Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 14.02.2013 № 16-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар рәсімін оңтайландыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 123-ө «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды келісу ережелерін бекіту туралы» бұйрығына(нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4714 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылдың 1 тамызындағы № 116 (1319) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесінде:
3 және 4 тармақтар келесі редакцияда баяндалсын:
«3. І, II, III санатты нысандары бар табиғат пайдаланушылар өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға жүгінеді.
4. Табиғатты пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы рұқсат беруші органға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға өтінім бергенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарда келісіледі.
Сонымен қатар, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес.»;
6 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.»;
8 тармақта:
«қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9 тармақта:
«10» санынан кейін «жұмыс» сөзі толықтырылсын;
келесі мәтіндегі абзацтармен толықтырылсын:
«қалдықтар мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
жердің ластану деңгейінің мониторингі бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
радиациялық мониторинг бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
санитарлық-қорғау аймағының шеңберінде әсер ету мониторингі (атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ жамылғысы) бойынша есеп беру есептік тоқсаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тоқсан сайын тапсырылады.»;
барлық мәтін бойынша «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен» сөздері «аумақтық орган», «аумақтық органмен» сөздерімен ауыстырылсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы С.Х. Мұташевқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариаланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Әшімов
ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2010 жылғы
25 тамыздағы № 228-ө
бұйрығына қосымша
Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламалары мен өндірістік
экологиялық бақылау нәтижелері
бойынша есеп беруге қойылатын
талаптарды келісу
ережесіне қосымша
Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есеп нысаны
1 кесте
1. Жалпы мәлімет
№ р/н |
Өндірістік нысанның атауы (орналасқан жері) |
Өндірістік үдерістің қысқаша сипаттамасы |
Өндірістік экологиялық бақылау жиілігі |
1 |
2 |
3 |
4 |
2 кесте
2. Зертхана туралы мәлімет
№ р/н |
Аккредиттелген сынақ зертханасының атауы |
Аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі |
Аккредиттелген сынақ зертханасының ауданы |
1 |
2 |
3 |
4 |
3 кесте
3. Эмиссия мониторингі
3.1. Атмосфералық ауа
Шығарынды көзінің атауы (шығарынды көзінің нөмірі) |
Ластаушы заттардың атауы |
Бекітілген мөлшер (г/с; т/жыл) |
Мониторингтің шынайы нәтижесі (г/сек; т/кв.; т/жыл) |
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБШ) |
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3.2. Су ресурстары
Әсер ету көздерінің атауы (бақылау нүктелері) |
Ластаушы заттардың атауы |
Бекітілген мөлшер (мг/дм3; т/жыл) |
Мониторингтің шынайы нәтижесі (мг/дм3; т/кв.; т/жыл) |
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБТ) |
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері) |
Қалдықтардың түрлері |
Қауіптілік деңгейі |
Эмиссия мөлшері (т/кв.; т/г.) |
Шынайы (т/кв.; т/г.) |
Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іс-шаралар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі
Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері) |
Ластаушы заттардың атауы |
Бекітілген мөлшер (мг/кг) |
Мониторингтің шынайы нәтижесі (мг/кг) |
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (ШЖБК, фон) |
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3.5. Радиациялық мониторинг
Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері) |
Бекітілген мөлшер (мк3в/с) |
Мониторингтің шынайы нәтижесі (мк3в/с) |
Мөлшерден асуы немесе сақталуы (НРБ 99) |
Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
4 кесте
4. Санитарлық-қорғау аймағы шеңберінде әсер ету мониторингі
4.1. Атмосфералық ауа
Сынамалар алынатын нүкте |
Ластаушы заттардың атауы |
Шынайы концентрация |
ШЖБШ мөлшері м.р., мг/м3 |
ШЖБШ жоғарылауы қысқаша |
Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
4.2. Су ресурстары
Сынамалар алынатын нүкте |
Ластаушы заттардың атауы |
Шынайы концентрация |
ШЖБШ мөлшері мг/л |
ШЖБШ жоғарылауы қысқаша |
Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
4.3. Топырақ жамылғысы
Сынамалар алынатын нүкте |
Ластаушы заттардың атауы |
Шынайы концентрация |
ШЖБШ мөлшері мг/кг |
ШЖБШ жоғарылауы қысқаша |
Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныс |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ескерту: * бақылаудың жоспар-кестесіне сәйкес;
** ағымдағы жылы мониторингтің шынайы көрсеткіштері жарты
жылдық және жылдық болып толтырылады.