Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 21 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5624 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 111-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4708 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4839 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 273 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5123 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 160 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5408 тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде N 197 (1597) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 232 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5523 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:
      4-тармақтың 4)-тармақшасы "мәліметтерді" деген сөзден кейін "(1-қосымшадағы фотосурет 3x4 мөлшермен ашық түсте жасалған)" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-4. Қаржы ұйымы уәкілетті органмен келісілген (бұдан әрі - келісілген басшы қызметкер), бір уақытта басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері лауызымын атқарып отырған кандидатты басшы қызметкері лауазымына келісу үшін уәкілетті органға мыналарды береді:
      кандидат туралы мәліметтер, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларында көрсетілгендер қаржы ұйымымен (өтініш берушімен) құжаттама жағынан тексерілгенін және кандидат Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылған талаптарға сәйкес келетінін көрсетіп, еркін нысанда жасалған өтінішті;
      қаржы ұйымы уәкілетті органының кандидатты тағайындау (сайлау) жөніндегі шешімінен үзінді көшірменің көшірмесін;
      кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      электронды және қағаз жеткізушідегі осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес кандидат туралы мәліметтерді.".
      2. Осы қаулы ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым                                           Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады