Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 643 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5519 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.03.2014 № 133 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес және Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін белгілеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғанынан бастап он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
N 643 бұйрығымен     
бекітілген        

Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және
басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі, "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы, "Электрондық және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері - мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы біріңғай оператор (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын, акцияларының (қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын, электрондық мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) мемлекеттік сатып алудың веб—порталы (бұдан әрі – веб-портал) – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      4) электрондық мемлекеттік сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;
      5) электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтері – жеке және заңды тұлғаларға электрондық мемлекеттік сатып алу саласында ақпараттық технологияларды пайдаланумен ақпараттық және интерактивті қызметтерді ұсыну;
      6) ақпараттық қызметтер – пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну бойынша қызмет;
      7) интерактивті қызметтер – пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөніндегі ақпаратпен өзара алмасуды талап ететін келісім;
      8) электрондық ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелерде болатын электрондық түрде сақталатын ақпарат (деректердің ақпараттық базасы);
      9) электрондық ақпараттық веб-порталына тіркеу (бұдан әрі – тіркеу) – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің, оның лауазымды тұлғаларының және мүдделі адамдарының веб-порталға қатысуға рұқсаты;
      10) веб-портал қатысушысы - (бұдан әрі – Қатысушы) – тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
      11) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – лауазымды тұлға не веб-порталда тіркеуден өткен Қатысушының өкілі;
      12) веб-порталға қатысу – интерактивті қызметтерді алу үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы қатысушы атынан пайдалануы;
      13) жеке кабинет – пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;
      14) электрондық құжат – ақпарат электрондық – цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталған құжат;
      Осы Ережеде көрсетілмеген басқа да түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес анықталатын мағынада пайдаланылады.

2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы
электрондық қызметтер

      3. Оператор веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға мынадай ақпараттық қызметтерді ұсынады:
      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік сатып алу туралы электрондық түрде ақпаратты ұсыну;
      2) мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімде болатын ақпаратты электрондық түрде ұсыну;
      3) мемлекеттік сатып алу саласында есептілік туралы ақпаратты электрондық түрде ұсыну;
      4) веб-порталға орналастырылатын мемлекеттік сатып алу туралы электрондық түрде басқа да ақпаратты ұсыну;
      4. Оператор веб-портал арқылы мемлекетті сатып алу жүйесінің субъектілеріне және мүдделі тұлғаларға мынадай интерактивті қызметтерді ұсынады:
      1) веб-порталда тіркелу;
      2) мемлекеттік сатып алу жоспарын орналастыру;
      3) мемлекеттік сатып алу саласында уәкілетті органға есептілік ұсыну;
      4) Заңға сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді веб-порталға ұсыну;
      5) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімге енгізу үшін мәліметтерді веб-порталға ұсыну;
      6) электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу.
      5. Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық қызметтерді Оператор өтеусіз негізде ұсынады.

3. Мемлекеттік сатып алу саласында ақпараттық
қызметтерді көрсету тәртібі

      6. Интернет желісінің көрінген мүдделі тұлғасы Интернет шолушының мекен-жайлық жолына веб-порталдың электрондық адресін енгізеді, онда өзіне қызықты ақпараттық қызметті таңдайды және ұсынылған ақпаратпен танысады.

4. Мемлекеттік сатып алу саласында интерактивті
қызметті көрсету тәртібі $ 1 Веб-порталда тіркеу

      7. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері мен мүдделі тұлғаларды тіркеуді Оператор Қатысушының бес жұмыс күні ішінде тіркелуге берген өтініші, Пайдаланушыны тіркеуге берген өтініші және мөрімен куәландырылған немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат түрінде осы ережеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес құрастырылған ақпараттық жүйеге қатысу туралы келісім негізінде жүзеге асырады.
      8. Қатысушыны веб-порталда тіркеуді оның бірінші басшысы немесе веб-порталда оның атынан барлық іс-қимылды орындауға уәкілетті тұлға жүргізеді.
      9. Осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес құжаттарда ұсынылған мәліметтер өзгерген жағдайда Қатысушы Операторға өзгерістер туралы дереу хабарлайды.
      10. Оператор бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері және басқа да мүдделі тұлғалар тіркеуден өткеннен кейін веб-порталға қатысу үшін пайдаланушылардың атын және парольді береді.
      11. Электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін Қатысушының бірінші басшысы немесе ол өкілеттік берген тұлға веб-портал арқылы Қатысушының рөліне байланысты (тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші) мемлекеттік сатып алу саласында Қатысушы өкілетінің, Оператордың, конкурстық комиссия мүшесінің, конкурстық комиссия хатшысының, сарапшының, сараптау комиссиясы мүшесінің тиісті рөлдерін тағайындайды.
      12. Пайдаланушы веб-порталға қатысуды жүзеге асыратын жұмыс орны қауіпсіздігін дербес қамтамасыз етеді және пайдаланушының атының, парольінің, тіркеу куәлігінің құпиялығын сақтауға шаралар қолданады.
      Тіркеу куәлігі электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіпте беріледі.
      13. Пайдаланушының дұрыс аты мен парольін көрсетіп веб-порталда Пайдаланушы орындаған және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған барлық іс-қимылдар, лауазымды тұлға немесе оның өкілі болып табылатын Қатысушы атынан жүргізілген болып есептеледі.
      14. Оператор мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ұсынылған мәліметтер толық немесе дұрыс болмаған жағдайда веб-порталға тіркеуден бас тартады.
      15. Оператор тіркеуден бас тарту туралы мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерін және басқа мүдделі тұлғаларды осы Ережеге 1 және  2-қосымшаларға сәйкес веб-портал арқылы құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып хабарлайды.
      16. Қатысушы парольді үшінші тұлғалар ашқан жағдайда немесе "Электронды құжат және электронды сандық қол қою туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу куәлігі қайтарылып алынған кезде, сондай-ақ Оператор пайдаланушының аты мен парольін берген қызметкер ұзақ ауырған, жұмыстан босатылған немесе қайтыс болған жағдайда Қатысушы тоқтата тұруды немесе пайдаланушының аты мен парольін қайтарып алуды бастайды.
      17. Қатысу туралы келісімнің шарттарын Қатысушы орындамаған жағдайда Оператор пайдаланушының аты мен парольінің іс-қимылын тоқтата тұрады.
      18. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілген кезде Оператор пайдаланушының аты мен парольін кейіннен осы пайдаланушыға хабарлай отырып қайтарып алады.
      19. Оператор мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілерді веб-порталда тіркеуге бас тартады.

$ 2 Мемлекеттік сатып алу жоспарын орналастыру

      20. Тапсырыс беруші веб-порталға мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын электрондық форматта Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны бекіткен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде енгізеді.
      21. Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда тапсырыс беруші тапсырыс беруші веб-порталға мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын электрондық форматта Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны қабылдаған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

$ 3 Мемлекеттік сатып алу саласында уәкілетті
органға есептілік ұсыну

      22. Тапсырыс берушінің тіркелген пайдаланушыларына жеке кабинетте Қазақстан Республикасы Президенті анықтаған бірінші басшының не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы мемлекеттік сатып алу саласында уәкілетті органға есептілік ұсыну мүмкіндігі беріледі.

$ 4 Заңға сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік
сатып алу туралы мәліметтерді ұсыну

      23. Тапсырыс берушінің және ұйымдастырушының жеке кабинетінде тіркелген пайдаланушыларға Заңға сәйкес міндетті жариялауға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді веб-порталға электрондық құжат арқылы ұсыну мүмкіндігі беріледі.

$ 5 Мемлекеттік сатып алу саласындағы тіркелімде
болатын мәліметтерді ұсыну

      24. Жеке кабинетте тапсырыс берушінің тіркелген пайдаланушыларына Қазақстан Республикасы Президенті анықтаған басшының не жауапты хатшының немесе жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат арқылы мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін тапсырыс берушінің, не оның міндетін атқарушы тұлғаның мәліметтерін қоспағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 1149 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алу саласында тіркелімді қалыптастыру және жүргізу Ережесіне сәйкес уәкілетті органға мәліметтер ұсыну мүмкіндігі беріледі.
      25. Уәкілетті орган веб-портал арқылы ұсынылған мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Бар мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда тапсырыс берушіге хабарлама жібереді.

$ 6 Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу

      26. Баға ұсыныстарын сұрау, конкурс және бір көзден алу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі мен мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 қаулысымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесі (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі) анықталады.
      27. Электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тапсырыс беруші жеңімпазбен мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасады.
      28. Веб-порталда жұмыс уақыты болып Астана қаласының уақыты есептеледі.
      29. Заңда көзделмеген жағдайларда электрондық мемлекеттік сатып алу веб-портал арқылы өткізілмеген болып табылады.
      30. Электрондық мемлекеттік сатып алу қайтадан өткізілмеген болып танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы мемлекеттік сатып алуды Заңға сәйкес веб-порталды пайдаланбай жүзеге асыруға құқылы.

$ 7 Баға ұсынысын сұрау тәсілімен электрондық
мемлекеттік сатып алуды жүргізу

      31. Ұйымдастырушы тапсырыс беруші веб-порталға орналастырған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары негізінде веб-порталда баға ұсынысын сұрау тәсілімен мемлекеттік сатып алу тұралы хабарламаны жасайды және жариялайды.
      32. Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі белгілеген тәртіпте және мерзімде веб-порталға электрондық құжат арқылы баға ұсыныстарын береді.
      33. Мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы веб-портал функционалы арқылы автоматты түрде қабылданбайды:
      1) ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
      2) әлеуетті өнім беруші бірден артық баға ұсынысын берсе.
      34. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы әлеуетті өнім беруші хабарлама алғаннан кейін веб-порталға қабылданған болып есептеледі.
      35. Әлеуетті өнім беруші оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге рұқсат берілмейтін бір ғана баға ұсынысын беруге құқылы.
      36. Ұйымдастырушы баға ұсынысын беру мерзімі аяқталған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын веб-портал арқылы ашуды және қарауды жүргізеді.
      Егер ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ашу күнінде ашуды жүргізбеген болса, Оператор веб-портал арқылы ұйымдастырушыға хабарлайды.
      37. Егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына келіспеген не елеулі шарттарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды ұсынса ұйымдастырушы веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын қабылдамайды.
      38. Егер осы Ереженің 37-тармағында көзделген негіздемелер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартқаннан кейін әлеуетті өнім берушінің екіден кем баға ұсыныстары қалса, онда осындай мемлекеттік сатып алу өткізілмеген болып танылады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыруға құқылы.
      39. Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып ең аз баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші табылады. Егер ең аз баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынса, жеңімпаз болып баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан ертерек түскен әлеуетті өнім беруші табылады. Баға ұсыныстарын салыстыру веб-порталда автоматты түрде жүргізіледі.
      40. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден кем емес баға ұсынысы берілсе, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзімін бес жұмыс күніне ұзартады.
      41. Баға ұсынысын сұрау тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындысын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі
веб-порталда әлеуетті өнім берушілер баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бекітуі және жариялауы тиіс.

$ 8 Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып
алуды өткізу

      42. Ұйымдастырушы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес конкурстық құжаттаманы әзірлейді және электрондық құжат түрінде веб-порталда ұсынады.
      43. Электрондық мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес конкурстық комиссияны құрады және бекітеді.
      44. Ұйымдастырушы қажет болған жағдайда Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) құруға және бекітуге құқылы.
      45. Жеке кабинетте барлық іс-қимылды орындауға өкілетті тұлға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы атынан осы Ереженің 43, 44-тармақтарына сәйкес пайдаланушылар рөлін бөледі.
      46. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес веб-порталды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы бекітеді.
      47. Ұйымдастырушы тапсырыс беруші бекіткен конкурстық құжаттама негізінде веб-порталда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруды жариялайды.
      48. Ұйымдастырушы веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережесін электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге түсіндіреді.
      49. Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекіткен тәртіп пен мерзімде веб-порталдағы электрондық құжат арқылы конкурсқа қатысу өтінімін, конкурстық баға ұсыныстарын береді.
      Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде белгіленген тәртіпте енгізіледі.
      50. Веб-портал автоматты түрде басқа ақпараттық жүйелер және/немесе мемлекеттік деректер базасынан сұрау арқылы веб-порталда тіркелген әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтердің:
      1) заң органдарында әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтердің;
      2) әлеуетті өнім берушіде салық берешектерінің болмауы туралы және (немесе) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың басталу күнінің алдында болатын үш айдан астам жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша мәліметтердің болуын анықтайды;
      3) мемлекеттік сатып алуға қатысу үдерісі үшін қажет басқа да мәліметтер.
      51. Веб-порталдың басқа ақпараттық жүйелерге сұрау салу нәтижелері бойынша олар туралы мәліметтер осы Ереженің 50-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушілер электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
      Егер әлеуетті өнім берушіде мерзімі өтіп кеткен салық берешегі және (немесе) конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алудың басталу күнінің алдында болатын үш айдан астам жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі болса, мұндай әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
      52. Веб-порталда өтінімдерді ашу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада көрсеткен күнде және уақытта Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне сәйкес конкурстық комиссияны мүшелерінің көпшілігінің қатысуымен жүргізіледі.
      53. Конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы жүйемен автоматты түрде қалыптасады және төраға, конкурстық комиссия мүшелері және хатшы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы конкурстық құжаттамада көрсетілген ашу күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды.
      54. Сараптау комиссиясы (сарапшы) құрылған жағдайда сарапшының жеке кабинетінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау және конкурстық комиссия мүшелеріне электрондық құжат арқылы сараптау қорытындысын ұсыну мүмкіндігі беріледі.
      55. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі белгілеген тәртіп пен мерзімде әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға рұқсаты туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
      56. Конкурстық комиссия мүшелеріне жеке кабинетте әр қаралған өтінім бойынша қабылданбаған жағдайда, қабылданбау себебі көрсетіле отырып дауыс беру мүмкіндігі беріледі.
      57. Веб-портал комиссия мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша алынған деректер негізінде жіберілген және қайтаруға жататын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін анықтайды.
      58. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға рұқсат туралы шешім қабылданған (конкурсқа қатысушы деп танылған) күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы төраға, конкурстық комиссия мүшелері және хатшы қол қойған электрондық құжат түрінде конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталда жариялайды.
      59. Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілер және конкурсқа қатысуға жіберілгендер конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттаманы жариялаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-порталға конкурстық баға ұсынысы бар электрондық құжатты ұсынады.
      60. Конкурстық комиссия баға ұсыныстарын берген мерзім аяқталған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынысын қарайды.
      61. Егер конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы автоматты түрде қабылданбайды.
      62. Егер конкурстық баға ұсынысы демпингтік болып табылған жағдайда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысын веб-портал арқылы конкурстық комиссия қабылдамайды. Демпингтік баға есебінің тәртібі мемлекеттік сатып алу Ережесімен анықталады.
      63. Егер конкурстық баға ұсыныстары осы Ереженің 59, 60-тармақтарында көрсетілген негіздемелер бойынша қабылданбаған жағдайда конкурсқа қатысушылардың конкурста екі және одан да көп баға ұсыныстары қатысса веб-портал конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамада көрсетілген конкурсқа қатысушылардың қайтарылмаған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты өлшемдердің пайыздық мағынасын қолдану арқылы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын анықтайды.
      Конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын салыстыру және ең аз шартты баға негізінде электрондық мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын анықтау веб-порталда автоматты түрде жүргізіледі.
      64. Конкурстық комиссия баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы төраға, конкурстық комиссия мүшелері және хатшы қол қойған конкурстың қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және жариялайды.

$ 9 Бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік
сатып алуды өткізу

      65. Ұйымдастырушы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесімен белгіленген тәртіпте анықталатын әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу туралы шақыру жібереді, сондай-ақ шақыруды веб-порталда электрондық құжат түрінде орналастырады.
      66. Бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысу үшін шақыру алған әлеуетті өнім беруші веб-порталда тіркелмеген жағдайда осы Ережеге сәйкес тіркеуден өтуі тиіс.
      67. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау қызметтерді көрсету туралы ұсыныстарды қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға веб-порталға электрондық құжат жіберу арқылы сұраған ақпаратты ұсынады.
      Осы ретте, веб-портал осы Ереженің 50, 51-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді орындайды.
      68. Ұйымдастырушы сұраған ақпаратты әлеуетті өнім беруші жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бір көзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қорытындысы туралы хаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады.

5. Қорытынды ережелер

      69.  Осы Ережеде және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада келісілмеген веб-портал тараптары арасында туындаған барлық басқа қатынастар Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасымен реттеледі.
    

                                          Қазақстан Республикасы
                                             Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 643 бұйрығымен бекітілген
                                           Мемлекеттік сатып алу
                                          жүйесінің субъектілеріне
                                           және басқа да мүдделі
                                          тұлғаларға электрондық
                                        қызметтер көрсету ережесіне
                                                1-қосымша

             Мемлекеттік сатып алу веб-порталын
               пайдаланушыны тіркеуге өтініш

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланушы ретінде ___________
                                            (жеке тұлғаның аты-жөні)
осы өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес тіркеуді және пайдаланушының атын және парольін беруіңізді өтінемін.
Пайдаланушының сәйкестендіру деректері:
ЖСН: _____________________________________________________________
Тегі, аты-жөні:___________________________________________________
Жеке куәліктің (паспорттың) нөмірі: ______________________________
Берілген күні: ___________________________________________________
Беру органы:______________________________________________________
Жеке тұлғаның СТН :________________________________________________
Электрондық поштаның мекен-жайы:__________________________________
Жұмыс телефонының нөмірі:_________________________________________
Ұялы телефонның нөмірі:___________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________

Аутентификация тіркеу куәлігінің деректері:
БСН ______________________________________________________________
Ұйымның атауы ____________________________________________________
Сериялық нөмірі___________________________________________________
Мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын растаймын.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде (дерекқорда) қамтылған және (немесе) банктік және/немесе салық құпиясын құрайтын қосымша мәліметтер алуға қарсы емеспін.

20___ж. "_____" _________________

Пайдаланушының қолы _____________________________

                                          Қазақстан Республикасы
                                             Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 643 бұйрығымен бекітілген
                                           Мемлекеттік сатып алу
                                          жүйесінің субъектілеріне
                                           және басқа да мүдделі
                                          тұлғаларға электрондық
                                        қызметтер көрсету ережесіне
                                                2-қосымша

            Мемлекеттік сатып алу веб-порталына
                қатысушыны тіркеуге өтініш

Мемлекеттік сатып алу веб-порталына ____________________________
               (Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні)
Қатысушы ретінде тіркеуіңізді сұраймын.

Қатысушының рөлі
[ ] Тапсырыс беруші
[ ] Ұйымдастырушы
[ ] Беруші

Қатысушының сәйкестендіру деректері (заңды тұлғалардың, құрылымдық бөлімшелердің, филиалдың, өкілеттіктердің, жеке кәсіпкердің)
БСН* ___________________________________________________________
СТН ____________________________________________________________
Толық атауы: ___________________________________________________
Құрылымдық бөлімшенің атауы** __________________________________
Орналасқан жері (заңды мекен-жайы) _____________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің берген орган, нөмірі, күні
________________________________________________________________

Филиалды құрған заңды тұлға туралы мәліметтер (өкілеттік)***
БСН ____________________________________________________________
СТН ____________________________________________________________
Толық атауы ____________________________________________________

Өтініш беруші туралы мәлімет *****
ЖСН ____________________________________________________________
Тегі: __________________________________________________________
Аты: ___________________________________________________________
Әкесінің аты: __________________________________________________
Лауазымы: ______________________________________________________

Қатысушының байланысу ақпараты
Ұйымның электрондық пошта мекен-жайы : __________________________
Пошта мекен-жайы : ______________________________________________
Телефон: _______________________________________________________
Факс: __________________________________________________________
Резиденттік елі: _______________________________________________

Құрылтайшылар құрамы
(егер құрылтайшылар саны біреуден асқан жағдайда, оны ұқсас жолдармен толықтыру қажет)
Құрылтайшының атауы: ___________________________________________
Құрылтайшының БСН: _____________________________________________
Құрылтайшының СТН: _____________________________________________
Құрылтайшының жарғылық капиталдағы үлесі пайызбен (%) __________

Акционерлер құрамы
(егер акционерлер саны біреуден асқан жағдайда, оны ұқсас жолдармен толықтыру қажет)
Акционердің атауы: _____________________________________________
Акционердің БСН: _______________________________________________
Акционердің СТН: _______________________________________________
Акционерге тиесілі акцияның пайызы (%) _________________________

Қатысушылар атрибуттары
[ ] Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі
[ ] Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісі
[ ] Ұлттық компания
[ ] Отандық тауар өндіруші
[ ] Кіші кәсіпкерлік субъектісі
[ ] Мүгедектер бірлестігі
[ ] Мемлекеттік монополия субъектісі
[ ] Табиғи монополия субъектісі
[ ] Отандық кәсіпкер
[ ] Жауапты кәсіпкер
[ ] Консорциум
Мәліметтердің толықтығын және дұрыстығын растаймын.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде (дерекқорда) қамтылған және (немесе) банктік және/немесе салық құпиясын құрайтын қосымша мәліметтер алуға қарсы емеспін.

20___ж. "_____" _________________

Өтініш берушінің қолы ___________________________________________

* Тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ұйымдастыру үшін тапсырыс берушінің БСН. Жеке кәсіпкер үшін жеке кәсіпкерлік нысанында ЖСН көрсетіледі

** Тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ұйымдастыру үшін.

*** Тапсырыс берушінің филиалы (өкілеттігі) болып табылатын ұйымдастырушы үшін.

**** Бірінші басшы немесе оның атынан веб-порталда барлық іс-қимылды орындауға уәкілетті тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.

                                          Қазақстан Республикасы
                                             Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 643 бұйрығымен бекітілген
                                           Мемлекеттік сатып алу
                                          жүйесінің субъектілеріне
                                           және басқа да мүдделі
                                          тұлғаларға электрондық
                                        қызметтер көрсету ережесіне
                                                3-қосымша

Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану туралы
КЕЛІСІМ

      Осы келісім мемлекеттік сатып алу саласында біріңғай оператор мен (бұдан әрі – Оператор) және мемлекеттік сатып алу веб-порталына қатысушы (тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші) (бұдан әрі – Қатысушы) арасындағы өзара қарым қатынасты реттеу үшін арналған.
      Осы Келісім Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету Ережесіне сәйкес әзірленген.
      Келісім веб-порталда тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

1. Жалпы ережелер

      Веб-портал мемлекеттік электрондық мемлекеттік жүйеге енудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.
      Оператор, мемлекеттік электрондық сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыруды жүргізетін уәкілетті тұлға веб-порталды әкімшілендіруді жүргізеді.
      Келісімге өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Қатысушының құқықтары мен міндеттері

      Қатысушы веб-порталды пайдалануға және оны қызықтыратын ақпаратты веб-портал арқылы алуға құқығы бар.
      Қатысушы белгіленген нысандарға сәйкес тіркеу рәсімі бойынша талаптарды сақтауға міндетті. Олай болмаған жағдайда.
      Қатысушы заңды құқықтық орналастыру және веб-порталда материалдарды пайдалану үшін дербес жауап береді.
      Веб-порталда мыналарды орналастыруларға тиым салынады:
      Заң бойынша немесе қанадай да бір шарттық қатынастарға сәйкес ақпаратты Қатысушы қол жетімді қылуға құқығы жоқ;
      меншіктің авторлық және/немесе аралас құқықтарын бұзатын ақпаратқа адам абыройына кір келтіретін қорлау мазмұндағы, сондай-ақ, қандай да бір белгілер бойынша адамдарды кемсітуді насихаттайтын ақпаратты;
      санкцияланған емес енуді жүзеге асыру үшін вирустар немесе басқа компьютерлік бағдарламалар бар ақпараттарға және/немесе материалдарға сілтемелерге.
      Веб-порталды мынадай мақсатта пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады:
      Қолданыстағы мемлекеттік немесе халықаралық қандай да бір заңдарды әдейі немесе кездейсоқ бұзуға.

3. Оператордың құқықтары мен міндеттері

      Оператор әкімшілік тәртіпте өзіне жеке жазбаларды жоюға және жеке ІР - мекен-жайларды немесе мекен-жайлар топтарын, егер олардың иесі немесе авторлары осы Келісімнің 3-бөлімінің қандай да бір тармағын бұзса блокадалауға құқық қалдырады.
      Оператор өзінің қарауы бойынша оларды 1 жылдан аса пайдаланбаған жағдайда өзіне блокадалау, тіркеу деректерін жою құқығын қалдырады.
      Оператор қажет болған жағдайда өз құзыреті шегінде электрондық мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілеріне консультациялық және практикалық көмекті ақысыз негізде көрсетеді.
      Оператор Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда Қатысушылар туралы жеке ақпаратты таратуға құқығы жоқ.
      Оператор Интернет қызметі провайдерлері үшінші тұлғалары ұсынатын (Интернет) байланыс арнасы жұмысымен байланысты деректерді беру сапасына жауапты емес.

4. Форс-мажор

      Оператор осы Келісім бойынша егер мұндайлар еңсерілмес күштің, яғни міндеттемелердің осы жағдайлары кезінде төтенше, күтпеген және қайтпас жайттар салдарынан орындалуы мүмкін болмаса, орындамауға немесе тиісінше орындамауға жауапкершіліктен босатылады.

Мен ереженің шарттарымен таныстым және оларды солай қабылдаймын.
Күні 200___ж. "_____" _________________

Пайдаланушының қолы __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады