті қарау үшін қосымша материалдар және (немесе) ақпараттар қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оларды арызданушыдан не Субъектіден өтінішті қарау мерзімін 30 күнге ұзартуды сұрауға құқылы. Уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы арызданушыны оның өтінішін қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. 

      18. Уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қараудың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы арызданушыны жазбаша нысанда хабардар етеді.

      19. Субъект не қызметтерді тұтынушылар уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толығымен немесе ішінара шағымдануға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады