"Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 86 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 15 наурыздағы Нормативтік құқытық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4572 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.08.24.  N 239 Бұйрығымен.

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы  N 6 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы  N 143 , 2002 жылғы N 12, 561-құжат; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1969 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі N 38 санында, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125 , 2002 жыл, N 39, 700-құжат; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2764 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 2 тамызындағы N 139-140 сандарында жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 19 наурыздағы  N 69 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2861 тіркелген "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 17 мамырдағы  N 136 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1035, N 3067 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 2 тамыздағы N 139-140 сандарында жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 7 қыркүйектегі  N 256 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3815 тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 159 (893) санында жарияланған "Ақпараттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 25 тамыздағы  N 230 ; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4535 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен;) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қызмет көрсету қағидасында:
      14-тармақта "1 жұмыс күні" деген сөздер "2 жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 қосымшада:
      Кестенің үшінші бағанында "Алаңы" деген сөз "Нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары осы бұйрықты өзінің қызметінде басшылыққа алсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады