Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2013 № 20/136-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ереже", "ережесі", "ережелер", "ережелермен" сөздері тиісінше "қағида", "қағидасы", "қағидалар", "қағидалармен" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2013 № 20/136-V шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 16.06.2016 № 5/30-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасы бекітілсін.
2. Курчатов қалалық мәслихатының шешімдері қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Курчатов | |
қалалық мәслихатының хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |
Курчатов қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасы
1. Жалпы қағидалар
1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 16.06.2016 № 5/30-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласында заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2013 № 20/136-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.01.2015 № 32/224-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)3. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер уәкілетті органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген коммуналдық қызметтерге тарифтерді, олардың өзгерістерін ұсынады. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қызмет көрсетушілермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде есепке алынады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 16.06.2016 № 5/30-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер үшін ағымдағы төлемдерді оны тағайындаған айдан бастап тұрақты төлеген жағдайда тоқсан сайын тағайындалады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 30/212-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін беруге негіз болып табылады.
7. Қайталанған өтініш кезінде тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.
8. Тұрғын үй көмегі барлық құжаттарымен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-іне дейін қабылданады.
9. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқылары жоқ:
1) Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй жайын жалға (жалдауға) берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерді күтумен айналысатын, 18 жасқа дейінгі мүгедек–балаларды күтумен айналысатын (медициналық-әлеуметтік сараптамадан анықтама ұсынған жағдайда), сексен жастан асқан тұлғаларды (медициналық ұйымның дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысын ұсынған жағдайда);
туберкулез, онкологиялық диспансерде есепте тұрған, мүгедек топтарында жоқ адамдар (емделу мекемесінен анықтама ұсынған жағдайда);
үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын, сондай-ақ кіші баласы тоғыз жасқа келгенше-төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналарды;
3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;
4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген болса.
10. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудың дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
11. Электрмен қамту, тұрғын үйді ұстау бойынша шығындар, өткен тоқсандағы айналымның орташа тоқсандық шот-түбіртектері бойынша есептеледі. Жылумен қамту, сумен қамту, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтерінің шығындары қызмет көрсететіндер тарифінен алынады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2013 № 20/136-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).12. Коммуналдық қызметті тұтыну есеп құрылғысы бар, тұтынушылар үшін есепке алынатын шығындар, есеп құрылғысының көрсеткіші негізінде толық көлемде қызметтер көрсетілген алдыңғы тоқсанда немесе соңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша анықталады. Сәуір айындағы есептеуге алынатын шығындар сәуір айындағы түбіртектерді ұсынуға сәйкес нақты шығындар бойынша алынады.
13. Үйлерде орталықтандырылған жылу болмаған жағдайда жылу мен ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан әлеуметтік нормаларға сәйкес есептеледі.
14. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, толық жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
15. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш білдірушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады.
2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда, өтініш беруші ол баланың ата-анасының табыстарын растауы тиіс;
16. Тұрғын үй көмегінен негізсіз алынған сомалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтаруға жатады.
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық
қызметтерді тұтыну нормативтері
17. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтеріне, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына арналған шығындардың сомма аралық айырмасы ретінде анықталады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2013 № 20/136-V шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).18. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарды есепке алумен тұрғын үй көмегін есептегенде отбасын шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық кірісінің 20% мөлшерінде, 10%-ды есептеусіз белгіленеді.
19. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012.06.26 N 5/38-V (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
20. Тұрғын үй көмегін есептеген жағдайда мынадай нормалар есепке алынады:
1) аудан нормасы:
жалғыз тұратын азаматтар үшін – 35 шаршы метр;
2 адамнан тұратын отбасы үшін – 45 шаршы метр;
3 адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
4 және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін - әрқайсысына – 15 шаршы метр, бірақ 90 шаршы метрден көп емес;
2) үйді ұстауға шығындар - 1 шаршы метрге 20 теңге;
3) электроэнергияны тұтыну:
1 адам тұрған жағдайда – 90 кВТ;
1 немесе одан да көп адам тұрған жағдайда, әр қайсысына – 45 кВт.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың)
жиынтық кірісін есептеу
21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 86 санында жарияланған) тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 30/212-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22. Құрамында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде шарттық негізде оқитын студенттері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін есептегенде отбасының кіріс жиынтығы ай сайынға оқуға төленетін ақы мөлшерінен төмен болмауы, ал несилік міндеттемелер болғанда – ай сайынға жарналар мөлшерінен кем болмауға тиіс.
23. Алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 30/212-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Тұрғын үй көмегінің қаржылындыруы мен төлемі
24. Тұрғын үй көмегі бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі және тоқсанына бір рет төленеді.
25. Тұрғын үй көмегінің төлемі алушылардың дербес есеп – шоттарына есепке алу жолымен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
6. Қорытынды қағидалар
26. Осы қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс 27 сессиясының 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешіміне қосымша |
Курчатов қалалық мәслихатының күштері жойылды
деп танылған шешімдер ТІЗБЕСІ
"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешім, (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-61 нөмірімен тіркелген, облыстық "Дидар" газетінің 2008 жылғы 06 қарашадағы № 149-150, "Рудный Алтай" газетінің 2008 жылғы 01 қарашадағы № 160-161 сандарында жарияланған);
"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы" 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-IV шешім, (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-73 нөмірімен тіркелген, облыстық "Дидар" газетінің 2009 жылғы 16 мамырдағы № 70-71, "Рудный Алтай" газетінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 74 сандарында жарияланған);
"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы" 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 18/138-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы" 2009 жылғы 23 шілдедегі № 20/149-IV шешім, (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-80 нөмірімен тіркелген, облыстық "Дидар" газетінің 2009 жылғы 07 тамыздағы № 127-128, "Рудный Алтай" газетінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 133-134 сандарында жарияланған);
"Курчатов қаласындағы тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу және тұрғын үйді ұстауға арналған тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" 2008 жылғы 16 қазандағы № 12/95-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы" 2009 жылғы 27 қазандағы № 21/168-IV шешім, (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-83 нөмірімен тіркелген, облыстық "Дидар" газетінің 2009 жылғы 14 қарашадағы № 197-198, "Рудный Алтай" газетінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 179-180 сандарында жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
Курчатов қалалық мәслихатының | |
хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |