"Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көші-қон квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын және "Оралмандардың 2009 жылға арналған көші-қон квотасын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтарындағы № 32 Қаулысын іске асыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 20 шілдедегі N 181 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 қыркүйекте N 13-7-112 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-3-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, «Оралмандардың 2009-2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын, «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 Қаулысын, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығын жүзеге асыру туралы және «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 62 қаулысын және «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2007 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оалмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы 45 отбасы Жамбыл ауданы бойынша 1-ші қосымшаға сәйкес бөлінсін.
      2. Оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөніндегі аудандық комисияның (ілгеріде аудандық комиссия) құрамы 2- қосымшаға сөйкес бекітілсін.
      3. «Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің  Көші-қон полициясы (келісім бойынша) келген оралмандарды тіркеу және есепке алуды қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:
      оралмандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
      оралмандардың кәсіби даярлығын үйымдастыру және жаңа кәсіби мамандыққа оқыту;
      оралмандарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
      5. «Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне:
      оралмандардың мектеп жасындағы балаларын оқытумен толық қамту жөніндегі барлық шаралар қабылдасын және қажет болған жағдайда оларды ауданы интернаттарына орналастырсын;
      оралмандардың балаларын бастауыш және орта көсіптік білім беретін оқу орындарына тарту жөніндегі кәсіби бағдарлау жүмысын тұрақты жүргізсін.
      6. Архангелка, Баянауыл, Благовещенка, Жамбыл, Майбалық, Мирный, Озерный және Троицкий селолық округтерінің әкімдеріне:
      оралмадарды қабылдау және жайғастыруды қамтамасыз етсін, орналастырылған орындарда олардың беймделуіне жағдай жасасын;
      оралмандарды мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту үшін қажетті жағдай жасалынсын, толық мөлшерде оқулықтармен және басқа да көрнекі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсін;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналастыру, біліктіліктерін арттыру және жаңа мамандықты игеру, жер учаскелерін беру мәселелеріне қатаң бақылауға алсын;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетсін;
      2010 жылдың 10 қаңтарына қарай осы қаулының орындалуы жөнінде аудандық комиссия ақпараттандырылсын.
      7. Аудандық комиссия кезең кезеңмен селолық округтердің әкімдерін, аудандық ұйымдардың басшыларын оралмандарды қабылдау және жайғастыру мәселелері жөніндегі ақпараттарын тыңдасын.
      8. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудан жұртшылығын оралмандарды қабылдау және жайғастыру жөнінде, жүргізіліп жатқан жүмыстар туралы жүйелі түрде хабардар етуді, тақырыптық кездесулер мен хабарлар өткізуді қамтамасыз етсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      10. Осы қаулы бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Ыбыраев

      Келісілген:
      «Жамбыл ауданының ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    А. Кұтұшев

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
20 шілдедегі №181
қаулысына 1-қосымша

2009 жылға Жамбыл ауданы бойынша оралмандар отбасын БӨЛУ

п/п

Селолық округтің атаулары

Көшіп келу квотасы

1.

Архангелка:
Архангелка селосы
Үлгі селосы

 
2
5

2.

Баянауыл:
Баян селосы

 
8

3.

Благовещенка:
Талпын селосы

 
3

4.

Жамбыл:
Жамбыл селосы
Суаткөл селосы
Есперлі селосы

 
3
2
1

5.

Майбалық
Жаңажол селосы

 
4

6.

Мирный
Ұзынкөл селосы

 
6

7.

Озерный
Озерное селосы

 
6

8.

Троицкий:
Орталық селосы

 
5

Барлығы

45

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
20 шілдедегі № 181
қаулысына 2-қосымша

Оралмандарды жайластыру және қабылдау бойынша аудандық комиссия  құрамы

Сарбасов Алғиса Қазманұлы

- аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Мұхаметжанов
Нұрлан Түлкібайұлы

«Жамбыл ауданының ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, комиссиия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Лобковская

Олеся Викторовна

-бас маман – аудан әкімі орынбасарының көмекшісі, комиссияның хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Бекпаева
Құралай Жәкенқызы

- «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Моисеенко
Александр Иванович

- Жамбыл ауданының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы;

Мұстафин

Әсет Мәлікұлы

- аудандық «Ауыл арайы», «Сельская новь» газеттерінің бас редакторы;

Рамазанов
Балтабай Темиртасұлы

- «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінін бастығы;

Дүйсенбин
Амангелді Қасқырбайұлы

- «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады