Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 592 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 6 ақпанда № 3588 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 472 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.11.29 № 472 қаулысымен.
      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының  9-1 бабына , Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы  N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін. 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С. Ш. Бектұрғановқа жүктелсін. 

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің             
2007 жылы 29 желтоқсандағы     
N 592 қаулысымен бекітілген    

«Әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы
қорытынды беру»мемлекеттік қызметін көрсетудің 
стандарты

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңының  8 бабының 6) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 1 маусымдағы  N 447 санды "Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет "Қостанай облысының мәдениет департаменті" мемлекеттік мекемесінде (ММ) көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны әкетілетін заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру болып табылады. 
      6. Мемлекеттік қызмет Қостанай облысының жеке және заңды тұлғаларына көрсетіледі. 
      7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
      1) тұтынушы қажетті құжаттарын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - бес жұмыс күні ішінде; 
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезек күту уақытының ұзақтығы - бір күнтізбелік күн ішінде;
      3) қажетті құжаттарды алу кезіндегі кезек күту уақытының ұзақтығы - бір күнтізбелік күн ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету облысы әкімінің www.коstаnay.kz. сайтында және www.kostanay.кz. электрондық қызмет көрсету сайтында орналасқан. 
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, алдын ала жазылусыз.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының жағдайлары: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасау сақталған, құжаттар толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері ілінген сөрелермен жабдықталған. 

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
      1) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
      2) қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың болу мақсаттары мен жағдайлары туралы шарттарының көшірмесі; 
      3) әрбір мәдени құндылықтың немесе оны құрайтын бөліктердің мөлшері 10х15 сантиметр 2 фотосуреті;
      4) мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттар;
      5) уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
      6) сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.
      13. Бланктер берілетін орын: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 115, "Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" ММ, N 8 кабинет, телефоны: 50-03-89, тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі бөлім, 13 кабинет, электрондық қызмет 
www.e.kostanay.кz сайтында.
      14. Құжаттарды толтыру мен тапсыру орны Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 115, N 8 кабинет, телефоны: 50-03-89, "Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" ММ.
      15. Өтініш берушіге өтініш және материалдарды алынғаны туралы тіркеу нөмірі көрсетілген хабарлама беріледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну тәсілі - жеке қатысуы.
      17. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Комиссияның жұмысы кезінде сыпайлылық, ақпараттың құпиялылығы, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары басшылыққа алынады. 

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді. 

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 85, "Қостанай облысының мәдениет департаменті" ММ, N 37 кабинет. 
      22. Шағым тапсырылатын мемлекеттік органның атауы: Қостанай қаласы, Таран көшесі, 85, "Қостанай облысының мәдениет департаменті" ММ, N 37 кабинет. Шағымдар жазбаша немесе электрондық нұсқада «Қостанай облысының мәдениет департаменті» ММ кеңсесі арқылы қабылданады.
      23. Берілген шағымға жауапты алудың мерзімі мен орнын "Қостанай облысының мәдениет департаменті" ММ мына мекен-жай бойынша білуге болады: Қостанай қаласы, Таран көшесі 85, кабинет N 37 телефон 575-320. 

  6. Байланыс ақпараты

      24. "Қостанай облысының мәдениет департаменті" ММ директоры, Қостанай қаласы, Таран көшесі 85, N 37 кабинет, телефоны: 575-320, қабылдау күні-сәрсенбі сағат 10.00-нан 12.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін; 
      1) "Қостанай облысының мәдениет департаменті" ММ директорының орынбасары, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Таран көшесі 85, N 38 кабинет, телефоны: 575-321, қабылдау күні-бейсенбі сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін; 
      2) тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі бөлім, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Таран көшесі 85, N 13 кабинет, телефоны: 543-555, дүйсенбі-жұма сағат 09.00-дан 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін;
      3) облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, мекен-жайы: Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 115, N 8 кабинет, телефоны: 50-03-89, дүйсенбі-жұма сағат 09.00-дан 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-тен 14.00-ге дейін. 
      4) Жоғары тұрған мекеменің байланыс деректері - Қостанай облысының әкімдігі: Қостанай қаласы, Aл-Фараби даңғылы №66 үй, тел. 575-005.
      25. Басқа қажетті мәліметтер Қостанай облысы әкімінің www.kostanay.кz. Ресми сайтында орналасқан. 

"Әкетілетін заттың мәдени құндылығының   
болуы туралы қорытынды беру"»мемлекеттік 
қызметін көрсетудің стандарты   1-қосымша  

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

көрсеткіштің есепті
жылдағы
ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды
тапсырған сәттен
бастап белгіленген
мерзімде қызметті
ұсыну оқиғаларының
% (үлесі)

95

95

95

1.2. қызмет алуды
кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күткен
тұтынушылардың %
(үлесі)

95

95

95

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

100

100

100

2.2. құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс
ресімдеген жағдайдың
(жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар
және т.б.) % (үлесі)

95

90

85

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну
тәртібі туралы сапаға
және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95

90

85

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған
және бірінші реттен
тапсырған оқиғалардың
% (үлесі)

95

90

80

3.3. Интернет арқылы
қол жетімді қызметтерінің ақпарат %
(үлесі)

60

50

45

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы
түрі бойынша қызмет
көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына
негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1

0,1

0,1

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған
және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

95

95

95

4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

95

95

95

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың %
(үлесі)

95

95

95

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің
сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылардың
% (үлесі)

100

100

100

% - пайыз 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады