Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 111-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4708 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4839 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 273 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5123 тіркелген)енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Осы кандидат бұдан бұрын тиісті немесе жоғары лауазымды қызметке тағайындалуға уәкілетті органмен келісілген деген талаппен және осы кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келеді деген талаппен қаржы ұйымы уәкілетті органының шешімімен жаңа мерзімге қайта тағайындалған (қайта сайланған) қаржы ұйымының басшы қызметкерін уәкілетті органмен келісу тиісті емес.
Осындай жағдайда қаржы ұйымы осы кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетіні көрсетілетін ілеспе хатпен басшы қызметкерді тиісті лауазымға жаңа мерзімге тағайындау (сайлау) жөніндегі қаржы ұйымы уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін береді. Басқа құжаттарды беру талап етілмейді."
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қаржы ұйымы кандидатын келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келетіні көрсетіліп, еркін нысанда жасалған өтінішті және қаржы ұйымымен (өтініш берушімен) құжаттамалық жағынан тексерілгені көрсетіліп, кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес ұсынылған мәліметтерді және оған мыналар қол қоюлары тиіс:
қаржы ұйымының (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда, директорлар кеңесінің шешімімен (директорлар кеңесінің осы шешімінің көшірмесін беріп) директорлар кеңесінің бір мүшесі - директорлар кеңесінің мүшелерін, қаржы ұйымының (өтініш берушінің) бірінші басшысын және басқарма мүшелерін тағайындағанда (сайлағанда);
қаржы ұйымы (өтініш беруші) басқармасының бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) не қаржы ұйымы (өтініш беруші) басқармасының бірінші басшысының қызметін атқарушы тұлға (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаның) (міндетін атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін беріп) - директорлар кеңесінің бірінші басшысын, бас бухгалтерді және қаржы ұйымының (өтініш берушінің) өзге басшы қызметкерлерін тағайындағанда (сайлағанда);
сақтандыру брокері аукционерлерінің бірі - сақтандыру брокерінің бірінші басшысын сақтандыру брокерінің бірінші басшысы ретінде не оның міндетін атқарушы тұлғаны (міндетін атқару жүктелгені туралы шешімнің көшірмесін беріп) тағайындағанда (сайлағанда) - бірінші басшының орынбасарын және сақтандыру брокерінің бас бухгалтерін тағайындағанда (сайлағанда);
қаржы ұйымының (өтініш берушінің) осы құжатқа қол қоюға уәкілеттігі бар қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған қаржы ұйымы үшін) -тіркеушінің, трансфер-агенттің атқарушы органының, сақтандыру брокерінің бірінші басшысының функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлғаны тағайындағанда (сайлағанда);
2) басқарма мүшесінің лауазымына, қаржы ұйымы құрылымдық
бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге
асыратын және оның негізінде сәйкес банк операциялары, сақтандыру және(немесе) инвестициялық қызмет жүргізілетін, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қоюға құқығы бар қаржы ұйымының өзге басшысы лауазымына кандидаттың қызметтік нұсқаулығының (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, лауазымын және қызметтік нұсқаулығымен танысқан күнді және оның қойылған қолын көрсетіп, осы кандидаттың өкілеттігі бар) көшірмесін;
3) қаржы ұйымының басшы лауазымына кандидатты тағайындау (сайлау) күнін көрсетіп, қаржы ұйымы уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) жөніндегі шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін (екі және одан астам кандидаттарды келіскенде - әр кандидат үшін шешімнің үзінді көшірмесінен бір данадан).
Тағайындау күні болмаған жағдайда, тағайындау (сайлау) күні болып қаржы ұйымының уәкілетті органы шешім қабылдаған күн саналады;
4) осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес электронды және қағаз жеткізушідегі кандидат туралы мәліметтерді;
5) осы Ереженің 4-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, ғылыми дәрежені алғанын растайтын құжаттың көшірмесін;
6) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
7) кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растайтын құжаттарды: құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген экономикалық қызмет саласындағы немесе орта дәрежелі, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растайтын құжатты (не бір кандидатты басқа басшы лауазымына келісу үшін құжаттар пакетін бергенде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының анықтамасының көшірмесін) (аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам болмауы тиіс);
қол қойылған күнін және ұсыным берген тұлғаның лауазымын, ұсыным берген тұлға осы Ереженің талаптарына сәйкес келетінін, сондай-ақ кандидаттың мына кәсіби мінездемелерін көрсетіп, еркін нысанда жасалған, осы Ереженің 4-2-қосымшасында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан алынған кандидатқа ұсыным хаттарды:
кәсіби жарамдылығын бағалау;
кәсіби қызметіндегі жетістіктері;
жеке мінездеме;
қадір-қасиеті және кемшіліктері;
қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі;
потенциалдары және мүмкіндіктері;
қабылданатын шешімдердің тиімділігі;
жұмыстың жалпы нәтижесіне жеке үлесі.
Мәліметтер мен (немесе) ұсынылған құжаттардың шынайлығын тексеру қажеттілігі болған жағдайда, уәкілетті орган қажетті ақпаратты тиісті органдардан, ұйымдардан не ұсыным берген тұлғадан сұратады.
Кандидаттың мінсіз іскерлік беделін растау болып осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген құжаттардың болуы, сондай-ақ қаржы ұйымы кандидатты келісу жөніндегі өтінішті бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның кандидатқа қолданған санкцияларының болмауы табылады.";
4-2-тармақта:
алтыншы абзацта:
"болып табылады" деген сөздер "сонымен қоса болуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алынып тасталсын;
жетінші абзац:
"басшы қызметкері," деген сөздерден кейін "сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
4-3-тармақта:
"4-тармағында" деген цифрмен сөз "4, 4-4-тармақтарында" деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-4, 4-5 тармақтармен толықтырылсын:
"4-4. Қаржы ұйымы бұдан бұрын уәкілетті органмен басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына келісілген кандидатты (бұдан әрі - келісілген басшы қызметкер) басшы қызметкері лауазымына келісу үшін уәкілетті органға мыналарды береді:
кандидат туралы мәліметтер, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларында көрсетілгендер қаржы ұйымымен (өтініш берушімен) құжаттама жағынан тексерілгенін және кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келетінін көрсетіп, еркін нысанда жасалған өтінішті;
қаржы ұйымы уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) жөніндегі шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін.
4-5. Осы Ереженің 4-4-тармағында көрсетілген келісілген басшы қызметкерге қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында, уәкілетті орган басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісім берген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан оның есебіндегі кандидатта алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығы (бар болуы) жөніндегі мәліметтерді талап бланкілерінде өтеусіз негізде талап етеді.";
5-тармақта:
"4-тармағында" деген цифрмен сөз "4, 4-4-тармақтарында" деген цифрмен сөзбен ауыстырылсын;
5-1-тармақтың бірінші бөлігінде:
"төрт" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
"тұратын елінің)" деген сөздерден кейін "не кандидат соңғы он бес жыл ішінде тұрақты тұрған елінің" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
4) тармақшада "бөлімше басшысы" деген сөздер "дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "бөлімше басшысы" деген сөздер "дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "мүшесі, бөлімше басшысы" деген сөздер "мүшесі,
дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысы
немесе басшының орынбасары, бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің
орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"кандидат шағымын қанағаттандыруды және тестің нәтижелерін оң деп тануды;";
23-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қаржы ұйымы уәкілетті органының ескертулерін жоймауы немесе қаржы ұйымы уәкілетті органының ескертулерін ескеріп, түзетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі аяқталғаннан кейін беруі;";
25-тармақ "құжаттардағы өзгерістер" деген сөздерден кейін "(осы Ереженің 1-қосымшасының 6-тармағын және 1-1-қосымшасының 2, 4, 11, 12-тармақтарын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшаның 7-тармағы "Фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________" деген сөздерден кейін
(баспа әріптерімен)
"Мен ______________________________________________________
(фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты, қаржы ұйымының
_________________________________________________________________
тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады)
қаржы ұйымының тәуелсіз директоры лауазымына тағайындау (сайлау) үшін "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын";
1-1-қосымшада:
3-тармақта "Жұмыс кезеңі" деген сөздерден кейін "(күні, айы, жылы)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2 тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаментінің, басқармасының) басшысына немесе қаржылық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бөлімше басшысына бұдан бұрын кандидат болды ма деген мәліметтер:
Қаржы ұйымының атауы/қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның атауы |
Жұмыс кезеңі |
Қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесіндегі (департаментіндегі, басқармасындағы, бөліміндегі) лауазымның атауы/қаржылық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның бөлімшесіндегі лауазымның атауы |
";
мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қаржы ұйымы кандидатты келісу жөніндегі өтінішті бергенге дейінгі бір жылы ішінде уәкілетті органның кандидатқа қолданған санкциялары бар болуы (жоқ болғаны) туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________________________________________________________;";
10-тармақта "қаржылық қызмет көрсету" деген сөздер "қаржы ұйымы қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департамент (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастан он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының
орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Р.Т. Түсіпбеков
__________________
қол қою
2008 жылғы 25 қараша