Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 8 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5183 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы  N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы  N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы  N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы  N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы  N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, 2007 жылғы 15 тамызда "Заң газеті" газетінде N 124(1153) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы  N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы  N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін Standard&Poor's агенттігінің рейтингтік бағасынан басқа уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағалары да танылады (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері).";

      21-тармақтың 1) тармақшасында "Fitch немесе Moody's Investors Service агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттiктерi)" деген сөздер "басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "Банктің меншікті капиталынан әрбірінің мөлшері 10 пайыздан асатын бір заемшыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталынан бес есе астамнан аспауы тиіс.";

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

"4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi

      39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
      к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
      к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
      Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
      К4-1 - 1;
      К4-2 - 0,9;
      К4-3 - 0,8;
      К4-4 - 1;
      К4-5 - 0,9;
      К4-6 - 0,8.
      40. к4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
      к4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.
      к4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.
      41. к4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
      к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
      к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
      42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және "Еуро" бойынша есептеледі, оларда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1 пайыздан кем еместі құрайды.
      Standard & Рооr's агенттігінің "А"-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1 пайыздан кем еместі құрайды.
      43. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
      1) қолма-қол ақша;
      2) тазартылған қымбат металдар;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар;
      4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктерiндегi және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
      5) Қазақстан Республикасының банктерiне және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерге берiлген "овернайт" заемдары;
      6) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
      7) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі - N 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары;
      8) N 128 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары.
      Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпашылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
      44. Өтімді активтер есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4580 тіркелген) сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.
      Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
      Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.
      44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
      Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
      44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
      45. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына ара қатынасы ретінде есептеледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына:
      Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап ету бойынша міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
      бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер;
      жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері енгізіледі.
      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталынады:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы  N 388 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген) қаулысына (бұдан әрі - N 388 қаулы) сәйкес "5 код - басқа қаржылық ұйымдар", "6 код - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар", "7 код - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар" және "8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
      Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына (бұдан әрі - 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкті ұйымдастыру жөніндегі 2006 жылғы 12 қаңтардағы келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер.
      45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.";

      53-2-тармақта:
      бірінші абзацта "және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "N 388 қаулыға сәйкес "5 код - басқа қаржылық ұйымдар", "6 код - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар", "7 код - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар" және "8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер";

      53-3-тармақта:
      бірінші абзацта "және осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "N 388 қаулыға сәйкес "5 код - басқа қаржылық ұйымдар", "6 код - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар", "7 код - мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар" және "8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер";

      53-4-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 53-5-тармақпен толықтырылсын:
      "53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
      к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 4 аспауы тиіс.";
      1-қосымшадағы Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесiнде реттік нөмірі 44-жолда "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" деген сөздер мен цифрлар "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-қосымшадағы Активтер мен мiндеттемелер мерзiмдерiн салыстыру кестесiн толтыру жөніндегі түсіндірмеде 2-сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-жолға осы Нұсқаулыққа сәйкес жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің, оның ішінде есептеуді жүзеге асырудың мерзімі белгіленбеген міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің активтері мен міндеттемелері, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" заемдары және бір түнге банктерден тартылған салымдар, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері жазылады.";

      9-қосымшадағы Шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірмеде 2-сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-жолға осы Нұсқаулыққа сәйкес жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің, оның ішінде есептеуді жүзеге асырудың мерзімі белгіленбеген міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің шетел валютасындағы активтері мен міндеттемелері, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" заемдары және бір түнге банктерден тартылған салымдар, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері жазылады.";

      10-қосымшадағы Ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелердің мерзімдерін салыстыру кестесін толтыру жөніндегі түсіндірмеде 2-сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-жолға осы Нұсқаулыққа сәйкес жоғары өтімді активтер мен талап ету бойынша міндеттемелердің, оның ішінде есептеуді жүзеге асырудың мерзімі белгіленбеген міндеттемелердің мөлшерін есептеуге алынатын банктің ұлттық валютадағы активтері мен міндеттемелері, сондай-ақ банктерден алынған "овернайт" заемдары және бір түнге банктерден тартылған салымдар, кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етудің шартсыз құқығымен мерзімді міндеттемелер, оның ішінде банктердің мерзімді және шартты депозиттері жазылады.".

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың сегізіншіден қырық үшінші абзацтарын, алпыс алтыншыдан жетпіс бірінші абзацтарын және 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың елу үшінші және елу төртінші абзацтарын, елу жетінші және елу сегізінші, алпыс бірінші абзацтан бастап алпыс төртінші абзацын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаментi (Г.А.Ділімбетова):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымы Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады