Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 "2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 15 шілдедегі № 211 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 10 тамызда № 3298 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 234 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.12.21 № 234 шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексінің (Салық Кодексі) 495 бабының 9 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 315 «2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 160-161 жарияланған), 2009 жылғы 13 наурыздағы № 176 шешімімен енгізілген толықтыруларды ескере отырып (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3285 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 40 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 3 абзацындағы «жиырма рет» деген сөздер «он төрт рет» деген сөздермен алмастырылсын;
      Қосымшаның 3 тармағының кестесі мынадай мазмұнда жазылысын:

Ластаушы заттардын түрлері

1 тоннаға төлемақы ставкасы (АЕҚ)

1

2

3

1.

Көмір сутегі

31,22

2.

Коміртегі тотықтары

10,22

3.

Метан

0,56

4.

Күкірт диоксиді

140

5.

Азот диоксиді

140

6.

Күл

168

7.

Күкіртті сутегі

868

8.

Меркаптан

139524

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың          Облыстық
        сессия төрағасы       мәслихаттың хатшысы

        Б. ОРДАБАЕВ             А. ЕСІРКЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады