Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 111-құжат), "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4708 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4839 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 273 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5123 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 160 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5408 тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде N 197 (1597) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау және басшы қызметкерлерді келісу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 232 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5523 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінде N 24 (1621) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына толықтыру мен өзгерісті енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы N 21 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5624 тіркелген, 009 жылғы 15 мамырда "Заң газеті" газетінде N 72 (1495) санында жарияланған) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесінде:
4-тармақта:
бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы "1, 1-1-қосымшаларына" деген сөздермен цифрлар "1-қосымшасына" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
4) тармақшада "1, 1-1-қосымшаларына" деген сөздермен цифрлар "1-қосымшасына" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның анықтама нысанында берген алынбаған немесе өтелмеген сот ісінің жоқтығын растайтын құжатты (не бір кандидатты екі және одан астам басшы лауазымына келісу үшін құжаттар пакетін бергенде құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепті жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы анықтамасының көшірмесін). Аталған құжатты беру күні өтінішті берген күннің алдындағы үш айдан астам емес болады;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) қол қойылған күнін және ұсыным берген тұлғаның лауазымын, ұсыным берген тұлға осы Ереженің талаптарына сәйкес келетінін, сондай-ақ кандидаттың мына кәсіби мінездемелерін көрсетіп, еркін нысанда жасалған, осы Ереженің 4-2-қосымшасында көрсетілген кем дегенде екі тұлғадан алынған кандидатқа ұсыным хаттарды:
кәсіби жарамдылығын бағалау;
кәсіби қызметіндегі жетістіктері;
жеке мінездеме;
қадір-қасиеті және кемшіліктері;
қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі;
потенциалдары және мүмкіндіктері;
қабылданатын шешімдердің тиімділігі;
жұмыстың жалпы нәтижесіне жеке үлесі.";
үшінші бөлік алынып тасталсын;
4-2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, қол қою күні ол қайтарып алынбаған, ұсыным хатқа қол қою күні директорлар кеңесінің бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің, сақтандыру брокерінің атқарушы органының функцияларын жекелей жүзеге асырушы тұлға), қаржы ұйымдары басқармасының мүшесі лауазымындағылар;";
3) тармақшада "(оның ішінде ұсыным хатқа қол қойған күннен үш жылдан бұрын емес бірінші басшы және оның орынбасарлары болғандар)" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші бөлік мына редакцияда жазылсын:
"Ұсыным беруші тұлғалар болып мыналар бола алмайды:
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) акционері, құрылтайшысы;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері;
кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымының (өтініш берушінің) еншілес ұйымының басшы қызметкері;
кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары);
кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялар қолданылған жеке тұлға;
осы басшы қызметкер қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында (болғанда) өкілеттігіне кіретін не кірген мәселелер бойынша қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі (жүйелі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан астам рет) бұзуына әкелген шешімді ол қабылдаған фактілері туралы уәкілетті органның оған қатысты мәліметтері бар қаржы ұйымының басшы қызметкері (бұдан бұрын тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған). Осы талап уәкілетті орган қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын (жүйелі бұзушылықтың) соңғы бұзуын анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.";
4-4-тармақта:
бірінші абзац "бір уақытта" деген сөздерден кейін "осы не" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
"кандидат туралы" деген сөздер "кандидат Ереженің осы тармағының талаптарына сәйкес келісіледі және кандидат туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"1, 1-1-қосымшаларында" деген сөздер мен цифрлар "1-қосымшасында" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"1, 1-1-қосымшаларына" деген сөздер мен цифрлар "1-қосымшасына" деген сөзбен және цифрмен ауыстырылсын;
"." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"басқарма мүшесі, қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және банктік операциялар, сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет негізінде тиісті жүргізілетін, бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелер жасалатын құжаттарға қол қою құқығы бар қаржы ұйымының өзге басшы қызметкері лауазымына кандидатының лауазымдық нұсқаулығының (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, лауазымын және лауазымдық нұсқаулықпен танысқан күнін және оның қолы көрсетілген, осы кандидаттың өкілеттігі бар) көшірмесін.";
5-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
12-тармақта:
2) тармақшада "бұрын келісілген" деген сөзден кейін "немесе қаржылық қызмет көрсетуді реттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі болған" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы:
"басқарманың", "сақтандыру брокерінің" деген сөздерден кейінгі сәйкес "не осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдардың бірінің" деген сөздер алынып тасталсын;
"рыногында)" деген сөзден кейінгі "қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының" деген сөздер алынып тасталсын;
"халықаралық" деген сөзден кейін "және (немесе) аудиторлық" деген сөздермен толықтырылсын;
"басшының орынбасары" деген сөздерден кейінгі "бас бухгалтер" деген сөздер алынып тасталып, "қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының бас бухгалтері" деген сөздермен толықтырылсын;
", не уәкілетті органының басқарма мүшесі" деген сөздер алынып тасталсын;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4-1) қаржы ұйымының директорлар кеңесінің бірінші басшысы лауазымына кандидат – мынадай жұмыс стажы бар болғанда:
- осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар нарығында) бас бухгалтер немесе бас бухгалтердің орынбасары, қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты болған қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың) басшысы немесе басшының орынбасары ретінде екі жылдан кем емес;
бірінші басшы, директорлар кеңесінің мүшесі, бірінші басшы, басқарма мүшесі (қаржылық қызмет көрсетумен байланысты мәселелерге жетекшілік еткен) не қаржылық қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын (асырған) мемлекеттік органның басқарма мүшесі ретінде бір жылдан кем емес;
ұйымның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, әкімшілік-шаруашылық қызметпен байланысты жұмыс стажын қоспағанда, осы Ереженің 1-2-тармағында көрсетілген халықаралық және (немесе) аудиторлық ұйымның басшы қызметкері (бас бухгалтердің орынбасары, дербес құрылымдық бөлімшенің (департаменттің, басқарманың) басшысының орынбасары лауазымынан төмен емес) ретінде екі жылдан кем емес;";
5), 6) тармақшалар "халықаралық" деген сөзден кейін "және (немесе) аудиторлық" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың бірінші бөлігінде "30 минут" деген цифрлар мен сөз "45 минут" деген цифрмен және сөзбен ауыстырылсын;
23-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Шағымды, кандидаттың тестік сұрақтарға жауаптарын қарау, кандидаттың дәлелдерін тыңдау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің біреуін:";
үшінші абзацтағы "қабылдайды" деген сөз алынып тасталып, "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"кандидатты қайталанған тестілеуге жіберуді қабылдайды.";
23-1-тармақта:
3) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) кандидатты келісу туралы қаржы ұйымы өтініш бергенге дейінгі бір жыл ішінде уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан қолданған қолданыстағы шектеулі ықпал ету шаралары және (немесе) санкциялары бар болу;
5) басшы қызметкер лауазымында (болған) оның өкілеттігіне кіретін не кірген мәселелер бойынша қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі (жүйелі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан астам рет) бұзуына әкелген шешімді ол қабылдаған фактілері туралы уәкілетті органның мәліметтері бар болуы. Осы талап уәкілетті орган қаржы ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын (жүйелі бұзушылықтың) соңғы бұзуын анықтаған күннен бастап бір жыл ішінде қолданылады.";
25-тармақтағы "1-қосымшасының 6-тармағын және 1-1-қосымшасының 2, 4, 11, 12-тармақтарын қоспағанда" деген сөздер мен цифрлар "1-қосымшасының 5, 8-тармақтарын қоспағанда" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы
26 қыркүйектегі N 211
қаулысына қосымша
"Қаржы ұйымдарының басшы
қызметкерлерін тағайындауға
(сайлауға) келісім беру
ережесінің 1-қосымшасы
|
фотосуреттің орны
Қаржы ұйымының басшы қызметкері лауазымына кандидат
туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(кандидаттың фамилиясы, аты, бар болса - әкесінің аты және
____________________________________________________________________
тағайындалатын қаржы ұйымындағы лауазымы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(қаржы ұйымының атауы)
1. Жалпы мәліметтер:
Туылған күні және орны |
|
Азаматтығы |
|
Жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері |
2. Білімі:
N |
Оқу орнының |
Түскен күні - бітірген күні |
Мамандығы |
Білімі туралыдипломның деректемелері, |
Оқу орны |
1. |
3. Ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:
N |
Тегі,аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туылған |
Туыстық қатынастары |
Жұмыс орны және лауазымы |
1. |
4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы және акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:
N |
Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері |
Заңды тұлғаның қызметінің жарғылық түрі |
Жарғылық капиталда қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына ара қатынасы (пайызбен) |
1. |
5. Соңғы үш жылдағы біліктілік көтеру жөніндегі семинарлар, біліктілік көтеру курстарынан өту туралы мәліметтер:
N |
Ұйымның атауы |
Өткізу күні және орны |
Сертификат деректемелері |
1. |
6. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.
Осы тармақта мына мәліметтер көрсетіледі:
кандидаттың барлық еңбек қызметіндегі лауазымдары, оның ішінде уәкілетті органға келісу туралы өтінішті берген қаржы ұйымында атқарып отырған лауазымы туралы;
осы ұйымның мекен-жайы және байланыс телефонын көрсетіп, келісу туралы өтінішті берген күні кандидат басқа ұйымдарда атқарып отырған лауазымдары туралы.
N |
Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) |
Жұмыс орны |
Лауазымы |
Тәртіптік |
Жұмыстан шығу, қызметтен |
1. |
7. Осы және басқа қаржы ұйымдарының директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер:
N |
Кезең (күні, айы, жылы) |
Қаржы ұйымының |
Лауазымы, |
Жұмыстан шығу, |
1. |
8. Бар жарияланымдар, ғылыми әзірленімдер және басқа да жетістіктері:__________________________________________________________________
(иә/жоқ, бар болған жағдайда күні, қандай басылымдарда көрсетілді)
__________________________________________________________________
9. Алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болуы туралы мәліметтер:
N |
Күні |
Сот органының |
Соттың орналасқан орны |
Жазаның |
Кандидат қылмыстық жауапкершілікке сәйкес тартылған заңнамалық актінің бабы |
Соттың процессуалды |
1. |
10. Өзіне қабылдаған міндеттемелерді (өтелмеген немесе мерзімі
өткен заемдар және басқалар) орындамау фактілерінің болуы туралы
мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(иә/жоқ, аталған фактілер болған жағдайда, ұйымның атауын және
міндеттемелер сомасын көрсету қажет)
11. Осының алдында банкрот болып танылған не лицензиясынан
айыру, еріксіз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
туралы шешім қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкері болғаны
туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, қаржы ұйымының атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі
көрсетілсін)
12. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшін қызметтік
міндеттерін орындаудан шеттетуі туралы деректердің болуы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін, қолдану негіздері мен қадағалау органының атауы
көрсетілсін)
13. Қаржы ұйымының басшысы ретінде қаржы ұйымы қызметінің
мәселелері бойынша сотта істі қарау кезінде жауап беруші ретінде
тартылды ма:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(иә/жоқ, күнін, сотта істі қарау кезіндегі жауап беруші – қаржы
ұйымының атауы, қаралған мәселе және сот шешімі)
Осы ақпаратты мен тексердім және оның толық және шынайы болып
табылатындығын растаймын.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________
(баспа әріптерімен)
Қаржы ұйымының тәуелсіз директоры лауазымына кандидат толтырады: Мен _____________________________________________ |
Күні ___________________________________
Қолы ___________________________________"