ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурызындағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған Х сессиясының 2008 жылғы 25 маусымдағы N 124 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 14 шілдеде N 8-1-73 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 2-9/224 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 8 бабының 4 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
      1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-25, 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 13 (129) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы ХІV сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 2 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-49, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 16 (207) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы ІІ сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурызындағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 20 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-62, 2007 жылғы 12 қарашадағы N 127 (315) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы VІІ сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурызындағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 74 шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-71, 2007 жылғы 7 мамырдағы N 040 (369) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      1) 1 тармақтың 1 тармақшасындағы "12821 теңгеден" саны "он бір жарым айлық есептік көрсеткіштен" сөздерімен ауыстырылсын;
      2) 3 тармақтағы "650" санын "1050" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы).
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихаттың кезекті
      Х сессиясының төрайымы                           Т.Баширова

      Қарағанды қалалық
      мәслихат хатшысы                                 Қ.Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады